Тақырып №1 Кіріспе. Дінтану пәні, құрылымы және методологиясы. Жоспары



жүктеу 21,68 Kb.
бет4/5
Дата19.01.2022
өлшемі21,68 Kb.
#33729
1   2   3   4   5
СӨЖ 1 (5)

ДІНИ ДЕТЕРМИНИЗМ.

Діни іс-әрекеттер, (діни ғибадат) дегеніміз - жаратылыстан тыс күшке сенімнен туындайтын, қатаң белгіленген және орындалуы міндетті болып табылатын табыну және сиыну жораларының жиынтығы.Оларға христиан дініндегі шоқындыру, шіркеуде неке қию сиқты діни рәсім түрлерін, ислам дініндегі намаз оқу, ораза ұстау, қайтыс болған кісіге жаназа шығару, құрбан айт кезінде құрбандық шалу сияқты жораларды жатқызуға болады.

Діни түсініктер дегеніміз – жаратылыстан тыс күшке сенімнен туындаған идеялар, бейнелер мен пікірлердің жиынтығы. Оларға жататындар: жаратушы және дүние мен адамның жаратылуы, адам жанының өлмейтіндігі, о дүние, жұмақ пен тозақ, ақырзаман жайлы ойлар мен түсініктер. Діни түсініктердің жиынтығы діни сананы құрайды.Діни сана өз кезегінде екі сатыдан: қарапайым діни санажәнедіни идеологиядантұрады.

Діни сезімдер дегеніміз - жаратылыстан тыс күшке сенімнен туындаған түрлі көңіл күйлері мен сезімдердің жиынтығы.Оған бір-біріне қарама-қарсы – қуанышты және қайғылы көңіл-күйлер де жата береді. Діни сезімдерге діндар адамның құдайдың шексіз құдіреті алдында өзін дәрменсіз сезінуін, күнәһар адамның тозақ отынан қорқыныш сезімін, қайтыс болған кісіні жаназа шығарып жерлеу кезіндегі туысқан адамдардың қайғылы көңіл-күйлерін, діни мейрам кезіндегі діндарлардың қуанышты, көтеріңкі көңіл сезімдерін жатқызуға болады. Белгілі бір жағдайларға байланысты діни сезімдер мен көңіл-күйлердің жиынтығы діни психология деп аталады.

Діни ұйымдар дегеніміз – кәсіби дін қызметкерлері басқаратын және қалыптасқан басқару жүйесіне ие, наным-сенімдері мен ғұрыптарының ортақтығы негізінде пайда болған, бір дінді ұстанушылардың рәсімделген бірлестігі. Діни ұйымдардың көлемі әр түрлі болып келеді, діндарлардың бірнеше ондаған адамдарды біріктірген жергілікті ұйымдарынан бастап, қатарларында жүздеген миллион діндарларды біріктірген және бүкіл әлемге таралған діни ұйымдарға дейін бар. Бұл ұйымдардың міндеті – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыру, ғибадат етуді ретке келтіру, осы ұйымдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар діни ұйымдар діни емес міндеттер де: саяси, құқықтық, әлеуметтік, қайырымдылық міндеттер және тағы басқаларын атқаруы мүмкін. Мұндай міндеттерді атқару діни ұйымдарға қоғамның рухани және әлеуметтік өмірінде өз беделін сақтап, арттыруға көмектесіп отырады. Қоғамның дамуы барысында діни ұйымдардың құрылымы күрделіленіп, міндеттерінің ауқымы кеңейді, діни ықпалын сақтау үшін күрес күшейтілді. Әлемдік діндердің пайда болуына байланысты қоғам өміріндегі діннің алатын орны мен атқаратын қызметі заңдастырылып, шіркеу пайда болды.

Діни ұйымдардың европалық елдерде жалпы қабылданған ресми атауы – шіркеу. Мәселен: Рим-католик шіркеуі, Орыс православие шіркеуі, лютеран шіркеуі және т.б. Ал ресми діни ұйымнан түрлі діни мәселелер бойынша келіспеушіліктің нәтижесінде бөлініп, одан өзгеше ұстанымда және оппозицияда болған діни ұйымдарды сектадеп атайды.




жүктеу 21,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау