Тарих және құқық факультетінің деканы

Лекция №20 Тақырыбы: Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары

жүктеу 1,06 Mb.
бет4/7
Дата17.11.2017
өлшемі1,06 Mb.
#639
1   2   3   4   5   6   7

Лекция №20

Тақырыбы: Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары.

Дәрістің мазмұны: Еңбегі үшін көтермелеу.

Жазалау шаралары.

Еңбек міндеттерін үлгілі орындаған, еңбек өнімділігін арттырған, өнімнің сапасын жақсартқаны үшін және басқа да жетістіктерге жеткені үшін көтермелеу шаралары қолданылу мүмкін.

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін яғни қызметкердің кінәсінен оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмағандығы немесе тиісінше орындалмағандығы үшін жұмыс беруші қолданатын еңбек заңдарында, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленген жазалар шараларын тәртіптік жазалар дейді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

Лекция №21

Тақырыбы: Еңбек даулары

Дәрістің мазмұны: Жеке еңбек дауларының түсінігі, түрлері.

Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында және соттарда қарау.

Еңбек дауларын ерекше тәртіппен қарау.
Еңбек даулары заңдарының қолданылуы мәселелері бойынша бұрын қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындығы келіспеушіліктерді еңбек даулары дейді.

Келісім комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 15-ақпандағы №37 бұйрығымен бекітілген «Келісім комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібі туралы» нұсқаулықта анықталған.

Қызметкер жұмыс берушімен арадағы еңбек дауларын шешу мақсатында аудандық қалалық соттарға шағымдануға құқылы.

Еңбек дауларын ерекше тәртіппен қараудың өзгешелігі мемлекеттік билік пен атқаруш органдардың сайланатын тағайындалатын лауазымдарының қызметкерлерінің, судьялардың, прокуратура органдары қызметкерлерінің, тергеушілердің арыздарыы бойынша еңбек даулары бағыну тәртібімен жоғары тұрған органдаррда қаралады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001

7.Стремоухов А.В., Никонов Д.А. «Практикум по трудовому праву» 2-е издание. М.,2005

Лекция №22

Тақырыбы: Ұжымдық даулар.

Дәрістің мазмұны: Ұжымдық даулар түсінігі.

Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі, әдістері.

Бітістіру комиссиясы.

Еңбек төрелігі.

Ұжымдық еңбек даулар ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісім жасуға, оларды орындауға байланысты жұмыс беруші мен қызметкерлер ұжымдары арасындағы келіспеушілектер.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

7.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

Лекция №23

Тақырыбы: Еңбекті қорғау ұғымы.

Дәрістің мазмұны: Еңбекті қорғау ұғымы, оны ұйымдастыру қағидалары. Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару.

Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету.

Еңбекті қорғау дегеніміз - тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде, еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін, сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу - алдын алу шаралары.

Мемлекет уәкілдік берген органдар арқылы ғылымға негізделген стандарттар,ережелер мен нормалар негізінде өндірістегі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге қажетті талптар белгілейді. Жұмыс берушілерге еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын, ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жүктеледі.

Еңбек заңдары азаматтарды денсаулық жағдайына жақпайтын жұмысқа қабылдауға тыйым салады.

Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды, белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

Лекция №24

Тақырыбы: Өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу.

Дәрістің мазмұны: Өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу түсінігі.

Жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібі.

Жазатайым оқиғаларды ресімдеу және тіркеу.
Жұмыс беруші мен еңбек қатынастарында түратын қызметкерлер еңбек міндеттерін атқару процесінде ұшыраған жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың, улану және өзгеде денсаулыққа зақым келу оқиғаларын тексерудің, рәсімдеудің, тіркеудің бірыңғай тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3-наурыздағы №326 қаулысымен бекітілген «Еңбек қызметі мен жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру есепке алу Ережесі» белгілейді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

Лекция №25

Тақырыбы: Азаматтық қызметшілердің еңбегін реттеу.

Дәрістің мазмұны: Азаматтық қызметке кіру. Азматтық ықзметтеу болумен байланысты шектеулер. Аттестаттау.Ақы төлеу.Азаматтық қызметшілермен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі

Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын ұйымдастырып, өткізеді. Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Азаматтық қызметші:

      1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;
      2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық
міндеттерді атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;
      3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға;
      4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған мемлекеттік құпияны, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес.

Азаматтық қызметшілер кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік қасиеттерін айқындау мақсатында аттестаттаудан өтеді. Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

Лекция №26

Тақырыбы: Еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылау

Дәрістің мазмұны: Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторының құзіреті.

Мемлекеттік еңбек инспекторының іс-әрекетіне шағым жасау.

Қр Еңбек кодексінің және өзге де еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылауды Қазақстан республикасының Үкіметі бекіткен ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Еңбек туралы заңдардың талаптары бұзылуының анықталуына қарай бақылаудың нәтижелері бойынша нақты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары Еңбек туралы Заңда қарастырылған еңбек жағдайларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарым береді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

Лекция №27

Тақырыбы: Еңбек заңнамасын бұзушылық үшін жауапкершілік

Дәрістің мазмұны:

Еңбек саласындағы тәртіптік жауаптылық.

Әкімшілік жауаптылыққа тарту негіздері.

Қылмыстық жауаптылыққа тарту негіздері.

Еңбек туралы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді. Кінәлі адамдар тиісінше тәртіптік, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

7.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

Лекция №28

Тақырыбы: Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық еңбек қатынастары және коллизиялық мәселелер.

Дәрістің мазмұны: Халықаралық құқықтағы еңбек қатынастары.

Коллизия ұғымы.

Еңбек қатынастарындағы коллизиялық мәселелер.

Қазіргі кезде белсенді миграциялық процестер мен терең экономикалық байланыстар заманында шетелдік элемент қатысатын еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің маңызы күн санап арта түсуде.

Кез-келген елдің еңбек нарығына , оның құрылымы мен біліктілігіне жұмыс күшінің миграциясы үлкен әсер етеді.

Қазақстан тұрғындарының миграциясы факторларын ескере отырып, Үкімет тұрғындар миграциясының мемлекеттік бағдарламасын дайындады.

Миграция мәселелері мемлекеттің ішкі проблемалары ғана емес, басқа мемлекеттердің де проблемасы. Бұл жағдайлар көптеген халықаралық келісімдерде көрініс тапты.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5. Богуславский М.М. «Международное частное право» М., 2000(328-332)

6.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

7.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

8.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

9.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001

10.Стремоухов А.В., Никонов Д.А. «Практикум по трудовому праву» 2-е издание. М.,2005

Лекция №29

Тақырыбы: Шетелдіктердің еңбек ету құқықтары

Дәрістің мазмұны:

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқықтары.

ҚР азаматтарының шетелде еңбек ету құқықтары.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес шетел азаматтары ҚР азаматтарымен тең құқықтар мен міндеттер иеленеді. Осыған сәйкес ҚР азаматтары шет мемлекеттерде, ал шетел азаматтары ҚР территориясында еш кемсітушіліксіз еңбек қатынастарына түсуге құқылы.

ҚР қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары ҚР Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 31-мамырдағы № 577 қаулысымен бекітілген Ережелер арқылы реттеледі.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002 – 160 бет

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Богуславский М.М. «Международное частное право» М., 2000(328-332)

6.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

7.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

8.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

9.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001

Лекция №30

Тақырыбы: Өндірістік санитария және гигиена.

Дәрістің мазмұны:Өндірістегі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге қажетті мемлекет белгілеген талаптар.

Өндірістегі қауіпсіздіктің жалпы ережелері.

Жеке және ұжымдық қорғану құралдары.

Өндірісте еңбек ету қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық қауіпсіздік ережелерін және жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызы өте зор. Кез-келген жұмыс орындарында санитариялық аптечка болуы міндетті. Жұмысқа қабылданар алдында әрбір қызметкер техникалық қауіпсіздік бойынша сынақ тапсыруы тиіс.

Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5. Богуславский М.М. «Международное частное право» М., 2000(328-332)

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары:

1 семинар

Еңбек құқығы – құқық саласы ретінде.

Сабақтың мазмұны:

Еңбек құқығының түсінігі, пәні, жүйесі, басқа құқық салаларымен байланысы.

Әдебиеттер:

1.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

2.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

3.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001
2 семинар

Еңбек қатынастары

Мазмұны:

Еңбек заңдарымен реттелетін қатынастар, олардың түрлері.

Еңбек қатынастарының субъектілері.Жұмыс беруші мен қызметкер еңбек құқығының субъектілері ретінде.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

4.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

3 семинар

Қызметкердің құқықтық мәртебесі.

Мазмұны:

Қызметкерлердің еңбек заңында көзделген негізгі құқықтары.

Қызметкерлердің негізгі міндеттері.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002
4 семинар

Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру

Мазмұны:Жұмыспен қамту ұғымы. Жұмыссыздықтын мемлекеттік әлеуметтік қорғау. Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі.

Әдебиеттер:

1.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002
5 семинар

Еңбек шарты

Мазмұны: Еңбек шартына түсінік, оның мазмұны.

ЕШ-ның тараптары, мерзімі, мазмұны.

Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегі

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

6 семинар

Басқа жұмысқа ауыстыру

Мазмұны: Басқа жұмысқа ауыстыру түсінігі.

Басқа жұмысқа ауыстыру тәртібі.

Басқа жұмысқа ауыстыру түрлері.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002
7 семинар

8 семинар

Тынығу уақыты.

Мазмұны: Тынығу уақытының ұғымы.

Тынығу уақытының түрлері.

Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

9 семинар

Еңбекті нормалау

Мазмұны: Еңбекке ақы төлеу жүйесі.

Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқу болған реттерде еңбекке ақы төлеу.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

10 семинар

Еңбек тәртібі.

Мазмұны: Еңбек тәртібінің түсінігі.

Ішкі еңбек тәртібі.

Тәртіптік жазалар қолдану, оған шағым жасау.

Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002
11 семинар

Ұжымдық даулар.

Мазмұны:

Ұжымдық даулар түсінігі.

Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі, әдістері.

Бітістіру комиссиясы.

Еңбек төрелігі.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

12 семинар

Еңбекті қорғау.

Мазмұны:

Еңбекті қорғау ұғымы, оны ұйымдастыру қағидалары.

Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару.

Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

13 семинар

ҚР қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары

Мазмұны:

Шетелдегі Қазақстан Республикасы мекемелері Қызметкерлерінің еңбек және материалдық қамсыздандыру жағдайлары.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

7.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

14 семинар

Еңбек заңнамасын бұзушылық үшін жауапкершілік

Мазмұны:

Еңбек саласындағы тәртіптік жауаптылық.

Әкімшілік жауаптылыққа тарту негіздері.

Қылмыстық жауаптылыққа тарту негіздері.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

5.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

6.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001
15 семинар

Жеке тұлғалардың еңбек ету құқықтары.

Мазмұны:

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқықтары.

ҚР азаматтарының шетелде еңбек ету құқықтары.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Теориялық материалдарды оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар:

а) семинар сабақтары:

Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы пәні бойынша семинар сабақтарын өткізудің мақсаты – ҚР Еңбек құқығы курсы бойынша теориялық білімін жетілдіріп, танымдылығы арттыру, жан-жақтылығын қалыптастыру, құқықтық сананы орнату.

Семинар сабақтарын орындау бойынша нұсқаулар:

  • студент семинарға силлабуста берілген тақырып бойынша дайындалуы тиіс;

  • семинарға дайындалу барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы қажет;

  • студент тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қолдануы тиіс;

  • семинар тақырыбы бойынша конспектісі болуы тиіс;

  • конспект негізінде қысқаша баяндама жасауы тиіс

  • тақырып бойынша берілген кесте талапқа сай болуы қажет.

ҚР Еңбек құқығы пәні бойынша семинар сабақтарын өткізудің әдістемелік нұсқаулықтары: әңгімелесу, семинарлық баяндамалар, дөңгелек үстел, семинар-диспут, кесте сызу, еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен танысып, конспекті жазу, еңбек қатынасы саласындағы іс-құжаттарды толтыру.

Студент семинарға төмендегі ұғымдарды білуге тиіс:

еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;
     
еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
 
еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің айлық жалақысының сақталуына кепілдік берілген«ең төменгі мөлшері, бұған жұмыс процесінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкердің өмірлік күші мен қуатын қалпына келтіруге қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы кіреді;
     
еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
     
жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау