Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі



жүктеу 1,02 Mb.
бет1/5
Дата20.02.2018
өлшемі1,02 Mb.
#10273
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31/03-2011


__________2011 жылғы

№ 2 басылым



57 беттің -шісі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31.03.2013.

«Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары ПОӘК-і

_______2014 жылғы

№ 2 басылым

5В10800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған

«Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ 2015


Мазмұны

1 Дәрістер

2 Тәжірибелік және лабораториялық сабақтар

3СӨЖ


Базалық оқулықпен жұмыс.

Тапсырмаларды орындау мен тапсырудың кестесіне сай студент әр тақырып бойынша материалды берілген базалық оқулықтан оқып, қысқаша конспект жасайды. Аудиториялық сабақтарда бұл материал оқытушымен бірлесе талданады. Оқытушы конспектіні тексереді. Оқулық мәтінімен жұмыс істеудің мынадай тәсілдері бар:

көз жүгіртіп оқу;

мән беріп оқу;

түсініктеме бере отырып оқу.
2. Тестілеу.

Тест тапсырмаларын орындау – ағымдық бақылаудағы білімді тексерудің жазбаша түрі. 7, 14 –апталарында өтілген тақырыптар бойынша жүргізіледі. Тест тапсырмалары теориялық сұрақтан тұрады және әр жауаптың 5 нұсқасы болады. Тест тапсырмаларын тестілеудің алдында оқытушы береді. Тест тапсырмаларын бағалау талаптары:

тестілеудің сандық нәтижесі;

тестілеу жұмысында түзету болмау керек;

тест тапсырмаларын өз бетімен орындау керек.

Тест тапсырмаларын орындау студенттің білімін тереңдетуге, әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуіне, білік-дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Қорытынды тест (ағымдық) студенттердің пәнді оқу барысында меңгерген білімін жүйелейді, қорытындылайды. Тестік тапсырмалар күрделілігіне байланысты түрлі деңгейде болады.
3. Өздік жұмыс

Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесіне сай студент өздік жұмыстың тапсырмаларын орындайды.


4.Реферат

Реферат студенттің теория мен практиканы өзара байланыстырып, әдебиеттерді дұрыс пайдалану және өз ойын жеткізу үшін жазылады. Реферат тақырыбын курстық жұмыс немесе диплом жұмысы ретінде жалғастыруға болады.

Реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқау

Реферат жазудың кезеңдері: тақырып таңдау, тақырып бойынша мәліметтер жинау, әдебиеттер тізімін құрастыру, ақпаратты өңдеу және жүйелеу, жоспар құру, реферат жазу.

Рефераттың құрылымы: сыртқы беті, жоспар, кіріспе (мұнда тақырыптың өзектілігі, зерттеудің жаңашылдығы, әдіс-тәсілдері,мақсаты мен міндеті көрінеді), негізгі бөлім (оның әр бөлімшесі арнайы мәселелерге арналады), қорытынды (берілген тақырып бойынша негізгі қорытындылар жасалады), әдебиеттер тізімі (реферат жазу барысында 7-10 әдебиет қолданылу керек), қосымша.

Реферат арнайы ғылыми, әдеби стильде жазылу керек.Терминдерді қолданғанда оның анықтамасын беріп кеткен дұрыс.

Рефератты бағалаудың шарттары: тақырыпқа сай келуі, материалды зерттеудің тереңдігі, қолданған әдебиеттердің сәйкестігі мен толықтығы, рефераттың стандартқа сай безендірілуі
5. Емтихан

Емтихан студенттің семестр көлемінде алған білімін тексерудің түрі. Емтихан ауызша өтеді.


Білімді бағалау жүйесі
Бақылаудың барлық түрі бойынша оқу нәтижелері білімді бағалау шкаласында берілген көп балдық жүйе бойынша бағаланады.


Баға

Балдың сандық

эквиваленті



Пайыздық мазмұн

Дәстүрлі үлгідегі бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

Қанағаттанғысыз

Емтихан сұрақтары:
№ 1 модуль бойынша сұрақтар:

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері пәні, оның маңызы.

Дене мәдениеті, оның бөлімдері.

Дене мәдениетінің қызметтері.

«Дене тәрбиесі», «дене қуаты дайындығы » дегеніміз не?

