М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
тарих және құқық
факультетінің деканы
_________ Д.Б.Абулкасова
«__»__________ 20 _ж.
Тарих және құқық факультеті
«Құқықтық пәндер» кафедрасы
050115 – Құқық және экономика негіздері (бакалавриат)
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Мемлекет және құқық теориясы мәселелері пәні бойынша
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Курс – 4
Семестр – 8
Кредит саны - 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ (сем.) – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
СӨЖ –45 сағат
Емтихан – 8-ші семестрде
Барлығы – 135 сағат
Орал 2010 ж.
Курс бағдарламасы Мемлекет және құқық теориясы мәселелері. Типтік оқу бағдарламасы Астана, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 2005 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Авторлары –
М.Т. Баймаханов, У.Ш. Шапак.
Құрастырушы: оқытушы Ауелбаева Нургуль Жаксыбековна
Құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.
“____” ________________2010.ж. № ___хаттама.
Кафедра меңгерушісі___________ Серикова Л.С. .
(қолы)
Факультеттің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы _______________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
1. Мемлекет және құқық теориясы мәселелері пәнінің типтік оқу бағдарламасы.
Курс бағдарламасы Мемлекет және құқық теориясы мәселелері. Типтік оқу бағдарламасы Астана, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 2005 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Авторлары –
М.Т. Баймаханов, У.Ш. Шапак.
«Құқық және экономика» мамандығы бойынша оқитын студенттер негізгі пәндердің бірі ретінде, осы мамандық үшін іргелі пәндердің бірі болып табылатын, негізгі ұғымдар мен түсініктерді қамтитын мемлекет және құқық теориясы мәселелерін оқуы керек. Оларды білмейінше оқу бағдарламаның басқа тарауларын меңгеруде қиындық туындайды. Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық өмірдің мемлекеттік-құқықтық саласына деген кең көзқарасты қамтамасыз етеді, оның даму негізгі заңдылығын және келешегін ашады, оның экономикамен, саясатпен, рухани, әлеуметтік-мәдени және басқа да адамдар қатынасымен әрекеттесуін көрсетеді.
Мемлекет және құқық теориясы мәселелерін оқытудың мақсаты студенттерді қазіргі кездегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы білімдерге жетелеу, оның типтері, нысандары және функциялары туралы, мемлекеттің механизмі және құқықтық реттеудің сатылары туралы, адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны жайлы үйрету болып табылады.
Бұл типтік оқу бағдарламасы «Құқықтық пәндер» кафедрасында (3 ғимарат, 310 каб.) 1 дана бар.
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушының аты –жөні: Ауелбаева Нургуль Жаксыбековна
Офис: Құқықтық пәндер кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: Орал қ., Сарайшық көшесі 34, кабинет 310
Жұмыс телефоны: 51-04-69
2.2 Пән туралы мәлімет
Пән атауы: Мемлекет және құқық теориясы мәселелері
Курс бір семестр оқытылады. Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 2 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және бір сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), екі сағат студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің атпаға бөліну кестесі :
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 3
(1 практика)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 3
Өту орны: № 3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәріс
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
4
|
8
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
2. 3. Кіріспе
Мемлекет және құқық теориясы мәселелері пәні негізінен әлеуметтік саяси құбылыс мемлеке пен құқықты жүйелі түрде зерттейтін ғылыми пән. Мемлекет және құқық теориясы мәселелерінің негізгі зерттеу обьектісі мемлекет және құқықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары болып табылады. Мемлекет және құқық теориясы мәселелері пәні заң ғылымдары жүйесінде маңызды орынға ие болады, өйткені ол өзге заң ғылымдарына әдістемелік және теориялық негіз қалайды. Мемлекет және құқық теориясын зерттемейінше өзге заң ғылымдарын зерделеу мүмкін емес.
Курс мақсаты: Мемлекет және құқық теориясы мәселелерін оқытудың мақсаты студенттерді қазіргі кездегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы білімдерге жетелеу, оның типтері, нысандары және функциялары туралы, мемлекеттің механизмі және құқықтық реттеудің сатылары туралы, адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны туралы тереңірек меңгерту болып табылады.
Курс міндеті:
Студенттердің юридикалық ойлауын, кәсіби құқықтық санасын және жоғарғы құқықтық мәдениетін дамыту.
Қазақстанның қоғамдық өмірінде болып жатқан оқиғаларда дұрыс бағдар жасау қабілетін жаттықтырады, оларға талдау жасауға, дұрыс баға беруге үйретеді.
Нормативтік құқықтық актіні дұрыс талқылау және қолдану дағдысын дамыту.
Мемлекеттің құқықтық актісіне деген құрметтеушілік қатынасты қалыптастыру және оның бұзылуына төзімділік танытпау.
Студенттерге жоғары азаматтылық, қоғамдық парызды түсіндіру және оның жүзеге асырылуына сенушілік қағидаларын жетілдіру.
Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы мәселелерін оқып үйретудің алдын-ала оқытатын пәндер тізімі: Мемлекет және құқық теориясы, Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, Философия, ҚР мемлекеті мен құқығының тарихы.
Постреквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы мәселелерін оқып үйренген соң суденттің меңгеретін білімі, қабілеті және дағдысы:
Мемлекеттік-құқықтық оқиғаларда дұрыс бағдар ұстана білу, оларға баға беру, заң нормаларын талқылау, құқықтық ұйғарымға сәйкестік тұрғысынан адамдар әрекеттері мен қимылдарын талдай білу.
Мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, соңғысын жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру; студенттердің ғылыми конференцияларына баяндамалар әзірлеу, курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жария қорғай білу.
Оқыту әдістемесі:
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |