Тарих және құқық факультетінің деканы


Студенттерге қойылатын талаптар



жүктеу 1,06 Mb.
бет7/7
Дата17.11.2017
өлшемі1,06 Mb.
#639
1   2   3   4   5   6   7

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп.Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар. Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы. Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

  1. Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері.

  2. Еңбек құқығының жүйесі.

  3. Еңбек құқығының басқа құқық салаларымен байланысы.

  4. Еңбек құқығының салалық қағидалары.

  5. Еңбек құқығының салааралық қағидалары. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (2007ж. 15 мамыр) маңызы.

  6. Еңбек заңдарымен реттелетін қатынастар, олардың түрлері.

  7. Еңбек қатынастарының субъектілері.

  8. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.

  9. Қызметкердің құқықтық мәртебесі.

  10. Жұмыспен қамту ұғымы.

  11. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат.

  12. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау.

  13. Жұмыссыздықты тіркеу мен есепке алу тәртібі.

  14. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау.

  15. Еңбек шартына түсінік, оның мазмұны.

  16. Еңбек шартының тараптары.

  17. Еңбек шартының мерзімі

  18. Маусымдық қызметкерлердің еңбегін реттеу.

  19. Үй қызметшілерінің еңбегін реттеу.


8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

  1. Тынығу уақытының ұғымы.

  2. Тынығу уақытының түрлері.

  3. Жалақы ұғымы.

  4. Жалақыны реттеу әдістері.

  5. Жалақы төлеу тәртібі.

  6. Еңбекке ақы төлеу жүйесі.

  7. Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқу болған реттерде еңбекке ақы төлеу.

  8. Материалдық жауапкершілік ұғымы.

  9. Жауапкершілікке тарту шарттары.

  10. Қызметкерлердің толық материалдық жауапты жағдайлары.

  11. Еңбек тәртібінің түсінігі.

  12. Ішкі еңбек тәртібі.

  13. Еңбек дауларының түсінігі, түрлері.

  14. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында және соттарда қарау.

  15. Ұжымдық даулар түсінігі.

  16. Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі, әдістері.

  17. Азаматтық қызметші

  18. Еңбек төрелігі.

  19. Еңбекті қорғау ұғымы, оны ұйымдастыру қағидалары.

  20. Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару.


«Еңбек құқығы» пәні бойынша емтиханға дайындық сұрақтары

1. ҚР азаматтарының шетелде еңбек ету құқықтары.

2.Үйінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу.

3.Вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың еңбегі.

4.Басқа жұмысқа ауыстыру түсінігі.

5.Басқа жұмысқа ауыстыру түрлері.

6.Еңбек шартын тоқтату негіздері.

7.Еңбек шартын бұзу негіздері.

8.Жұмыстан шығару және шеттету.

9.Ұжымдық шарттар.

10.Жұмыс уақытының ұғымы,түрлері.

11.Жұмыс уақытының режимі.

12.Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету.

13.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібі.

14.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды ресімдеу және тіркеу.

15.Шетелдегі Қазақстан Республикасы мекемелері қызметкерлерінің еңбек және материалдық қамсыздандыру жағдайлары.

16.Медициналық көмек және қамсыздандырудың басқа да түрлері.

17.Еңбек саласындағы тәртіптік жауаптылық.

18.Әкімшілік жауаптылыққа тарту негіздері.

19.Қылмыстық жауаптылыққа тарту негіздері.

20.Шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқықтары.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға:

а) делдал

ә)жұмыс беруші

б)қызметкер

в)сарапшы
2. ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжысдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы туындайтын қатынастар:
а) еңбек қатынастар

ә) мүліктік емес қатынастар

б) азаматтық қатынастар

в)құқықтық қатынастар


3. Қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігіталаптарына сәйкестігі:

а) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары

ә) еңбек жағдайлары

б) еңбек тәртібі

в) еңбек қауіпсіздігі
4. Тәулік ішінде екі немесе үш-төрт ауысымдағы жұмыс:

а) ауысымдық жұмыс

ә) маусымдық жұмыс

б) іссапар

в) үстеме жұмыс
5. Қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс:
а)үстеме жұмыс

ә) ауысымдық жұмыс

б) іссапар

в) маусымдық жұмыс


6. Есептен шығарылған жұмыссыздар уәкілетті органға қайта тіркелуі үшін белгіленген мерзім:

а) бір аптадан соң;

б) 10 күннен соң;

в) екі аптадан соң;

г) 30 күнтізбелік күн өткен соң;

д) бір жылдан кейін


7. Бос жұмыс орындары пайда болғаны туралы жұмыс беруші уәкілетті органға мәлімет жіберуі үшін заңда белгіленген мерзім:

а) бір күн ішінде;

б) үш жұмыс күні ішінде;

в) бір апта ішінде;

г) он күн ішінде;

д) бір ай ішінде.


8. Еңбекті құқықтық ұйымдастыру шараларының негізгі түрі:

а) әр түрлі мәмілелер;

б) ауызша келіссөздер;

в) екіжақты келісімдер;

г) еңбек шарттары;

д) дұрыс жауабы жоқ.


9. Жеке еңбек шартының тараптары:

а) еңбекші мен еңбек ұжымы;

б) жұмыс беруші мен еңбек ұжымы;

в) қызметкер мен жұмыс беруші;

г) кәсіпорын басшысы мен кәсіподақ ұйымы;

д) еңбек ұжымы мен кәсіподақ комитеті.


10. Мына қызметкерлердің қайсысы аттестациялауға жатады?

а) жас маман-технолог;

б) судья;

в) 8-разрядты дәнекерлеуші;

г) аспаз;

д) ешқайсысы.

11. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылайтын органдар:

а) еңбек ұжымы органдары;

б) прокуратура;

в) тергеу комитеті;

г) жоғарғы сот;

д) аудандық(қалалық) сот.


12. Заңмен белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы:

а) 36 сағат;

б) 24 сағат;

в) 40 сағат;

г) 45 сағат;

д) 50 сағат.


13. Еңбеккерлерге берілетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы:

а) 18 күнтізбелік күн;

б) 15 жұмыс күні;

в) 24 жұмыс күні;

г) 24 күнтізбелік күн;

д) 30 жұмыс күні.


14. Еңбеккерге жыл сайынғы еңбек демалысы қай уақытта беріледі?

А) 6 ай жұмыс істеген соң;

б) 7 айдан соң;

в) бір жылдан соң;

г) 9 айдан кейін;

д) еңбеккердің қалауы бойынша кез-келген уақытта.


15. Заңдарға сәйкес зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есептеу үшін қолданылып жүрген өлшем:

а) ең төменгі жалақы;

б) тарифтік ставка;

в) есептік көрсеткіш;

г) күнкөріс минимумы;

д) қызметақылар.




Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. ҚР Еңбек құқығы- А.,2002

3.Абузярова Н.А. Трудовое право- А., 2002

4.Акопова Е.М. Современный трудовой договор(контракт)- Ростов-на Дону, 1998

5. Богуславский М.М. Международное частное право- М., 2000(328-332)

6. Гусов К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право- М.,2001

7. Институт «Данекер» Трудовое право зарубежных стран- А.,2001


8. Нургалиева Е., Нурмагамбетов А. Комментарий к Закону о труде в РК – А., 2000

9. Скала В.И. Трудовые отношения в РК- А.,2001

10. Скала Н.В., Скала В.И. Основы организации охраны и безопасности труда в РК- А.,2005

11. Стремоухов А.В.,Никонов Д.А. Практикум по трудовому праву.2-е издание. М.,2005

12. Скрипка В.И. Трудовое право в схемах – М.,1997

13. Тимошенко Л. С. Трудовые отношения (учебное пособие) – А.,1998

14. Толкунова В. Н. Трудовое право(конспект лекции) – М.,1997

12. Сабақтарға бағдарламалық және мультимидиялық жетекшілік.

Халықаралық нормативтік актілер. – Азаматтық және қылмыстық құқық пен үрдіс кафедрасы, 304-каб. Деректер базасы.



13. Мамандырылған аудиториялар, кабинеттер мен зертханалар тізімі.


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау