Тажибаева Айжан Халилуллаевна Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен кестелер жинағы Оқу әдістемелік құрал Қостанай, 2011


Тақырып. Еңбек құқығының қайнар көздері. Е



жүктеу 1,11 Mb.
бет2/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,11 Mb.
#1788
1   2   3   4   5   6

3. Тақырып. Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек қатынастары.


Еңбек құқығының қайнар көздері





Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді айтады.




Еңбек туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және ҚР Еңбек кодексінен, қызметкерлердің кейбір санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Негізгі белгілері:


Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығының қайнар көздеріне сипаттама бергенде мыналарды және өзге де факторларды ескерген жөн:




Біріншіден, жалпыға міндеттілігі құқықтық нормаларға тән мәндік қасиет, бұл оларды басқа әлеуметтік нормалардан (мысалы, қызметтік этикадан\

ажыратуға мүмкіндік береді.






1) нормативтік құқықтық актілердің өзіндік үстемдіктеріне қарай еңбек заңдары жүйесін қалыптастырудағы кейбір ерекшеліктерді;

2) тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға құқығы бар өкілетті органдардың құзырын;

3) актілерді жариялаудың белгіленген тәртібін;

4) еңбек туралы халықаралық құқықтық актілердің қолдану ерекшелігін;

5) локальдық (жергілікті) норма шығарушылықты.




Еңбек құқығы қайнар көздерін қалыптастырудың ерекшелігі - еңбек ұжымдары мен көсіподақтардың қатысуымен жергілікті нормалар (ұжымдық шарттар, келісімдер) шығару.



Екіншіден, еңбек туралы құкықтық актілер (кодекс, заңдар, жарлықтар, қаулылар, т.б.) ерекше нысанда арнайы тәсілдермен бекітіледі, олар жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормативтер болып саналатын құқықтық актілер.



Еңбек құқығының қайнар көздері



Еңбек құқығының қайнар көздері иерархияға негізделген және белгілі тәртіп бойынша қабылданатын еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.



Еңбек құқығының қайнар көздерінің түрлері


Негізгі:

Туынды

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;


6) министрліктер мен кейбір мемлекеттік орталық басқару органдары басшыларының нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитеттер мен басқа мемлекеттік орталық органдардың еңбектің салалық жағдайларына қатысты нормативтік қаулылары;


2) ҚР конституциялық заңдары;

5) ҚР Үкіметінің, Конституциялық кеңесінің және Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары;


3) ҚР еңбек кодексі;

4) ҚР Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;

7) маслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың аймақтық жағдайын белгілеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық шешімдері.



Туынды


Ережелер (правила) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы қызметтің кейбір түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілер.



Қағида (жобылық қағида, типтік қағида – примерные положения, типовые положения) - белгілі бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін, сонымен қатар, қызметтің нақты түрін жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт.




Нұскаулық (инструкции) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы еңбек заңнамасын қолдануды жіктеп көрсететін нормативтік құқықтық акт.




Еңбек қатынастары


Еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар (ҚР ЕК 1 бабы).


Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында Еңбек кодексіне сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды.


Еңбек қатынастарының туындау негіздері


Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын жасау алдында:



1) лауазымға сайлану (сайлау);


4) заңда уәкілеттік берілген органдардың белгіленген квота есебіне жұмысқа жіберуі;




2) тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;





5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін



3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;




Еңбек құқығының пәніне құрылымдық жағынан еңбек қатынастарының мынадай түрлері жатады:





а) жеке және ұжымдық еңбек шарттары негізінде ҚР еңбек заңнамасымен қарастырылған қызметкер мен жұмыс беруші арасында құқықтар мен міндеттер туындайтын еңбектік қатынастары;


д) бас келісім, облыстық және салалық (тарифтік) келісімдер, ұжымдық шарттар мен келісімдер негізінде қызметкерлердің еңбек жағдайын, еңбекті төлеу шарты мен әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге байланысты туындайтын әлеуметтік-экономикалық қатынастар;





б) азаматтардың өз қабілеті мен кәсіби дайындығына сәйкес, жеке мүддесі мен мемлекет мұқтаждығын ескеріп жұмыс алу мақсатында мемлекеттік өкілетті органдарға жүгінгенде туындайтын қатынастар;


е) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен еңбек қауіпсіздігінің басқа да жағдайлары жөніндегі заңнамалардың және басқа нормативтік құқық актілерінің сақталуын, тиісті өкілетті органдарды қатыстыра отырып жалпы және мамандандырылған мемлекеттік қадағалау және бақылау жасағанда туындайтын еңбекті қорғау және еңбек заңнамасын сақтау жағын қадағалау бойынша қатынастар;





в) бірлескен еңбек қызметі процесінде өндіріс ұйымдастыруға және ұжымды басқаруға байланысты әкімшілік пен ұйым ұжымы арасында туындайтын ұйымдастыру-басқару қатынастары;




ж) еңбек жағдайын белгілеу және еңбек заңнамасының нормаларын қолдану мәселесі бойынша қайшылықтарды шешуге байланысты туындайтын еңбек дауларын қарау жөніндегі қатынастар. Мұндай қатынастардың субъектілері қызметкер мен жұмыс беруші (жеке еңбек даулары) немесе жұмыс ұжымы мен жұмыс беруші (ұжымдық еңбек даулары) болуы мүмкін.





г) дамыған нарықтық қатынастар жағдайында білікті қызметкерлерді тікелей өндірісте дайындауға; жұмыссыздарды еңбек ететін жаңа салаларға дайындауға байланысты туындайтын қызметкерлерді кәсіби оқыту бойынша қатынастар;


4. Тақырып. Еңбек құқығының субъектілері

Еңбек құқығының субъектілері


Еңбектегі құқықтық субъектілік - дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің заңдық міндеттемелер құқылы болу және оларды көтеру кабілеттігі, ягни еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында нақты құқықтық қатынастарға қатысушы болу мүмкіндігін (қабілетін) иемдену. Еңбек құқығының субъектілері еңбектік құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігінің екеуіне де бірдей ие болады.



Жұмыс беруші

Кәсіптік одақтар


Қызметкер (азаматтар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар).




Қызметкердің Еңбек кодексінің 22 бабында көзделген негізгі құқықтары:

1) Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;

5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

6) бос тұрып қалу үшін осы Кодекске сәйкес ақы алуға;

7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына және т.б.





5. Тақырып. Әлеуметтік әріптестік.


Әлеуметтік әріптестік





Әлеуметтік әріптестік – бұл қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі (ҚР ЕК 1-бабы).


Әлеуметтік әріптестік органдары:






Әлеуметтік әріптестік




Әлеуметтік әріптестік мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

Әлеуметтік әріптестіктің

міндеттері:




1) ұжымдық шарттардың, келісімдердің жобаларын әзірлеу және оларды жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер;

1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;





2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;





2) еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара консультациялар (келіссөздер);




3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;




4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу;





3) қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады.


5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;


6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған.




Әлеуметтік әріптестіктің

принциптері:



1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі;


6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі;



2) тараптардың тең құқықтылығы;


7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз кінәсі бойынша орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы;



3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;


8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің жәрдемдесуі;



4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі;

5) тараптар мүдделерін құрметтеу;


9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы.


жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау