Жалпы секторының ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ
Сектор жұмысының негізгі бағыты болып Мекеменің кадрлык-ұйымдастыру, шаруашылық және бақылау жұмыстарын іске асыру болып табылады.
2013 жылы 136 өндірістік, жеке құрам бойынша 247 бұйрықтар шығарылды.
Жұмыстан 33 қызметкер шығарылды: 25 қызметкер өз еркімен, 4 қызметкер басқа жұмысқа ауысуына байланысты, ал 4 қызметкер зейнет жасына жетуіне байланысты жұмыстан босатылды.
1 мемлекеттік қызметкер ауысу тәртібімен ал 6 қызметкер конкурс бойынша жұмысқа қабылданды.
Азаматтық қызметке әңгімелесу арқылы қабылданған 22 қызметкер, онын ішіндегі: 4 әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант тұрақты жұмыс орнына, 1 әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант негізгі қызметкер жүктілік демалысына байланысты және 17 күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер тұрақты орнына.
Тәртіптік жазаға 20 мемлекеттік қызметкер тартылды.
Қайта оқу курсында жеті және біліктілігін арттыру курсында 4 мемлекттік қызметкер оқыды.
Аттестациядан 1 мемлекеттік қызметкер өтті ( сектор меңгерушісі және қызметіне толық сәйкес болды).
Ай сайын есептер өткізіледі, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің еңбек өтілі есептелуде.
35 азаматтық қызметкерлерге міндетті аттестаттау өткізілді. Оның ішінен өткені - 18 әл.қызметкер, қайта аттестаттуға жататыны 14 әл.қызметкер, ал 4 әл.қызметкерімен шекті деңгейден кем балл жинағанына байланысты, біліктілігінің жетіспеуі салдарынан атқарып жүрген лауазымдарына және орындайтын жұмыстарына сәйкес келмеуіне байланысты еңбек шарты бұзылды.
Алдын ала тексерістерге және соттарға сенімхат негізінде заңды өкіл ретінде қатысу. Қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің атынан өкіл ретінде азаматтық істер бойынша сотқа қатысу жүргізілді. Қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің заңды өкілі ретінде сотқа қатысу жүргізілді.
Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР заңына сәйкес, қорытынды негізінде мемлекеттік сатып алу туралы әлеуетті өнім берушілермен 105 келісім шарт жасалды.
Жеке тұлғаларға бөлімге қатысты сұрақтарға заңды кеңес беру жүргізілді.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша мемлекеттік және соған тиесілі қызметкерлерге берілетін тұрғын үй бойынша құжаттарды рәсімдеуге ықпалдасу жұмыстары жүргізілуде.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы орындауға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылып келеді. Тоқсан сайын антикоррупциялық жұмыстар және 07.04.2011 жылғы №394 ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша мемлекеттік қызмет стандарттары туралы ақпарат құқық бөліміне есеп беріліп отырды.
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне есепті мерзімде жеке және заңды тұлғалардан 21513 өтініш түскен. Оның ішінде жеке тұлғалардан 21285 өтініш, заңды тұлғалардан 228 өтініш түскен. Бөлім бастығының қабылдауында 169 азамат болып, оларға түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, бөлімге қызметтік хаттар бойынша 4163 құжат түскен, шығыс құжаттары 1970-і құрайды. Кіріс құжаттарының мемлекеттік тілдегі арасалмағы – 90,7 пайыз, шығыс құжаттары бойынша – 100 пайыз.
Ағымды жылы есеп беру мерзімі ішінде бөлімдегі автоматтандырылған жүйе арқылы істейтін программалардың: Тұрғын үй көмегі, ИС «Е-собес», ИС «АСП», ИС «ГДП», ИС «ЦОН», ARM EUOL, IPVPN, Lotos-Notos, Statform, ЦБДИ, 1-С бухгалтерия үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасалған. Бөлімде орнатылған бағдарламалар Еңбек және Әлеуметтік қорғау министірлігінен келіп түскен барлық жаңа версияларын орнатып бағдарламалардың сапасы арттырылуда және түскен версиялар бойынша әдістемелік оқыту жұмыстары да жүргізілуде.
Осы жылдың әр айында ИС «ЦОН» бағдарламасының жұмысын жылдамдату мақсатында Mozila және Javа бағдарламалары жаңартылуда.
Бөлім ішіндегі барлық компьютерлердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін «NOD32» антивирустық бағдарламасының 5 версиясы орнатылды және базасы күнделікті жаңартылуда.
Сондай-ақ осы жылдың бірінші жартыжылдығында бөлімдегі барлық компьютерлерге арналған ішкі локалдық тор жүйесінің жылдамдығына тексеру жұмыстары жүргізілді және үздіксіз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар жаңадан жұмысқа тұрған мамандарға ИС «ГДП», ИС «АСП», ИС «Е-собес», ИС «Еңбек нарығы», ИС «ЦОН» және «ЦБДИ» бағдарламалары бойынша жаңа «логин-пароль» берілді.
Ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жүргізу секторының жұмысы туралы
Қалалық зейнетақы төлеу орталығының базасы бойынша 2013 жылдың 1-ші қазанына Тараз қаласында 10905 мүгедек тіркелген, оның ішінде:
Санаты
|
01.10.2012 ж.
|
01.10.2013 ж .
|
Ауытқуы
|
1 топ
|
973
|
990
|
+17
|
2 топ
|
4509
|
4639
|
+130
|
3 топ
|
3586
|
3802
|
+216
|
Бала кезден мүгедек
|
1281
|
1474
|
+193
|
Барлығы
|
10349
|
10905
|
+556
|
Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметін көрсетуге ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 41433,0 мың тг. бөлініп, 591 мүгедекке қызмет көрсетілуде.
1 кесте:
Қызмет түрі
|
Мүгедек саны
|
Жоспар бойынша сома
(мың. тг.)
|
Бір көзден сатып алу тәсілімен
|
Конкурс арқылы
|
Келісім - шарт № , мерзімі
|
Сома
(мың. тг.)
|
Келісім - шарт № , мерзімі
|
Сома
(мың. тг.)
|
Ымдау тілі маманының қызметі
|
200
|
6500,0
|
№1-о-и 03.01.2013 ж.
|
1060,0
|
№3-к 14.03.2013 ж.
|
5440,0
|
Жүріп - тұруы қиын мүгедектерге жеке көмекші қызметі
|
200
|
16883,0
|
№3-о-и 03.01.2013 ж.
|
2814,0
|
№2-к 14.03.2013 ж.
|
14069,0
|
Зағип мүгедектерге жеке көмекші қызметі
|
150
|
14474,0
|
№2 -о-и 03.01.2013 ж.
|
2412,3
|
№1-к от 14.03.2013 ж.
|
12061,7
|
Жалпы:
|
550
|
37857,0
|
|
6286,3
|
|
31570,7
|
Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша есепті кезеңде 1040 мүгедекке жеке оңалту бағдарламасы әзірленіп, толығымен қамтылды:
2 кесте:
Қаралған
қаржы
|
Игерілген
қаржы
|
Барлық берілген құралдар
|
міндетті гигиеналық құрал
|
нәжіс қабылдағыш
|
несеп қабылдағыш
|
мың.тенге
|
мың.тенге
|
ЖОБ бар мүгедек
|
қамтылған мүгедек
|
ЖОБ бар мүгедек
|
қамтылған мүгедек
|
ЖОБ бар мүгедек
|
қамтылған мүгедек
|
43198,0
|
35388,0
|
1040
|
1040
|
35
|
-
|
32
|
-
|
Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу бойынша мәслихат шешімі негізінде жргізіледі:
3 кесте:
№
|
Санаты
|
Жалпы саны
|
Сомма (мың тг.)
|
1
|
- 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне,
- 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне;
- 26 сәуір радиациялық апат құрбандарын еске алу күніне
- 29 тамыз Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне
|
781
476
257
161
|
15110,0
9355,0
5060,0
3220,0
|
2
|
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және басқа саннатағы жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан оларға теңестірілген адамдарға, еңбек ардагерлеріне жылына бір рет шипажайға жолдама беру;
|
130
|
5460,0
|
3
|
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және ҰОС қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне телефон және суық суға өтемақы төлеу;
|
174*
|
232,5*
|
4
|
Туберкулез ауруларына ай сайын материалдық көмек.
|
141
|
3384,0
|
*ай сайын жолданатын өтемақы
ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына және ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына сәйкес жеке оңалту бағдарламасына сәйкес облыстық бюджеттен мүгедектер келесі оңалту шараларымен қамтамасыз етілді:
Судотехникалық құралдар: 74 есту аппараттары, 25 многофункционалдық дабылды жүйе, 27 мобильді телефон, саңырауларға арналған сағат - 21;
Тифлотехникалық құралдар: 14 тифлотаяқ, 26 тифломагнитола, 1 оқу машинасы, 2 компьютерлік тифлокешен, 1 диктофон, 1 плеер және 25 көзі нашар көретіндерге сағат.
Арнаулы жүріп-тұру құралы: бөлмелік кресло-арба – 127, серуендік кресло-арба – 34, многофункционалдық кресло-арба– 25, серуендік кресло-қорап электрлі жетегімен – 2.
Протез-ортопедиялық құралдармен 260 мүгедек қамтылған. 343 мүгедекке протез ортопедиялық орталыққа бару керектігі туралы ескертілген.
Есепті кезеңде 17 азаматтарға «Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған Орталыққа» жолдама берілді.
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі қалалық арнайы комиссия отырысында құжаттардың түсүіне байланысты есепті кезеңде комиссияның 19 отырысында 132 азаматтардың құжаттары қабылданды, оның ішінде Cемей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 57 азаматтардың жеке іс - қағазының макеттері біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындауға және төлеуге Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығына жолданды.
Сонымен қатар Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 75 азаматқа жеңілдік куәлігі берілді.
Азаматтардың 1941-1945 жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның 2013 жылы 4 отырысында 48 құжат қабылданып 38 азаматтардың еңбек өтілі бекітілді. Еңбек өтілін белгілеуге қажетті құжаттары болмағандықтан 10 азаматтардың соғыс жылдары істеген еңбек өтілі белгіленбеді.
Әрекетке қабілеті жоқ деп танылған азаматтарға қамқоршы және қорғаншы белгілеу комиссиясының отырысына 24 азаматтарға қорғаншы белгіленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 – 2013 жылдар) іске асыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
2012 жылдың шілде айынан бастап бекітілген жұмыс тобымен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен келісілген Тараз қаласы бойынша 176 әлеуметтік маңызы бар нысандарда түгендеу (паспорттау) жұмыстары толық аяқталды.
Аталған нысандардың толық мүгедектердің қолжетімділігіне қамтамасыз ету үшін қаржы қарастыру қажеттілігі туындап отыр, бұл ретте 176 нысанның ішінен республикалық бюджеттен – 23 нысан, облыстық бюджеттен – 78 нысан, қалалық бюджеттен – 23 нысан және жеке меншік өзін-өзі қаржыландырылатын 58 мекемені құрап отыр.
Түгендеудің қорытындысы негізінде 176 нысанның ішінде мүгедектердің қолжетімділігіне толық қамтылған – 7 нысан бар, 136 нысан жартылай қолжетімді, 33 нысан мүгедектердің қолжетімділігіне мүлдем қамтамасыз етілмеген.
Республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, сондай-ақ жеке меншік мекемелердің құрылтайшыларына қажеті қаржы көзін қарастыру туралы хат жолданды. Осы бағытты іске асыру мақсатында жұмыс жалғасуда.
мүгедектермен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жұмысы туралы
Х А Б А Р Л А М А
Аталған бөлімшеде үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету стандартына сәйкес 2013 жылда 379 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Оның ішінде - 61 мүгедек және ҰОС ардагерлері мен мүгедегі – 7. 2013 жылғы – 77 азамат анықталып, әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж - 161 азамат есепке алынды.
Кұтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер есептегі қызмет алушыларға Стандарттың 7 бағыты бойынша көмек көрсетті.
Атап айтқанда:
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
Есептегі барлық қызмет алушыларға уақытылы азық-түлік және тұрмыстық заттар жеткізіліп, қызмет алушылардың үйлерін жинауға, аулаларын тазалауға, ас әзірлеуге, құдықтан су тасып беруге, денсаулық жағдайына байланысты шомылуға, алыстағы туған-туысқандарына Қазпошта арқылы сәлемдеме жіберуге, қайтыс болуына байланысты жерлеу рәсімдеріне, киім-кешек заттарын химиялық тазалау орындарына өткізуге көмек көрсетілді. Барлық қызмет алушылардың коммуналдық төлем ақылары толық төленді.
Әлеуметтік-медициналық қызметтер:
Қызмет алушыларға уақытылы дәрі-дәрмектері жеткізіліп, дәрігердің нұсқауын орындауға, жедел жәрдем шақырылып, үйлеріне участкелік дәрігер шақыруға көмек көрсетілді;
- 17 қант диабетімен ауыратын мүгедектер мен қарттарға тегін дәрілері жеткізіліп берілді;
- 49 мүгедектер мен қарттарға тегін медициналық көмек көрсетілді.
Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес бойынша есептегі:
- 16 мүгедек қызмет алушыларға санитарлық-гигиеналық төсеніштері жеткізіліп берілді;
- 11 қызмет алушының жеке оңалту бағдарламасы жаңартылды.
Есептегі 47 қызмет алушының жеке оңалту бағдарламасы бойынша құжаттары рәсімделіп, кезекке қойылды.
Есептегі
- 27 қызмет алушының жартылай стационар жағдайында емделу үшін құжаттарын даярлауға көмек көрсетілді;
- 3-мүгедек протездік-ортапедиялық құралдар, (С.Абдираманова) сүйеніш таяқ алуға кезеке қойылды.
- протез-ортопедиялық құралдар жетек арба алған - 7, серуендік кресло-арба алған-1, бөлмелік кресло-арба алған-1 ;
- сауықтыру-емделу мекемелерінде демалған- 6;
- стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстырылды – 11.
3) Әлеуметтік-мәдени қызметтер:
Сталинград шайқасының 70 жылдығына орай осы шайқасқа қатысушы есептегі ҰОС ардагері М.Троценконы қалалық әкімшілік тарапынан құттықтау ұйымдастырылды.
Есептегі Ф. Шихова сәуір айында Мәскеу қаласына мүгедектер арасында өтетін жарыстар туралы жиналысқа қатысып қайтты.
Мамыр айының 17-27 аралығында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының IV спартакиадасында Р. Ким, Ш.Сурамбаевалар суға жүзу, тоғыз құмалақ сияқты түрлі жарыстарға қатысса, ал І –топ мүгедегі Ф. Шихова қол арбамен билегендер арасындағы жарыста жюри мүшесі болды.
Есептегі қызмет алушы I-топ мүгедегі З.Габудуллина Қазақстан Республикасының IV спартакиадасына қатысып, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен мүгедек спортшылар арасынан жеңіл атлетика спорт түрінен қашықтыққа ядро лақтырудан I-орынды жеңіп алды.
Есептегі барлық қызмет алушылар 7-қаңтар Рождество, 22-наурыз. мерекелерімен құттықталып, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған Облыс әкімінің мерекелік салтанатты жиналысына есептегі 20 қызмет алушы қатысып, мерекелік концертті тамашалады. Сонымен қатар 16 қызмет алушы 21-наурыз мерекелік дастарханға киіз үйге шақырылды.
9 мамыр күні «Сәтті» мейрамханасында ҰОС ардагерлеріне ұйымдастырылған салтанантты мерекелік дастарханға 3 қызмет алушы (В.Карпасов, М.Троценко, З.Вострикова) алып барылды.
Есептегі тылда жұмыс атқарған қызмет алушыларды «Өткенді еске алу» акциясы бойынша әскери десант қызмет алушының үйлеріне барып құттықтап, азық-түліктей көмек көрсетілді.
Қалалық мәдениет бөлімінің бастығы М.Жинақбаева М.Торценконың үйіне барып 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтады. Қызмет алушы
- Т.Иващенкоға «Ауыл-береке» базары басшылары азық-түлік пакеті тарту етілді;
- ҰОС ардагерлері 2 топ мүгедегі В.Карпасов, А.Беляев Темір жол депосының ұжымы атынан мерекелік дастарханға шақырылды;
- В.Карпасовқа «Нұр Отан» ХДП атынан 10000 теңге, облыстық мәслихаттан 20000 теңге;
- А.Тен мен Н.Стасюковаға «Каспий» банкі әкімшілігі 5000 теңге;
- ҰОС ардагері П.Куликті зейнетке шыққан завод «Запчастей» мекемесінің басшысы гүл шоқтарын сыйлап, 10000 теңге;
- А.Михнева, Е.Ли, М.Степноваға 10000 теңге;
- Т.Карлинаға 25000 теңге сыйақы берілді.
- Қаратаевқа ҚІД мекемесінен «Қарулы күштердің 20 жылдығына орай» медаль беріліп, 15000 теңге сыйақы берілді.
9 мектеп ( № 11, 13, 16, 18, 19, 35, 36, 38, 54) оқушыларының қатысуымен есептегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып гүл шоқтары табыс етілді және арнайы дайындаған өлең шумақтарын арнап, салтанатты концерттік бағдарламалар өткізілді.
Есептегі 20 қызмет алушы «Ораза айт» мерекесі күніне орай «Түркісіб» мейрамханасында жайылған дастарханға шақырылды.
«1 қазан -Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай 28-ші қыркүйекте 20 қызмет алушыға арнап «Үміт» дәмханасында мерекелік дастархан жайылды және есептегі 30 қызмет алушыға «Жасұлан-флора» ЖШС-нің «Қысқы бақ» әкімшілігі тарапынан демеушілік ұйымдастырылды.
№ 7, № 16 мектеп оқушылары қарттарға арналған «Қарттарға құрмет!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Қатысушы қарттарға сыйлықтар табыс етілді.
Қарттар күні» мерекесіне орай «Қыстық баққа» 11 қызмет алушы барды және демеуші тарапынан сыйлық «Әйел бақыты» гүлдері сыйға ұсынылды. Сонымен қатар «Әль-жами» кафесінде демеушілер тарапынан ұсынылған дастарханға 25 қызмет алушы «Үздік аспазшы» конкурсына қатысып, сыйлықтар алып қайтты.
Есептегі қызмет алушылар «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай және «Жаңа жыл» мерекелерімен құттықтап, тілектер айтылды. Сонымен қатар жаңа жыл мерекесіне орай «Kaspi Bank» демеушілігімен 12 қызмет алушыларымызға қайырымдылық көмек көрсетілді.
4) Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
Есептегі 379 қызмет алушының 2013 жылғы ЗМТО-орталығынан зейнетақы мөлшелері анықталып, кітапшаларына белгіленді. Ерлі-зайыпты 2 қызмет алушыға зейнетақы алатын пластикалық карточкасының мерзімінің аяқталуына байланысты, Халық банкінен жаңа пластикалық карточка аштыруға көмек көрсетілді. 3 қызмет алушыға зейнетақыны үйіне жеткізу үшін құжаттар рәсімделді. Сонымен қатар, банкоматтан зейнетақыларын алуға 64 қызмет алушыға көмек көрсетілді.
Есептегі 1-топ мүгедегі А.Бексұлтанова «Хабар» агенттігінің «Біз» атты бағдарламасына жеке кәсіпкер ретінде қатысып, «Отбасы мәселесін көтеру» тақырыбында өз ойын ортаға салды.
Тұрғын-үй көмегіне есептегі
- № 1 бөлімше бойынша – 48 қызмет алушы;
- № 2 бөлімше бойынша – 13 қызмет алушы;
- № 3 бөлімше бойынша – 7 қызмет алушы;
- № 4 бөлімше бойынша–10 қызмет алушының құжаттары рәсімделіп, өткізілуіне көмек көрсетілді. Олардың барлығына Халыққа қызмет көрсету орталығынан мекенжай анықтамасын алуға ықпал етілді.
5) Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
Қызмет алушы Л.Десятирикке неміс Қоғамынан кәуландыру алуға құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді. М.Ляхованың электр қуатына төлем ақысының дұрыс болмауына байланысты, «Энергосбыт» мекемесінен толық ақпарат алынды. 17 қызмет алушы үйіндегі есептегіш құралдары толық тексеруден өткізілуіне ықпал етілді. Т.Карлинаға су есептегіш құралын орнатуға көмек көрсетілді.
2 қызмет алушыға «Тараз Жарық» орталығына жеңілдік алуға құжаттары рәсімделді. Қызмет алушы С.Тыркқа автокөліктерде тегін жүру билетін алуға көмек көрсетілді.
Қызмет алушы М.Евдакимовамен бірге көшіп-қону полициясына ілесіп барып, қажетті сұрақтарына жауаптар алуына көмек берілді. М.Кучинаның электор есептегішінің істен шығуына байланысты қайта рәсімдеу үшін қажетті құжаттары өткізілді. Е.Ли мен З.Вострикованың жеке куәлігінің мерзімінің аяқталуына байланысты құжаттары әзірленіп, қайта рәсімделді. Н.Тартыковаға поштадан жек есепшот ашуға, зейнет- ақысын үйіне жеткізіп беруі үшін құжаттары өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |