Сатып алушылармен есеп айырысу және дайын өнімді сату бойынша шоттар
Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған: «Алынуға тиісті шоттар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебетінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді. 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 теңгенің дайын өнімдері 500000 теңгеге сатылды. (соның ішінде 80000 теңге ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Дт: 7010 Сатылған өнімдердің өзіндік құны 300000 тг
Кт: 1320 Дайын өнімдер 300000 тг
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 420000 тг
Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 420000 тг
Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 80000 тг
Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы 80000 тг
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» 500000тг
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 500000 тг
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары » деп аталатын шот дебиттелініп, оған сәйкес 6210 «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алына- 73 тын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде 1000 «Ақшалар» бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары » деп аталатын шот кредиттелінеді.
тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы» деп аталатын шот дебиттеліп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
1 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы 1210- 3010
2 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетіліген қызметке есептеліген қосылған құн салық сомасы 1210- 3130
3 Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасына шегерілді 1610- 1610 -1210
4 Сатып алушы және тапсырыс берушілерден есеп айырысу шотына келіп түскен сома 1030- 1210
5 Сатып алушы және тапсырыс берушілердің борышы олардың кредиторлық қарызы есебінен өтелінді 1270- 2150 -1210
6 Сатылған (тиеп жіберліген) тауар, өнім, көрсетліге қызмет үшін алынған вексель 1280 1210,212 0-2130
7 Сатып алушы және тапсырыс берушілер берген вексельдері үшін борыштарын төледі 1030 -1280
Жинақтау есебі "Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы" шотының және "Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы" шотының кредиті бойынша № 11 - Журнал-ордерде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |