Күні: ____ ____ _____
Сынып 7 «а»
Пән аты: «Есептеуіш техникасының операторы»
Сабақтың тақырыбы: Компакт – дискіден программаларды қондыру және жіберу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компакт – дискіден программаларды орнату және іске қосу туралы білімдерін қалыптастыру және компакт-дискіден программаларды орнатуды үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік – Оқушыларды компакт-дискілермен жұмыс жасаға үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жергілікті желі дегеніміз не?
Электрондық пошта не үшін қажет?
Хабарлар құру жолы?
Желілік қорды пайдалану реті?
ІІІ. Жаңа тақырып
Кейінгі кезде компьютерлік программалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы программалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан компакт-дискідегі программаны компьютерге дұрыс орната білудің үлкен мәні бар.
Компакт-дискідегі программаны орнатуды қандай да бір ойынның мысалында қарастырайық.
Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни сендер CD-ROM ға қойсаңдар болды, әрі қарай іске қосу автоматтты түрде жүреді. Онда пайда болған безендірілген бастамасы бар терезеде Install батырмасын таңдау керек немесе егер мұндай батырма жоқ болса, Setup батырмасын шертіңдер. Орысша нұсқада бұл батырмалардың кез келгенінің орнында Установить батырмасы болады. Егер тіпті бұл батырмалар да болмакса, онда ОК және Cancel екі батырмасы, орысша нұсқада ОК және Отмена батырмалары болады. Бұл жағдайда ОК батырмасын шертіңдер.
Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар: Yes, No, Agree, No; Да, Нет, Согласен, Не согласен және т.б. лицензиялық келісім терезесі жиі пайда болады. Бұл жағдайда әрқашан мақұлдап, Yes, Agree; Да, Согласен деп жауап беру қажет.
Содан соң орнату барысында тек ОК, Next батырмасын басу керек.
Сондай-ақ соңғы кездерде Орнату базасы бар ойындар жинағы кең таралды. Олардың соңғылары автоматты қосқышпен жабдықталған.
Егер автоматты түрде қосылмаса, онда базаның файлын дискіден өз беттеріңмен іздеуге тура келеді.
Сергіту жаттығуы. (2 мин)
ІҮ. Тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
CD диаметрі қандай?
CD –де не сақталады?
CD –ге қанша рет ақпарат жазуға болады?
CD –де қандай көлемде ақпарат орналасады?
Компакт-дискіден программа қалай орнатамыз?
Ү.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға жергілікті желі және электрондық пошта жайлы жалпы мағлұмат беру.
ҮІ Үйге тапсырма
Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу.
Достарыңызбен бөлісу: |