«Құсқа үйшік тап»
Сурет бойынша әр құсқа сай үйшік табу. Құстардың қылығы олардың қоршаған ортаға бейімделуі туралы білімдерін кеңейту.
Өз бетімен іс-әрекет:Балаларды таңдап алған тақырып бойынша әр түрлі көмекші заттардың көмегімен құрастыруды, ойыншықтарды ауыстырып ойнауды,ойын барысында қолдана білуге үйрету;балалардың өздері жасаған ойыншықтарды пайдалану
Карточка№127. Суда жүзетін құстарды бақылау.
Бақылау: Балалардың назарын өзендегі мұз кетпесе де шағалалардың ұшып келгеніне назарын аудару. Одан кейін жабайы үйректер де ұшып келеді.
Көркем сөз
Мақал
Құстың күші-қанатында,
Адам күші-достықта.
Болжам: Егер жабайы үйректер күндіз қопа жағалауына кетсе-жаңбырға не желге.
Қимылды ойын: «Үйрек» Алаң бойында қозғалыста жүріп белгі бойынша «ұяға кіру» алаңқайдағы бар балалар үйрек болып жеңіл ұшып жүреді.
Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.
«Кімге не дәмді?»
Суретке қарап әр құстың тамағын тауып,көрсету. Шағала-балық,үйрек-балдыр,көкқұтан-бақа,торғай-жем,жапалақ-тышқан және т.б
Тәжірибе. «Суда жүзетін құстардың тұмсығы неге осындай?»
Құстардың тіршілігі мен құрылысы арасындағы байланысты анықтау.
Қорытынды. Үйректердің, қаздардың және аққулардың тұмсығы жалпақ,ұзынша болады:ол жемін ұстап алуға, сүзгіден өткізуге, суда өзжемін табуға көмектеседі.
Өз бетімен іс-әрекет.Ойын таңдау барысында балалардың дербестігін дамыту. Ойынның мазмұнын құруда және барысында белсенділікті тәрбиелеу.
Карточка№129.Улы өсімдіктерді бақылау.(жабайы итмұрын,меңдуана)
Бақылау: Балаларға улы өсімдіктер туралы түсінік беру. Бұл өсімдіктер барлық жерде өсуі мүмкін:жол жиегінде;сурет және белгілері,тәрбиеші суреттемесі бойынша өсімдіктерді айыра алуға үйрету. Меңдуананың сабағы жуан,тарам-тарам,жабысқақ, талшықтары жағымсыз иісті, гүлдері сарғыш көгілдір жиектерімен;жаз бойы гүлдейді,күзге қарай жемістері піседі-қорабындағы тұқымдары қара-сұр көкнәрға ұқсас.Бұл өсімдіктің ең улы бөлігі. Жабайы итмұрынның сабақтары жіңішке,тегіс,жапырақтары қысаң,ашық-жасыл түсті,гүлдері ұсақ,сары түсті.Өсімдіктің жасыл-сұр түсті бұршаққа ұқсас тұқымы-улы бөлігі болып табылады.
Қимылды ойын: «Көтермек»(қазақ ұлттық ойыны)
Балалардың күшін,шыдамдылығын дамыту.(ойыншылар шынтақтарын қоса бір-біріне сүйене бір-бірін көтеруге тырысады).Жарысқа қызуғышылықтарын қолдау.
Еңбек іс-әрекеті
Достарыңызбен бөлісу: |