Тақырыбы: Қант диабеті, әсер етуші факторлар, алдын алу шаралары Жоспары



жүктеу 21,75 Kb.
бет2/2
Дата26.01.2022
өлшемі21,75 Kb.
#35113
1   2
ден нығ 12 такырып

Клиникалық көрінісі

Қант диабетінің бірінші түріне жедел басталу және метаболикалық бұзылыстардың өршуі тән. Кей жағдайда ауру бірден диабетикалық кома және ауыр ацидозбен көрініс береді.

Балалар мен жасөспірімдерде ауру манифестациясы кетоацидозбен бірге жүреді. Жиырма бес жастан асқан адамдарда қант диабетінің дамуы ашқарынға шамалы гипергликемия байқалады, егер инфекция түскен немесе стресс жағдайда гиперликемия кетоацидозға ауысады.

Басты белгілері:



  • ауыздың құрғауы, шөлдеу (бүйрек арқылы шамадан тыс сұйықтық бөлінуіне байланысты сусыздануына, сонымен қатар қанда глюкоза, мочевина, натрийдің жоғарлауы)

  • полиурия (осмотикалық диурез нәтижесінде)

  • тәбеттің жоғарлауы, салмақ жоғалту (липолиз процесінің жоғарылауы, зәрмен глюкоза шығарылуы)

  • әлсіздік

  • терінің қышуы, инфекциялық ауруға шалдығудың жоғарлауы( фурункулез және остеофолликулит дамуы мүмкін, терінің және шырышты қабаттардың, тырнақтың саңырауқұлақтармен зақымдалуы, туберкулез, жедел респираторлы аурулар, ағымы ұзақ пневмония)

  • либидо және потенция төмендеуі

  • көздің көруінің нашарлауы ( көз бұршағының ісінуі және гипергликемиямен шақырылған аккомодация  әлсіздігі)

  • пародонтоз, тіс жегісінің үдеуі, гингивит т.б.

Тексеріс барысында гипергликемия және глюкозурияны анықтайды.  Айқын декомпенсация сатысында терінің, еріннің, тілдің құрғауы, теріасты шелмай қабатының тургорының төмендеуі, бет терісініңнәтжесінде диабеттік рубеоз дамиды.

Қант диабетінің ұзақ және нашар компенсация сатысында дамиды:



  • өкшенің трофикалық жарасы

  • остеопороз, диабеттік остеоартропатия

  • асқазанның ішек және ұйқы безінің сыртқы секрециясының жұмысының төмендеуі

  • дибеттік перифериялық және автономды нейропатия

  • диабеттік ретинопатия

  • диабеттік нефропатия

  • жас әйелдерде фертильдік төмендеуі

  • бой өсуінің бұзылысы және балалардың физикалық өсуінің төмендеуі (Мориак синдромы)

Қант диабетінің жедел асқынулары  диабеттік кетоацидоз, гиперосмолярлы және лактоацидозды кома. Қант диабеті кезінде көп жағдайда ЖИА және АГ диагностикаланады. Миокард инфарктісі (ауырсынусыз түрі) қант диабетімен ауыратын науқастардың жартысының өлім себебі болады.
жүктеу 21,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау