Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет22/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73

58 
 
2.
Н.Ә.Назарбаев«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, 
даму» атты Жолдауы. 
3.
Қ.Ж.Бектаева, А.Е.Ерболат»Типтік арнайы білім беру оқу бағдрламалары». 
Алматы-2010 жыл. 
4.
Дубровина И.В. Психокоррекционная и развивающая работа с детьми. – М., 
2001. 
5.
Дубровина И.В. Об индивидуальных особенностях школьников. – М., 1975. 
6.
Захаров А.И. Психотерапия неврозов у детей и подростков. — М., 1982. 
7.
Байтұрсынова  А.А.  «Арнайы  педагогика:  проблемалар  мен  даму 
болашағы». Оқу құралы.- Алматы, 2008 
       
 
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ ҰҒЫМДЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
                                       
Ахметова Насип Муқасқызы 
Атырау қаласы, №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің  
физика пәнінің мұғалімі 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеттеріне:  білім  бағдарламаларын  меңгеру  үшін 
жағдайлар  жасау  және  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  дене 
мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік 
негіздерін  қалыптастыру,  жеке  басының  дамуы  ушін  жағдай  жасау  арқылы 
парасатты байыту»  қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген. Қазіргі таңда 
барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың 
жеке  сұраныстары  мен  ерекшеліктеріне  ортаның,  отбасының  қатысуымен 
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы 
жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді. Инклюзивтік 
білім  беру  дегеніміз–барлық  балаларды,  соның  ішінде  мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық  еңгізу  және  әлеуметтік 
бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды 
айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-ананаларын  белсенділікке  шақыруға, 
баланың  түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік  мұқтаждықтарына  арнайы 
қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған 
мемлекеттік саясат. 
Инклюзивті оқыту–ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім 
беретін мектептегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. 
Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір 
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты 
қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға 
арнайы жағдай қалыптастыру. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге 
ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалптастырады. 
Осыған  байланысты  қоғам  алдына  оқушының  жеке  басын  үйлесімді 
дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр. 
Отанымыздың әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру 
арқылы  дамыту  ең  жауапты  іс.  Қазіргі  таңда  балалардың  мүмкіндіктерін 


59 
 
ескере  отырып,  өзгелермен  теңдей  білім  алуына  барлық  жағдай  жасалуда. 
Сонымен  қатар  елімізде  инклюзивті  білім  беруді  дамыту  дұрыс  жолға 
қойылған. 
Психикалық  дамуының  негізгі  бұзылыстары  инеллектуалды  даму 
деңгейі,  яғни,  зейіні,  есте  сақтауы,  ойлауы,  кеңістікті  бағдарлауы  төмен 
болып келеді. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) 
балалардың  оқу  үлгерімі  төмен  болады.  Иклюзивті  оқыту  –  ерекше 
мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту 
үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың 
қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген 
теңдік  қатынасын  қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  оқытудың  ерекше 
қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. 
Тәжірбие  көрсеткендей,  қатаң  білім  беру  жүйесінен  балалардың  бір  бөлігі 
шығып  қалады,  өйткені  қалыптасқан  жүйе  мұндай  балалардың  даралық 
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. 
Инклюзивті  бағыт  мұндай  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал 
етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. 
Инклюзивті  оқыту–барлық  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу 
орындарында,  мектепте  және  мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік 
береді,  оқушылардың  тең  құқығын    анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне 
қатысуға  мүмкіндік  береді,  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті 
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті  оқыту  балалардың  оқу  үрдісіндегі  қажеттіліктерін 
қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ  берудің  жаңа  бағытын-өңдеуге 
талпынады. 
Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен  сабақ  беруге  енгізілген 
өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың 
жағдайлары  да  өзгереді.  Инклюзивті  оқытуды  ашқан  мектептерде  оқыған 
балалар  адам құқығы  туралы білім  алуға  мүмкіншілік  алады.  Өйткені, олар 
бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға,  танып-білуге,  қабылдауға  үйренеді. 
Баланың  жалпы  дамуы  дегеніміз–тек  мектептен  алатын  білім  ғана  емес, 
сонымен  қатар  жалпы  өзі  меңгерген  білігі,  ойлау  қабілетінің  дамуы, 
танымдық  қабілетінің  дамуы,  өздігінен  білім  игере  алу  мүмкіндігі.  Егер 
оқушы қоршаған орта немесе қоғам жайлы аз да болса түсінігі болса, мектеп 
пәндерін    (мысалы,  математика,  табиғаттану)  терең  әрі,  тезірек  меңгере 
алады.  Сабақта  оқылған  материалдарды,  отбасының  мүмкіндігін,  баланың 
жеке  талабын  ескере  отырып,  мұғалім  баламен  сөйлесудің  тақырыбын 
анықтайды,  қандай  да  болмасын  айналасында  болып  жатқан  нәрселерді 
түсінеді. Алайда баланы бірден көп мәлімет беріп, шаршатуға болмайды. Ол 
қабылдауы тиіс материалдар, сөздер жүйелі түрде болуы шарт. 
Сөздік  материалды  оқып,  үйрену  оңай  емес.  Ол  тәжірибе  арқылы  ғана 
жүзеге  асырылады:  мысалы,  ағаш  кесінділерін  өлшеу  арқылы  үш  өлшемді 
дененің  көлемін  есептей  алады.  Сондықтан,  көптеген  сөздер    мен  сөз 
тіркестерінің мағынасын түсініп, ойға сақтауға кейбір әрекеттер көмектеседі. 
Баламен  сөйлесу  барысында  баланың  әрдайым  үлкендермен  сөйлесуге, 
олардан қажеттісін  сұрай білуге қабілетті болуын қамтамасыз ету керек, бір 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау