Тақырыбы: Керамзитті бетон Орындаған: стр-21-1м тобының магистранты Ж. Демесбаева Қабылдаған



жүктеу 432,53 Kb.
бет15/31
Дата19.02.2022
өлшемі432,53 Kb.
#37543
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
керамзобетон

Деформациялық қасиеттердің болу ерекшелігі толтырғыштардың кеуекті құрылымымен сипатталады. Бұл, ең алдымен, серпімділік модуліне жатады, ол тығыз толтырғыштарға қарағанда айтарлықтай төмен болады. Жасанды кеуекті толтырғыштардың өзінді деформациялары (отыру, ісіну) әдетте төмен болады. Олар цементті тастардың деформациясымен салыстырғанда бір реттілікке төмен. Керамзиттің барлық үлгілерін деформацияға қатысты зерттеу кезінде, олар сумен қаныққан кезде ісінетіні, ал кептірген кезде – отыратыны байқалды, алайда деформация мәндері әртүрлі. Бірінші циклдан кейін үлгілердің жартысы қалдық кеңеюді көрсетеді, екінші циклдан кейін – оның төрттен үш бөлігінен тұратын қалдық кеңею орын алады, бұл жайт керамзит құрылымының өзгергенін сипаттайды. Бірінші циклдан кейінгі отырудың орташа мәні 0,14 мм/м, екіншіден кейін - 0,15 мм/м. Бетонда қиыршықтастың қанығуы және кебуі төмен дәрежеде болатынын ескерсек, керамзиттің бетондағы шынайы деформациясы осы мәндердің белгілі бір бөлігін ғана құрайды. Кеуекті толтырғыштар бетондағы цемент тасының отыру деформациясына (сырғыштыққа да) тежегіш әсер етеді, осының нәтижесінде жеңіл бетон цемент тасына қарағанда төмен деформациялыққа ие болады.

Жеңіл бетонның сапасына әсер ететін кеуекті толтырғыштардың басқа маңызды қасиеттерінің бірі – суыққа төзімділігі және ыдырауға қарсы төзімділігі (силикатты және темірлі), сонымен қатар, суда еритін күкіртті және және күкіртқышқылды қосылыстардың болуы. Осы көрсеткіштер стандарттармен регламенттелген.

Жасанды кеуекті толтырғыштар әдетте, стандарттар талаптарымен белгіленген аралықтарда суыққа төзімді болады. Бетоннан тыс толтырғыштардың кейбір түрлерінің жеткіліксіз суыққа төзімділігі – оның негізінде жасалған жеңіл бетон суыққа төзімсіз екенін білдіре бермейді, әсіресе қажетті 25-35 цикл мөлшері туралы әңгіме қозғалған жағдайда. Пайдаланудың ауыр жағдайлары үшін арналған жеңіл бетондардың толтырғыштары – суыққа төзімділігі бойынша талаптарды барлық жағдайда қанағаттандыра бермейді, және олар жақсылап зеттеулерден өткізілуі тиіс.

Кеуекті толтырғыштардың жылу өткізгіштігіне басқа да кеуекті денелердегідей, ауалы кеуектердің мөлшері және сапасы (өлшемдері), сонымен қатар, ылғалдылығы әсер етеді. Сондай-ақ, материалдың фазалық құрамы айтарлықтай әсер етеді. Жылу өткізгіштік коэффициентіндегі ауытқушылық шыны тәрізді фазаның болуымен байланысты. Шыны неғұрлым көбірек болса, бірдей тығыздықтағы толтырғыш үшін жылу өткізгіш кэффициент төмен болады. Қоршау конструкцияларының бетоны үшін жылу өткізгіштік қасиеттері жақсы болатын толтырғыштар өндірісін тиімдендіру мақсатында шлакты шынының құрамын нормалау ұсынылады (мысалы, жоғары сапалы шлакты кеуектас үшін - 60—80%).

Жасанды кеуекті құмдар – негізінен, ол кеуекті кесекті материалдарды (шлакты кеуектас, аглопорит) және түйіршіктерді (керамзит) ұсақтау өнімдері түрінде болады. Арнайы дайындалған қопсылған құмдар (перлитті, керамзитті)әлі үстем жағдайға ие болған жоқ.

Ұсақталған құмдардың артықшылығы – оны шақпатас өндірісімен кешендендіріп өндіру мүмкіндігі. Алайда осы жағдай құм ретінде айтарлықтай кемшіліктердің болуымен сипатталады. Шақпатасқа материалдарды ұсақтау кезінде ілеспе өнім бола тұра, құмдар – жеңіл бетон өндірісі үшін қажетті гранулометриялық құрамы бойынша сәйкес келе бермейді. Мұндай жағдайда құмдар аса ірі болады, әрі бетондық қоспаның тұтастығын және қозғалғыштығын қамтамасыз ету үшін өлшемдері 0,6 мм төмен болатын фракцияның қажетті мөлшері болмауымен спатталады.

Кеуекті құмдардың үйінді көлемдік массасы ірі толтырғыштарға қарағанда олардың шынайы «жеңілдігін» сипаттайды. Құмның төмен көлемдік массасы сы ішкі дәндік кеуектілік есебінен емес, дәндік құрам ерекшелігі нәтижесіндегі дәндер аралық кеуектілік есебінен (бірдей өлшемді дәндердің басым болуы) мүмкін болады. Бетон қоспасына осындай құмды енгізу кезінде, ол бетонды жеңілдетпейді, тек оның сутұтынуын ғана жоғарлатады. Кеуекті құмның сапасын жақсарту үшін – шақпатасқа ұсақтау кезінде құмды ілеспе өнім түрінде алу емес, белгіленген гранулометриялық құрамы бар материалды құмға ұсақтаудың арнайы технологиялық шегін анықтап алу керек.

Ұсақталған керамзитті құм өндірісі, әсіресе онда ірі фракциялардың басым болуын тиімді деп қабылдауға болмайды. Ұсақталған құмның ірі фракциялары (1,2-5 мм өлшемді) қоспаның қолайлы жайылуын жақсарта бермейді, бірақ ашық кеуектер және жоғары бостықтардың болуы есебінен оның көлемдік массасы сының жоғарлауын қамтамасыз етеді. Қопсылған (қайнау қабаты пештерінде) керамзитті құмдар көп емес мөлшерде ғана өндіріледі. Физика-техникалық көрсеткіштері бойынша ол ұсақталған құмнан жақсырақ. Ең алдымен оның сусіңіру қасиеті төмен болады.

Қопсылған және ұсақталған құмдардың фракция бойынша сипаттамасы:

Өлшемдері 1,2—5 мм болатын фракция 50%-ды құрайды. Сол себепті жеңіл бетонда керамзитті қиыршықтастың шығынын төмендетуге тура келеді, ал бұл жайт тиімді (қиыршықтасты құммен ауыстыру) емес.

Кеуекті толтырғыштардың көлемдік массасы сын (үйінді және дәндегі) төмендету кезінде олардың кеуектілігі мен сусіңіру қаиеттері жоғарлайды. Алайда дәндердің кеуектілігіне жатқызылған сусіңіру төмендейді, осылайша аса жеңіл материалдарда «жабық» кеуектіліктің артуы орын алады.


жүктеу 432,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау