Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В),
мұндағы, Pr – ресурстардың бағалары; К – технология; Т – салықтар мен субсидиялар; N – сатушылардың саны; В – басқа да факторлар.
5. Ұсыныс қисығы – ұсыныс заңының графикалық көрінісі. Ол сатушылардың әртүрлі бағаларда сата алатын игіліктерінің көлемін көрсетеді. Ұсыныс қисығы әдетте, оң көлбеулі болып табылады.
5.3-сурет. Ұсыныс қисығы
Ұсынысқа әсер ететін факторларға байланысты ұсыныс қисығы өзгеріске ұшырайды. Баға факторы әсер еткенде ұсыныс көлемі өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Мысалы, игіліктің бағасы өскенде ұсыныс көлемі де өседі немесе баға төмендегенде ұсыныс көлемі қысқарады. Бірақ, біз баға өзгергенде бағалық емес факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде ұсыныстың өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, ресурстардың бағасы төмендесе, онда ұсыныс кеңейіп қисық оңға жылжиды немесе ресурстардың бағасы өссе, онда ұсыныс төмендеп қисық солға жылжиды. Бірақ біз бағалық емес факторлар өзгергенде бағалық факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды төмендегі суреттерден көруге болады.
5.4-сурет. Ұсыныс қисығының өзгеруі
Сонымен, ұсынысқа бағалық фактор әсер еткенде ұсыныс көлемі, бағалық емес факторлар әсер еткенде ұсыныстың өзі өзгереді. Сондықтан ұсыныс көлемінің өзгеруі мен ұсыныстың өзгеруін шатастырмау қажет.
Сұраныс пен ұсыныс тарапынан сатып алушылар мен сатушылардың ортақ мүдделерінің келістірілуі нарықтық тепе-теңдіктің орнауына алып келеді.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түр де қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігі нің көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:
ESP = DQ% / DP%,
мұндағы, ESP – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% – ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DР% – тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі.
Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі 5 түрі бар:
икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (ESP>1);
икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден төмен (ESP<1);
Достарыңызбен бөлісу: |