бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті 1- ге тең (ESP=1);
абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPS = ∞;
абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPS = 0.
Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей ұсынылатын тапсырмаларды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |