Тамшылатып суарудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Бағыты



жүктеу 61,86 Kb.
бет3/12
Дата03.06.2022
өлшемі61,86 Kb.
#38842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ғылыми жоба

Зерттеу нысаны: Қарғалы елді мекеніндегі Былтырғы жылы тамшылатып суарумен өнім алынған бақшалардың бірі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғаш рет қияр мен қызанақты өсіруде тамшылатып суарудың әртүрлі суару тәсілдерін зерттеу арқылы тиімді әдіс жасалынды. Жоғары өнім алу үшін өңірімізде көкөністерді таспалы әдіспен 60х30 см аралығында егудің, танапты қолдануда көкөніс көшетімен тұқымын оңтайлы себу тәсілінің тиімділігі анықталды. Жоба идеясының негізгі айырмашылығы – суармалы егіншілікте қияр мен қызанақтың тамшылатып суару жолымен суару суының шығынын 1,5-2,0 есе қысқарту арқылы су ресурсын үнемдеу және топырақ эрозиясын болдырмау. Сонымен қатар, топырақтың су-физикалық және агрохимиялық қасиеттерінің суару тәсілдеріне және режимдеріне байланысты өзгерулері, қияр мен қызанақтың өнім қалыптастыру ерекшеліктері белгіленді.
ІІ. Тамшылатып суару технологиясының экологиялық маңызы.
Қазақстан жағдайында, тамшылатып суарудың орнықты дамуына және халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін егіншілік жүйесінің, оның ішінде суғармалы егіншіліктің алатын орны ерекше. Себебі көкөніс пен жеміс-жидектері негізінен Қазақстанның оңтүстік аймақтарының суғармалы жерлерінде өндіріледі. Сондықтан Қазақстан халқын ауылшаруашылық дақылдарының өнімімен қамтамасыз етуде Түркістан облысы диқандарының да үлесі үлкен. Бірақта соңғы жылдары облыстың суғармалы жерлерінде су тапшылығымен топырақ құнарлығының төмендеуі, олардың өнімділігін күрт төмендетіп, суғармалы егіншіліктен түсетін пайданы азайтты. Осыған байланысты, облыстың ауыл шаруашылығы саласында әлеуметтік және экономикалық ахуалы ыңғайсыз жағдайларға тап болуда. Түркістан облысы жағдайында суғармалы жерлердің өнімділігінің төмендеуі, су тапшылығымен қатар олардың агроэкологиялық жағдайларының нашарлауы, агротехнологиялардың төмендігі және топырақ қабатындағы қоректік заттардың кемуіне тікелей байланысты. Түркістан облысының суармалы жерлерінде қалыптасқан жағдайда, олардың өнімділігін арттыруда, бейімделген-ландшафттық егіншілік жүйесін зерттеп енгізуді қажет етеді. Себебі Түркістан облысының суғармалы жерлері әр түрлі табиғи-климаттық жағдайларда қалыптасқан. Сондықтан олардың сумен қамтамасыз етілуін арттырумен қатар жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін бейімделген-ландшафтық егіншілік жүйесінің маңызы зор. Осыған байланысты Түркістан облысының әр түрлі табиғи жағдайында орналасқан ландшафттардың өнімділігін талдау және бағалау арқылы, ғылыми тұрғыда негізделген суармалы егіншілік жүйесінің дамуын қамтамасыз ету бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі болып саналады. Бұл мәселені үнемдеуден алдына жан салмайтын Израиль мемлекетінен бастау алған тамшылатып суару технологиясын пайдалану арқылы шешу тиімді. Қазір әлемде азық түлік нарығында Израиль өнімдері баға бәсекесіне аса қабілетті. Неге? Өйткені, өркениетті елдердің бәрінде судың құны баға қалыптастырушы элементтердің бастысы болып келе жатыр. Кез келген тауарды өндіруге кеткен судың құны алдымен есепке алынады. Өнімді өндіруге кеткен шығын аз, пайда шаш етектен. Бізде осылай еліміздің дамуына үлкен үлес қоса аламыз. Дана халқымыз «судың да сұруы бар» деп бекер айтпаған. Су мен жер баға жетпес байлық тек қадірін біліп, үнемдей алсақ болғаны. Қарапайым тәсілмен егілген көкөністен тамшылатып суаруда өнім екі-үш есеге дейін артық жиналады. Әлбетте, жаңа технологияны кеңінен қолданысқа енгізу арқылы қазақстандық агросектор да осындай жетістіктерге жете алады. Қолдағы барды бағалап, суды үнеммен қажетке жарата алсақ отандық аграрлық секторды жаңа деңгейге шығаруға болатыны анық. Өкінішке қарай бізде су мен жерді игерудегі стандартымыз басқа. Ал осы саладағы кемшіліктерді толық жоймайынша еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Елімізде бір гектар алқапқа жұмсалатын су мөлшері қалыпты деңгейден артық. Суды пайдалану коэффициенті өте төмен. Айталық, республика бойынша су пайдалану коэффициенті 0,72 текше метрді құрайды. Бұл олқылық – негізінен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән жағдай. Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында су пайдалану коэффициенті 0,6 текше метрді шамалайды. Сондықтан бұл деңгейді көтеруді ұмыт қалдыруға болмайды. Өркениетті елдерде 1 текше метр суға 2,5-6 келі ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Ал бізде оның көлемі небәрі 0,4-0,8 келіні құрайды. Бір сөзбен айтқанда, өнімді алты-жеті есеге аз жинаймыз. Жаңа аграрлық технологияларға басымдық берген саясаттың арқасында соңғы жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару әдісіне жүгінген шаруалардың саны көбейіп келеді. Қазіргі таңда тамшылатып суару әдісін енгізуді 50 пайызға дейін субсидияландырудың мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бағытта облыс әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп жұмыс істеуде. Мамандардың есебінше облыста тамшылатып суаруға кемі 10 мың гектарды өткізуге мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде бірқатар ірі шаруа қожалықтары жаңа технологияларды қолданысқа енгізуге құлшынып отыр. Субсидия Агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялар мен қоршаған ортаның экологиялық мәселесінің оңтайлы шешілуі Облыстың ауылшаруашылығын дамытуға жаңа серпін бермек. Соңғы дерекке жүгінсек, облыстағы тамшылатып суару әдісі 12 мың гектар жерге енгізіліп үлгерген. Субсидия бөлінетін болса екі жыл ішінде бұл көрсеткішті 50 мың гектарға жеткізудің мүмкіндігі бар. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған жолдауында агросектор саласында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мiндетiн қойды. Сондықтан, дала төсінде жүрген егіншілер бүгінгі күнгі ең озық технология саналып жүрген тамшылатып суару әдісіне арқа сүйеп отыр. Шыны керек, осы әдіске көшкелі бері облыстағы егін шаруашылығымен айналысушы шаруа қожалықтары мен серіктестіктердің шаруасы дөңгеленіп жүре берді деуге әбден болады. Өздеріңізге мәлім, Сыр аймағы тұрғындарының асыраушысы – суармалы егіншілік. Содан да жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарын суғаруға 4,1 млрд. шаршы метр суармалы су лимиті бөлінеді екен. Демек, егіншілік саласында пайдаланатын суды үнемдеу – бүгінгі күннің басты талабы. Күріш дақылы өзге дақылдардан гөрі суды аса көп пайдаланады. Нақтылай айтар болсақ, 3-4 есе артық қажет етеді екен. Сондықтан, су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізу аймақта қолға алынуда. Яғни, егістік пен бақшалықты тамшылатып суғару және егістік жерлерді жаңа технология бойынша тегістеу негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жұмыстарын жүргізу керек-ақ. Осыған байланысты аймақта тамшылатып суару әдісін пайдалану 2012 жылдан бастап қолға алынған. Бір ғана дерек, Сарыағаш, Келес, Мақтарал ауданындағы жылыжай мен және жаздың күні тамшылатып суару арқылы жылына 2 мың тоннаға жуық қызанақты өндірген. Қызылорда облысында «Дорстрой» ЖШС пен «Smart Rubber» ЖШС-ның тозған автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу бірлескен заводы іске қосылды.Зауытта қайта өңдеу арқылы жоғары сапалы жаңа материал – «Smart Rubber» (ақылды резина) деп аталатын белсенді резина түйіршіктері, сонымен қатар ауылшаруашылықта кеңінен пайдаланатын, жерасты суландыру технологиясына аса қажетті «Smart Drob» түтікшелерін де жасап шығарылуда.Бағасыда қол жетімді. Өзімізден құрылымдары шығарылып жатыр. Ендігі кекзекте жаңа технологияның қыр сырын меңгеріп пайдамызға жарату. Тамшылатып суғару жүйесі «су – топырақ - өсімдік» кешенді жүйесін-дегі кәзіргі кездегі көзқарасты өзгертті және ол егістік жерлерді суғару саласына жаңаша көзқараспен қарауға жол ашты. Басқа суғару әдістеріне қарағанда тамшылатып суғару әдісі суды толық үнемдеуге мүмкіншілік береді. Жеке алғанда ол мынандай себептердің нәтижесінде іске асады: - жаңбырлатып және жер бетімен суғаруға қарағанда ылғал шығыны аз, себебі жер бетінен булану және топырақ қабатынан сүзілуге кететін шығын-ды, яғни 40–50% орнына 4–5% дейін кемітуге болады. - кез келген басқа суғару әдістеріне қарағанда ылғал мақсатты бағытта таралады және оны реттеуге мүмкіншілік береді. - сыртқы отраның әсеріне, яғни булану және желдің әсеріне қарамастан, суғаруды тәуліктің 24 сағатында жүргізуге болады. - жер бедернінің күрделілігіне қарамастан су ағынын болдырмай, топырақ қабатында судың ұзақ уақыт және белгілі нүктеде таралуына мүмкіндік тудырады. Тамшылатып суғарудың ерекшелігі егістікке берілген су көлемінің 95% дақылдар пайдалана алады. Топырақтың құнарлығын және экологиялық көз қараста тамшылатып суғару әдісі егістік жерлерде пайдалануға ынғайлы әдіс: - суғару жүйесін және суғару тәртібін дұрыс қойған жағдайда арнайы кәріз құрудың қажеттілігі жоқ және өсімдіктің тамыры орналасқан қабаттан судың ағып кету байқалмайды. - басқа әдістерге, оның ішінде жаңбырлатып суғаруға қарағанда, тамшылатып суғарудың жүйесін пайдалану кезінде топырақтың тығыздануы және оның құрлысының бұзылуына жол бермейді . Агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялар мен қоршаған ортаның экологиялық мәселелері 100 - тамшылатып суғарудың жүйесін пайдалану пайдалану кезінде топырақтың шіру жүргісі байқалмайды, ал басқа суғару әдістерінде ол байқалады. Жер бетінің орналасуының күрделілігіне және еңештігіне қарамастан, тамшылатып суғару кезеңінде топырақ эрозиясы жіне топрақтың шайылу жүргісі болмайды. Тамшылатып суғарудың артықшылығы өсімдіктердің өсіп өнуі кезеңін-де байқалады: - тамшылатып суғару кезеңінде өсімдіктің тамыр қабаты, басқа суғару әдістеріне қарағанда жақсы дамыйды. - тамшылатып суғару өсімдікті қоректік заттармен қамтамасыз ету жағынан өте тиімді жіне ол өсімдік тамырларының ылғалдану қабатындағы дамуына және ол аймақта ауаның алмасуының жақсы жұруіне байланысты, өсімдік қоректік заттарды жоғарғы қарқынмен пайдалана алдады. - тамшылатып суғару әдісінен басқа суғару әдісіне көшкенде өсімдіктің бейімделуі өте тез жүреді. - тамшылатып суғару әдісі кезінде өсімдіктердің жапырақтары құрғақ болады, ал ол кез-келген өсімдік ауруларының таралуына жол бермейді. - өсімдікті қоректендіру және химиялық заттарды (Селитра т.с.с) суғару суымен бірге беруге болатындықтан, оны толық автоматтандыруға болады. - тамшылатып суғару кезінде арам шөптердің өсуін шектейді және таралуына жол берілмейді. - өсімдікті күтіп баптау жұмысын кез келген уақытта жүргізуге болады. Тамшылатып суару технологиясының тиімділігі - экологиялық таза өнім және эканомиканың жоғарлауы.



жүктеу 61,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау