160
салмауын қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және
логопедтің
тіл
кемістігінен
алдын-ала
сақтандыру
шараларын
ұйымдастырудың да зор маңызы бар.
ЖАЛПЫ ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН
ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Рашева Алтынай Буранбаевна
Құлсары қаласы, Жылыой ауданы, «Жылыой ауданы білім бөлімі
№2 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ Педагог-логопед
Қазіргі жаңа замандағы психология мен психолингвистика тіл адамның
ақыл-ойын құрайтын органика ретінде қарастырылады.Тілдік икемдік бұл
қарым
қатынастағы
және
танымдағы
жүйелік
ережелерді
меңгереді.Балаларда тіл шықаннан кейін ойлауға үлкен әсерін тиігзеді, ол
баланың тілдік жүйесінің қалыптасуына да әсерін тигізеді .Балалардың тілді
меңгеруі ересектермен тығыз байланыстылығының арқасында тексеріледі.
Ақыл- ойында ауытқушылығы бар балаларға психолингвистикалық
эксперименттік зерттеулер жасағанда интеллект сөйлеу тілінің дамуына өте
үлкен әсерін тигізетіні анық.
[Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша бірінші кемшілік екінші
кемшіліктің және үшінші кемістіктің туындауына әкеліп соғады].Ақыл-
ойында ауытқышылығы бар балаларда бас миының зақымдауымен бірге
екіншілік кемшілік психикалық процестердің жоғарғы психикалық
функциалардың бұзылуына әкеліп соғады және сөйлеу тілінің бұзылуында
әсерін тигізбей қоймайды. Ондай балаларда:
-
сөйлеу тілінің жүйелеігінің дамымауы және олардың компоненттерінің
байланыстылығының жоқтығы
-
информацияны жеткізудегі жылдамдық көлемдіктің және сапасының
жоқтығы
-
жоспарлау және когнитивтік функциаларының сөйлеу тілінің айтарлықтай
төмендігі
-
сөйлеу тіліндегі бұзылыстары оның әртүрлі функциалардың бұзылыс
деңгейіне байланысты. Л.С.Выготский айтқан: Ойлау іске аспайды, тек сөз
арқылы жүзеге асады, ол «ойлау» мен «ой» арқылы ішіміздегінің барлығын
сөзбен жеткізе білуіміз қажет]деген.
а) Тіл-адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Адам
баласы өз ойын, қажеттіліктерін, іс-әрекетін тіл арқылы жеткізіп, қанағаттана
алады Сәбилердің сөйлеу тілі дамуының әдістемесі мен теориясы соңғы
онжылдықта Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б.Бектаева, Р.А.Сүлейменова және
т.б.ғалымдар зерттеулері барысында айтарлықтай толықтырылды.
Ол психологиялық қатынастың қалыптасып, оны тіл арқылы жеткізу
болып табылады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде
қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері
161
қарқынды дамып, баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті
қозғалыстағы таным мен іскерлігі қалыптасады. Соңғы кезде балалар
арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады.
Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенеді қозғалуында жетіспеушіліктер,
соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады.
Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл
қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас
миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына
жақын орналасқан. Сондықтан, ұсақ қол моторикасын дамыта отырып,
адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су - Джок терапиясының авторы
Оңтүстік Корея профессоры Пак Чже Ву адамның ағзасының белсенді
нүктелері қол саусағында орналасатынын дәлелдеген болатын. Балалардың
дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке
тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу
тілінің бұзылуымен қатар, нервті - психология саласында да психологиялық
ауытқушылықтар болатыны да назар аудару қажет. Сол себепті де
балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып,
жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар
беріп отыру қажет. Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйеніп
отырамын. Ойын жаттығулары балаларға қызықты, тартымды болуы, ересек
пен бала арасындағы қарым - қатынас сенімділікке құрылуы керек.
Жалпы сөйлеу тілі бұзылысы бар балаларға логопедиялық жұмыстың
негізгі міндеті – олардың өз ойын, қоршаған ортадағы оқиғаларды
грамматикалық және фонетикалық дұрыс жүйелікпен байланыстырып
айтуды үйрету.Бұл жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда, балалардың
үлкендермен қарым-қатынасында, мектепте оқытуда маңызды орынды
алады. Барлық жағдайда баланың сөйлеу тілінің қалыптасуы дұрыс жүре
бермейді: кейбір балаларда тілдің барлық компоненттерінің кешеуілдеуі
байқалады.
1.Отбасында баланың сөлеу тілінің қалыптасуына дұрыс жағдай жасамау
(басқа балалар мен ересектермен қарым-қатынастың жеткіліксіз болуы, басқа
тілде сөйлеу, ата- анасының саңырау болуы және т.б.)
2.Балалар үйі жағдайында тәрбиеленетін балаларға тілдік қарым-қатынастың
жеткіліксіздігі.
3.Билингвизм, мысалы, балабақшада баламен қазақ тілінде, ал отбасында
басқа тілде сөйлеу.
4. Бала тәрбиеленетін әлеуметтік жағдайдың нашарлығы.
5.Жалпы тіл дамымаушылығынің пайда болу себептері әртүрлі: биологиялық
және әлеуметтік. Ең күрделісі ерте жастан мидың органикалық зақымдану
салдарынан туындайды. Жалпы тіл кемістігі бар балалар өз қатарластарынан
кеңістікте – уақытта бағдарлану тапсырмаларын орындау бойынша артта
қалады.
Саусақ, қол білегі координациясының ұсақ қимылдың дамымауы
байқалады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия,
Достарыңызбен бөлісу: |