Тажибаева Айжан Халилуллаевна Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен кестелер жинағы Оқу әдістемелік құрал Қостанай, 2011



жүктеу 1,11 Mb.
бет1/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,11 Mb.
#1788
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Заң факультеті

Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы

Тажибаева Айжан Халилуллаевна


Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен

кестелер жинағы
Оқу - әдістемелік құрал
Қостанай, 2011

УДК 349.2 (075.8)

ББК 67.405 я 73

Т 13

Автор:

Тажибаева Айжан Халилуллақызы, азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы



Рецензенттер:

Бекмагамбетов А.Б., “ЧелМУ” МБМ ЖКБ Қостанай филиалы құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.

Турлубеков Батырхан Салимович – Қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымының кандидаты, доцент.

Нугманов Рустем Рахимжанович – Заң факультетінің деканы, заң ғылымының кандидаты, доцент.


Тажибаева Айжан Халилуллаевна

Т 13 Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен кестелер жинағы. Оқу - әдістемелік құрал. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011. – 66 б.

ISBN 978-601-7293-06-2

“Қазақстан Республикасының еңбек құқығы” пәнінен кестелер жинағы еңбек құқығы пәнінен сабақтарды жүргізу үшін ұсынылатын оқу құралы болып табылады.

Бұл әдістемелік оқу құралының мазмұнында «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» курсы бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған материалдар жинақталған.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушыларына арналған және Қазақстан Республикасының еңбек құқығын өз бетінше меңгеру барысында қолданылуы мүмкін.



УДК 349.2 (075.8)

ББК 67.405 я 73

Т 13

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесімен «___»________2011 жылы № ___ хаттамасымен бекітілген.


ISBN 978-601-7293-06-2 © А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………………………….4

1 Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі……………………………………………………………………………………..5

2 Қазақстан Республикасының қағидалары………………………………………………………………………………………9

3 Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек қатынастары……………………………………………………………...……….12

4 Еңбек құқығының субъектілері………………………………………………………………………………………….……..17

5 Әлеуметтік әріптестік…………………………………………………………………………………………..……………… 18

6 Ұжымдық шарт……………………………………………………………………………………………………...…………...21

7 Халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру…………………………………………………………………..…24

8 Еңбек шарты……………………………………………………………………………………………………………………..27

9 Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері………………………………………..………..31

10 Жұмыс уақыты және тынығу уақыты………………………………………………………………………………………...44

11 Жалақы. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақылар төлеу……………………………………………………..…50

12 Еңбекті қорғау……………………………………………………………………………………………………………….…54

13 Еңбек тәртібі……………………………………………………………………………………………………………….…..56

14 Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі…………………………………………………………..….…58

15 Еңбек даулары……………………………………………………………………………………………………………….…61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….………………………………………………..…66



Кіріспе

Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінен кестелер жинағы еңбек құқығынан дәріс, тәжірибелік және студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы сабақтарын жүргізу үшін ұсынылатын оқу құралы болып табылады.

«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» курсын меңгерудің негізгі мақсаты - ол қоғамда еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, еңбек құқығы теориясын, ҚР еңбек кодексі мен еңбек құқығы нормаларын қолдану тәжірибесін студенттермен игеру болып табылады.

«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» курсын оқу барысында студент Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің нормалар жүйесін, оның қағидаларын, міндеттері мен құрылымы жөнінде хабардар болуы; Қазақстандағы құқықтық қатынастардың тарихи және диалектикалық даму үрдісін, сондай-ақ оларды болашақта жетілдіру жағдайларын білуі; еңбек шартын жекелеген санаттардағы қызметкерлермен жасау ерекшеліктерін білуі; жұмыс уақыты мен тынығу уақытының, жалақының түрлері мен жүйесін белгілеу тәртіптерін білу; еңбек заңдарын бұзған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге заңды жауапкершіліктердің түрлерін қолдана білуі; болашақ қызмет аясында еңбек құқығы теориясынан алған білімді және еңбек заңдарының нормаларын қолдана білуі; еңбек құқығын еңбекті қолдану аясында тараптардың әлеуметтік әріптестік келісіміне жетуіне ықпал ететін заң құралы ретінде жариялау іс-әрекеттерін жүргізу, еңбекке орналастыру, қабылдау және еңбек шартын бұзу, сондай-ақ еңбектік құқықтық қатынасты жүзеге асыру барысында еңбек құқығын қолдану аясында сауатты кеңес беруі тиіс.

Оқу құралындағы қисынды кестелерде “Қазақстан Республикасының еңбек құқығы” пәнінің жалпы және ерекше бөлімдерінің негізгі еңбек-құқықтық институттарының ұғымдары, түрлері, ерекшеліктері айқындалған.

Бұл оқу құралы студенттерге “Қазақстан Республикасының еңбек құқығы” пәні бойынша сабаққа дайындалуға, әрбір тақырыптың сұрақтарын көрнекі түрде пайдалануға және емтихан тапсырғанда жауаптарын жүйелеуге мүмкіндік береді.


1. Тақырып. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі

Еңбек құқығының түсінігі



Еңбек - материалдық және рухани игіліктерді жасауға бағытталған адамның мақсатты қызметі. (ҚР Еңбек туралы заңының 1-бабы).

Еңбек құқығы - өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасатын қатынасты сол қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен заңдық міндеттерін белгілеу арқылы реттейді, оған тиянақты нысан, тұрақты сипат береді.





Адамдардың бірлескен еңбек процесіндегі олардың еңбегін пайдалану жөніндегі адамдар арасында

қалыптасқан барлық қатынастардың жиынтығы



еңбекті қоғамдық ұйымдастыру

- қоғамның еңбек ресурстарының болуы мен олардың жай-күйі;



- еңбек шараларын және өндірістің басқа да жағдайларын белгілеу;

- еңбекті бөлу мен кооперациялау;



- өндірілген өнімді бөлу тәртібі мен осы процеске өндірушілердің өздерінің қатысу деңгейі;

- жұмыс күшін ұдайы ұлғайту (кәсіби даярлық).




- еңбек тәртібін қамтамасыз ету және бірлескен еңбек процесін басқару;



Еңбек құқығының әдісі


Әдіс - еңбек қатынастарына ықпал етудің заңдық тәсілдерінің жиынтығы ретінде қозғалысты, өзгермелі категория болып табылады, ол көптеген факторларға, бәрінен бұрын қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және нақты-тарихи жағдайларына байланысты.



Еңбек құқығының әдісі дегеніміз - еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы, оған мыналар кіреді:

- еңбектегі құқықтық қатынастар орнатудың шарттық тәртібі;



- еңбек жағдайын белгілеуге еңбек ұжымдары мен кәсіподақтардың қатысуы;




- өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын тараптар теңдігімен үйлестіру;

- еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің біртұтастығы және жіктелуі;



- еңбек құқықтарының бұйрықтық, ерік берілген және ұсыныс ретіндегі нормаларының күшінде болуының ерекше тетіктері;


- еңбекті ұйымдастырудың ерекше режимі;





- еңбекті ұйымдастыруды және оны қолдану жағдайын орталықтан нормалауды жергілікті реттеумен үйлестіру;

- еңбектегі құқықтық қатынастар тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың, сондай-ақ санкция қолданудың арнайы іс жүргізу нысандары.




Еңбек құқығы әдісінің ерекшеліктері



Еңбек құқығы әдісінің бірінші ерекшелігінің негізіне еңбектегі құқықтық қатынастарды жасаудың, өзгертудің және тоқтатудың шарттық тәртібі алынған. Бұл ерекше заңдық нысандар, олардың көмегімен, біріншіден, жеке ұйымның да және жалпы қоғамның да шеңберінде жұмысшы күшін іріктеу, бөлу және қайта бөлу, экономика салаларының жұмыс күшіне мұқтаждығын қанағаттандыру мәселесін шешуді, екіншіден - азаматтардың еңбек ету бостандығы, қызмет түрі мен кәсіпті еркін тандау жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.


Еңбек құқығының әдісін сипаттайтын екінші элемент - еңбектегі құқықтық қатынас субъектілерінің жалпы құқықтық мәртебесі. Әңгіме - еңбектегі құқықтық қатынас тараптарының өндіріс процесіндегі бір-біріне тәуелділік сипаты мен деңгейі, сондай-ақ еңбек құқығының басқа субъектілерінің (мысалы, кәсіподақ ұйымының) еңбектегі құқықтық қатынас тараптарының құқықтық жағдайын белгілеуге қатысуы жайында.


Еңбек құқығы әдісінің үшінші элементі - еңбектегі құқықтық қатынастардағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау сипаты. Әңгіме бұл жерде меншік түрін және шаруашылық жасаудың ұйымдық-құқықтық нысандарын, сондай-ақ еңбек ұжымы мен кәсіподақ ұйымының еңбек жағдайын ұйымдастыруға қатысуын ескере отырып еңбек туралы құқықтық нормаларды қабылдау және еңбектегі құқықтық қатынастардың мазмұнын анықтау тәртібі жайында болып отыр.


Еңбек құқығы әдісінің салалық ерекшеліктерінің сипаттамасын төртінші - еңбектегі құқықтық қатынастардың тараптарының тиісті іс-әрекетін қамтамасыз етудің заңдық құралдары аяқтайды. Бәрінен бұрын бүл - еңбектің өнімділігі мен сапасын арттыруға, қызметкердің өз еңбек міндетін дұрыс атқаруына материалдық ынта тудыру. Еңбекті басқарудың экономикалық әдістерінің ролі артады. Еңбектің нәтижесіне қызметкердің мүдделі болуын тудыру үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады (ұйымның табысын бөлуге қатыстыру, жеңілдіктер белгілеу, еңбек ақы мөлшерін қызметкердің жеке қосқан үлесіне қарай анықтау, т.б.).




Еңбек құқығының жүйесі


Еңбек құқығының жүйесі дегеніміз - құқықтың сол саласының құрылымы мен мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық нормалар жиынтығы.




Еңбек құқығы жүйесінде еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың барлық элементтеріне қатысы бар нормалар көрініс береді. Олардың жиынтығы еңбек құқығының Жалпы бөлімін құрайды.

Азаматтардың еңбегін қолданудағы қоғамдық қатынастардың кейбір топтарын реттейтін құқық нормалары еңбек құқығының Ерекше бөлімін құрайды.



Еңбек құқығының Жалпы бөлімі сол саланың мәнін, әдісін және жүйесін, еңбек қатынастарын реттеудің принциптерін, еңбек құқығының көздерін, субъектілердің құқықтық жағдайларын, еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ еңбек құқығы ғылымының мәні мен методологиясын қамтиды. Бұл мәселелердің барлығы еңбек құқығының нақты тарауларын (институттарын) терең зерттеудің іргелі негіздерін құрайды.


Еңбек құқығының Ерекше бөлімі еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың кейбір элементтерін реттейтін және еңбек қатынастарына қатысушылардың құқық субъектілігін белгілейтін құқықтық нормаларды қамтиды. Тиісінше, еңбек құқығы жүйесінде құқықтық институттар, еңбек қатынастарын құрайтын бөліктерді реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы өзінше бөлек алынады. Ерекше бөлімге еңбек құқығының мына негізгі институттары кіреді: жұмысқа орналастыру, еңбек шарты, ұжымдық шарттар мен келісімдер, жұмыс уақыты және демалыс уақыты, еңбек ақы, еңбек шартына отырушылардың материалдық жауаптылығы, еңбек тәртібі, еңбекті қорғау, кәсіби даярлау, кадрлардың біліктілігін көтеру, еңбек даулары.



2. Тақырып. Еңбек құқығының принциптері


Еңбек құқығының принциптері





Еңбек құқығының принципі - негізге алынатын, бастаушы бастама, ол осы саланың және оның институттарының құқықтық нормаларының мәні мен ішкі үйлесімділігін білдіреді.

Еңбек құқығы принциптерінің қызметтік рөлін мына негізгі позициялармен сипаттауға болады:





а) принциптер еңбек құқығы субъектілері үшін арнайы бағдар болады, себебі олар еңбек құқығы нормаларында бекітілген және қатысушылар әрекетін мемлекеттің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы құқықтық саясатын басқарушы идеяларға сәйкес бағыттайды;





б) принциптер еңбек қатынастарын құқықтық реттеу үшін бастапқы нұсқау (алғашқы негіз) болып табылады; бұл сапада принциптер еңбек туралы заңның мәні мен мазмұнын және оны қолдану практикасын алдын ала анықтайды, сондай-ақ еңбек туралы жаңа құқықтық нормалар жасағанда бұл басқарушы идеялардың жүзеге асырылу механизмін қарастыру жайында заң шығарушыға бағдар береді;





в) принциптер еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құқықтық негіздеріне тұрақтылық береді; еңбек ресурстарын даярлау, бөлу және тиімді пайдалану, еңбек қорғауды ұйымдастыру мен өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың басқа элементтері саласындағы басқарушы идеяларды заңда бекіте отырып, мемлекет еңбекті басқарудың барлық механизмі үшін іргелі құқықтық негіз, еңбек қатынастарының тиянақты нысандарын құруды қамтамасыз етеді;




г) принциптер құқықтық. реттеудің мәнімен және әдісімен бірге еңбек құқығын ұлттық құқықтың басқа салаларынан ажыратудың объективтік критерийі болады, себебі құқықтың осы саласының мәндік ерекшеліктерін білдіреді;





д) принциптер азаматтарға, мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдарына, ұйымдардың қызметкерлеріне тәрбиелік ықпал жасайды.


Еңбек құқығының принциптері




Еңбекті ұйымдастыру және қолдану саласындағы принциптер өздерінің мазмұны, әрекет ету саласы және мақсаттық бағыты жағынан алғанда бір мағыналы емес. Олар жалпы (салааралық), салалық (еңбек құқығы) және еңбек құқығының жекелеген институттарының принциптері болып бөлінуі мүмкін.




Жалпы (салааралық) принциптер еңбекті және тиісінше еңбек құқығы салаларын құқықтық реттеудің базалық принциптері болып табылады. Оларды Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітуі олардың жалпы ортақтық сипатын білдіреді.







Еңбек құқығының салалық принциптері:





жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау