Тақырып. Баланс өтімділігін талдау
1. Өтімлідігіне қарай активтерді топтау
2. Міндеттемелердің төлем мерзіміне қарай топтау
3. Ұйым балансының өтімділік шарттары
4. Коэффициеттерді есептеу және талдау
1-сұрақ. Баланс өтімділігің талдау мәселесін қарастырар жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынын " өтімділігін" аңықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші «тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, өтімділік-"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігі өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке ода сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісініңөтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі , егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік -бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. "материалдық және тағы басқа құнды-сатылу және олардың ақша қаражаттарына мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторлары- "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерінақшаға айналдыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген білдіреді . Профессор В.В. Ковалев: қандай да бір активтің өтімділігі ол оның ақша түрлену, айналу қабілеті", -
"өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғарі болады", - деп жазады (21). Бұл қорытынды профессор А.Д. Шереметтің қорытындысымен үндес: "Берілгең актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғұрлым оның өтімділігі жоғары" (2). Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы дамүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |