Алаңдағы құстарды тамақтандыру
Балаларды топ алаңына ұшып келген құстарды тамақтандыруға қатыстыру. Құстарға деген адамгершілік –әрекеттілікті тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама.
«Сауысқан да ,қарға да емес»
Сурет бойынша әр түрлі құстарды балалардың тани білуі. Қыстайтын және жыл құстарын айыра білу біліктіліктерін бекіту. Балалардың назары мен тапқырлығының дамуына ықпал ету. Ойынмен балалардың көңілін көтеру.
Өз бетімен іс-әрекет
Ортақ ойында өз тәртібі үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, ойынның түпкі ниетін іске асыруға құлшыну.
Карточка№124. Ұяларды бақылау.
Бақылау: Балаларға көктемде көптеген құстар ұя салатынын айту,бірақ ұя құсқа үй болмайтынын естеріне салу. Ұя жұмыртқа салу,оны басу және балапандарын өсіру үшін қажет. Құстарға биік шөптер, ағаштың басы пана бола алады. Ұя жасау үшін құстардың қандай материал қолданатынын бақылау. (қауырсындар, жүн шүйкесі,бұтақшалар және т.б)Ағаш басындағы қарғаның ұясы мен шатырдың астындағы торғайдың ұясын салыстыру. Балалардың бақағыштығын және білуге құмарлықтарын дамыту.
Болжам: Егер жыл құстары ұясын ағаштың күн жағына салса-суық жазға,ал көлеңке жаққа-жылыға.Егер қарға ағашқа ұясын төмен салса-үлкен су тасқынына,жоғары- күшті су тасқынына.Егер ұзақ құсы ұясын реттеуге асықпаса-жылы күндерді күту ерте болады.
Қимылды ойын: «Ұшу» Сапқа тұру біліктіліктерін бекіту; ойынның шартын орындап бір аяқтан екінші аяққа секіру. Ойынға барлық балалардың қатысуын қамтамасыз ету.
Еңбек іс-әрекеті: Құстарға ұя жасауға көмектесу. Балаларға құстарға көмектесуді ұсыну, жемсалғышқа тамақ қана емес, әр түрлі жүн-жұрқаларды салғызу. Құстар оған қуанады, жұмысқа деген жауапкершілік пен ұйымшылдықты тәрбиелеу. Балалардың құстарға деген қызығуышылықтары мен сүйіспеншілігін дамыту.
Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.
Тәжірибе.
«Құстардың қанаттарының қүрылысы қандай?»
Құстың қанатын анықтап қарау(желпуіші бекітілген негіз) ,(қанат жеңіл,өйткені негіздің ортасы бос) олар неге ақырын ұшып түседі? Құс қанатын қаққанда не болады?(қанат жеңіл,серіппелі,қалықтай ұшады)
Табиғи жағдайдағы құс тіршілігін оның құрылысымен байланыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |