Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет29/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73

77 
 
көрсетіп  отыр.Енді  сол  тәжірбиенің  біздің  елімізде  де  қанат  жайып, 
өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын. 
 
 
КӘСІПТІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ 
ҰЙЫМДАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ 
АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫ 
Кабышева Мирамгуль Бакитжановна 
Атырау аграрлы-техникалық колледжінің оқытушы, 
КЕАҚ «Кәсіпқор» холдингінің штаттан тыс тренері 
 
Бұл мақалада еліміздегі инклюзивті білім берудің, оның ішінде кәсіптік 
білім беру жағдайындағы негізгі аспектілері туралы баяндалады. 
Түйін сөздер: инклюзия, кәсіп, білім беру, интеграция. 
Қамқорлық  пен  мейірімге  зәру  жандар  қай  заманда  да,  қай  қоғамда 
болмасын  бар  және  бола  да  береді.  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың  жыл  сайынғы    Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында 
әлеуметтік  салаға  аса  зор  мән  беретіні  де  сондықтан.  Әсіресе    барлық 
әлеуметтік топтардың   жайлы да сапалы өмір  сүруіне қажетті жағдайларды 
жасау  мемлекеттік  саясаттың  үнемі  басты  назарында  болып  келеді.   
Мемлекеттік  білім  саясатында  сапалы  білімнің  қолжетімдігі  басым 
бағыттардың  бірі  болып  табылады.  Инклюзивті  білім  беру  осы  бағыттағы 
шараларды жүзеге асырады.  
Инклюзивтік 
оқыту 
(фр.inclusif–қамту)–жалпыға 
ортақ 
оқу 
бағдарламасымен  білім  алушылардың  неғұрлым  кең  ауқымдағы  санатын 
қамту.    Бұл  термин  ерекше  қажеттіліктері  бар  студенттерді  жалпы  білім 
беретін мектептерде оқыту үдерісін сипаттау үшін қолданылып жүр. Барлық 
дамыған  елдерде  инклюзивті  білім  беру  ұғымы  термин  түрінде  ғана  таныс 
емес,  сонымен  қатар  заңнамалық  түрде  бекітілген.  Инклюзивті  білім  беру 
үдерісін бүгінде ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ сияқты беделді халықаралық ұйымдар 
қолдап отыр. 
Инклюзивті білім беру  мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, 
ал  1990  жылға  қарай  АҚШ  пен  Еуропа  өздерінің  білім беру  саясатына  осы 
бағдарламаны толық енгізді. 
92  үкіметтер  мен  25  халықаралық  ұйымдарды  ұсынатын  үш  жүзден 
астам  қатысушылар  Испания,  Саламанкада  1994  жылдың  7-10  маусым 
аралығында  барлығы  үшін  білім  беру  мақсаттарына  қол  жеткізу  және 
инклюзивті білім беруден тұратын тәсілді ынталандыру үшін талап етілетін 
саясаттың  негізгі  бағыттары  саласында  жүзеге  асыру  қажет  өзгерістерді 
қарау  мақсатымен  жиналып:  «Ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлғаларға  білім 
беру  саласындағы  принциптер,  саясат  және  практикалық  қызмет  туралы» 
Саламандық декларацияға қол қойылды. 
Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми 
дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың        2010-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді. 


78 
 
Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың 
тұжырымдамалық тәсілдерін және 2015–2020 жылдарға арналған инклюзивті 
білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені бекітілді. 
Инклюзивті  білім  беруді  дамыту  индикаторлары  Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасын 
бекіту 
туралы 
бағдарламасына  енгізілді  (ҚР  Президентінің  2016  жылғы  1  наурыздағы        
№205 Жарлығы): 
«Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға жағдай жасау мақсатында 
мамандықтар  бойынша  оқу  жоспары  әзірленетін  болады.  Білім  беру 
қажеттіліктері ерекше білім алушылар үшін мамандықтар тізбесі әзірленетін 
болады.  Колледждерде  білім  алуға  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету 
мақсатында  инклюзивтік  білім  беру  бағдарламалары  сынақтан  өткізілетін 
болады. 
2020 жылға қарай ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер үшін тең 
жағдайлар  мен  кедергісіз  қолжетімділік  жасаған  ТжКБ  ұйымдарының  үлесі 
40 %-
ды құрайды» деп көрсетілген. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  жолдауында 
Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім 
сапасы  жоғары,  денсаулығы  мықты,  еліміздің  әл-ауқаты  үшін  қызмет 
жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр. 
«Біздің  түпкілікті  мақсатымыз  –  интеллектуалды  ұрпақ  тәрбиелеп, 
интеллектуалды ұлт қалыптастыру» 
Жоғарыда  аталған  шаралардың  қажеттілігі  елімізде  тұратын 651,9  мың 
мүгедектің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын жақсартуды 
қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Олардың  62,8  %-ы  еңбекке  қабілетті  жаста, 
25%-
ы зейнеткерлік жаста, ал 12,1%-ы 18 жасқа толмаған. 
Инклюзивтік білім беру идеясының туындауы студенттерды бір-бірінен 
ажырататын кедергілерді жою мәселесіне бағытталады. 
Шын  мәнінде  инклюзивтік  білім  беру  ісі  студенттердің  дамуына 
қатысты  проблемаларды  барынша  игеруге  және  олардың  психофизикалық 
денсаулығын  сақтауға  бағытталған  оқытып-үйрету  процесін  ұйымдастыру 
мәселесімен байланысты қарастырылады. 
Негізге  алынатын  мемлекеттік  заң  шығару  құжаттарында  мұндай 
студенттердің әр түрлі категорияларын белгілі бір жағдайлар жасау арқылы 
жалпы білім беру процестеріне қосуға болатындығы туралы нақты жазылған. 
Бұл жағдайлар, атап айтқанда, мыналар болып табылады: 
•    
Даму     жағдайындағы     мүмкіндіктері      шектеулі     студенттерді  
интерацияланған жолмен оқыту (жалпы білім беру ортасына қосу) процесін 
нормативтік  құқықтық  тұрғыдан  қамтамасыз  ететін  әзірлемелер  жасау 
(интерациялық білім беру ісін ұйымдастырудың ережелері); 
•   
Мүгедек   студенттер   үшін  «Кедергісіз  зоналар  жасау»  (көтергіш  
қондырғылар, арнаулы парта, үстел); 
• 
Мүмкіндігі  шектеулі   студенттердің   психологиялық   педагогикалық  
тұрғыдан сүйемелдеуін қамтамасыз ету. 
Мүмкіндігі шектеулі студенттер мынадай түрге бөлінеді: 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау