153
беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата- анасы баласын арнайы
мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі
шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша,
ерекше оқытуға міндетті.
Ерекше оқыту– ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Ерекше оқыту
негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге
оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру
идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен
балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай
балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Ерекше бағыт
мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады. Ерекше оқыту – барлық балаларға мектепке
дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға
мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-
әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді, адамдармен қарым-қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде
қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта
жақындатады. Ерекше бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы
оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
НЕГІЗІ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ
Шәукебаева И.А.
Ақтөбе облысы, Алға ауданы
А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Сөзімді «Еліміздің ертеңі–бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас
ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
сөзімен бастағым келеді. ХХІ ғасыр-бұл ақпараттық–қоғам дәуірі,
технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына,
кәсіби мәдениетіне мұқият қарайтын дәуір.
Ғылыми салада білімді технологияландыру жөніндегі зерттеулер пайда
болып, кәсіби дайындықтың мазмұндық және жеке аспектілерімен қатар
оның технологиялық аспектілеріне де қызығушылық көрсетілуде.
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі білім беру проблемаларын шешудің жаңа
бағыттарын қажет етеді. Біліктілік пен сол жаңалықты дұрыс ұғыну үлкен
қажеттілік деп ойлаймыз. Қазіргі білім беру стандарттары құзырет,
құзыреттілік ұғымдары арқылы дайындауды ұсынады.