Мәліметтерді іздестірудің ескі әдістері:
анықтамалық;
әріптестен сұрау;
кітапханаға бару;
үлкендердің білімі, пікірі.
ДМ-нің 3-ші кезеңі. Мәліметтерді сынап бағалау.
Сынап (критикалық) бағалау үшін табылған мәліметтердің әдістемелік сапасын бағалайтын критерийлердің стандартты жинағы қолданылады, сол сияқты әртүрлі жұмыстардың (мәліметтердің) сенімділігі, нақтылығы, қолданымдылығы, тиімділігі бағаланады. Нақтылықтың үш «негізі»:
- салыстыру тобына зерттелушілерді кездейсоқ жасырын таңдау (жасырын, соқыр) рандомизация;
- таңдау санының жеткілікті дәрежеде болуы;
- жасырын (соқыр) бақылау (ең тиімдісі үшжақты). Нақты нанымды зерттеулер зерттеудің дұрыс ұйымдастырылмауынан туындаған жүйелі қателерді болдыртпайды, ал статистика (р<..) тек кездейсоқ қателерді анықтауға мүмкіндік береді.
Әртүрлі жұмыстарды бағалаудың барысын иллюстрациялау үшін D.Sackett әріптестерімен ұсынған критерийлердің кейбіреулері берілді: [14].
Бақылау тобы болды ма?
Пациенттерді топтарға бөлу кездейсоқ болды ма?
Диагностиканың «Алтын стандартымен» тәуелсіз салыстыру болды ма?
Алғашқыда алынған топтарда барлық науқастар зерттелді ме?
Емдеуші дәрігер және пациент өзінің қай топқа жататындығын біле ме?
Барлық топ бірдей емделді ме? (зерттеліп жатқан препараттан бөлек)
Зерттеудің басында топтар бірдей болды ма?
Әсер етуі мен кері әсері барлық топтарда бірдей анықталды ма?
Науқастарды бақылау ұзақ болды ма? Бақылау барысында шығын қанша болды?
Кері әсер күшейген кезде ауру дамуының қаупі жоғарылайды ма?
Мәліметтер басқа зерттеулермен тексерілді ме?
Кері әсердің патологиялық әсерін сипаттау мүмкін бе?
Нәтижені бағалаудың объективті критерийлері қолданылды ма?
ДМ қолжетімді дәлелдемелердің ең жақсысын қолдануды ұсынады. Егер табылған жұмыс жоғарыда көрсетілген критерийлерге толық сәйкес келмей, ал жоғары әдістемелік дәрежеде орындалған жұмыс табылмаса, онда табылған мәліметтерді қолдануға тура келеді. Дегенмен, мұндай жұмыстарда қателіктердің болу мүмкіндігі жоғары болатындығын есте ұстаған жөн.
Бұл кезең студенттер үшін ең ұнамдысы. Біз басылымдармен, мақалалармен жұмыс істейміз, ал студенттер ақпараттың сенімділігін, нақтылығын және өз жұмыстарында қолдану мүмкіндігін жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |