Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет15/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73

42 
 
 
 
ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА 
ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
Құспанова Аңсағаным Маратқызы 
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,  
Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының  педагог-психологы 
 
Мақсаты:  
Ерекше  білімді  қажет  ететін  балаларды  оқытуда  әр  түрлі  заманауи 
технологияларды пайдаланудың жолдарын көрсету. 
Міндеттері: 
1.
Ерекше  білімді  қажет  ететін  балаларды  оқытуда  заманауи 
технологияларды қолдана отырып, оқушыларды өмірге бейімдеу, алған білім 
дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеу; 
2.
Дамуындағы  ауытқудың  алдын  алып,  біріккен  түрде  жұмыстану 
(Монтессори технологиясы); 
3. 
Баланың коммуникативті және бейімделу дағдысын қалыптастыру. 
Күтілетін нәтижелер: 

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмектеседі;  

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; 

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; 

Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді; 

Оқушылардың  есте  сақтау,  есту,  көру,  сөйлеу,  ойлау  қабілеттерін 
дамытады; 

Ерекше  білімді  қажет  ететін  оқушыларды  сенсорлық  және 
сенсомоторлық дамытады; 

Кол моторикасын жетілдіреді; 

Эмоциялық ерік саласын түзетеді және жетілдіреді; 

Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып және әлеуметтік бейімдеу 
жұмыстары жүргізіледі. 


43 
 
Адамзат техниканың қарқында дамуы арқасында жаңа дәуірге аяқ басты. 
Компьютерлер,  интернет,  спутниктік  теледидар,  мультимедиа  біздің 
өмірімізге  шапшаң  еніп  үлгерді.  Компьютерлік  технологиялардың  дамуы 
қоғамды  жылдам  өрістеп  жатқан  интеграциялық  процестерге  байланысты 
ақпараттандырудың  ауқымды  проблемасымен  бетпе-бет  келтіріп  отыр.  Бұл 
проблема тіршілігіміздің барлық саласын: ғылымды да, мәдениетті де, білім 
беру  қызметін  де,  өндірісті  де  түгел  қамтиды.  Ақпараттық  және  басқа  да 
инновациялық  технологияларды  пайдаланбайынша  қазіргі  өмірде  бағдар 
табудың өзі қиын болатын жағдай туындауда. Бірақ біз бұл ғасырдың өзге де 
болмыстық  шындығы  бар  екенін  мойындауымыз  керек.  Ол  –  жалпы  білім 
беретін  мектеп  оқушылары  құрамының  физикалық,  психикалық  және 
сенсорлық  даму  деңгейлері  бойынша  біртекті  еместігі.  Мектеп  алдында 
мынадай  міндет  тұр:  оқушылардың,  соның  ішінде  денсаулық  мүмкіндігі 
шектеулі  балалардың  ойдағыдай  әлеуметтенуі  үшін  бірқатар  біліктілік 
қабілетін қалыптастыру. Ерекше білімді қажет ететін балаларды қатарға қосу, 
әлеуметтендіру  үрдісін  дұрыс  ұйымдастырып,  түрлі  әлеуметтік  кедергіге 
қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда заманауи технологияның барлық 
мүмкіндігін  пайдаланамыз.  Бұрын  біз  көрнекіліктерді  көбінесе  қағаздан 
жазып,  оны  әрдайым  жаңартып  отыратын  болсақ,  ал  қазірге  таңда  мен  өз 
тәжірибемде әр түзету сабағында интерактивті тақтаны пайдаланамын. Біздің 
мектепте  жаңа  үрдіске  сай  жеке  компьютерлермен,  интерактивті  тақтамен 
жабдықталған  мультимедиа  кабинеті  ашылып,  интерактивті  тақта 
орнатылды. Қазіргі уақытта білім беруде интерактивті құралдар мен белгілі 
жазушылардың  түрлі  әдістемелік  нұсқаулықтары  да  кеңінен  қолданылып 
жүргені  баршамызға  аян.  Соның  ішінде  М.Монтессори,  В.В.Воскобович, 
Маасару  Ибука,  Вольдорф  мектебінің  әдістемелері  кеңінен  қолданылып 
келеді.  
XXI  ғасыр  табылдырығын  білім  мен  ғылымды  инновациялық 
технологиялық бағытты  дамыту  мақсатымен  атауымыз  үлкен  үміттің  басты 
нышаны  болып  табылады.  Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр 
болмайды.  Жас  ұрпаққа  мән-мағыналы,  өнегелі  тәрбие  мен  білім  беру  – 
бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. 
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, 
ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. 
Ерекше  білімді  қажет  ететін  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін 
жетілдіру мақсатында, олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере 
отырып  түзете  дамыту  сабақтары  өткізіледі.  Ерекше  білімді  қажет  ететін 
оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан-жақты жүргізілетін оқу-
тәрбие  жұмысының  нәтижесінде  оқушыларды  қоғамдық  өмірге  бейімдеу, 
сонымен  қатар  зейінін  қалыптастыру,  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін  және 
тілдерін  дамыту,  яғни  танымдық  қызметін  дамытуда  оқытушылар  және 
арнайы  маман  иелері  (дефектолог,  логопед,  психолог  т.б)  түрлі  заманауи 
технологияларды  қолданып  келеді.  Соның  ішінде  ең  көп  кездесетін 
технологиялардың бірі Монттессори әдісі, ойын терапиясы, арттерапия, құм 
терапиясы  т.б.  Сонымен  қатар  интерактивті  құралдардың  көмегімен 


44 
 
мұғалімнің,  оқушының  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  жол  ашылып 
отыр. 
Заманауи технологиялар: 
• 
Монтессори әдісінің тиімділігі 
• 
Арттерапия 
• 
Ойын терапиясы Ибука, Воскобович әдістемелері 
• 
Вольдорф педагогикасы 
• 
Құм терапиясы 
Заманауи 
білім 
беруде 
ақпараттық-коммуникативті 
технологиялардың мүмкіндіктері 
Сабақ барысында АКТ-ны қолдануды жоспарлаудың негізгі талаптары: 
• 
Психологиялық ахуал туғызу, дамуындағы кемшіліктерін ескеру; 
• 
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту; 
• 
АКТ-мен жұмыс істей білуге үйрету; 
• 
Топ оқушыларының білім деңгейі мен танымдық қабілеттері  
ескерілеуі қажет; 
• 
Тапсырмаларды орындауда естімейтін оқушыға таныс емес  
сөздер мен сөз тіркестерін болдырмау; 
• 
Оқушылар өзінің үйренгенін ортаға салып, бірлесе талқылап,  
олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау. 
Сонымен  қатар  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  өзіндік  реттелуі  – 
зерттеудің  алғы  шарттары  туралы  Л.  Выготскийдің  ЖАДА  туралы  идеясы, 
Флейбелдің метатану үлгісімен таныстым. Мұнан соң, яғни, аптаның соңғы 
сабағы АКТ-ны сабақ беруде пайдалану, демалыс және қарым-қатынас үшін 
АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыға айналатынын, интернет 
желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін аса қажет нәрсе екенін түсіндім. 
Осындай  дағдылар  негізінде  АКТ  туралы  білім,  олардан  ақпаратты  алу, 
бағалау,  сақтау,  өндіру,  ұсыну,  алмасу  үшін  қолдану  міндетті  түрде  қажет 
екендігін түсіндім. 
 
М.Монтессори  әдісі  балаларға  жауапкершілікті  сезінуге,  өздігінен 
шешім  қабылдауына,  топта  да,  жеке  де  жұмыс  жасай  алуына,  өз  уақытын 
ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы 
жағдай туғызады. 
 
Бұл әдістің мақсаты–балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің 
нұсқауымен  емес,  өз  еркімен  тәуелсіздік  рухында  тәрбиелеу.  «Өзімнің 
жасауыма  мүмкіндік  бер»  дейді  мұндағы  бала.  Балаларға  дауыстап  сөйлеу 
бұл  әдісте  мүлдем  жоқ.  Ұйымдастырушысы  балаларға  әр  сала  жайлы 
қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3 пен 6 
жас  бірге  өз  қалауларымен  жұмыс  жасайды.  Бұл  жастың  қабілетін  ашуға, 
үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай 
салада  жұмыс  жасау  бала  қалауында:  зертханада,  жаратылыстану,  аспан 
әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т.б. Еркін жұмыс жасау барысында 
жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі – ішкі дүниесін тәртіпке баулып, 
жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. 
 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау