Сәуле шығару ерекшелігі:
-Кез-келген затта жүре алады;
-дене температурасы артқан сайын сәуле шығару қарқындылығы артады;
-вакуум арқылы да таралады;
-қара денелер сәулені көбірек жұтады, ал ақ денелер керісінше сәулелерді көбірек шағылдырады.
Жанып жатқан пештің қасында тұрғанда, біз жылуды сеземіз.Күн энергиясы Жерге беріледі. Қызып тұрған үтікке немесе оттың жалынына қолымызды жақындатсак, біз тіпті төменнен де (яғни салқын ауа ағып келіп жаткан жерде) «қызуды» сеземіз.Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығында жылу қалай беріледі? Жылуөткізгіштік жолымен берілмейтіндігі анық. Себебі ауа — нашар жылуөткізгіш. Сондай-ақ конвекция жолымен де емес, өйткені конвекциялық ағындар үнемі жоғары көтеріледі.Жылу қабылдағыш дегеніміз — бір жағы қара, екінші жағы жылтыр жалпақ дөңгелек қорапша. Оның ішінде қыздырғанда ұлғайып, саңылау арқылы сыртқа шыға алатын ауа болады.
• Сәуле шығару (сәулелік жылу алмасу) деп электрмагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесін айтамыз.
• Сәулелену энергиясының дененің ішкі энергиясына айналуын жұтылу деп атайды.
Сәулеленудің қарқындылығы неге байланысты?
Жылу қабылдағышты бірдей қашықтықта кезектестіріп ыстық суы (40°С) бар стақанға, спирт шам жалынына (500°С — 700°С) және қыздыру шамына (1500°С) жақындатамыз. Соңғы жағдайда,Жылу қабылдағыштағы сұйық ең көп ығысады. Бұдан дене температурасы артқан сайын сәулелену қарқындылыгы жоғары болады деген қорытынды шығады.Сәулелену арқылы энергияның берілуі — ортаны қажет етпейді: жылу сәулелері вакуум арқылы да таралады.Жерге Күннен келетін энергия да сәулелену арқылы жетеді.Әр секунд сайын Жер шамамен 1014 кДж энергия алады. Жер Күннен келетін энергияның бір бөлігін жұтқанда, Жердің ішкі энергиясының ұлғаятындығы және соған сәйкес температураның Артатындығы байқалады. Күннен келетін сәулелену тек Жердің бетін ғана емес, оның атмосферасын да, теңіздер мен мүхиттарды да қыздырады.Ыстық кезде, біз күн сөулесінен қорғану үшін басымызға қалпақ киеміз. Күн сәулесі, әсіресе денеміздің қара түсті киіммен жабылған түстарын өте қатты қыздыратынын еске түсірейік. Бұл сәуленің денелерге біркелкі түспейтінін және беттің күйіне байланысты оларды біркелкі қыздырмайтындығын білдіреді. Бұған көз жеткізу үшін қызған денеге жылу қабылдағыштың әуелі қарайтылған жағын, сонан соң жылтыр жағын қаратып қоямыз. Сонда манометрдегі сұйықтың бағаны екіншіге қарағанда бірінші жағдайда көбірек аралыққа жылжиды. Ендеше, қараға қарағанда ақ бет энергияны нашар жұтады. Бірдей температурада үстіңгі беті ақ денелер қараларға қарағанда энергияны да аз шығарады.Мұны тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады.Біреуі – ақ, екіншісі – қара бояумен боялған бірдей екі ыдысқа қайнаған су құйып, термометрлер салады. Біршама уақыттан кейін, қара ыдыстағы су –тезірек, ал ақ ыдыстағысы баяу суитынын термометрлер арқылы анықтауға болады.Қара беттер – жақсы сәле шығарғыштар және жақсы жұтқыштар, сонан соң бұлдыр , ақ және жалтыр беттер келеді.Энергияны жақсы жұтқыштар – сәулені жақсы шығарғыштар, ал сәулені нашар жұтқыштар – энергияны нашар бөлетіндер.Күн – физикалық тұрғыдан алғанда, өзін-өзі басқара алатын зор энергия көзі. Энергияның бөлінуі, оның радиусының 1/3 бөлігіне дейін созылатын орталық бөлігінде өтеді.Күн жүйпесі шамамен 5 млрд жылдан бері бар; Күн диаметрі 1,392*106км-ге тең; Күннің центріндегі ең жоғарғы температура – 13*106 К; Жерден Күнге дейінгі қашықық – 149,6 млн км; Күн бетінің температурасы –6*103 К.Радиустың үштен екі бөлігінде тек кана энергияны жүту және қайта шығару жолымен энергия тарататын қабаттар орналасқан. Бұл процесс сыртқы температураның азаюына жағдай жасайды.Радиустың соңғы үштен бірін қайнаған сұйыққа ұқсас зат алып жатады. Онда энергияны сыртқа тезірек тасымалдауға мүмкіндік беретін конвекция (конвекциялық аумақ), яғни заттардың Араласуы жүреді.Сәулелену байқалатын Күннің сыртқы қабаттарын атмосфера деп атайды. Атмосфераның касиеттері мен онда жүретін құбылыстар — көп жағдайда конвекциялық аймақпен анықталады: ондағы көтерілетін ыстық газдардың жекелеген массалары атмосфераның төменгі қабаттарын тербелуге мәжбүр етеді. БұлТербелістердің нәтижесінде жоғарыға қарай таралатын толқындар пайда болады. Бұл толқындар сыртқы қабаттардың газына өзінің энергиясын беріп, оны қыздырады. Осыған байланысты, Күн атмосферасының температурасы қандай да бір деңгейден бастап азаюын доғарады да, арта бастайды.
Табиғаттағы жылу алмасу
Желдер. Барлық желдер атмосферадағы үлкен масштабтағы конвекциялық ағындар. Конвекцияға мысалы теңіз жағасында болатын бриз желдерін келтіруге болады. Жазғы күндерде күн жылуы арқылы құрлық су бетіне қарағанда тез жылиды, оның себебі судың тығыздығы азайып және қысым судың бетіндегі суық ауаның қысымынан аз. Қорытындылай келгенде суық ауа теңіз бетімен жағаға жылжиды да ― жел соғады. Бұл күндізгі бриз. Түнде су ақырын салқындайды, ал құрлық бетіндегі ауа су бетіндегі ауадан суықтай болады. Осыдан түнгі бриз пайда болады. Түнгі бриз деп суық ауаның құрлықтан теңізге қозғалысын айтады. 2. Тарту күші. Біз ауасыз отынның жанбайтынын білеміз. Егер оттыққа, пешке, самауыр мұржасына ауа бармаса от жанбайды. Әдеттегідей мұндай жағдайларда ауаның тарту күші қолданады. Мысалы зауыттарда, фабрикаларда, электростанцияларда тарту күшін жасау үшін оттықтың үстіне мұржа орнатады. Отын жанған кезде мұржаның ішіндегі ауа жыли бастайды. Осыдан ауаның тығыздығы азаяды. Біз оттық пен мұржадағы ауаның қысымы оның сыртындағы ауаның қысымынан аз екенін білеміз. Қысымның әр түрлілігінен суық ауа оттықтың ішіне, ал жылы ауа биікке көтеріліді ― тарту күші пайда болады. Мұржа биіктеген сайын тарту күші де көбейеді. Себебі мұржа мен оның сыртындағы ауа қысымдарының айырмашылығы арта түседі. 3. Пәтерлерді жылыту мен салқындату. Жердің суық аймақтарында тұратын кейбір мемлекеттің тұрғындары өз үйлерін жылытады. Ал тропик пен субтропикте орналасқан мемлекеттерде қаңтардағы ауаның температурасы +20 мен +30°С жетеді. Мұндай жерлерде пәтерлердегі ауаны салқындатуға арналған техника қолданылады. Жылыту да, салқындату да конвекция негізінде жасалған. Салқындату құралдары кәдімгі конвекция жасау үшін биікте төбеге жақын орналасқан. Өйткені суық ауаның тығыздығы жылы ауаның тығыздығынан жоғары болғандықтан ол төменге түседі. Жылыту құралдары төменде орналасады. Қазіргі үлкен үйлерде су арқылы жұмыс істейтін жылыту құралдарын қолданады. Оның ішіндегі судың циркуляциясы мен пәтердегі ауаның жылынуы конвекцияның арқасында жүреді. Егер жылыту құралы пәтердің ішінде орналасса, үйдің астында суды жылытатын жылытқыш пеш бар. Жылытқыш пешке вертикаль бағытында жүргізілген құбыр арқылы қыздырылған су, үйдің төбесінде орналасқан бакқа барады. Сол бактан құбырлар жүйесі арқылы қыздырылған су пәтердің әр бөлмелерінде орналасқан радиаторлаға барып, жылу береді де, қайта жылытуға жылытқыш пешке барады. Осылай кәдімгі су циркуляциясы – конвекция болады. Үлкен үйлерде бұдан да қиын технологиялар қолданылады. Ыстық су бір бөлмеде орналасқан жылытқыш пеш арқылы әр түрлі ғимараттарға беріледі. Суды ғимараттарға арнайы насостар арқылы береді. Солай жасанды конвекцияны қолданады. 4. Жылу берілу мен өсімдік әлемі. Ауаның төменгі қабаты мен топырақтың үстіңгі қабатындағы температура өсімдіктің дамуына үлкен әсер етеді. Мысалға қараңғы, жыртылған топырақ қатты жылиды да, өсімдік өскен жерге қарағанда тез суиды. Жердің төменгі ауа қабатының және топырақтың үстіңгі қабатында температураның өзгерістері жиі болып тұрады. Күндіз топырақ энергияны жұтады да, түнде керсінше салқындайды. Оның жылынуына және салқындауына өсімдіктердің тигізетін әсері бар. Топырақ пен ауаның жылу алмасуына ауа райының да әсері бар. Ашық, бұлтсыз түнде топырақ қатты суиды. Себебі топырақтан шыққын жылу ешқандай бөгетсіз кеңістікке кетеді. Көктемде мұндай түндерде топырақта таңазыту болу мүмкін. Егер ауа райы бұлтты болса, онда бұлттар Жерді жауып сәулелену арқылы топырақты энергия жоғалтудан қорғайды, өзіндік экран рөлін ойнайды. Тағы топырақтың температурасын жоғарлатуға арналған учаскелер ― жылыжайлар деп аталады. Олар түгелдей Күн сәулесін қолдануға арналған.Топырақ учаскесін шыны рамамен немесе жылтыр пленкамен қаптайды. Шыны көзге көрінетін күн сәулесін өткізеді де, қара топырақты жылытады және көзге көрінбейтін сәулелерді жібермейді. Сонымен қатар шыны немесе пленка конвекцияны болдырмайды. Осылай жылыжайлар энергияны ұстайтын қақпан болады. Жылыжайларда қоршалмаған жерлерге қарағанда температура 10°С көп болады. 5. Термос. Жоғары температурадағы дене мен төменгі температурадағы дене аралығында жылу берілу процесі болса, олардың температураларының теңелуіне әкеп соғады. Мысалға бөлмеге ыстық шәугімді алып келсе, ол суып қалады. Оның ішкі энергиясының бір бөлігі оны қоршап тұрған заттарға беріледі. Дене қызымау немесе суымау үшін оның жылу берілуін азайту керек. Сонымен қатар энергия жылу берілуінің үш түрімен де берілмеуі керек. Олар: жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену. Суды ыстық күйінде сақтау, тамақ немесе мұз бен балмұздақты еруден сақтап қалу үшін термос қолданылады. Термос екі қабатты шыны ыдыстан тұрады. Оның ішкі қабаты жалтыраған металдан тұрады. Ал ыдыстың қабаттарының арасынан ауа сорылып алынған. Ауа жоқ бос жер жылу өткізбейді, жалтырыған металмен жасалған себебі энергияның сәуле арқылы берілуін тоқтатады. Термос сынып қалмауы үшін оны пробкамен бітеп, аузын қақпақпен жауып, картон немесе металдан жасалған футлярға салып қояды.
Сонымен, конвекция да, жылу өткiзгiштiк те бөлшектердiң қозғалысы Арқылы жүзеге асады екен. Олай болса, Жердегi энергияның негiзгi Көзi–Күннiң жылуы Жерге қалай таралады? Жер мен Күннiң арасында Бөлшектер дерлiк жоқ орта –вакуум бар ғой. Бұндай жағдайда жылу Сәуле арқылы таралады. Күннен келетiн жарық ағымы өзiмен бiрге Жылу энергиясын да алып келедi. Электр шамы жарықпен бiрге жылуды Да бередi. Шамның iшiнде ауа жоқ болса да, одан шыққан сәуленiң жылуЫн сезiнемiз. Сәуле арқылы алынатын энергия жылытылатын заттың Түсiне байланысты. Қыста қардың үстiне бiрдей материалдан, бiрдей Пiшiндегi бiреуi–ақ, екiншiсi– қара материал жауып қойса, қара матаның Астындағы қардың көбiрек ерiгенiн көремiз. Демек, бетке түскен сәуле Энергиясы жұтылуы немесе одан шағылуы да мүмкiн екен. Терезенiң шыНысы Күннен келетiн сәуленi жақсы өткiзедi, бiрақ радиатордан шыққан Жылуды нашар өткiзедi. Жылыжайдағы (теплица) айналы қабырғалар мен Төбесiнiң мiндетi саған ендi түсiнiктi болған шығар!Конвекция, жылу өткiзгiштiк және сәуле шығару құбылыстарын Тұрмыста да, техникада да кең қолданады. 77-суретте үйлердi ыстық Сумен жылыту жүйесiнде қолданатын «қазанның» iшкi құрылысы Көрсетiлген. Ол жерде пайда болатын конвекцияны түсiндiрiп бер. 78-суретте радиатормен жылытылатын бөлменiң кескiнi көрсетiлген. Бөлмеде болып жатқан үдерiс туралы түсiнiктеме бер. Неге радиАторлар терезенiң астына орнатылған? 79-суретте сұйықтықтарды Алғашқы температурасында сақтайтын ыдыс – термос бейнеленген. Металл қабаттың iшiне қос қабатты шыны ыдыс орналастырылған. Шыны ыдыстардың арасында вакуум бар. Шыны ыдыстың iшкi бөлiгi Жұқа күмiспен қапталған. Бұндай ыдыстағы сұйықтықтың жылуы ұзақ Уақыт сақталады. Жылу берiлуiнiң үш түрi бойынша жылудың таралып Кетпеуiнiң себебiн түсiндiрiп бер.Демек, қажеттiлiкке орай жылуды жақсы өткiзу керек болса, конвек-Цияны жылдамдату шараларын қарастырып, жылуды жақсы өткiзетiн Материалдарды пайдалану керек екен. Үйде тамақ пiсiрiлетiн және шай Қайнатылатын ыдыстарды жылуды жақсы өткiзетiн материалдардан жасайДы. Бiрақ қайнаған шайдың жылуын ұзақ сақтау үшiн фарфор шәйнекке Демдеген мақұл. Ыстық шайды стаканмен iшсең, аузың күйiп қалады, ал Фарфор пиаламен iшсең, к үймейсiң. Себебi не?
Сәуле энергиясын пайдалануда да материалдарға, оның түсiне көңiл бөлiнедi. Жазда жылу сәулелерiн жақсы қайтаратын ақ түстi киiм кисек, қыста қара, көк түстi киiмдер киiледi.
Жылу алмасу аппараттары
Мұнай және газ өңдеу процестерінде аппараттарды қажетті температурамен қамтамасыз ету үшін жылуды енгізу немесе шығару қажет. Бұл үшін технологиялық қондырғыларда немесе жылуалмастыру аппараттары немесе жылуалмастырғыштар кеңінен қолданылады.
Жылу алмастырғыш — бір денеден екінші денеге жылу беретін құрылғы. Жылу алмастырғыш аппаратында әр түрлі жылу процестері өтеді: температура өзгеруі, булану, қайнау, еру, қоюлану және т.б. Мұндай аппараттар тамақ өнеркәсібінің көптеген салаларында қолданылады. Жұмыс атқару реті бойынша Жылу алмастырғыш беттік немесе араластырушы болып бөлінеді. Беттік аппараттарда жылу тасымалдағыштар қатты жылу өткізгіш қабаттармен (жылыту беттерімен) бөлінген. Араластырғыш жылу алмастырғыштарда жылу және масса алмасу процестері сұйық немесе газ тәріздес жылу тасымалдағыштардың араласуы арқылы өтеді. Жылу тасымалдау және өткізу орталарына су буы, ыстық су, май, арнайы тұздар ерітіндісі, кейбір органикалық сұйықтар, отын газдары жатады
Жылу алмасу аппараты деп жылынатын орта арасында жылу алмасуға арналған құралды айтады. Кейде оларды жылутасығыш деп атайды. Мұндай қажеттілік көптеген салаларда: энергетика,химия,металлургия, мұнай, тамақ өнеркəсібі сияқты бағыттарда туындайды. Жылу алмасу құралдарындағы жылулық процесстердің көптеген түрі болады: жылыту,суыту,буландыру, қайнату, конденсация,балқыту , қатыру тағы басқа күрделі процестер.
Жылу алмасу құралдары былай бөлінеді:
-қолданылу бойынша ысытатын,конденсторлар,суытқыш,буландырғыш,буды қайта түрлендіргішжəнет.б.
-жұмыс жасау принципі бойынша : беткейлік жəне Əр түрлі орталар арасында жылу алмасу процестер орындалатын қондырғылар жылу алмасу аппараттар (немесе қондырғылар) деп аталады.Жылу техникада барлық жылу алмасу процестер мен қондырғылар:
жоғарытемпературалы,орташатемпературалы, төмен температуралы
криогендіболыпбөлінеді.Жоғары температуралыларға жұмыс температурасы 700°С асатын процестер мен қондырғылар жатады (өндіріс пештер, қазан қондырғылар ).
Орташа температуралы процестер мен қондырғылардың жұмыстық температуралары 150°С – 700°С диапазонында жатады (булату, кептіру, ректификациялық аппараттар.
ал төмен температуралыларда −150°С тан +150°С дейін барады (жылыту жəне желдету қондырғылар, кондиционерлер, тоңазытқыш қондырғыларж.т.с.).
Криогендік процестер мен қондырғыларда жұмыстық температура – 150°С аспайды (ауаны,газ қоспаларын ажырату қондырғылар жəне т.с.)Соңғы жылдары Қазақстанда жылу алмасу процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында өзара әрекеттесуші фазалардың физико-химиялық қажеттерін мақсатты басқару үшін зерттеулер барысында алынған графикалық тәуелділіктер мен кестеге жинақталған мәліметтер өнеркәсіптің түрлі салаларында жылу алмасу процестерін жүзеге асыруда.
Жылу тасымалдағыш ретінде су, су буы, газдар, сұйық металдар, хладондар қолданылады. Жылу тасымалдағыштар жылу беру процесінде өздерінің агрегаттық күйін өзгертуі (қайнайтын сұйықтықтар, конденсацияланатын бу) немесе өзгертпей сақтауы (қайнамайтын сұйықтықтар, конденсацияланбайтын газдар) мүмкін. Бірінші жағдайда жылу тасымалдағыш температурасы өзгермейді, ал екіншісінде өзгереді (төмендейді немесе жоғарылайды). Ядролық реактордағы жылу тасымалдағыш – ядролар бөліну реакциясы нәтижесінде бөлінетін жылуды активті зонадан шығаратын сұйық немесе газ тәріздес заттар. Жылулық реакторларда кең тараған жылу тасымалдағыш: кәдімгі су мен ауыр су, су буы, газдар (сутек, көміртек диоксиді), органик. Сұйықтықтар. Шапшаң реакторларда жылу тасымалдағыш ретінде сұйық металдар мен газдар пайдаланылады.
5)Жылу процестерінің адам өміріндегі маңызы
Ғылымға әзірше белгілі Ғаламдағы бірден-бір тіршілік орны – Жер. Күн жүйесіндегі планеталардың ішінде тек Жерде ғана әртүрлі факторлар бір-бірімен таңғажайып үйлесімділік тауып, тіршіліктің дамуыНа жол ашты. Бір-бірімен керемет келісім тапқан мұндай факторларға Планетаның тиімді көлемі, оның тартылыс күші, өткір сәулелерден Қорғайтын озондық қабаты, бетін жапқан мұхит сулары, оттек пен Су буына қаныққан атмосфера қабаты жатады.Барлық тірі ағзаларға су керек, Жердегі тіршілік судан бастау алаДы. Ал Жердің Күннен өте тиімді арақашықтықта орналасуы салдарыНан оның беті мұхит суларымен, ауа қабаттарымен қоршалған. Су мен Ауа тіршілік үшін аса қажетті орта болып табылады. Жаратушының Жерді Күн төңірегінде орналастыру шеберлігі сондай – егер Күнге сәл Жақынырақ орналасқанда мұхит сулары буланып кетер еді. Сәл алысырақ Орналасқанда Жердің беті мұз бен тоңның құрсауында мәңгі қалар еді. Күн жүйесінің басқа денелерінде кездесетін мұндай қатігез жағдайлар, Тіршілік иелерінің бақытына қарай, Жер шарына тән емес. Алайда Жер шарында тірі ағзаларға қолайлы мұндай жағдай бірден Қалыптасқан жоқ. Жылулық процестердің өзгеруіне қарай Жер де, Оның бетіндегі тіршілік иелері де күрделі эволюциялық дамуды бастарыНан өткізді. Жылулық құбылыстардың өзгеруі тірі ағзалар мен өсімдік Әлемінде зор рөл атқаратынын Жердің қалыптасу және даму тарихы Айғақтайды.Бұдан 4,6–5 млрд жылдай бұрын пайда болған Күннен 150 млн км Қашықтықта орналасқан Жер әу баста температурасы жоғары балқыған Шар болатын. Бірте-бірте оның беткі қабаты суынып, жеңілірек тау Жыныстарынан тұратын жер қыртысын түзеді. Суыну барысында жер Қойнауынан бөлініп шыққан газдар мен су буынан атмосфера қабаты Пайда болды.Жердің жасы жуық шамамен 4,6 млрд жыл деп есептеледі. Оның Бетінде бұдан 3,8 млрд жыл бұрын пайда болған бактериялардың іздері Гренландияның тау жынысында кездеседі. Алайда тіршіліктің күрделі Ағзаларын туғызуға миллиардтаған жылдар қажет болды. Тек берідеҒана, яғни бұдан 550 млн жыл шамасында Жер бетінде өсімдіктер мен Тіршілік иелерінің алуан түрлерінің пайда бола бастағанын олардың «тас кітаптарда» қалдырған белгілері айғақтайды.Күрделі тірі ағзалардың көптеген түрлерін өмірге әкелген бұл Кезеңді биологияда «кембриялық жарылыс» деп атайды. Геологияда Бұл дәуір кембриялық дәуір деп аталады. Міне, осы дәуірде қазіргі тірі Ағзалардың бастаулары болып табылатын барлық түрлері пайда болДы. Алайда жануарлар дүниесі де, өсімдіктер дүниесі де содан бері бес Алапат апаттарды бастан кешірді. Бұдан 65,5 млн жыл бұрын орын алған апаттан кейін Жер Бетінде қалыптасқан жылулық-климаттық өзгерістер тірі ағзалардың Ең жоғары дамыған түрі саналы адамзат ұрпағын дүниеге келтірді. Осы кезеңде қартайып шөге бастаған кәрі таулардың (мысалы, Еуразиядағы Орал және Арқа тауларының сілемі) орнына жас Таулардың (мысалы, Альпі, Кавказ және Гималай таулар сілемі) Биіктеп көтеріле бастауы барлық өңірдің ауа райын үлкен өзгерістерге Ұшыратты. Африканың оңтүстігі мен шығысындағы тропикалық ну Орман шегініп, оның орнын шүйгін шөпті саванналар басты. Сөйтіп, Ағаш басындағы жемістермен қоректенетін маймылдар да тамақ Іздеп, ойдым-ойдым сиреген ағаштардан жерге түсуге мәжбүр болды. Бойын тіктеп, екі аяғымен жүруді үйреніп, жеміс-жидектерді көптеп Жинауға екі қолын да босатып, еңбекпен тамақ табуға дағдылана Бастаған дала маймылдары «тамағы тоқ, жұмысы жоқ» орман Маймылдарынан ерекшеленіп, эволюция баспалдағымен тез дами Бастайды. Біздің жыл санауымыздан бұрын 4 млн жыл шамасынДа Африка жазығында тік жүруді үйренген осындай маймылдарды
Австралопитек деп атайды.Осылайша, австралопитектер-Дің эволюциялық дамуы барысында 2 млн жыл өткеннен кейін от жаҒу мен қару-жарақ жасауды үйренген ғылымда «неандерталь адамдаРы» деп аталатын жаңа популяция (ұрпақ) дүниеге келді.Жылулық құбылыстардың өзгеруіне байланысты Жер бетінің Көп бөлігін мұз басатын кезеңі де, ал кейін мұздардың да көп бөлігі Еріп, қайта жылынатын кезеңі де тарихтан белгілі. Соңғы үлкен мұз баСу кезеңі бұдан бұрын 120 000–10 000 жылдар аралықтарында болды. Бұл кезеңде қазіргі Сібір аймағының қар мен мұз басқан апайтөс кең Жазығын жүндес келген піл тектес мамонттар жайлайтын Кейінгі 10 000 жылдықта, кіші мұзды периодты (1450–1850 жылДардағы Еуропаның солтүстік бөлігінің суынуын) есептемегенде, Жер Шары жылыну кезеңін бастан кешіріп келеді. Осының салдарынан мұз Алқаптары Жердің салқын оңтүстік және солтүстік полюстеріне дейін Шегініп, экваторға жақын орталық белдеулерде орташа температурасы 20 градус болатын жылы аймақ қалыптасты. Адамдардың қарекеті салдарынан әсіресе органикалық отындардың Жануы барысында атмосферада да, су мен жер бетінде зиянды қоспаларМен улы заттар көбейе түсуде. Солардың бірі – атмосферадағы көмір-Қышқыл газы (СО2). Атмосферадағы көмірқышқыл газы жылыжайДың төбесі мен қабырғасын жапқан мөлдір жарғақтың рөлін атқарады. Көмірқышқыл газы да жарғақ сияқты жылу энергиясын жинақтай Алады. Егер көмірқышқыл газының атмосферадағы мөлшері өсе Беретін болса, онда бүкіл Жер шары жылыжайға ұқсап температураСын жоғарылата беретін болады. Жер тарихында өсімдіктер мен жан-Жануарлар әлемін орасан апаттарға әкелген осындай жылыжайлық эфФект жанартаулардың мөлшерден тыс атқылаулары салдарынан орынАлған еді. Ендігі жерде адамзаттың көмірқышқыл газын мөлшерден Тыс атмосфераға шығаруы салдарынан орын алайын деп отыр. Планетамыздағы жылу құбылыстарының өзгеруіне байланысты Туындайтын апаттардың қатері қазірдің өзінде Жер шарында байқала Бастады. Оның басты себебі дамыған және дамушы елдердің атмосфераға Көмірқышқыл газын аса көп мөлшерде таратуынан болып отыр. 2009 Жылғы мәлімет бойынша Қазақстанның өндіріс ошақтарының ауаға Таратқан ластағыш заттарының мөлшері 3,4 миллион тоннаны құраған. АҚШ көмірқышқыл газына шаққанда жыл сайын ауаға 7 миллиардтан Астам тонна зиянды заттар шығарады. Ал бір ғана Пекиннің өзінде тек Автомашиналардың жыл сайын шығаратын зиянды газдары жарты милЛион тоннадан асып жығылады.Ауаны ластаудағы еліміздің үлесі бір пайыздан аспаса да, Қазақстан 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда өз есебінен улы газдарды 15 Пайызға, ал халықаралық көмек болған жағдайда 25 пайызға қысқартуды Мақсат етіп отыр. Алға қойылған мақсаттардың ішінде жер бетін көГалдандыру, ормандарды қорғау, ағаштарды (олардың ішінде жеміс Ағаштарын) көптеп отырғызу көзделген. Өйткені жасыл желектердің Бәрі де көмірқышқыл газын жұтып, оттек шығаратын «планетаның Өкпесі» болып табылады. Мысалы: 1 гектар тоғай ашық күні 120–280 кг Көмірқышқыл газын жұтып, 180–200 кг оттек газын шығарады. ОртаШа бір ағаш 3 адамның демалуына қажетті оттекті өндіреді. 1 гектарға Орналасқан қылқанжапырақты ағаштарда жыл сайын ауадағы 40 тонНа шаң, ал жапырақты ағаштарда 100 тонна шаң тұтылады. Өкінішке Қарай, қазіргі жағдай өзгеріссіз сақталатын болса, онда Жер бетіндегі жаСыл желек 40 жылда жойылып кетеді екен. Міне, сондықтан, қымбатты Оқушылар, Жер-ананың сүйікті табиғи келбетін сақтауға сендер де өмір Бойы атсалысуларың керек.Осы жолда Ұлы Дала елінің жасап жатқан ізгі қадамдары әр Қазақстандықтардың бойында мақтаныш сезімін оятады. Сондай ізгі Жұмыстардың бірі – еліміздің «Болашақтың энергиясы» тақырыбын Таңдап алып, Халықаралық ЕХРО–2017 көрмесін Астанада аса жоғары Деңгейде өткізуі еді. Бұл көрме Жер-ананы экологиялық апаттан сақ-Тайтын ең ізгі мақсатқа қол жеткізуге, яғни көмірқышқыл газын ауаға Шығармайтын энергияның балама көздерін табуға арналған. Экологиялық Таза ондай көздерге соққан жел мен Күн сәулелерінен алынатын энергияЛар жатады. Міне, осындай таусылмайтын қайталамалы энергия көздері Есебінен елімізде өндірілетін энергияның үлесі 2050 жылға қарай қазіргі 0,4 пайыздан 50 пайызға дейін жеткізілетін болады. Қайталамалы энерГия көздерін пайдаланған жағдайда Қазақстан өнеркәсібінің жыл сайын Ауаға тарататын көмірқышқыл магазын 2,5 миллион тоннаға дейін азайТуға болады. Жоспарлаған межеге жету үшін елімізде жел электр станСылары (ЖЭС) мен күн электр стансыларын (КЭС) салу жұмыстары Қарқынды жүргізіле бастады. Бірінші кезектегі қуаты 1 500 кВт болаТын ең алғашқы ЖЭС Жамбыл облысының Қордай асуында 2011 жылы Салынды .Қордай ЖЭС-іне 2014 жылы 9 жел генераторы Қосылып, оның жалпы қуаты 9 МВт-қа жеткізілді. Оның үстіне қуаты 41 МВт болатын 2-Қордай ЖЭС-і де салынып, ток беруге дайын тұр. СоНымен қатар 2013 жылы қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-нің Алғашқы қазығы қағылып жұмыс істей бастады. 2013 жылы Алматы облысында қуаты 2 МВт болатын Қапшағай Күн электр стансысы іске қосылды (сурет 1.12, ә). Бұл стансыда күн Панельдерінің бетін көк аспанда қозғалған Күнге ілестіре бұрып отыратын Технология қолданылды. Күннің сәулелік энергиясын электр энергияСына айналдыруда кремний элементі негізгі материал болып табылады. Қазақстан – бұл элементке де бай ел. Оны шығаратын зауыт Қарағандыда 2017 жылы іске қосылып, өнім бере бастады.Күн және жел энергиялары стансыларын салуда жергілікті өнімдер мен Материалдарға негізделіп шығарылған жабдықтарды пайдалану бірінші Орында тұр. Солармен қатар отандық ғалымдардың өнертапқыштық Әлеуетіне, шығармашылық күш-қуатына арқа сүйеу көзделеді. Бұл өз Кезегінде терең білім мен біліктілікке сүйенген ғылыми-техникалық Және технологиялық зерттеулерді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |