Қорытынды:
Жүргізілген зерттеулер нәтижелерін жүйелей келе, төмендегідей қорытындыланды Тамшылы суару, сондай-ақ ағыстық суару, микро суару немесе жергілікті суару ретінде белгілі, өсімдіктің тамырына қарай немесе жердің үстіңгі бөлігіне немесе тікелей тамырлық зонасына қақпақшалардың торы, құбырлар, түтіктер, эмиттер арқылы суды баяу тамшылатып суару кезінде су және тыңайтқыштарды үнемдейтін суару түрі. Ол өсімдіктің негізіне су тасымалдайтын жіңішке құбырлар арқылы жасалады. Дұрыс жобаланып, құрылған және басқарылған тамшылы суару жүйесі флуд немесе қондырма шашқыш секілді суару түрлерімен салыстырғанда, булануды азайтып, дренажды тереңдету арқылы су ресурстарының сақталуына септігін тигізеді, өйткені судың өсімдік тамырына жетуі дәлірек болады. Сондай-ақ, тамшылы суару су мен өсімдіктің байланысынан таралатын көптеген аурулардың болуын азайтады. Ақыры, су қорлары шектеулі аймақтарда, басында да, соңында да бірдей су мөлшерін пайдалану арқылы өндіріс ұлғая алады. Қуаң аумақтарда және құмды жерлерде суды мүмкіндігінше баяу қолдану тәсілі жөн көрінеді. Жұмысты қорытындылай келе еліміздегі тамшылатып суару технологиясының дамып келе жатқанын және оның шаруаларға тиімділігін, сондай-ақ, кез-келген өнімді молынан алуға болатындығына көзім жетті. Тамышылатып суару әдісінде, біріншіден суды үнемдеу, және топырақ арқылы өсімдіктің тікелей тамырына судың баруын байқадым, Бақшадағы қияр мен қызанақтың өнімі ағын сумен алынған өніммен бірдей болғандығына көзім жетті, сондай ақ осы әдісте көптеген арамшөптермен басқа да зиянкестердің аз болуы немесе мүлдем болмауын көрдім, Ал кәдімгі ағын сумен салыстырғанда кемшілігі біздің ауылымыздағы топырақтың сор, сортаң және тұзды болуына байланысты егістік алқаптардан көрі есік алдындағы бақшаларда тамшылатып суару арқылы мол өнім алуға болатындығына көзім жетті. 2022 жылы Д.Алтынбеков каналының бетондалып қапталуына байланысты, алдағы уақыттарда Қарғалы, Сулыкесік, Отырар ауылдарында су тапшылығы болмайды деген сенімдеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Әрінов Қ.К. Ӛсімдік шаруашылығы. – Алматы, 2011. – 631 б.
Қазсушар Түркістан облысы филиалының әлеуметтік желі парақашасы [https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=363003611966133&id=100047694904886]
Отырар аудандық әкімдігінің әлеуметтік желі парақшасы [https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1374990399552696&id=100011252460797]
Оспанбаев Ж. Некоторые результаты исследований по капельному орошению риса в Казахстане // Мат. науч.-практ. конф. «Научноинновационные основы развития рисоводства в Казахстане и странах зарубежья», посвященной 80-летию Казахского научно-исследовательского института рисоводства им. И.Жакаева. – Кызылорда, 2012. – С. 351-353.
Топырақтың агрохимиялық қасиеттерін зерттеу. Агрохимиялық зерттеулер әдістемелері. – Алматы, 1989 – 386 б.
Ауылшаруашылығы дақылдарының даму сатыларында есептерді бақылау және ӛңдеу. – М., 1982. - 150 б.
Достарыңызбен бөлісу: |