K 1 – еңбекақының күндізгі қорын қосымша төлемдер есебінен арттыру коэффициенті. Демек
K 1 = ЕТҚкүн / ЕТҚсағ
Орташа айлық еңбекақы (ОАЕТж) жұмыскерлердің орташа тізімдік санының (Сот) еңбекақының айлық қорына (ЕТҚай) қатынасы арқылы анықталады:
ОАЕТж = ЕТҚай / Сот
Орташа айлық және орташа күндік еңбекақы төлеу арасындағы өзара байланыс келесі формуламен анықталады:
ОАЕТж = ОКЕТж * t күн * K2 ,
Мұндағы, t күн - жұмыс кезеңінің орташа ұзақтығы, күн есебінде;
K2 - еңбекақының айлық қорын қосымша төлемдер есебінен арттыру коэффициенті. Демек
K 2 = ЕТҚай / ЕТҚкүн
Еңбекақы деңгейі арасындағы қатынасты зерттеу арқылы осы өнеркәсіптің еңбекті ұйымдастыруы мен жұмыс уақытын пайдалану дәрежесімен танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, егерде орташа сағаттық еңбекақының өсу қарқыны, орташа күндік еңбекақының өсу қарқынымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болса, онда ол жұмыс күнін тиімді пайдаланғанын, яғни еңбекақының өсуі өнімді шығарумен тікелей байланысты төлемдер есебінен жүзеге асырылып жатқанын дәлелдейді.
Басқа категориядағы жұмыскерлердің орташа айлық (орташа жылдық) еңбекақысы олардың орташа тізімдік санының еңбекақының айлық (жылдық) қорына қатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорында жұмыс істейтін бір жұмыскердің орташа еңбекақысы осы кезеңдегі кәсіпорын қызметкерінің орташа тізімдік санының жалпы еңбекақы қорына қатынасы арқылы анықталады.
Сондай-ақ, еңбекақының орташа деңгейі (ЕОД), жұмыскерлер саны (С) және еңбекақы төлеу қоры (ЕТҚ) арасында тәуелділік бар:
ЕТҚ = ЕОД * С
Төмендегілер арқылы еңбекақы қорына әсер ететін әр факторды талдауға болады:
1. еңбекақы төлеу деңгейінің өзгеруі;
2. өндіріс көлемінің немесе еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты жұмысшылар санының өзгеруі. Еңбекақының өсуімен салыстырғанда еңбек өнімділігінің өсуінің озып кетуі өндірілген өнім құнындағы еңбекақы төлеуге кеткен шығын үлесінің төмендегенін дәлелдейді және керісінше.
Қазіргі кезде кәсіпорынның таза пайдасы мен еңбекақының бір бөлігі есебінен тұтыну қоры құрылады. Ол кәсіпорын жұмыскерінің негізгі табысы болып табылады және келесілерден тұрады:
- еңбекақы төлеу қоры – барлық жұмыскердің еңбекақысын төлеу үшін есептелген қор;
- табыс (дивидендтер, пайыздар) – кәсіпорын мүлкі мен еңбек ұжымы мүшелерінің салымы мен акциялары бойынша алуы;
- ақшалай төлемдер мен марапаттаулар.
Жұмысшылардың орташа табысы мен орташа еңбекақысын ажыратады. Жалпы кәсіпорын бойынша жұмысшының орташа табысы тұтынуға бағытталған (еңбекақыға кеткен шығын, ақшалай төлемдер, табыстар – дивиденд, пайыз) қор сомасынан есптеледі. Жалпы кәсіпорын бойынша жұмысшының орташа еңбекақысы жұмыскерлерге төленетін еңбекақы қорынан, тізімдік құрамынан, бір жылдық еңбек қорытындысы бойынша және бір уақыттық мараппаулардан тұрады.
Сонымен қатар еңбекақылар номиналды және нақты болып бөлінеді. Номиналды – ақшалай түрдегі төленген еңбекақы. Нақты деп атқарған еңбегі үшін алған ақшаның сатып алу күші, яғни жұмысшы өзінің номиналды еңбекақысына сатып ала алатын әртүрлі тауарлар мен қызметтер саны.
Достарыңызбен бөлісу: |