Физикалық принциптен қарағанда жедел жады динамикалық (DRAM) және статикалық (SRAM) болып бөлінеді. Динамикалық жадының микросхемасын к/ң негізгі жедел жады ретінде қолданады, ал статикалық жадының микросхемасын көмекші жады (кэш жады) ретінде қолданады. Кэш жады Кэш жады. Кэш жады процессор мен жедел жад арасында дәнекерлік роль атқарады. Процессорге мәліметтер қажет болғанда ол алдымен кэш жадыға сұраныс жібереді. Егер онда керекті мәліметтер болмаса, жедел жадыға сұраныс жібереді. Жедел жадыдан мәліметтерді қабылдағанда процессор оларды кэш жадыға кіргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |