О
блыс әкімдігінің 2010 жылғы 1 қазандағы «Облыс әкімі аппараты жұмысының және облыстық іс-шаралардың 2010 жылдың ІV тоқсанына арналған жоспары туралы» № 276 қаулысымен бекітілген
Облыс әкімі аппараты жұмысының және облыстық
іс-шаралардың 2010 жылдың ІV тоқсанына арналған
ЖОСПАРЫ
Облыс әкімдігінің мәжілістеріне енгізілетін мәселелер
қазан
Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Енгізуші: Иманәлиев Б.З. – облыс әкімінің орынбасары
қараша
Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді игеру мәселесі туралы
Енгізуші: Жолдасбаев М.С. – облыс әкімінің орынбасары
желтоқсан
«Жамбыл облысының 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасының» 2010 жылы орындалуы туралы
Енгізуші: Көкрекбаев К.Н. – облыс әкімінің бірінші орынбасары
Облыстық іс-шаралар
Мұғалім күніне арналған шаралар
қазан
Рухани келісім күніне арналған шаралар
қазан
«Қоғамдағы діннің ролі» тақырыбында аудандық семинарлар
қазан
Облыстық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауы
қазан
«Ең үздік клуб, мәдениет үйі және кітапхана» байқауы
қазан-қараша
Облыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық «Тіл – халық жанын танудың кілті» байқауы
қараша
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының іске асырылуы мен іс-қағаздарының мемлекеттік тілге көшірілу жағдайын анықтау мақсатында облыс әкімдігі басқармаларының арасында «Үздік басқарма» байқауы
қараша
Құрбан айт мерекесіне арналған шаралар
қараша
Халықаралық студенттер күніне орай салтанатты кеші
қараша
Мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада
қараша
Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің облыстық кеңесі
қараша
«Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы: қорытындылар мен жаңа болашақ» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы
қараша
Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеяның кезекті XIII сессиясын өткізу
желтоқсан
Облыстық «Үздік көрнекі ақпарат» байқауы
желтоқсан
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты шаралар
желтоқсан
Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасын өткізу
желтоқсан
Облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасын өткізу
желтоқсан
Облыс әкімінің бірінші орынбасары К.Н.Көкрекбаевта
зерделенетін және қаралатын мәселелер
Облыс жолдарындағы 2010 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша авариялық жағдай және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы
қазан
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының 2010 жылдың ІІІ тоқсанындағы жұмыс қорытындысы туралы
қазан
Тараз қаласында денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй нысандарын салу барысы туралы
апта сайын
2010 жылға арналған «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы
апта сайын
Елді мекендерде күзгі санитарлық тазалау айлығын өткізу туралы
апта сайын
Облыс ОЭК және ТҮКШ, білім беру, денсаулық сақтау нысандарының 2010-2011 жылдарғы қысқы мерзімге дайындығы және оны өткеруі туралы
жарты ай сайын
Жолаушылар көлігі парктерінің және облыс жолдардың қысқы мерзімге дайындығы туралы
ай сайын
Облыс жолдарын жөндеу және салу барысы туралы
ай сайын
Елді мекендерінің бас жоспарын дайындау барысы туралы
ай сайын
Облыс тұтынушыларын жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету туралы
тоқсан ішінде
ҚР Үкіметінің, «Төтенше әсер ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» ҚР Қауіпсіздік бағдарламасын іске асырудың барысы туралы
тоқсан ішінде
Облыста басқару жүйесін азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезіндегі дайындығы және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
тоқсан ішінде
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль жолын салу барысы туралы
тұрақты
Облыс әкімінің орынбасары М.С.Жолдасбаевта
зерделенетін және қаралатын мәселелер
2011 жылдың астығы үшін тұқым дайындау барысы туралы
қазан
Облыс агроқұрылымдарының мал қыстату науқанына дайындықтары туралы
қазан
Облыс көлемінде жылыжай шаруашылықтары мен тамшылатып суару технологиясын дамыту барысы туралы
қазан-қараша
Облыс көлеміндегі ағын су жүйелерін қалпына келтіру, каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстарын жоспарлау шараларының атқарылуы туралы
қазан-қараша
Ауыл шаруашылығы дақылдарын міндетті сақтандыру жөніндегі жұмыстардың жүргізілуі туралы
желтоқсан
Облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге байланысты инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы
желтоқсан
«Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы туралы
тоқсан ішінде
Облыс көлемінде мемлекеттік астық қорының белгіленген көлемін сатып алу және сақтау мәселелері туралы
тұрақты
Қант қызылшасы дақылын өсіруге байланысты атқарылған жұмыстар туралы
тұрақты
Күздік дала жұмыстарын, күздік бидай себу, ылғал сақтау үшін суару және басқа да жұмыстардың жүргізілу барысы туралы
тұрақты
Жер телімдеріне құқық беру, ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру шараларының жүргізілу барысы туралы
тұрақты
Ұзақ мерзімде, нысаналы мақсатында пайдаланылмаған а/ш мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және т.б. жер қатынастары саласындағы қадағалау, бақылау шараларының жүргізілу барысы туралы
тұрақты
Облыс әкімінің орынбасары Б.З.Иманәлиевте
зерделенетін және қаралатын мәселелер
Инфляциялық үдерістерді тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізу. Облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің бағаларын тұрақтандыру бойынша атқарылатын шараларды қамтамасыз ету
апта сайын
Шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау: жұмыс істейтіндер саны, өндірілген өнім көлемдері, бюджетке түсірген салық түсімдері, қаржы институттары тарапынан қаржыландыру мәселесі
ай сайын
Табиғи монополия субъектілерімен жұмыс жүргізу, олардың тарифтік саясатын қалыптастыру. Әлеуметтік маңызы бар топтағы тауарлардың бағалары мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифтеріне талдау жүргізу
ай сайын
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік бағдарламаларының және облыстағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын талдау
ай сайын
Бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындар тарапынан қызметкерлерге жалақы төлеудің жағдайын талдау
ай сайын
«Жамбыл облысының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» орындалуын бақылау, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмысқа орналастыру, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету және облыстық мекемелердегі еңбек заңнамаларын сақтау үшін облыста қолданылып отырған басқа да шаралар жөніндегі жұмыстың жағдайына зерделеу жүргізу
ай сайын
Облыстық бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бекітілген жоспарға сәйкес түсу барысын талдау және бюджеттің атқарылуы бойынша уәкілетті орган басшыларының қатысуымен кеңестер өткізу
тұрақты
Жамбыл облысында «Жол картасы» аясындағы іс-қимылдарды іске асырылуын зерделеу және мониторинг жүргізу
тұрақты
Облыс әкімінің орынбасары М.М.Төлепбергенде
зерделенетін және қаралатын мәселелер
Облыста туберкулезге қарсы көмек көрсетуді жетілдіру және туберкулезге қарсы күресу бағдарламасын орындалуы туралы
қазан
Аудан және Тараз қаласы әкімдерінің мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары туралы
қараша
2010 жылға денсаулық сақтау саласына бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттерді орындалуы туралы
желтоқсан
Облыс әкімдігі білім басқармасының бюджеттен бөлінген қаражатты уақытылы және толығымен игеру бойынша атқарған жұмыстары туралы
желтоқсан
Бөлімдерде зерделенетін және қаралатын мәселелер
Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі
Меркі ауданында облыстық, Байзақ, Жуалы, Мойынқұм аудандық мәслихаттардың шығып қалған депутаттардың орнына сайлаудың өтуін қадағалау, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының сайлауға дайындық барысын зерделеу
қазан
Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік, аумақтық және салалық бағдарламалардың орындалу барысын зерделеу
қазан
Жамбыл ауданы және Тараз қаласы аумағындағы көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстары барысын зерделеу
қазан
Шу, Қаратау және Жаңатас қалаларының 2010-2011 жылғы жылыту маусымына дайындық барысын зерделеу
қазан
Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратындағы және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі іс-қағаздарының жүргізілуі жөніндегі жұмыстың жағдайын және бақылауда тұрған құжаттардың орындалуын зерделеу
қараша
Облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің мәслихаттар мен халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізудің желілік кестесін әзірлеу
10 желтоқсанға дейін
Аудандар және Тараз қаласы әкімдерінің алдыңғы жылдары халық алдындағы есеп беруі кезінде айтылған ұсыныстар мен ескертулердің орындалу барысын зерделеу
желтоқсан
Селекторлық және аппараттық кеңестерде берілген тапсырмалардың орындалуын зерделеу және қорытынды анықтама дайындау
желтоқсан
Облыс әкімінің жұмыс сапарларында берген тапсырмаларының орындалуын қадағалап, зерделеу жұмыстарын жүргізу
тұрақты
Мемлекеттік-құқықтық бөлім
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Бағдарламаның 2010 жылда облыстық атқарушы және құқық қорғау органдарымен орындалу қорытындысы туралы
қазан
Жамбыл облысының құқық қорғау органдарының есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу, оларды алу, сақтау және жою тәртіптерін сақтау бойынша жұмыстары туралы
тоқсан ішінде
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жұмысы туралы
тоқсан ішінде
Мерке ауданы және Тараз қаласы әкімдіктерінің нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияларының жұмыстары туралы
тоқсан ішінде
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингін дамыту бөлімі
Облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығының және Тараз қаласы мен аудандық филиалдарының мемлекеттік қызмет көрсету барысын зерделеу
тоқсан ішінде
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және аудандар мен Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізіп, қорытындыларын басқарманың мәжілісінде талқылау
тоқсан ішінде
Мемлекеттік қызмет көрсететін Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдері және аудандардағы кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараттарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингін әзірлеп, аудандар мен Тараз қаласы әкімдігінің мәжілісіне енгізу
тоқсан ішінде
Құжаттама және бақылау бөлімі
2010 жылдың ІІІ тоқсанындағы құжаттармен жұмыс, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы және азаматтарды қабылдау туралы талдау жасау
қазан
Облыс әкімі
аппаратының басшысы Ғ.Сәдібеков
Достарыңызбен бөлісу: |