«Спорт» дегеніміз не ? Ол қандай бөлімдерге бөлінеді?

«Дене дамуы », «Дене қуатын жетілдіру» деген ұғымдарға жауап беріңіз ?

Дене мәдениеті жүйесі, оның мақсаты, міндеттері.

Дене мәдениеті жүйелерінің негіздері.

«Президенттік сынама» - адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын негізгі сынақтар жиынтығы.

Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары.

Дене тәрбиесі жаттығулары.

Жаттығулардың техникасы, орындау кезеңдері.

Қозғалыс техникасының сипаттамасы.

Жаттығуларды топтау.

Табиғаттың табиғи күші – дене тәрбиесінің қосымша амалы.

Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы.

«Әдістемелік тәсіл», «Әдіс», «әдістеме» дегеніміз не?

Дене тәрбиесінің арнайы және жалпы әдістері.

Қатаң шектелген жаттығулар әдістері.

Қимыл- әрекетке үйрету әдісі.

Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері.

Ойын әдісі.

Жарыс әдісі.

Сөз қолдану әдісі

Көрнекілікті қолдану әдістері.

«Жүктеме» , жүктеменің көлемі, қарқыны.

Жатығу орындаған кездердегі тынығу аралықтары, түрлері.

Шеңберлі орындау әдісі, оның варианттары.

Бірқалыпты және аралықты орындау әдісі.

Қайталап және өзгермелі орындау әдістері.

Қимыл әрекетіне таныстыру кезеңі.

Қимыл әрекетіне үйрету кезеңі.

Үйрету кезеңінде кезігетін қателер.

Қимыл әрекетін жетілдіру кезеңі.

Жоғары қимыл ептілігі.

Дене тәрбиесі мен спорттың қағидалары.

Саналылық және белсенділік қағидасы.

Жүйелілік қағидасы.

Біртіндеушілік қағидасы.

Реттілік қағидасы

Даралық қағидасы

Дене қуаты қасиеттері. Анықтама.

Күш, күштің түрлері.

Күшті дамыту амалдары мен әдістері.

Жылдамдық, оның түрлері.

Қарапайым қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

Күрделі қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

Жалғыз қимыл жылдамдығы мен қимыл жиілігі.

Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту.

Төзімділік, оның түрлері.

Аэробты төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

Анаэробты, аралас төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

Ептілік және оны дамыту әдістемесі.

Икемділік, оның түрлері.

Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері.


№ 2 модуль бойынша сұрақтар:

Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.

Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша топтау.

Сабақтарды мазмұны мен міндеттеріне байланысты топтау.

Дене тәрбиесі сабағының құрылымы мен мазмұны.

Дене тәрбиесі сабағының бөлімдері, сипаттама.

Дене тәрбиесіндегі үй тапсырмасы, оның маңыздылығы.

Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы.

Денсаулығы нашар балалардың дене тәрбиесі.

Денсаулығы нашар балалармен сабақтар жүргізу ерекшеліктері

Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау.

Сабақта жүктемені мөлшерлеу.

Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық талдау.

Дене тәрбиесіндегі жоспарлау.

Мектептің оқу бағарламасы.

Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.

Оқу ағымының жылдық жоспар графигі.

Тоқсандық оқу жоспары.

Әрсабақтық оқу жоспары.

Сабақтың жоспар - конспектісі.

Мектептегі бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Мектептің дене мәдениеті ұжымы, жұмыс сипаттамасы.

Мектептің есепке алу және бақылау құжаттары.

Үлгі ретінде берілген есепке алу құжаттары, оны жүйелеу.

Азкешенді ауыл мектебіндегі дене тәрбиесі.

Мектептегі сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.

Сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру.

Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі сауықтыру жұмыстар

Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау.

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.

Балалар жасөспірімдер спорт мектебі.

Сауықтыру лагерлеріндегі дене тәрбиесі жұмыстары

Ж.О.О дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, оларды ұйымдастыру.

Ж.О.О дене тәрбиесі кафедрасы мен спорт клубының жұмыстары.

Ж.О.О дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.

Арнайы орта оқу орындарының (колледж) оқушыларының дене тәрбиесі.

Кәсіптік- техникалық оқу орнындағы дене тәрбиесі.

Ересек адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері

Ересек, адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі

Ересек, орта және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтырулары сабақтарын жүргізу ерекшеліктері.



Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. – М.: «ФиС», 1970 г.

Матвеев Л.П. Теория и методика физической. – М : «ФиС», 1991 г. - 336 с.

Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2009 ж. 272 б.

Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. У-Ка, изд-во ВКГУ, 2001 г. -131с

Теория и методика физического воспитания. / Под редакцией Б.А. Ашмарина - М.: «ФиС» 1990 г. - 234 с.

Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: «ФиС» 1977 г.

Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесінің ңегіздері. -Алматы, «Санат», 2000г – 125 б.

Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2002 г. - 478 с.

5 - 11 сыныптарға арналған мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы. (С.И. Камысбекова, Ю.Г. Телегалиев, С. Тайжанов) - А-Ата , 2000 г. - 47 с.

Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. А-Ата, 1992 г. - 40 с.

Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2001 г. - 143 с.

Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесі және спорттың ңегіздері. -Өскмен, КАЕУ баспасы, 2011г – 125 б.

Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. У- Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 325 с.




Қосымша әдебиеттер:

13. Уанбаев Е.К. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. /Е.К.Уанбаев, Ф.Ж.Уанбаева. – Өскемен: БАЙ баспасы. 2006 – 225 б.

14. Озолин Н.Г. Настольная книга тренера наука побеждать. - М.: изд-во «Астрель», 2002 г. - 854 с.

15. Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена. - М.: «ФиС», 1977 г. - 195 с.

16. Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. - М.: «ФиС», 1990 г. - 255 с.

17. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. - М.: «ФиС», 1980 г.- 136 с.

18. Ленченков И.С. Физкультурно- оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. / И.С. Ленченков. Усть-Каменогорск: из-во ВКГУ, 2003

19. Евсеев Ю.И. Физическая культура. - Ростов-на-Дону: «Феникс», 2002 г. - 381 с.

20. Русанов В.П., Беляков Н.И. Модульно- рейтинговая технология физическом воспитании студентов. - У-Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 34 с.

Дәрістік кешен

1 бөлім . Дене мәдениетінің теориялық негіздері

Глоссарий:

Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы . Материалдық байлықтар - спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал жабдықтар. Рухани байлықтар - дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар.

Дене мәдениетінің бағыттары; негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.

Негізгі дене мәдениетінің міндеттері - біріншіден адамдардың өмірге керек қимылының шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруы, дене қуаты қасиеттерінің деңгейін дамытуы, екіншіден осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т,б.) қолдануы. Негізгі дене мәдениеті жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу - тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі сабақтары, әртүрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі.

Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты, спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.

Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл - әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.

Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Денсаулық нығайту дене мәдениеті – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары) күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.

Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.

Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз – арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.

Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.

Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.

Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.

Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.

Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.

Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру


Дәріс 1: Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері

Дәрістің мақсаты: студенттерге дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылысы, негізгі ұғымдар туралы теориялық мәліметтер беру.

Тақырыптың сұрақтары:

1. Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі оқу және ғылыми пән, мақсаты мен міндеттері.

2. Дене мәдениетінің бөлімдері, қызметтері, негізгі ұғымдары.

3. Қазақстан мемлекетінің дене мәдениетінің жүйесі.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Бұл пән - дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады:

1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері – дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі амалдарына, әдістеріне, дене қуаты қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т. б дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге терең ғылыми теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану керек екенін оқытады.

2. Дене тәрбиесінің әдістемесі - әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педагогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.

3. Спорт теориясы мен әдістемесі - жаттықтыру өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әртүрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әртүрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатының реабилитациясы», «Дене қуатының рекреациясы», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі», «Дене қуаты білімі», «Дене дамуы».

Дене мәдениеті жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Дене мәдениеті жүйесінің негіздері. Дене мәдениеті жүйесінің негізгі бағыттары.

Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік-бағдарламалалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер.

Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты – күш қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан–жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:

1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту. 3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.

Дене мәдениеті жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік–экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама–нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді. Дене мәдениеті жүйесінің бағдарлама – нормативтік негізіне жататындар: дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламалары, президенттік сынама, мемлекеттік спорттық классификация.

Дене мәдениеті жүйесі. Республикамызда мемлекеттік, қоғамдық және жеке дербес негізде үйымдастырылады. Дене мәдениеті жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене дайындығы, кәсіптік қолданбалы дайындық, спорттық дайындық.

Өзін-өзі бағалауға тапсырма:

Өзін-өзі бағалауға тапсырма:

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері пәні, оның маңызы.

Дене мәдениеті, оның бөлімдері.

Дене мәдениетінің қызметтері.

«Дене тәрбиесі», «дене қуаты дайындығы » дегеніміз не?

«Спорт» дегеніміз не ? Ол қандай бөлімдерге бөлінеді?

«Дене дамуы », «Дене қуатын жетілдіру» деген ұғымдарға жауап беріңіз

Дене мәдениеті жүйесі, оның мақсаты, міндеттері.

Дене мәдениеті жүйелерінің негіздері.

«Президенттік сынама» - адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын негізгі сынақтар жиынтығы.

Дене мәдениеті және спорт жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.

Дене мәдениеті жүйесінің бағыттары.

Әдебиет: негізгі [1-7]

қосымша [1,4]


Дәріс 2: Дене тәрбиесінің амалдары.

Дәрістің мақсаты: Дене тәрбиесінің амалдары туралы түсінік қалыптастыру.

Тақырыптың сұрақтары:

1. Дене тәрбиесінің амалдары.

2. Дене тәрбиесі жаттығулары, олардың топталуы.

3. Жаттығулар техникасы.

4. Дене тәрбиесінің қосымша амалдары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары, бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады.

Қимыл - әрекетті тиімді жолмен орындау жаттығудың тәсілі, техникасы - деп аталады. Тиімділік дегеніміз жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (мысалы, күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықтыру) және әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп үзаққа секіру жаттығуының техникасын дұрыс, тиімді орындау кезінде барынша алысқа секіру).

Қай жаттығудың орындалу техникасын алсақ та олар бір – біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті–уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Уақыт сипаттамасы - уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы деп бөлінеді. Кеңістікті-уақыт сипаттамасы – жылдамдық және үдеу. Қозғалыс сипаттамасы. Адамның қозғалу үрдісі кезінде ішкі және сыртқы күштердің біріге жұмыс істеуі қозғалыс сипаттамасын көрсетеді.

Дене тәрбиесі және спорт тәжрибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді, дұрыс пайдалану үшін оларды топтарға бөле қолдана білу қажет. Олар алты топқа бөлінеді: 1. Дене тәрбиесі жаттығуларын тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Бұл белгі бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар (жалпы дене дамыту жаттығулары, гимнастикалық снарядтағы жаттығуларт.б.); ә) ойын жаттығулар (ойын кезінде орындалатын қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері); б) туристік жаттығулар (туризмнің әр түрінде кездесетін жүру, атқа міну, велесипед, шаңғы тебу, қайықта ескек есу т.б жаттығулар); в) спорттық жаттығулар – спорттың әр түрінде қолдаланылатын негізгі жаттығулар (100метрге жүгіру, ұзындыққа секіру т. б.). 2. Дене қуатын қасиеттерін дамыту бағыты бойынша топтау. 3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: негізгі, дайындық, жақындататын жаттығулар. 4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. 4. Қозғалыс құрылысына байланысты топталған жаттығулар: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) ациклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.) б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт ойындары). 6. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секунд аралығында орындалады); ә) жоғарғы қарқынмен орындалатын жаттығулар (20секундтан 5 минөтке дейін ); б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар (5 минөттен 30 минөтке дейін); в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 минөттен көбірек).

Табиғаттың табиғи сауықтыру күштері мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары

Өзін-өзі бағалауға тапсырма:

Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары.

Дене тәрбиесі жаттығулары.

Жаттығулардың техникасы, орындау кезеңдері.

Қозғалыс техникасының сипаттамасы.

Жаттығуларды топтау.

Табиғаттың табиғи күші – дене тәрбиесінің қосымша амалы.

Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы.

Әдебиет: негізгі [1-7]

қосымша [1,4,6]



жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау