Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың



жүктеу 145,96 Kb.
Pdf просмотр
бет13/14
Дата20.11.2018
өлшемі145,96 Kb.
#22264
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты шығындарды бөле отырып айқындау;

      2) әуежайдың көмекші қызметтерінің шығындарын бөлу;

      3) кезең шығыстарын бөлу;

      4) тарифтің шығын бөлігін мемлекеттік-жекешелік әріпестік шартының негізінде 

мемлекеттік-жекешелік әріпестікке берілген объектілерде, концессия шартының негізінде 

концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты шығындарды жабуды 

қамтамасыз ететін тарифтің құрамдасын көрсете отырып айқындау;

      19. Бірінші кезеңде әуежайдың әрбір құрылымдық бөлімшесінің өндірістік шығындары 

айқындалады. Өндірістік шығыстар өндірістік штатты ұстау шығыстарынан, еңбекке ақы төлеу 

қорының аударымдарынан, материалдар шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларға жөндеу жүргізу

шығыстарынан, арнаулы автокөлік техникасын ұстау және қызмет көрсету шығыстарынан, 

амортизация шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларды ұстау мен пайдалану шығыстарынан, 

мемлекеттік-жекешелік әріпестікке берілген объектілерде, оның ішінде, концессия шартының 

негізінде концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты шығындарды

бөле отырып материалдар, энергия және отын шығындарынан тұрады.

      20. Мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің 

көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастырудың екінші кезеңінде әуежайдың көмекші 

қызметтерінің шығыстарын бөлу жүргізіледі. Соңғы өнімді шығармайтын құрылымдық бөлімшелердің

өндірістік шығындарын соңғы өнім шығаратын бөлімшелерге көмекші қызметтер тұтынған 

қызметтердің санына тепе-тең қайта белінеді.

      Көмекші қызметтердің шығындарын қайта бөлу көзі әуежайдың көмекші қызметінің басшысы 

көрсетілген қызметтер туралы әрбір құрылымдық бөлімшеге қалыптастырған есептеу үшін базаға 

алынған кезең ішіндегі ай сайынғы ақпарат болады. 

      Көрсетілген ақпарат әрбір құрылымдық бөлімшеге орнатылған есептеу аспаптарынан алынған

көрсеткіштердің негізінде толтырылады және көмекші қызметтердің шығыстарын бөлу үшін 

бастапқы құжат болып табылады. 

      21. Көмекші қызметтердің ішкі көрсететін қызметтерінің шығыстарын бөлу:

      1) жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету қызметі, қызмет жұмысының бағыттары:

      әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі - ЖЖМ) және арнайы

сұйықтықтармен қамтамасыз ету әуежайдың сыртқы тұтынушылары көрсететін қызмет болып табылады

;

      әуежайды автомобильдік жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі - авто ЖЖМ) 



қамтамасыз ету әуежайдың ішкі қызметі көрсететін ішкі қызмет болып табылады.

      Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар авто ЖЖМ-ды 

жеткізуге, сақтауға және сатып алуға арналған шығындарды, авто ЖЖМ-мен әуежайдың қызметтерін

қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік штаттың жалақысын, еңбекке ақы төлеу қорының 

аударымдарын, авто ЖЖМ-ды сақтау және бөлу үшін қажетті негізгі өндірістік қорлардың 

материалдық шығындарын, амортизациялық аударымдарын өзіне қамтиды.

      Қызметтің көрсетілген бағыттардың арасында бөлінбеген шығыстары үстеме шығыстар 

ретінде құрылады және қызмет бағыттарының арасында қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан 

тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.

      Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай 

қызметтерінің арасында әрбір құрылымдық бөлімше тұтынатын авто ЖЖМ-ның мөлшеріне тепе-тең 

бөлінеді.

      Авто ЖЖМ-ның жұмсалуы туралы ақпараттың толықтығы мен шынайлығы үшін жанар-жағар май 

материалдары қызметінің басшысы әуежайдың құрылымдық бөлімшелерінің бөлінісінде авто ЖЖМ-ды 

тұтынудың есебін жүргізеді, ол көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстарды әуежай 

қызметтерінің арасында қайта бөлу есебін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді;

      2) Жылу техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі - ЖжСТҚ), 

қызмет бағыттары:

      әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету;

      әуежайды жылумен қамтамасыз ету.

      Әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету қызмет бағыты бойынша шығыстар әуежайдың 

қызметтерін сумен және кәрізбен қамтамасыз ету тікелей байланысты қызметтің өндірістік 

персоналының еңбегіне ақы төлеу шығындарынан, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарынан, 

материалдық шығындардан, әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге тікелей байланысты 

қызметтің негізгі өндірістік қорларының амортизациялық аударымдарынан тұрады.

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар судың тұтынылған көлеміне тепе-тең бөлінеді.




      Әуежайдың жылумен жабдықтау қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежайды жылумен 

жабдықтауға қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбек ақысына 

жұмсалған шығыстарды, еңбек ақы қорынан аударымдарды, материалдық шығындарды, әуежайдың 

жылумен қамтамасыз ету процесіне тікелей қатысушы негізгі өндірістік қорлардың 

амортизациялық аударымдарын қамтиды.

      Көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар жылытылатын алаңына тепе-тең бөлінеді.

      Көрсетілген қызмет бағыттарының арасындағы ЖжСТҚ қызметінің бөлінбеген шығыстары 

қосымша шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттарының арасында қызмет бағыттары 

бойынша қалыптасқан тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.

      ЖжСТҚ қызметі басшысының тұтынылған судың және кәріздік сарқынды сулардың, жылудың 

саны туралы ақпараты шығыстарды бөлу жөнінде есеп айырысу үшін негіз болып табылады;

      3) Ұшуларды энергия-жарық беру техникалық қызметпен қамтамасыз ету (ҰЭЖТҚ) 

қызметтерінің бағыты:

      ұшу-қону жолақтарын энергия-жарық беру техникалық қызметпен қамтамасыз ету;

      әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету.

      Әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай 

қызметін қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбекақысына жұмсалған 

шығыстардан, әуежайды электр энергиясымен амортизациямен және өзге де шығыстармен қамтамасыз

етуге тікелей байланысты еңбек ақы қорынан аударымдардан, материалдық шығындардан құралады. 

Шығыстар тұтынылған электр энергиясы санының көлеміне тепе-тең бөлінеді. Шынайы ақпараттың 

көзі қызмет басшысының ай сайынғы есебі болып табылады.

      Көрсетілген бағыттардың арасындағы бөлінбеген шығыстары қосымша шығыстар ретінде 

жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындар қызмет бағыттарының 

арасында тепе-тең бөлінеді;

      4) Арнаулы автокөлік қызметінің шығыстары (бұдан әрі - АКҚ) мынадай қызмет бағыттары 

бойынша бөлінеді:

      әуежайлық қызметтің көліктік сүйемелдеуі. Қызметі ұшу-қону жолақтарын, жерде жүру 

жолдары мен перрондарды ұстаумен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау 

жөніндегі шығыстарды қамтиды. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде 

әуеайлақтық қызметке жатады;

      авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз етуді (бұдан әрі -СПАСОП) көліктік 

сүйемелдеу. 

      Қызметі авариялық-құтқару жұмыстарымен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және 

ұстау жөніндегі шығыстарды қамтиды. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде СПАСОП қызметіне бөлінеді;

      5) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді (бұдан әрі - ӘДҚ) көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі әуеайлақтық диспетчерлік қызметпен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану 

және ұстау жөніндегі шығыстарды қамтиды.

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде ӘДҚ қызметіне бөлінеді;

      6) жолаушыларға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі - ЖҚҚ) көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі жолаушыларды әуе кемесінің бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты 

автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстары. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде ЖҚҚ қызметіне бөлінеді;

      7) жүктерге, почтаға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі - ЖПҚҚ) көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі жүктерді, қол жүктерін ӘК бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты 

автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде ЖПҚҚ қызметіне бөлінеді;

      8) жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көліктік (бұдан әрі - 

ЖЖМҚ) сүйемелдеу. 

      Қызметі әуе кемесін авиа ЖЖМ және басқа сұйықтықтар құюға тікелей байланысты 

автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде авиа 

      ЖЖМ-мен қамтамасыз ету ЖЖМҚ қызметінің бағытына бөлінеді. 

      Қызметі авто ЖЖМ жеткізу мен бөлуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және 

ұстау жөніндегі шығыстар толық көлемінде авто ЖЖМ-мен қамтамасыз етудің ЖЖМҚ қызметінің 

бағытына бөлінеді;

      9) авиациялық қауіпсіздік қызметін (бұдан әрі - АҚҚ) көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі әуежай аумағын патрульдеуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және 




жүктеу 145,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау