Тарату тораптарының релелік қОРҒанысы


  дәріс.  Трансформаторлардың  және  автотрансформаторлардың



жүктеу 1,15 Mb.
Pdf просмотр
бет31/42
Дата29.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#38348
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
ТАРАТУ ТОРАПТАРЫНЫҢ РЕЛЕЛІК ҚОРҒАНЫСЫ каз2

    

10  дәріс.  Трансформаторлардың  және  автотрансформаторлардың 

резервтік қорғанысы 

 

Дәрістің  мазмұны



рансформаторлардың  және  автотрансформатор- 

лардың резервтік қорғанысы қарастырылады.

 

Дәрістің мақсаты: трансформаторлардың қалыпты емес режимдері мен 




 

45 


зақымдалудың негізгі түрлерін және оларды қорғаудың әдістерін оқыту. 

10.1  Трансформаторлардың  және  автотрансформаторлардың 

қорғанысы.  Трансформаторлардың  және  автотрансформаторлардың 

зақымдалуы  және  қалыпты  емес  жұмыс  режимдері,  қорғаныстың 

түрлері және оларға қойылатын талаптар                   

 

Зақымдалудың  түрлері.

  Трансформаторлар  мен  автотрансформатор- 

лардың зақымдалуының негізгі түрлері: трансформатор (үш фазалы) ішіндегі 

фазалардың  және  орауыштардың  сыртқы  кірмелеріндегі  орауыштардың 

тұйықталуы; бір фазаның орамдарының орауыштары арасындағы тұйықталу 

(орамдық  тұйықталу);  орауыштардың  жерге  немесе  олардың  сыртқы 

кірмелерінің  тұйықталуы;  жылынуға  және  «болаттың  өртенуінің»  пайда 

болуына  алып  келетін  трансформатордың  магнит  сымының  зақымдалуы. 

Тәжірибеден  байқағандай,  кірмедегі  ҚТ  мен  орауыштардағы  орамдық 

тұйықталу көп болады. Трансформатор ішіндегі фаза аралық зақымдалу оған 

қарағанда аз болады. Үш фазалы трансформаторларда да болуы мүмкін, бірақ 

фаза аралық оқшауламаның жақсы беріктігіне байланысты мүмкіндігінше аз. 

Бір фазалы үш трансформатордан құралған трансформатор тобында, фазалар 

орауыштарының  өзара  тұйықталуының  пайда  болуы  мүмкін  емес  десе  де 

болады. Орам зақымдалуы кезінде зақымдалу орнына қорек көзінен баратын 

тоқтар  үлкен  болмайды.  Тұйықталған  орамның  саны 

w

a

  аз  болған  сайын, 

тораптан  келетін  I

к

  тоқтың  шамасы  да  аз  болады.  Трансформатор 



зақымдалуынан РҚ бұзылу көлемін шектеу үші ол тез жұмыс жасауы керек  

(t

 

= 0,05 

 0,1 с). 



Зақымдалудан  қорғаныс. 

Мұндай  РҚ  ретінде  тоқ  үзіндісі, 

дифференциалды  және  газдық  қорғаныс  қолданылады.  Қуаты  200  MB•А 

және  жоғары  трансформаторларда  автоматты  түрде  сумен  өртті  сөндіру 

қарастырылады.  Ары  қарай  айтылғандардың  барлығы  да  трансформаторлар 

мен автотрансформаторларға да қатысты



 

Қалыпты  емес  режимдердің  түрлері.

  Трансформаторлардың  жұмыс 

режимінің  қалыпты  еместігі  көбінесе  ондағы  асқын  тоқтардың  пайда 

болуында, 

яғни, 

трансформатордың 



номиналды 

тоғынан 


асатын. 

Трансформаторлардағы асқын  тоқ  сыртқы ҚТ,  тербелу  және  асқын  жүктелу 

кезінде пайда болады. Асқын жүктелу электр қозғалтқыштардың өзіндік іске 

қосылуы  әсерінен,  қатар  жұмыс  жасайтын  трансформатордың  ажыратылуы 

әсерінен  жүктеменің  жоғарылауынан,  АВР  қызметі  кезінде  жүктеменің 

автоматты түрде қосылуынан және т.б. пайда болады. 



Сыртқы  ҚТ.

  Трансформатор  шинасындағы  зақымдалудан  болған 

немесе  кететін  шинадан  қосылған  ажыратылмаған  зақымдалудан  болған 

сыртқы  ҚТ-да,  трансформаторда,  олар  трансформатордың  зақымдалуына 

алып  келетін  оның  орауыштарын  рұқсат  етілген  шамадан  тыс  қыздыратын 

ҚТ  I


к

  >  I


ном

  тоқтары  өтеді.  Соған  байланысты  трансформаторда  сыртқы  ҚТ 

РҚ болуы қажет, ол трансформаторды өшіреді. 

Сыртқы  ҚТ  қорғаныс  МТҚ,  минималды  кернеуді  блоктаушы  МТҚ, 




 

46 


дистанционды  РҚ,  нөлдік  және  кері  тізбектегі  тоқтық  РҚ  арқылы  іске 

асырылады.  Сыртқы  ҚТ  қызмет  зонасына  қосалқы  стансаның  шинасы  (I 

бөлік) мен осы шиналардан кететін қосылулар (II бөлік) кіруі қажет. Бұл РҚ 

сонымен бірге трансформатордағы зақымдалудың резерві болып табылады. 



Асқын  жүктелу. 

Асқын  жүктелудің  РҚ  әсер  уақыты  орауыштардың 

оқшауламасының  қызуымен  анықталады.  Май  трансформаторлары  асқын 

жүктелудің 5% жібереді. Апатттық режимде қысқа уақыттағы асқын жүктелу 

келесі аралықта рұқсат етіледі:

 

 

Асқын жүктелудің қайталануы...............................1,3    1,6     1,75       2        3 



Асқын жүктелудің рұқсат етілген уақыты, мин …..120   45      20        10     1,5 

 

Бұл  мәліметтерден  байқағанымыздай,  ондаған  минутпен  өлшенетін, 



біршама  уақыт  аралығында  (1,5  -  2)  I

ном 


асқын  жүктемені  жіберуге  болады. 

Әсіресе  ұзақ  болмағандығы  үшін  трансформаторға  зақым  келтірмейтін, 

мысалы  электр  қозғалтқыштарының  өзіндік  іске  қосылуынан  немесе  итеріп 

жіберетін  түрдегі  (электропоезд,  көтергіштер  және  т.б.)  жүктемеден  пайда 

болатын  қысқа  аралық,  өзі  жойылатын  асқын  жүктелу  жиі  болады.  Мұндай 

асқын  жүктелуде  трансформаторды  ажыратудың  қажеті  болмайды.  АВР 

арқылы  автоматты  түрде  қосылатын  жүктемеден,  қатар  жұмыс  жасайтын 

трансформатордың  ажыратылуымен  және  т.б.  жасалынған  ұзақ  асқын 

жүктемелерде уақыты жеткілікті қызметкерлердің өшіруіне болады. Кезекші 

қызметкерлері  жоқ  қосалқы  стансаларда  ұзақ  асқын  жүктемені  жою 

жауапкершілігі  аз  тұтынушылар  немесе  асқын  жүктелген  трансформаторды 

ажырату  арқылы  автоматты  түрде  РҚ-тан  жасалуы  қажет.  Сонымен  асқын 

жүктелу  кезіндегі  трансформатордың  РҚ  іске  қосылуы  қажет,  егер  асқын 

жүктелу автоматты түрде немесе қызметкерлер жоя алмаған жағдайда. 



Толық  емес  фазалық  режим.

    Автотрансформаторларда  (AT)  жоғары 

(ВН)  немесе  орта  кернеу  (СН)  жақтарын  ажыратқанда  (немесе  қосқанда) 

пайда болатын толық фазалық емес режимнен РҚ қарастырылады. Бұл РҚ АТ 

ажыратылуына қызмет етуі тиіс. Мұндай РҚ орнату осы қосалқы стансадағы  

аталған  режимде  қатар  жұмыс  жасайтын  екінші  АТ  ажыратылу 

мүмкіндігімен шартталған. 

Трансформатор  багындағы  майдың  деңгейінің  төмендеуі 

бактың 


ағуынан  немесе  сыртқы  ауаның  температурасының  бірден  төмендеуі 

салдарынан 

орауыштардың 

деңгейінен 

төмендеуі 

орауыштардың 

зақымдалуына алып келеді. 


жүктеу 1,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау