Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



жүктеу 0,77 Mb.
бет4/176
Дата09.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#44597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org


1.2.
Технологиялық үдеріс кезеңдерінің сипаттамасы 
Шикізатты қабылдау. Бұл операцияны қоймашы немесе басқа да
материалдық жауапты тұлға (өндіріс меңгерушісі, бригадир т.б.) орындайды.
Бұл кезеңдегі қоймашының міндеті – қабылданған шикізаттың сапасы мен
мөлшерін және оның жолдама хатқа сәйкестігін тексеру. Сапасын тексеру
органолептикалық жолмен іске асырылады: қоймашы өнімдердің
сапасыздығының белгілерін біліп, оларды зерттеудің әдістері мен тәсілдерін
меңгеруі міндетті.
Сандық қабылдау – дара тауарларды тексеру мен салмақтық тауарларды
өлшеу. Ол үшін тиегіш таразылармен жабдықталады. Қабылданған шикі-
затты қоймашы қойма орындарына жібереді.
Шикізатты сақтау. Түрлі өнімдер физика-химиялық ерекшеліктеріне
қарай сақтаудың әртүрлі шарттарын қажет етеді. Осыны есепке алғанда
кәсіпорындарда салқындатқыш камералар мен салқындатпайтын қоймалар
қарастырылады. Қойма орындарының саны кәсіпорынның өндірістік
қуаттылығына байланысты. Осылайша, ең ірі кәсіпорындарда алты салқын-
датқыш камералар мен үш қойма қарастырылуы мүмкін (1.1-кесте).
К е с т е 1.1. Қойма түріндегі орындардың сипаттамасы 
Үй-жай атаулары
Ауа
температурасы, °С
Ауаның
салыстырмалы
ылғалдылығы, %
Ет сақтау камерасы:
салқындатылған ет
мұздатылған ет
0
80
-4
85
Балық сақтау камерасы:
жаңа ауланған, салқындатылған балық
мұздатылған балық
1
95
-3
95
Сүт өнімдері мен майларды сақтау
камерасы
2
85
Гастрономиялық өнімдер камерасы
2
85
Жеміс-жидек пен көкөністер камерасы
6
90
Сусындар (сыра, су) камерасы
6

Құрғақ өнімдер қоймасы
15
60





1.1. кестенің соңы 
Арақ-шарап өнімдерінің қоймасы
6

Көкөніс қоймасы
2
60
Орта қуаттылықтағы кәсіпорындарда ет және балық, сүт-май және
гастрономиялық өнімдер, жемістер, көктер, сусындар камерасы бірге болуы
мүмкін. Шикізаттың артық қорларын құрмайтын қуаттылығы аз кәсіпорын-
дарда тек бір тоңазытқыш камерасы орнатылуы мүмкін.
Толық даярлау кәсіпорындарында ет-балық камерасы мен көкөніс қойма-
сының орнына шала фабрикат өнімдерін сақтайтын камера қарас-тырылған.
Қоймашы өнімдерді қойма орындарына орналастыра отырып, тауарларды
арнайы талаптарға сәйкес бірге орналастырудың ережесін сақтап және
өнімдердің мүлтіксіз сақталуын, өндіріске жіберілуін қадағалауы тиіс..

жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау