Тақырыбы: Жылу алмасу. Табиғаттағы және техникадағы жылу алмасу



жүктеу 77,5 Kb.
бет2/4
Дата03.02.2022
өлшемі77,5 Kb.
#35441
1   2   3   4
Ғылыми жоба.Жылуалмасу

Пікір жазған: Физика-Математика

мамандығының 3-курс

студенті Құлымбет Гаухар.

Аннотация

Явления теплопередачи, включая теплообмен, являются очень важным процессом для живых организмов. Теплообменники радикально меняют жизнь людей. Благодаря этому проекту студенты узнают больше о теплообмене.



Автор:Студентка 3-курс педагогического факультета математики и физики Кулымбет Гаухар

Мазмұны:

Кіріспе ……………………………………………………….

1)Жылу алмасу……………………………………………..

2)Жылу алмасу түрлері………………………………..

Негізгі бөлім


  1. Табиғаттағы жылу алмасу……………………………………………

  2. Техникадағы жылу алмасу………………………………………….

  3. Жылу алмасу аппараттары………………………………………….

  4. Жылу процестерінің адам өміріндегі маңызы…………..

  5. Жылу үрдістері…………………………………………………………….

Қорытынды……………………………………..

Пайдаланылған әдебиеттер……………..



Кіріспе

Жылу отын, көмiр, газ, мұнай өнiмдерiн жағу арқылы пайда болатыны саған белгiлi. Бiрақ жылудың негiзгi көзi –Күн. Жер бетiне түскен Күн нұры оны жылытады, одан жылу атмосфераның төменгi қабаттарына өтедi және ауа жылиды. Көмiр, газ және мұнай да –Жерге ғасырлар бойы түскен Күн нұры энергиясының өнiмi. Тiптi бiз пайдаланатын жел энергиясы да Күннен пайда болады.Сонымен, жылу дегенде ненi түсiнемiз? Алғашқыда жылуды да зат деп санаған. Мысалы, газ жанғанда одан жылу суға өтедi. Соның нәтижесiнде Су ыстық болады. Кейiн қайнаған суды газдан алып қойсақ, одан жылу шығып ауаға өтедi т.с.с. Осыған орай арнайы «жылу мөлшерi» деген физикалық шама енгiзiлген. Мынадай тәжiрибе өткiзейiк. Қыста екi кесек мұзды қалың қолғаппен ұстап (қолдың жылуы мұзға өтпеуi үшiн), олар-Ды бiр-бiрiне үйкейiк. Сонда мұз ерiп, су тамшылай бастайды. Мұзды ерiтетiн жылу қайдан берiлдi? Ертеде адамдар екi ағашты бiр-бiрiне үйкеп (ысқылап) отты алған. Темiрдi дианикалық энергия жылу энергиясына айналады. Осыған ұқсас денелердiң қызуын сен тұрмыста көп кездестiресiң. Олар жайлы есiңе түсiр. Мiне, осындай тәжiрибелер жылу да  –  энергияның бiр түрi деген қорытынды жасатты. Бiз бiлетiн потенциалдық және кинетикалық энергияның қайсысы жылу энергиясына сай келедi? Екеуi де ме? Заттар майда бөлшектерден құралған және олар үздiксiз қозғалыста болады. Бақылаулар егер заттар қыздырылса,бөлшектердiң қозғалысы жылдамдайтынын көрсеттi. Бұдан жылу –сол затты құраған бөлшектердiң кинетикалық энергиясы деген қорытынды шығарамыз.Заттардың немесе денелердiң қыздырылу дәрежесiн өрнектейтiн шаманы температура дейдi.Мұзды ерiту үдерiсiндегi бақылаулар еру кезiнде оның температурасы өзгермейтiнiн көрсеттi. Демек, бұл кезде оған берiлген жылу мұздың түзiлiсiн бұзуға кетедi. Демек, заттың жылуын iшiнара молекулалар арасындағы потенциалдық энергия да белгiлейдi. Сонымен жылу да энергияның бiр түрi болып есептеледi. Ол басқа энергиялар сияқты бiр түрден екiншi түрге айналуы мүмкiн. Жылу мөлшерi де басқа энергия мен жұмыс сияқты Джоульмен өлшенедi.

ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ФАРАБИ,БЕРУНИ ЖӘНЕ ИБН СИНАЛАРДЫҢ ПIКIРЛЕРI

Жылу құбылыстарының табиғаты туралы ұлы ғұламаларымыз Әбу Насыр әл-Фараби, әл-Беруни және Ибн Синалар өз еңбектерiнде түсiнiк берген. Соның iшiнде Фарабидiң пiкiрi бойынша, әрбiр дененiң температурасының жоғары немесе төмен болуы сол дененi құраған бөлшектердiң қозғалысына тәуелдi. Ибн Сина да Фараби сияқты конвеквия құбылысын былайша түсiндiредi: қызған денелердiң көлемi ұлғаюы нәтижесiнде тығыздығы азайып, жоғарыға ұмтылады (Архимед күшiнiң әсерiмен), ал суыған кезде көлемi кiшiрейiп, тығыздығы артып, төменге түседi.Денелердiң жылудан ұлғайып, суықтан кiшiреюiнде судың ерекше қасиетке ие екенiне Беруни көңiл бөлген. Бұл жайлы Берунидiң Ибн Синаға жазған сауалын келтiрейiк: «Егер денелер жылудан ұлғайып, суықтан кiшiрейсе, тарылса және басқа ыдыстардың сынуы оның iшiндегi заттардың кеңеюiнен болса да, нелiктен iшiндегi су мұздап қалған ыдыс жарылады, сынады? Неге мұз судың бетiнде болады, ол суық болғандықтан қатады дейiк, бiрақ Жер табиғатына жақын ғой?». Ибн Сина Берунидiң бұл сұрағына: «Cу мұздаған уақытта суда ауа бөлiктерi қамалып, мұзды судың түбiне шөгуден сақтайды»,–деп жауап қайтарады. Беруни Ибн Синаның жауабына қарсылық бiлдiрiп: «Егер көзе iшкi жағына қарай сынса, онда айтылғандар дұрыс болар едi. Мен ыдыстың сыртқа қарай сынғанын бақыладым»,–дейдi. Ибн Сина жауабындағы анықталмаған нәрселердi кейiннен «Қурозаи таббиёт» шығармасында толықтырып, түзетедi.Бұрынғы тақырыпта бiз жылудың сәуле арқылы таралатынын, оны қабылдау бет пен оның түсiне байланысты екенiн айттық. Сәуле арқылы алынатын энергия бетке сәуленiң тiк немесе көлбеу түсетiнiне байланысты. Соған орай Беруни мен Ибн Сина Жерде климаттың өзгеруi Күн нұрының Жерге түсу бұрышының өзгеруiнен болады деп дұрыс Күн нұрының Жерге түсу бұрышының өзгеруiнен болады деп дұрыс түсiндiредi.Ибн Синаның ойынша, табиғатта жылудыңда, суықтыңда табиғи және жасанды көздерi бар. «Жылудың сыртқы себебi үшеу. Бiрiншiсi, ыстық дененiң суық денеге жақындығы. Мысалы, от суды жылытады. Екiншiсi, қозғалыс пен үйкелiс. Мысалы, суды шайқасақ жылиды, тасты тасқа үйкесең ысиды, от шығады. Үшiншiсi, сәулеленген әрбiр дене сәулеленбеген денеге қарағанда жылы болады», –дейдi ол. Бұл жерде жылудың сәуле шығару жолымен таралатыны жайлы айтылады.Ғұламалар жылудың әсерiнен су булары жоғарыға көтерiлiп, бұлтқа айналып, олардан төмен температурада қар, жаңбыр, нөсер пайда болатыны жайлы да жазып қалдырып түсiндiредi.Ибн Синаның ойынша, табиғатта жылудыңда, суықтыңда табиғи және жасанды көздерi бар. «Жылудың сыртқы себебi үшеу. Бiрiншiсi, ыстық дененiң суық денеге жақындығы. Мысалы, от суды жылытады. Екiншiсi, қозғалыс пен үйкелiс. Мысалы, суды шайқасақ –жылиды, тасты тасқа үйкесең–ысиды, от шығады. Үшiншiсi, сәулеленген әрбiр дене сәулеленбеген денеге қарағанда жылы болады», –дейдi ол. Бұл жерде жылудың сәуле шығару жолымен таралатыны жайлы айтылады.Ғұламалар жылудың әсерiнен су булары жоғарыға көтерiлiп, бұлтқа айналып, олардан төмен температурада қар, жаңбыр, нөсер пайда болатыны жайлы да жазып қалдырған.



ЖЫЛУ БЕРІЛУДІҢ ТҮРЛЕРІ. ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК

Жылу берілудің үш түрі бар: жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару.Жылу берілудің әр түрінің өзіне тән ерекшеліктері бар, бірақ жылу берілу олардың әрқайсысында әрдайым бір бағытта: көбірек қыздырылган денеден азырақ қыздырылган денеге қарай жүреді. Мұнда көбірек қыздырылған дененің ішкі энергиясы кемиді, ал суығырақ дененің ішкі энергиясы артады.Ішкі энергия тек қана тікелей бір денеден басқа денеге, мысалы, ыстық судан оған салынған суық қасыққа ғана емес, сонымен қатар аралық денелер арқылы да беріле алады. Мысалы, шәугімнің қабырғасы арқылы ішкі энергияның бір бөлігі ыстық электр пештен суға беріледі; жылу жүйесінің металл құбырлары аркылы жылу бөлмедегі ауаға беріледі және т.б.Ішкі энергия бір дененің көбірек қызған бөлігінен, оның азырақызған басқа бөлігіне де беріле алады.Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады.Қатты денедегі бөлшектер әрдайым тербелмелі қозғалыста болады, бірақ өзінің тепе-теңдік күйін өзгертпейді. Денені қыздырғанда температураның артуына байланысты молекулалар күштірек тербеле бастайды, өйткені олардың потенциалдық және кинетикалық энергиясы артады. Артық энергияның бұл бөліктері бртіндеп бір бөлшектен екіншісіне, яғни дененің бір бөлігінен икөрші бөліктеріне беріледі. Қатты денелердің барлығы түрліше энергия береді.



КОНВЕКЦИЯ

Конвективті жылуалмасу – біркелкі жылытылмаған сұйық, газ тәрізді немесе су сымалы ортада жүретін жылу тасымалы процесі. Бұл процесс ьерілген ортаның қозғалысы және оның жылуөткізгіштігі арқасында жүргізіледі. Екі фазаның шекаралық бөлігінде жүретін конвективті жылуалмасу конвективті жылу беру деп аталады.Конвективті жылуалмасу ортаның физикалық қасиеттерінен тәуелді және оның қозғалыс түрінен тәуелді.Конвективті жылуалмасу табиғи (еркін) конвекция және еріксіз конвекция болып бөлінеді.Табиғи конвекция – бірқалыпты қыздырылмаған, сондықтан мда тығыздығы бойынша біркелкі емес ортаға тек ауырлық күші әсерімен жүреді.Еріксіз конвекция деп егер ортаның қозғалысы сорап, желдеткіш, араластырғыш көмегімен жүретін процесті айтады.Егер ортаның агрегаттық күйі бір түрден екінші түрге ауысса, онда осы кезде болатын конвективті жылуалмасу агрегаттық күйі өзгеретін конвективті жылуалмасу деп аталады. Конвекивті жылуалмасу әртүрлі жылуалмастырғыштар да және жылукүштік қоңдырғыларда жүреді.Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш — Архимед күші әрекет етеді.100°С-тағы 1 м3 судың массасы 0°С-тағы 1 м3 судың массасынан 42 кг кем болады.Шәугімдегі су осы себептен тез қайнайды. Судың төменгі қабаты қызғанда — ұлғайып жеңілдейді, содан соң жылы ауа жоғары көтеріледі, ал олардың орнын суық су толтырады.Неліктен орталық жылу батареялары еденге жақын орнатылып, ал желдеткіштерді терезенің жоғарғы жағына жасайды. Егер бәрі керісінше болса, онда біздің батареямыз үйді жылытпай, ашық желдеткішіміз бөлмені желдетпеген болар еді. Ыстық батареяның қыздыруынан бөлменің төменгі қабатындағы ауа жыли бастайды. Ол үлғайып, жеңілдеп, Архимед күшінің әрекетінен жоғары қарай көтеріледі. Оның орнына суық ауаның ауырлау қабаты келеді. Олар да жылып, жоғарылайды. Жылыған ауа төменнен жоғары, суық ауа жоғарыдан төмен қарай жылжып,үздіксіз ауа ағыны пайда болады.100°С-тағы 1м3 ауаның массасы 0°С-тағы 1 м3 ауаның массасынан 1,4 есе аз.Желдеткішті ашып, біз бөлмеге суық ауа ағынын жібереміз.Ол бөлмедегі ауаға қарағанда ауырлау, сондықтан жылы ауаны жоғары ығыстырып, желдеткішке апарады.Біз қарастырған жағдайларда, жылу берілудің конвекция (латын сөзінен «араласу» дегенді білдіреді) деп аталатын түрін бақыладық.Конвекция дегеніміз — сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.Сонымен, сұйықтар мен газдарда, жылуөткізгіштіктен басқа, жылу берілу көбіне конвекциямен, яғни сұйықтың немесе газдың жылытылған бөліктерінің механикалық орын ауыстыруымен жүзеге асырылады.Қатты денелерде және вакуумда конвекция болмайды.Аса жоғары немесе өте төмен температурадағы сұйықтар (немесе газдар) қатты қабырғалармен жанасқанда, конвекциялық ағыс пайда болады. Бұдан сұйық (немесе газ) қыза отырып, жоғары көтеріледі де, салқындарын төменге ығыстырады.Атмосферадағы конвекциялық ағын тек жылу берілуде ғана үлкен рөл атқарып қоймай, сонымен қатар жел тұрғызады. Олар ауаның үнемі араласуын тудырады, соның арқасында жер бетінің әр түрлі бөліктерінде ауаның құрамы бірдей болады.Тұрмыста және техникада кеңінен қолданылатын табиғи конвекция жеткіліксіз болғанда, еріксіз конвекцияны пайдаланады. Мысалы, ауаның немесе газдың жылдам және біркелкі жылуы үшін оларды сорғымен немесе араластырғышпен араластырады. Салмақсыздық жағдайында табиғи конвекция мүмкін емес. Сондықтан ғарышқа ұшу барысында, еріксіз конвекциянын Көмегінсіз жасанды серіктің корпусы салқындамайды, шам жанбайды. Онда шырпыны, газ жанарғысын пайдалануға болмайды, өйткені жану өнімдері жалыннан алыстатылмайды және ол оттектің жетіспеушілігінен өшіп қалады.

СӘУЛЕЛЕНУ


жүктеу 77,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау