Кіріспе.
Еңбек нарығының икемділігі қазіргі өндіргіш күшінің даму деңгейінің талабына жауап ретінде пайда болған құбылыс, экономиканы дағдарыстан шығаруға, оның өсуіне, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға, еңбек потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол тұрақсыз жұмыс орын санын көбейтеді, қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын әлсілеретеді. Бұл мәселелерді шешуге тек нарықтың шама- шарқы жетпейді.
Сондықтан мемлекет жағынан қызметкерлерді пайдалануда тұрақтылық пен икемділікі үйлестіретін ұтымды реттеу механизмі қажет.
Еңбек нарығы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу обьекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысы мен күшіне сұраныстың үйлесу механизмін жете түсіну үшін адамның жұмыс орын және жұмыс беруші өзіне керек қызметкерлерді іздеу процестерін зерттеу қажет.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, “еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстармен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Орташа еңбек ақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені, қосымшаны және басқа да марапаттау төлем түрлерін ескереді.
Орташа жалақы есептік кезеңдегі нақты істеген уақытынан да анықталуы мүмкін. Демек, орташа жалақыны анықтаудың екі жолы бар, оның біріншісінде өткен кезеңдегі рн екі айдағы еңбек ақы алынса, ал екіншісінде сол өткен кезеңдегі нақты істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады.
Егер де еңбеккерлер бір жылдан аз жұмыс істесе, онда орташа жалақысы нақты істеген уақытынан анықалады.
Егер де еңбеккерлердің ұзақ уақыт бойына жалақысы болмаса (жиырма төрт айдан көп), онда орташа жалақы минималды есептік көрсеткіштен алынады, бұл жағдай еңбеккерлердің екіқабат және бала табуына, сондай- ақ балаға қарауына және басқа да орынды себептермен байланысты болуы мүмкін.
Белгіленген тәртіп бойынша, жыл сайын жұмыс орнын сақтай отырып және еңбек шарты бойынша әрбір жұмыс істеуші төленетін демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына шығуға барлық қызметкерлердің құқы бар, олардың арасында жеке келісім-шарт жасалса да, жасалмаса да.
Бұндай заң құқығы “еңбек туралы” заңның 12 б, 5т қарастырылған.
Еңбек демалысынң ұзақтығы әртүрлі болады, егер де еңбеккер бірінші жыл жұмыс істеп жатса, онда оған демалыс 12 ай өткен соң беріледі. Демалысқа шығатын күніне мемерке күндері қосылмайды, яғни еңбеккерлердің демалыс күні 24 жұмыс күніне тең болса,. Бірақ ол арада 1 мейрам күні болатын болса, онда қызметкерлер 25 күн демалуына болады.
Демалысқа шығу кезінде оның алдын ала жасалып қойған кезектілігі сақталады.
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 “Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” шотына жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.
Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
126 – шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің соммаларына;
811- шоты “Тауарларды (жұмыстиарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар” өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемнің соммаларына;
902 – шоты “Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемнің сомаларына;
922 – шоты “қызметкерлердің еңбек ақысы” қосалқы өндірістердің қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
932 – шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” цехтағы (жалпы өндірістегі) қызметкерлерге есептелген төлемнің сомаларына;
942 – шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” әлеуметтік салада қызмет көрсетумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінінің сомаларына;
952 – шоты “Жұмысшылардың еңбек ақысы” ақау өнімдерді жөндеумен шұғылданатын жұмысшыларға есептелген еңбек төлемнінің сомаларына.
Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 821- шоты дебеттеліп, 451 шоты кредиттеледі.
Менің диплом жұмысымның тақырыбы: Мақтарал аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының өндірістік ұйымдарында еңбекті және оның төлем ақысының есебі. Бұл жұмыс мақтарал аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының мәліметтері негізінде әзірленді.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - Еңбек нарығының аталған бөліктері бірлесіп жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестіруге, адамдардың еңбекке және қызмет түріне ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға белгілі әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағыттау.
Диплом жұмысы барысында - ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығының жағдайы, аумақтық ауылшаруашылық басқармасының жарғысы және құрылымы сонымен қатар аудандық аумақтық басқармасының өндірістік бөлімшелерінің сипаттамасы, қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айрысу есебі,орташа жалақыны есептеу тәртібі және еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны және жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар қарастырылған.
І Бөлім.Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығының жағдайы.
1.1. Еңбек нарығы туралы әдебиеттерге шолу.
Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланылады. “Жұмыс күші” деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдалатын қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың және де жақын болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезеңде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет заттарға айырбасталынады. Демек, еңбек нарығы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу обьекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.[1,5-бет]
Еңбек нарығы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет:
еңбек нарығының субьектілері (жалданған еңбеккерлер және
олардың кәсіподағы, жұмыс берушілер және олардың одақтары, мемлекет және олардың органдары);
субьектілер қабылданған экономикалық бағдарламалар, шешімдер
мен заң нормалары;
нарық механизмі (жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның
бағасы, бәсекелестік);
жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер;
нарық инфрақұрылымы.
Еңбек нарығының жоғарыда аталған бөліктері бірлесіп жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестіруге, адамдардың еңбекке және қызмет түріне ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға белгілі әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталды.
Әдетте, еңбек нарығының үш моделін атайды: американдық, жапондық және шведтік.
Американдық моделіне экономиканың бәсекелестік жағдайын қолдау саясаты, оның аса орталықтануына жол бермеу, кәсіпкерлерді белсенділікке және қызметтерді жеке табысқа, ақша табуды мақсат етуге игеру тән.
Жапондық модельдеу ерекше бір сипаты-“өмір бойына жалдану жүйесінің” орын тебуі, яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекке қамтамасыз етілуіне кепілдеме алады.
Шведтік модельдік ерекшелігі мемлекеттің белсенді түрде жұмыспен қамтамасыз ету саясатпен жүргізуі. Мемлекет органдары қызметкерлерді кәсіптік дайындау мен қайта дайындау мен қайта дайындау, жұмыс орнын жасау, жұмыс іздеп жүргендерді бос орнын табу үшін кәсіптік бейімдеу және мәлімет беру, жаңа жұмыс орнына жету үшін жәрдем ақша беру арқылы жұмыс күшінің бәсекелестік қабілетін арттыруға көп көңіл бөледі.
Нарықтың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа қолданылатын критерилер бойынша нарықты әр түрлі сегменттерге бөлуге болады.
Еңбек нарығының икемділігі қазіргі өндіргіш күшінің даму деңгейінің талабына жауап ретінде пайда болған құбылыс, экономиканы дағдарыстан шығаруға, оның өсуіне, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға, еңбек потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол тұрақсыз жұмыс орын санын көбейтеді, қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын әлсілеретеді. Бұл мәселелерді шешуге тек нарықтың шама- шарқы жетпейді.[1,9-бет]
Сондықтан мемлекет жағынан қызметкерлерді пайдалануда тұрақтылық пен икемділікі үйлестіретін ұтымды реттеу механизмі қажет.
Жалақының құрылымы
Жалданған қызметкердің жалақысы екі бөліктен тұрады:
- Тарифтік, ол жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы келісім нәтижесі болып келеді;
- Мерзімнен тыс, түнгі сағаттар, мейрам және демалыс күндері жұмыс істегені үшін әр түрлі төлемдер және т.б.
Қызметкердің жалақысы сапа және қызметкерлер тобы бойынша қатты айырмашылығы бар. Осыған байланысты жалақы құрылымына және оның өзгеруіне дұрыс теориялық түсіндірме берудің маңызы өте зор. Бұл жерде жалақы құрылымы дегеніміз жалақыны экономика саласы, аймақ жұмыс істеушілердің біліктілігі, жынысы, жасы және тағы басқа нышандар бойынша бөлу.
Қазақстандағы жағдайды талдасақ, салалар бойынша орташа жалақы қатты айырмашылығын көруге болады.
1 – кесте.
Қазақстандағы сала бойынша орташа номиналды жалақы теңгемен
|
1993
|
1995
|
1998
|
2000
|
2001
|
Бүкіл экономикада
|
127,5
|
4786
|
9683
|
14374
|
17303
|
Өнеркәсіпте
|
170,5
|
7792
|
13465
|
20647
|
23812
|
Ауылшаруашылығы (2000,2001) жылдары
|
10005
|
2392
|
3896
|
5657
|
6851
|
Оған қоса аңшылық және орман шаруашылығы
|
|
|
|
|
|
Құрылыс
|
170,4
|
78,80
|
12375
|
21017
|
26805
|
Қаржы қызметі
|
288,1
|
10967
|
19324
|
36140
|
41686
|
2001 жылы қаржы қызметінде орташа жалақы ауыл шаруашылығындағымен салыстарсақ, 6,08 есе көп болады.
Маңғыстаудағы орташа жалақы ең жоғарғы деңгейде – 36325 теңгемен тең болса, Ақмола облысында тек 10170 теңгеге тең болады.
Еңбек нарығында ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда 70% артық келеді. Еріксіз көзге түсетін жәйт, бұл айырмашылықтың соңғы жылдары тек өсіп жатыр.
Жұмыс берушілер қарсы күрес құралы ретінде локаут қолданады.Локаут дегеніміз-кәсіпорынды не мекемені эканомикалық қиыншылық тууын сылтау етіп уақытша жабылуы,бірақ көп жағдайда негізгі себеп ереуілге қарсы жауабы ретінде қолдануы.Нәтижесінде,жалданған қызметкерлер белгісіз мерзімге жұмыстанбосатылады.Құқы тұрғысынан локаут, ереуілге қарғанда, көп елдерде жұмыстан босаған адамдардың жеке еңбек келісімін тоқтатпайды,тек ғана үзеді.Барлық қызметкерлер,оның ішінде ереуілге қатыспағандар да, жалақы мен жеңілдіктерден айырылады.
Локауттың келесі түрлелері кең тараған:
-толық локаут не белгілі саладағы жұмысшыларды, не ұйымдасқан жұмысшыларды,не осы кәсіпорынның барлық жұмысшыларын қамтиды.
-тек ереуілді ұйымдастырған жұмысшыларды қамтитын локаут: жұмыс беруші, жұмысшылардың ереуілдікті жариялауына байланысты,локаутты қарсы шара ретінде қолданады.
Сонымен, келіссөз жүргізушілердің екі жағына да өздерінің жалақы мен жұмыс істеушілер саны туралы талаптарын анықтау өте қиынға түседі.Іс жүзінде тероялық келіссөз моделі елдің тарихми дәстүрі, халық менталитеті, бұрынғы тоталитарлық ойлау инерцмясы, нарықтық көзқарасының және нарықтық қатынастарының кемелге келуін көрсететін толып жатқан ежегей-тежегейлі құүбылыстармен қапталынып кетеді: Осыған байланысты Қазақстанда әлі де еңбек рыногының институттары мен ұйымдары жете дамыған,заңдарда кәсіподақ пен жұмыс берушілер арасындағы қатынастар реттеу мүмкіншіліктері тиісті деңгейде толық ескерілмеген және жөрге салына қоймаған. Көлеңкелі секторда жұмыс істеушілерді ресми күйге келтіруге ерекше көңіл бөлу қажет, мұндай шара экономика мен әлеуметтік саланы жақсартуға алып келеді.
Тиімді жалақы және көзге көрінбейтін келісімнің негізгі моделі
Тиімді жалақы теориясының негізгі ойы мынадай фирма өз қызметкерлеріне тепе-теңдік деңгейінен жоғарғы жалағы төлеуден пайда түсіруі мүмкін. Фирма мен қызметкерлер арасындағы еңбек келісімі бойынша, жалақы белгілі еңбек еткені үшін беріледі, деп келіседі. Ал осы келісім орындалған кезде екі жақ та белгіленген шарттан бас тартуы мүмкін. Мысалы, қызметкерлер сапасыз және аз көлемде еңбектелуі мүмкін. Сондықтан осындай іске жол бермеу үшін, жұмыс беруші оны қадағалап отыру керек. Қызметкер жалқауланса, оны жұмыстан босатуға болады.
Бәсекелестік еңбек нарығында тепе-теңдік жалақы орнау жағдайында босатылған қызметкерлер тез жұмыс тауып алуы мүмкін, сондықтан оны жазалау қиын; жұмыс беруші тұрақты қадағалау амалсыз үлкен шығынға ұшырайды.
Балама шешім жалақы деңгейін көтеруде жатыр. Онда қызметкер басқа фирмадағы көп алғандықтан, жұмыс орнынан айырылып қалғысы келмейді. Оның үстіне, ағымдыққа байланысты шығын азаяды, фирма ең жақсы қызметкерлерді таңдай алады. Сонымен жалақыны көтеру, қадағалау шығынын азайтып, пайданы көбейтеді. Ал бәселесті еңбек нарығы жағдайында қызметкерлерді еңбекке ынталандыру және шығынды барынша төмен түсіру үшін орнатылған жоғарғы жалақыны тиімді жалақы деп атайды.
Жұмыс беруші мен жұмыс алушылардың өзара қатынастары жұмыс апта ұзақтығы туралы мәселені әрқашанда қозғайтын. Бірініші өнеркәсіп революция заманында 12-14, одан да көп, сағаттық жұмыс күні ұзақтығы жиі кездесетін. Еңбек өнімділігі өсіп, жұмысшылардың білім деңгейі көтеріліп және олардың ұйымдасып, қыймыл жасауы өскен сайын жұмыс апта ұзақтығы қысқартылу тенденциясына ие болды. Кейінгі жүз жылда көптеген Батыс елдерінде жұмыс апта ұзақтығы екі есе қысқарады. Әйгелі мысал ретінде 1984 жылы Батыс гермениядағы металлистер кәсіподағы жүргізген күресті айтуға болады: нәтижесінде 40- сағаттық жұмыс апталығын бірте-бірте 35 сағатқа жеткізуге келісім қойылды.
35 сағаттық жұмыс апталығана бірінші болып көшкен ел ретінде Франция болды. “Жұмысты аз істе, сонда жұмыс барлығымызға да жетеді ” деген ұран бірінші рет Италияда пайда болып, бүгінде бүкіл өнеркәсіп өнідірісі дамыған елдерде кең етек жайып отыр. Еңбекқор елі Жапонияда , 1980- і жылдарынан бастап біріндеп жұмыс істеу сағаты азая бастады, ал АҚШ – на келсек, 1997 американдық жапонға қарағанда екі апта көп жұмыс істейтін болды. Басты тенденцияға қарсы АҚШ- да жұмыс сағаты өсе бастады: 1980 ж – 1883 сағат, 1997 ж – 1966 сағат. Ең ұзақ жұмыс сағаты Шығыс Азия елдерінде кездесуге – жылына 2200 сағатқа дейін баррады. Қай ел болса да жұмыс сағат саны өмір сапасының маңызды индикаторыболып саналады; бірақ тиісті марапаттама әкелегімен, жұмысты көп істеу жұмысты жақса істеу емес екенін ескеру керек.
Батыс Еуропа елдеріндегі әлеуметтік – экономикалық саясат еңбек күні ұзақтығын қысқаруға бағытталғанмен әр қызметкердің қайтарымы мен тиімділігін көтеруге ұмтылады. Мысалы, Ирландияда соңғы 16 жыл ішінде жұмыс сағаты 1728 –ден 1656 – ға дейін қысқартылады, ал еңбек өнімділігі 82 пункте өсті. Осыған ұқсас көріністі Еуропа Одағының көптеген елдерінде байқауға болады. .[1,22-бет]
Ғылыми-техникалық прогреске көп адамдардың көзқарасы екі түрлі болып келеді: ббір жағынан, ол өмір стандартын жақсартады, бұл адамдардың оң көзқарасын тудырады. Ал екінші жағынан, техникалық прогресс жұмыс орын санын қысқартады және мекендеген ортаға қауіп тудыруы мүмкін. Батыс елдерінде қазір “Микроэлектроника – жұмыс орнын жоюшы” деген ұранды көруге болады, бұл ұран ғылыми-техникалық прогресінің жетекші бағыты жұмыс істеушілер санын азайтқан тәжірибесінен туған.
Сонда да, техникалық прогресс шын мәнінде, жұмыс орнын қысқарта ма, әлде жаңа жұмыс орнын құра ма деген сұраққа жауап тауы, бұл мәселе қай деңгейде қарастырылып жатқанына тәуелді. Бір фирмалар жұмыс орындарын жойып жатса, басқалары, керісінше, жаңа жұмыс орнын ашып жатуы мүмкін. Сондықтан ұлттық экономика деңгейінде оның қалай білінетіндігі бір жақты жауап беру қиын. Мәселе күрделі болуына тағы бір жағдай себеп: көбінесе жұмыс тапқан мен жұмыстан айырылған адамдар әртүрлі болады; осыдан ғылыми-техникалық жетістіктерін енгізу салдары туралы әртүрлі пікір туады.
Қазақстандағы жағдайға келсек, 1990 жылдан 1998 жылға дейн өндіріс төменеп жұмыссыздар саны өсті. Тек бір жеке қызмет көрсету секторында жұмыс істеушілер саны өсті. Бұл өсімге себеп болған қызмет көрсету саласы кеңейгендіктен, бірақ ғылыми-техникалық прогресске қатысы шамалы. өкінішке орай, біраз жыл бойы ғылым рөлі де елде ойдағыдай болмады. Ғылыми ұйымдар саны қысқарып, бюджеттен бөлінетін қаржы азайды. Тек соңғы жылы осы мәселеге үкімет бой бұрған сияқты. Дегенмен, әлі де мемлекет бюджетінен ғылымды дамуға арналған шығын жеткілікті деуге болмайды. Отандық ғылымның бүгінгі күйі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына күрт әрес беруі неғабіл. Ғылыми-техникалық жетістіктерін, негізінен, шетел техника, технологиясын және өндіріс, еңбек және басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдістерін шеттен алып пайдалануымыз ықтимал. Демек, жеке салаларда ғылыми-техникалық прогрестің жұмыспен қамтамасыз теу әсері жеке фирмалардың техникалық саясатымен, олрадың жоғары техникалық деңгейі мен жоғары сапалы өнім үшін бәсекелестік күресте жеңісте жетуге қаншалықы құштар екеніне байланысты. [1,19-бет]
Айта кету керек, қазір Қазақстанда кейбір әлеуметтік – экономикалық мәселелер туралы шешім қабылдауды және орталық мекемелердің кейбір басқару міндетін аймақтық пен жергілікті басқару органдарына тапсырса, мемлекет қызметкерлеріне сұраныс өсе түседі.
Ең алдымен бәсекелесті еңбек нарығының сипаттамаларын еске түсірейік:
- көптеген фирмалар, бірдей жұмыс орындарына белгілі жұмыс күшін жалдау үшін, бір- бірімен бәсекелеске түседі;
- көптеген біліктілігі бірдей қызметкерлер, бір – бірінен тәуелсіз түрде, өздерін жұмыс күші ретінде ұсанады;
- фирмалар да, қызметкерлер де нарықтық жалақыға әсер ете алмайды;
- жетілген информация, оны алу үшін шығындану қажеті жоқ және жетілген жылжымалық болдаы.
Егер жұмыс күшіне деген сұраныс не жұмыс күші ұсынысы өзгерсе, онда нарықта үйлестіру, яғни тепе – теңдіктің жаңа нүктесіне жету процесі, жалақы және жұмыспен қамтудың жаңа деңгейлерін табу керек болады.
Жалақы мен жұмыс істеушілер саны сұраныс пен ұсыныстың нарықтық тепе - теңдігімен анықталады, ал тепе- теңдікке жету үшін қызметкерлер жылжымалы және баға икемді болу керек. Осындай үйлестіру механизмі “шығу” деп аталынады, осы механизм іске қосылу нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты тепе – теңдікке әкелетін жалақы орнайды. .[1,22-бет]
Тепе- теңдіктің жаңа деңгейін орнату үшін мына шарттар қажет:
- қызметкерлер еңбек жағдайы нашарлағаны туралы хабардар болу керек;
- еңбек жағдайының нашарлағы соншалықты, қызметкерлер берілген жалақы деңгейінде жұмыстан босауға ұмтылады;
- қызметкерлердің жылжуына ешқандай кедергі жоқ;
- жұмыс беруші мен жұмыс алушылар арасында байланыс, қатынас жоқ; сондықтан қызметкерлер еңбек жағдайы қанағатсыз екенін – жұмыстан босаумен мәлімдейді. (“яғымен дауыс береді”)
Жұмыстан босату қызметкерді шығынға ұшыратады. Осы себепті, егер де жұмыстан босаудан түсетін пайда оған байланысты шығыннан асса, қызметкер жұмыстан босауға бел байлайды. Әдетте, бұл жастар болады, өйткені жанұя әлі құрмаған және адам капиталынына ие болуға көп ққаражат жұмсамаған.
Тағы бір ескертетін жағдай, жұмыс орын ізденушілер арасында жұыс орынын ауыстырғысы келетін адамдар болуы. Статистикалық деректерге сүйенсек, жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет орындарының рөлі биік емес. Көп адамдар оларға соқпай өз бетімен іздестіріп, жұмыс табады. .[1,29-бет]
Келесі ескерілетін фактор – ол жұмыс іздеген адамның алдын ала әлсіз жағдайда болуы. Оның таңдау мүмкіншілігі шамалы деп, фирмалар төменгі жалақы ұсынады, өйткені жұмыссыз біраз уақыт жүру ның өнімділігіне теріс әсерін тигізеді деп есептелінеді. Сөз жоқ, жұмыссыздың бір талай уақыты іздеуге кетеді, бұл әрине оның біліктілігіне және жалақы деңгейіне қоятын талабына әсер етпей қоймайды.
Батыс ғылыми әдебиетінде жұмыс орнын іздеу модельінің екі буынының ажыратады.
Егер де қызметкер фирманың қайсысы ең жоғары жалақы (Wmax) ұсынатынын білсе, ол бірден сол жерге жұмысқа орналасар еді. Ал бұл туралы информация болмағандықтан, ол іздеуге мәжбүр болады:
Бос орындары бар әр фирмаға өз еңбеген ұсынады да, ұсынылтаны жалақыларды салыстырып, өзіне жарамдысын таңдап алады.
Бірінші модельдер буыны бойынша, адам n мүмкін болған фирмалардан n* фирма санын іріктейді де, соның ішінде қайсысы ең жоғары жалақы төлейді, сол жұмыс орнына келіседі.
Екінші модельдер буыны, біздің пікірімізше, іздеу процесін толық және шындыққа жақын көрсетеді. Адам уақытының әрбір бірлігінде фирмамен қатынасады, сонан кейінгі қадамында ұсынылған жалақыға келісу не іздеуді жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Шешім ұсынылған жалақы W дәмегер жалақы WR –мен салыстыру негізінде қабылданады: егер де W≥ WR, ол ұсынылған жұмыс орынға келесіді; егер де W≥ WR , ол, керісінще, жұыс іздеуді әрі жалғастырады. Демек, шешім қабылдауда негізгі критерий дәмегер жалақы болып келеді, өйткені жұмыссыз басқа мәліметтер, мысалы, еңбек жағдайы туралы хабардар емес. Мұны ескермеу кейінде өз рөлін атқарады, еңбек келісімін ойдағыдай не керісінше болды деп сипаттайды.
Бұл модель бойынша жұмыссыз уақытқа байланысты жалақы өзгеру функциясын f (w) біледі, бірақ басқа фирмалардың жалақы ұсынысы туралы мәліметтен хабарсыз. Осы оның шешімінің сенімсіздік көзінің бірі болып келеді; өйткені ол күтілетін табыс туралы біраз ықтималдықпен ғана біледі.
Нарықты экономика дамыған шетелдерге жұмыссыздықтың бір бөлігі пайда болуы осы жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақшаның мөлшері жоғары болудан, өйткені ол, атап кеткендей, дәмегер жалақы деңгейіне әсер етеді. Бірақ бұл қорытынды әр уақытта жұмыссызға жұмыс орны ұсынылып отырған жағдайға тарайды. Ал “мәселелі топтарға” келсек – бір жыл және одан да астам уақыт ішінде жұмыссыздар жүргендер, - олар төменгі жалақыға жұмыс істеуге келіссе де, олардың дәмегер жалақысының төмендеуіне ең төмен жалақы орнату туралы заң кедергі туғызады.
Қазақстан жағдайына келсек, жұмыспен қамту туралы соңғы заң бойынша жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша деген түсінік мүлде жойылды; оның орнына егер де жұмыссыз жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген жанұядан болса, сонда ғана оған материалдық көмек беріледі; материалдық көмек мөлшері оның бұрынғы жалақысы мен стажына емес, есеп айыратын көрсеткішке тәуелді. Бұл жағдайда жұмыссыздық жоғары деңгейлі дәмегер жалақының жоғары болуынан туды деп жорамалдау қиын.
Фирма үшін ең өнімді талапкерді таңдау өте күрделі мәселе, өйткені, мысалы, колледж не басқа оқу орнын бітірген куәлігі талапкердің болашақ нақтылы қайтарымен көрсетпеді. Сондықтан, қызметкер жалдағаннан кейін фирма оның қосымша оқытуға және білімін өсіруге шығындалады.
1.2.Аумақтық ауылшаруашылық басқармасының жарғысы және құрылымы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 02 тамыздағы № 730 қаулысымен бекітлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленді. .[2,]
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігің Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы (бұдан әрі - Инспкция) өз құзіреті шегінде арнайы атқару мен бақылау міндеттерін атқаратын, сондай – ақ ауыл шаруашылығы Министрлігің аумақтық органы болып табылады.
Инспекция өз қызметін Қазақстан Респуликасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақтан Республикасы Перзиденті мен Үкіметінің кесімдеріне және басқа да норамтивтік және құқықтық кесімдеріне, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай- ақ заңнамаға сәйкес банкіде шоттары бар.
Инспекция азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Инспекцияның, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқықғы бар.
Инпекцияның құрылымын және ең жоғары шататтық санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен министрліктің аумақтық органдары штат саны лимитінің шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілейді.
Инспекцияның заңды мекен – жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы Махамбет к- сі, 1
Инспекцияның толық атауы – “Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мақарал аудандық аумақтық инспекциясы” мемлекеттік мекемесі.
Инспекцияны қаржыландыруды республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізеді.
Инспекцияға өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Инспекцияға заңнамалық кесімдермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Осы Ереже инспекцияның құрылтай құжаты болып есептеледі.
Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2.1. Мыналар Инспекцияның негізгі міндетері болып табылады:
ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың крантині, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылғы дақылдарының сортын сынау салаларына, сондай- ақ астықтың сапасына, оның ішінде мемлекеттік астық қорының сақталуы мен сандық – сапалық жай – күйіне және техникалық инспекция саласына мемлекеттік бақылауды және өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыруды жүзеге асыру;
2.2. Инспекция өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
қала (аудан) аумағында ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау салаларындағы, сондай – ақ астықтың сапасына, оның ішінде мемлекеттік астық қорның сақталуы мен сандық – сапалық жай – күйіне және техникалық инспекция саласындағы шаруашылық субъектілерге, жеке тұлғаларға мемлекеттік бақылауды және өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыруды жүзеге асырады;
эпизоотияға қарсы іс – шаралар, жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы, оны жою каратиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай- ақ аса зиянды организмдерге қарсы күрес және оларды қабылдауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар шегінде өткізелген іс – шаралардың сапасын тексереді және ұйымдастырады, малдан және өсімдіктен өндірілетін өнімдер мен шикізаттар сататын базарлардың ветеринариялық – санитариялық жай – күйіне, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға бақылауды жүзеге асырады;
ведомстволық ветеринариялық қызметтің, лицензияланған ветеринариялық ұйымдардың және ветеринариялық мамандардың, сондай- ақ жеке және заңды тұлғалардың ветеринария, мал тұқымын асылдандыру ісі, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині жөніндегі қызметтерін бақылайды және заңнамада белгіленген тәртіппен анықталған бұзушылық жойылғанға дейін олардың қызметін тоқтата тұрады;
сеніп тапсырылған аумақта ветеринарниялық, фитосанитариялық ахуалын зерттейді және тексереді;
тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмері белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жаслған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдерді, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді;
тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, арнайы жабдық орнатылған тіркемелеріді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол- құрылыс машиналары мен механизмдердің, өтімділігі джоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен мезанизмдерге, монтаждалған арнайы жабдық орнатылған бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол- құрылыс машиналары мен механизмдеріне, өтімділігні жоғары арнайы машиналрға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізеді;
тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол- құрылыс машиналары мен механизмдерді, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдайды және куәлліктер береді;
мал мен өсімдіктерден жасалатын өнімдерге ілеспе құжаттарын (фитосанитариялық, карантиндік сертификат, ветеринарлық құжаттар) береді;
жеке және заңды тұлғалардың Қазаққстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалнуға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс – шараларды жүзеге асырады және бақылайды;
Базарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өнідру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай- ақ мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (алып жүру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыруды; ветеринариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық- санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларынының пайда болу мен таралу және жануарлардың азықтан улану себептері мен жағдайларын ашып анықтайды;
Аудан (қала) аумағында мемлекеттік ветеринарялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Ветеринариялық есеп жүргізеді және есеп береді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді;
Астық қабылдау кәсіпорындарында астық сапасын анықтайтын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Астықтың сандық – сапалық жай – күйіне , оның ішінде мемлекеттік ресурстар астығын бақылауды жүзеге асырады.
Бас лиценцияларды растау үшін астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкестігіне жыл сайын тексеруге қатысады;
Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асырады; әрі субсидия бөлінген тұқымның нысанлаы пайдалануын бақылау;
Тұқым шаруашылығы субьектілерінің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін субсидиялаған тұқымдардың мақсатты пайдалануын тексереді;
Астықтың сандық – сапалық есебін жүргізу және астық қолзхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарыды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
Мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады;
“Астық туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтарындағы Заңының 28- бабының 2- тармағында көзделген негіздемелер болған кезде астық қабылдау кәсіпорынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
астық сапасының сараптамасы жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2.3. Инспекция өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін:
тиісті мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектілерінде асылдандыру жұмысының, оны есептке алудың және есеп берудің жай – күйін тексеруге;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды өнімі (материалды) ұстау, азықтандыру, сондай- ақ сақтау жағдайларының сәйкенстігін тексеруге;
аттестатталған заңды және (немесе) жеке тұлғалар көрсететін қызмет сапасын тексеруге;
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормалары бұзылған жағдайда, анықталған бұзушылықты жойғанға дейін асыл тұқымды өнім (материал) сатуды толқтата тұруға;
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қызметтері Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, малды өз төлінен өсіру жөнінде қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берілген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұруға, асыл тұқымды мал зауытын, малды асылдандырушы шаруашылықты, малды асылдандырушы орталықты және дистрибьютерлік орталықты аттестаттан айыру туралы ұсыныс енгізуге;
Аудан (қала) аумағында мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру мақсатында орындауға міндетті кесімдерді басып шығаруға, соның ішінде жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне үш күннен аспайтын мерзімге, аталған мерзімде сотқа міндетті түрде талап – арыз бере отырып, сот шешмінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешемі шыққанға дейін қолданылады;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылығының субъенктілеріне кедергісіз (қызметтік куәлігін көрсету арқылы) кіруге және олардан тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақысыз негізде ақпарат алуға;
Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаға байланысты сотқа талап – арыздар ұсынуға;
Заңды және жеке тұлғаларға эпизоотияға қарсы, фитосанитариялық карантиндік, ветеринариялық – санитариялық іс – шараларды өткізу және ветеринариялық және карандиндік ережелердің бұзылуын жою жөнінде талаптар қоюға, сондай- ақ қойылған талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
Астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның, субъектілердің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) кері қайтарып алу туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуге;
Астық (тұқым) сапасы бойынша және тұқым шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық кесімдерді, стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Астық сапасына мемлекеттік бақылауды және тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен астықты өндіру, қабылдааау, сақтау, тиеп жөнелу және қайта өңдеу орындарына кедергісіз кіруге (қызмет куәлігін көрсете отырып) және астық нарағын мемелекеттік бақылауды және оған мониторинг жүргізуді жүзеге асыру үшін қаажетті ақпарат алуға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылғының субъектілеріне кедергісіз (қызметтік куәлігін көрсету арқылы) кіруге және олардан тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақысыз негізде ақпарат алуға;
Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететиін қызметтердің сапасын тексеруге;
Аттестталған тұқым өндірушілердің қызметіне олардың біліктілік талдаптарына сәйкестігі нысанында инспекция жүргізуді жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясына субъектілердің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру жөнінде ұсыныс енгізуге;
Тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым топтарынан сынамалар іріктеп алуға;
Субсидия бөлінген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
Аттестатталған заңды және жеке тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы мен тұқым шаруашылығы салаларын,дағы жұмыстарының сапасына бақылауды жүзеге асыруға, сондай- ақ олардың қызметі асыл тұқымды мал шаруашылығы мен тұқым шаруашылығы салаларындағы нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкес келмеген кезде, аттестаттың немесе куәліктің қолдануын тоқтату немес күшін жою туралы ұсыныс енгізуге;
Орман, аңшылық, балық және су шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға, тапсырмалар беруге. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың өздерінің құзыреті шегіндегі кесімдерін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын дағы субъектілердің орындауы міндетті;
Заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. .[2,]
Инспкцияның мүлкі
3.1. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
3.2. Инспекцияға бекілітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
3.3. Инспекцияның бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
3.4. Инспекцияға заңнамамен белгіленген жағдайда және шегінде мүлікті жұмсауға құқық берілуі мүмкін.
Инспекция таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану тәртібі
4.1. Инспекция таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану тәртібі Қазақстан Респубикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Инспекцияның қызметін ұйымдастыру
5.1. Инспекцияны заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы минстрлігінің облыстық аумақтық инспекциясц бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасыныің Ауыл шаруашылығы Министрінің бұйрығымен тағайындайтын Инспекция бастығы басқарады.
5.2. Инспекция бастығының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясы бастығыныі ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің бұйрығымен тағайындайтын бір орынбасары болады.
5.3. Бастық Испекцияның жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындауы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
5.4. Бастық осы мақсатта:
басшылардың және Испекцияның қызметі мен бөлімдері мамандарының міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
заңнамаға сәйкес Инспекция жұмысшыларын қызметке тағайындайды және қызметтер босатады;
заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
бұйрықтар шығарады;
мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Инспекцияны білдіреді;
заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттеіктерді жүзеге асырады.
Инспекцияның филиалдары мен өкілдіктері
6.1. Инспекция мемлекеттік тіркеуден өтер уақытын да Қазқстан Республикасының аумағында филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Осы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7.1 Осы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі құрылтайшы шешімі негізінде қабылднады. .[2]
7.2. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданысттағы заңдарға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.
Инспекцияның қайта құрылуы мен таратылуы
8.1. Инспекция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қайта құрылады және таратылады.
Бас маман – кдар жөніндегі инспекторының лауазымына қойылтын біліктілік талаптар
бірлік, С-R-4, № 9-1
Көрсеткіш
|
Қойылатын талаптар
|
Білімі
|
Жоғары кәсіптік білім мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Гуманитарлық, бухгалтер- экономист, заңгер, ауыл шаруашылығы мандықтары бойынша.
|
Кәсіби құзырлығы
|
ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер.
ҚР *Мемлекеттік қызмет туралы*, *Еңбек туралы* *Әкімшілік рәсімдер туралы* заңдары, *Азаматтардың өтігіштерін қарау туралы* ҚР Презитентінің заң күші бар Жарлығы, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы елдегіжағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілер.
|
Жұмыс тәжірибиесі
|
Типтік біліктілік талаптарына сәйкес
Лауазымның функционалдық бағыттары – құжаттарымен қамтамасыз ету, кадр саласындағы қызмет.
Компьютермен жұмыс істей білу
|
Функционалды міндеттері
|
негізгі функционалдық міндеттері: аудандық аумақтық инспекцияда мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты шешімдерін рәсімдейді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына (қызмет ету тізімдеріне) қажетті жазбалар енгізеді.
Бақылау функциясы: аумақтық инспекцияға келіп түскен құжаттардың уақтылы орындалуын бақылау.
Үйлестіру фукциясы: жоқ.
|
Бас маман – асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторының лауазымына қойылтын біліктілік талаптар
бірлік, С-R-4, № 5-1
Көрсеткіш
|
Қойылатын талаптар
|
Білімі
|
Жоғары кәсіптік білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етеледі.
Зоотехник мандығы бойынша.
|
Кәсіби құзырлығы
|
ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы елдегіжағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Жолдауы.
ҚР *Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы* заңы және осы саладығы өзге де нормативтік құқытық актілер.
|
Жұмыс тәжірибиесі
|
Типтік біліктілік талаптарына сәйкес
Лауазымның функционалдық бағыттары – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет.
Компьютермен жұмыс істей білу
|
Функционалды міндеттері
|
Негізгі функционалдық міндеттері: аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылықтарды аттестациялауға құжаттар дайындап, сырттан сатып аланатын және сыртқа сатылатын асыл тұқымды малдарға есеп жүргізу.
Бақылау функциясы:аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарға мемелекеттік бақылау.
Үйлестіру фукциясы: жоқ.
|
Бас маман – мемлекеттік өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторының лауазымына қойылтын біліктілік талаптар
бірлік, С-R-4, № 3-1, 3-2
Көрсеткіш
|
Қойылатын талаптар
|
Білімі
|
Жоғары кәсіптік білім мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Агроном мандықтары бойынша.
|
Кәсіби құзырлығы
|
ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы елдегіжағдай мен е Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Жолдауы.
ҚР *Өсімдіктерді қорғау туралы* заңы және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілер
|
Жұмыс тәжірибиесі
|
Типтік біліктілік талаптарына сәйкес
Лауазымның функционалдық бағыттары – өсімдіктерді қоғау саласындағы қызмет.
Компьютермен жұмыс істей білу
|
Функционалды міндеттері
|
Негізгі функционалдық міндеттері: аудан аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестеріне және арам шөптеріне қарсы күрес жұмыстарын бақылау мен ұйымдасытру.
Бақылау функциясы: аудан аумағында өсімдіктерді қорғау саласындағы жұмыстарға мемлекеттік бақылау жасау.
Үйлестіру фукциясы: жоқ.
|
Мемлекеттік әкімішілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Ветеринариялық бөлімінің бастығы – ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы лауазымына қойылтын біліктілік талаптар
-бірлік, С-R-3, № 2
Көрсеткіш
|
Қойылатын талаптар
|
Білімі
|
Жоғары кәсіптік білім
Ветеринар мандықтары бойынша.
|
Кәсіби құзырлығы
|
ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Жолдауы.
ҚР *Ветеринария туралы* заңы және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілер
|
Жұмыс тәжірибиесі
|
Типтік біліктілік талаптарына сәйкес
Лауазымның функционалдық бағыттары – ветеринария саласындағы қызмет.
Компьютермен жұмыс істей білу
|
Функционалды міндеттері
|
1.Негізгі функционалдық міндеттері: аудан аумағында эпизотияға қарсы іс – шаралар, ветеринариялық – санитарлық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық перепараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету , сондай- ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қордай- ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау жұмыстарын мемлекеттік бақылау мен ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Бақылау функциясы: аудан аумағында ветеринариялық салада жұмыс атқаратын заңды және жеке тұлғалардың қызметтеріне мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асырады.
Үйлестіру фукциясы: жоқ.
|
Ветеринариялық бөлімінің базардағы жетекші маман - мемлекеттік ветеринариялық инспекторы лауазымына қойылтын біліктілік талаптар
1-бірлік, С-R-5, № 2-6
Көрсеткіш
|
Қойылатын талаптар
|
Білімі
|
Жоғары кәсіптік білім немес орта кәсіптік білім
Ветеринария мандықтары бойынша.
|
Кәсіби құзырлығы
|
ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер.
2. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Жолдауы.
ҚР “Ветеринария туралы” заңы және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілер
|
Жұмыс тәжірибиесі
|
Типтік біліктілік талаптарына сәйкес
|
Функционалды міндеттері
|
1.Негізгі функционалдық міндеттері: Базар аумағында ветеринариялық іс – шаралар ұйымдастыруын жүзеге асыру.
Бақылау функциясы: базар аумағында заңды және жеке тұлғалардың ветеринария саласындағы заңдарынывң талаптарына орындау жөніндегі қызметін бақылау.
Үйлестіру фукциясы: жоқ.
|
Ветеринариялық бөлімінің базардағы жетекші маман - мемлекеттік ветеринариялық инспекторы лауазымына қойылтын біліктілік талаптар
8-бірлік, С-R-5, № 2-21,2-22, 2-23, 2-24, 2-25, 2-26, 2-27, 2-28
Көрсеткіш
|
Қойылатын талаптар
|
Білімі
|
Жоғары немес орта кәсіптік білім
Ветеринария мандықтары бойынша.
|
Кәсіби құзырлығы
|
ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер.
2. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Жолдауы.
ҚР “Ветеринария туралы” заңы және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілер
|
Жұмыс тәжірибиесі
|
Типтік біліктілік талаптарына сәйкес
|
Функционалды міндеттері
|
1.Негізгі функционалдық міндеттері: ауыл округі аумағында ветеринариялық іс – шаралар ұйымдастыруын жүзеге асыру.
Бақылау функциясы: ауыл округі аумағында заңды және жеке тұлғалардың ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына орындау жөніндегі қызметін бақылау.
Үйлестіру фукциясы: жоқ.
|
1.3. Мақтарал аудандық аумақтық басқармасының өндірістік бөлімшелерінің сипаттамасы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:
мемлекеттік кәсіпорын;
серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі шектеулі жауапкершілікті);
акционерлік қоғам, бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі "серіктестік" деп аталады. .[3,55]
Достарыңызбен бөлісу: |