Тақырыбы: Жаңа технологияларды қолдану арқылы жеке шығармашылық тұлға тәрбиелеу.
Мақсаты: Жаңа технологиялық тәсілдерді оқу үрдісіне енгізу
мақсатында мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуды
ұйымдастыру, шығармашылықтарын дамытуға үлес қосу.
Қазақстан Республикасында өмір сүріп отырған әрбір азамат еліміздің келешегі. Сондықтан да қазіргі ұрпақ барлық істе сауатты,
өз-өзіне сенімді, өздігінен әрекет етуге қабілетті, жауапкершілігі мол азамат болуға тиісті.
Олай болса, бүгінгі таңда оқытушыға қоғамдағы ең үлкен міндет жүктеліп отыр.
Білімді де тәрбиелі ұрпақ- мемлекет болашағы бәсекеге қабілетті қоғамның бетке ұстар айнасы. Қазіргі кездегі біз егелік етіп отырған ғасыр- білім, ғылым, сапа ғасыры. Осы үшеуі элитарлық білім беру негізін қалайды.
Педагогикада оқушының танымдық әрекеттерін дамытудың тиімді репродуктивті, продуктивті жолдары бары белгілі. Бұндағы оқушының шығармашылық қабілетін қажет ететін немесе берілген нұсқау бойынша орындалатын іс-әрекетін репродуктивті танымдық әрекет деп атайды. Ал оқушының өз бетінше ізденістері нәтижесінде іске асатын іс-әрекеттері продуктивті танымды әрекеттер болып бөлінеді. Осы танымдық іс- әрекеттер нәтижесінде игерілген білімді зерттеулер конструктивті және шығармашылық болып екі деңгейге бөлінеді. Яғни оқушының стандарттан өзге проблемаларға алған білімін қолдана білуі конструктивті қабілет деңгейі делінсе, өз бетімен мақсатты іздене отырып, нәтижеге жету үшін әдіс- тәсілдерді тауып, зерттеп қорытындылай алуымен сипатталады.
Қазіргі білім бағдарламаларының басты талаптары жеке тұлға қалыптастыру болып саналады. Оқушы бойындағы табиғи қабілеттерді зерделеп дамыту үшін мұғалім алдына мынадай міндеттер қоя алады:
- оқушының логикалық ойлау дағдысын жетілдіру;
-оқушынының шығармашылық іскерлігі арқылы таным зеректігін дамыту;
-оқушының ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
- оқушымен қарым-қатынасты жүйелі орната отырып оқушының жетістігін әділ бағалай білу.
Осыған сәйкес мұғалім оқушыны неге, қандай мәселеге жетелеу керектігін біліп, өздігінен тұжырымдай отырып, қорытынды жасай білуге үйрету, іс-әрекет дағдысын меңгерту керек. Оқушы бойындағы өзі ескере білмейтін қабілеттерінің жарық көруіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде мұғалімдердің басшылығымен жүзеге асады.
Осындай мүмкіндіктерді ескере отырып, өзім сабақ беретін сыныптардың ішінен шығармашылық жұмыс істей алатын, соған ұмтылысы бар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту қажеттілігі туындады. Осы көзделген міндетті, мақсатты орындауда төмендегідей танымды жүйені ұстанамын.
Жеке тұлға
Мұғалім оқушының өз бетінше жұмыс атқарып, шығармашылық дербестік таныта білуіне мүмкіндіктер туғызып, іскерлік қабілетін жан- жақты дамыту үшін пәнге деген қызығушылық зейінін арттыру, өзін-өзі бағалауға әрекет жасауын ұйымдастыруы қажет. Қабілетті тұлға қалыптастыру барысында, оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуде, дағды қалыптастыруда төмендегідей жүйеге көңіл бөлу керек.
Оқушының жеке қабілеті мен дағдысын қалыптастыуда шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Танымдық таңдау-ақпараттану-зерделеу.
Зерттеу-Сараптау- салыстыру
Ойлау қабілеті-тұжырымдау-шығармашылық жоба.
Бұнда оқушының жеке қабілет дағдысының сәйкестік байланысы, өз бетінше жұмыс жасау қабілетінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді.
Жаңа заман талабына сай білім беру- бүгінгі таңда өзекті мәселе. Ендеше шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология қажет.
Педагогикалық технология дегеніміз не?
Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, педагогикалық жүйе технология негізі.
Технологиялардың ең тиімдісін үйреніп, практикада қолдану біліктілігімізді арттыра түседі деп ойлаймын.
Аталған мәселелерді шешетін технологиялардың бірі – «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» (ҮӘЖ) педагогикалық технологиясы.
Бұл педагогикалық технологиялардың талабы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үрдісі үш кезеңнен немесе екі бөлімнен тұрады: синетикалық және нәтижеге бағытталған бөлімдер.
Өз тәжірибемде профессор Ж.А.Қараевтың оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесін» пайдаланып жүрмін. Ж.А.Қараевтың деңгейлік тапсырмалар бойынша «Оқытудың педагогикалық әдістемелері» атты еңбегінде оқыту әдісі былайша тұжырымдалады.
Оқушының оқулық деңгейінде дұрыс білімін қалыптастыруы, эвристикалық деңгейде ізденушілікке білігін қалыптастыруы, шығармашылық деңгейде шығармашылық біліктілігін қалыптастыруы болып табылады.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушылардың біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған жұмыстар беру арқылы дамыту.
Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды, сенеді, оқушылардың қабілеті арқылы біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Сондықтан оқушылар өз бетімен жұмыс іздеп, білімін тереңдету үшін оларды іздендіру керек.
1- деңгейлік тапсырмалар білімнің ең төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болады.
2- деңгейлік тапсырмалар түрленіп, күрделене түседі. Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге тапсырмалар беріледі.
3- деңгейлік тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
4- деңгейлік тапсырмалар дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады.
Деңгейлік тапсырмаларда сабақтың мазмұны мен сапасы артады, оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, өз-өзіне баға береді, жаңалыққа ұмтылады.
Бұл технологияны сабақта қолдану барысында мынадай тиімді жақтарын байқадым. (слайд)
Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Жеке-дара қабілеттері айқындалады.
Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады.
Даму маниторингі айқын көрініп отырады.
Сабаққа деген қызығушылығы және шығармашылық қабілеті артады.
«Үшөлшемдік әдістемелік жүйе» технологиясын сыныптарымда технология пәні бойынша әр тарауда қолданамын. Мысалы: ас әзірлеу, көкөніс пен жеміс түрлерінен салат жасау технологиясы, сәндік-қолданбалы өнер т.б. сабақтарын да және үйірме сабақтарын айта кетуге болады.
Үйірме сабағындағы «Жүннен бұйым жасаудың жаңа технологиясы» тақырыбында өтілген сабақта оқушыларға жүн және жүннің түрлеріне мағлұмат берілді, жүннің қасиеттері, жүн өңдеу, жүнді бояу, киіз басу технологияларына тоқталып, жүннен бұйым жасаудың жаңа технологиясы практика жүзінде көрсетілді. Нәтижесінде оқушылар табиғи жүнмен табаққа төсеніш, сәукеле, жүн қалдықтарынан моншақ және Қазақ хандығының -550 жылдығына арнап киіз басу технологиясымен әсем картина жасалды.
Қорытынды.
Ұстаздық- ұлы ұғым, сондықтан ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпай, бойымымыздағы білімімізді, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру -міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |