Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет19/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73

51 
 
Қазіргі  кезде  психомоторика  мен  сенсорлық  даму  проблемалары 
көмекші  мектептің  бастауыш  және  орта  буын  оқушыларын  түзете-дамыту 
үдерісінде  өте  өзекті.  Зерде  бұзылыстары  бар  балаларды  тәрбиелеу  және 
оқыту  үдерісін  гуманизациялау  және  жекелеу  үдерісінің  міндеттері,  ең 
алдымен,  олардың  толыққанды  дамуына,  оқу  қызметінің  субьектісі  ретінде 
қалыптасуына  арналған  қажетті  жағдайды  құруды  талап етеді.  Соңғы  кезде 
психомоторика  және  оның  көрсеткіштері  психодиагностикада  тұлғаның 
психикалық  қасиеттері  мен  жағдайының  обьективті  индикаторы  сапасында 
белсенді түрде қолданыла бастады. 
«Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту» бағдарламасының 
мақсаты:  баланың  әрбір  объектіні  оның  сенсорлық  қасиеттері,  сапасы, 
белгілерін  біріктіре  тануға  тиімді  жағдай  туғызудың  негізінде  балаға  оның 
психикалық  үйлесімді  дамуына  қоғамға  барынша  тиімді  әлеуметтенуіне 
көмектесетін қоршаған орта шындығы туралы көпқырлы дұрыс түсінік беру.  
Міндеттері: 
1.
Сезім  мүшелерінің  жұмысын  белсендіру  негізінде  қоршаған  орта 
құбылыстары  мен  объектілерін  оның  қасиеттерімен  бірлестіре  отырып 
қабылдауды қалыптастыру; 
2.
Балалардың  заттардың  ерекше  қасиеттерін,  пішінін,  құрылымын,  көлемін, 
түсін,  олардың  кеңістікте  орналасуын  толық  қабылдауын  жүйелі  және 
мақсатты  түрде  тәрбиелеу  арқылы  балалардың  танымдық  қызметіндегі 
кемшіліктерді түзету; 
3.
Кеңістік – мезгілдік бағдарлауды қалыптастыру; 
4.
Қоршаған  әлемді,оның  обьектілерінің  барлық  сан  қилы  қасиеттері  мен 
белгілерімен бірге эстетикалық қабылдау қабілетін қалыптастыру.[3] 
«Психомоторика  мен  сенсорлық  үдерістерді  дамыту»  түзету  сабақтары 
баланың  мектептегі  білімді  барынша  толық  меңгеруі  үшін  негіз  құруға 
бағытталған. 
 
Түзету сабақтары– бұл балалардың мектептегі білім мен икемділіктерді 
меңгеруге  көмектесетін,  практикалық  жаттығулар,  ойындар,  қызметтің 
өнімді  элементтерін  және  басқа  түрлері  мен  пішіндерін  пайдалануға 
негізделген  арнайы  дайындық  жұмыс.  Олардың  түзету  бағыты  мектептегі 
қиындықтарды  тудыратын  психикалық  қызмет  бұзылыстарын  (көру,  есту 
арқылы қабылдаудың жетіспеушілігі, кеңістікте бағдарлаудың бұзылуы және 
т.б.)  түзетуде,  балалардың  танымдық  үдерісін  дамытуда  байқалады. 
Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту бойынша сабақтар түзету 
бағытында  құрылған.  Баланың  жалпы  түсініктерін  дамытумен  қатар  ақыл-
ойы  дамымаған  балаларға  тән  психофизикалық  дамудың  кемшіліктерін 
түзету  оларды  психикалық  қызметтің  күрделі  түрлеріне  қатысты 
қалыптастыру қарастырылады.  
Психомоторика  мен  сенсорлық  үдерістерді  дамыту  сабақтарында 
мақсатты  бағытталған  қызмет  нәтижесінде  оқушылардың  үйренуге 
міндеттілері: 

сенсорлық эталондарға бағдарлау; 

заттарды берілген белгілеріне қарай тану; 

заттарды сыртқы белгілері бойынша салыстыру, 


52 
 

заттарды пішіні, көлемі, түсі, қолданыс түріне қарай салыстыру; 

әр түрлі белгілері бойынша заттар мен олардың бейнелерін қатарға түзу. 
Зерде  дамуы  жеткіліксіз  оқушыларға  дер  кезінде  көрсетілетін  психо-
педагогикалық  көмек  олардың  табысты  оқуының  алғышарты  болып 
табылады.  
Жалпы,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  сабақ  жүргізетін  мұғалімге 
қойылатын  талап  та  жоғары.  Ол  мұғалімнің  басшылыққа  алатын  негізгі 
ұстанымдары: 
1.
Мүмкіндігі шектеулі бала мен мұғалім арасындағы педагогикалық әдеп пен 
ынтымақтастықтың сақталуы; 
2.
Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы; 
3.
Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру; 
4.
Балаларға сабақ жүргізу барысында тапсырманың бала зердесіне әсер етуін, 
оның қабылдауы, есте сақтауын назардан тыс қалдырмау; 
5.
Бала ата-анасымен тығыз байланыста болу; 
6.
Сабақ жүргізу барысында түрлі ойын элементтерін көбірек қолдану. 
Негізінен,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  сабақты,  көбіне,  олардың 
жанына  жақын  ойын  түрінде  өткізу  тиімді.  Өйткені,  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың эмоциялық көңіл - күйі көбінесе ойын және еңбек іс - әрекетінде 
көрініс береді. 
Қазіргі  таңда  мүмкіндігі  шектелген  балалардың  сенсорлық  үдерісін 
дамытуда  ойындар мен жаттығулардың  қажеттілігі мен мүмкіндіктері басты 
назарда. 
Мүмкіндіктері 
шектеулі 
балалардың 
мінез-құлқындағы 
кемшіліктерді  түзету,  орнына  келтіру,  дамыту  –  педагогика  жүйесіндегі 
балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.  
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан, ойын 
арқылы  балалар  өмірден  көптеген  мәліметтер  алып,  білімін  жетілдіреді. 
Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес 
шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық 
танытады.  Ойын  әсері  арқылы  бала  өз  қасиетін  қалай  қанағаттандыра 
алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың 
тапқырлығын,  байқағыштығын,  зейінділігін  арттырумен  қатар  ерік  сезім 
түрлерін де дамытады. 
Төменгі  сынып  оқушыларына  ойын  түрлерін  қолдану,  оқушылардың 
пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып,  сабаққа  белсенді  түрде  қатысып, 
түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.  
Ойындар  мынадай  түрлерге  бөлінеді:  дидактикалық,  тіл  дамыту, 
сюжеттік,  дамытушылық,  қозғалыс  ойындары.  Дидактикалық  ойындар  үш 
топқа бөлінеді:  
1.
Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі 
ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 
2.
Үстел үстінде ойналатын дидкатикалық ойындар – «Лото», «Домино» және 
тағы басқа. 
3.
Сөздік дидкатикалық ойындар.[4] 
Дидактикалық  ойындардың  негізгі  бағыты–балаларға  білім-білік, 
іскерлік,  әдет-дағдыларды  игерту  мен  оны  бекітуге,  ақыл-ой  қабілеттерінің 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау