Мектеп директорыныѕ бастауыш ісі жґніндегі орынбасары



жүктеу 217,92 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі217,92 Kb.
#5193

Мектеп директорының бастауыш ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жоспары
46 А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптары бойынша 2009-2010 оқу жылында атқарылған жұмыстарының жылдық есебі
2009-2010 оқу жылында бастауыш сыныптар әдіс бірлестігі «Жалпы білімді сапалық деңгейге көтеру» тақырыбында жұмыстар жүргізді.

Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі жұмысының мақсаты:



  1. Бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында мұғалімдердің жұмысын жетілдіру, дамыту.

  2. Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қамтамасыз ету.

  3. Қазақстан Республикасының болашағы – келешек ұрпақты білімді, білікті, саналы азамат етіп тәрбиелеу ісін жетілдіру.

2009-2010 оқу жылында бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің міндеттері:



  1. Әр оқушыға қабілетіне қарай мемелекеттік стандарт талабына сай сапалы білім беру.

  2. Қазақстан Республикасының болашақ азаматтарын – білімді, білікті, саналы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.

  3. Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіруде жаңа технологияны меңгерген, өзіндік бағыты ой-пікірі бар, алдына мақсат қоя алатын, оған жету жолдарын таба алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіндегі мамандар ісін жетілдіріп отыру.

  4. Мектептің білім деңгейін арттыруда, жеке тұлғаны дамытуда білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын және нормативтік құжаттарды, нұсқаулық-әдістемелік материалдарды тиімді пайдалану арқылы белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

  5. Оқушыларды ғылыми шығармашылық еңбекке үйрету, дүниетанымын және ынтымақтасып жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.

Қазіргі заманғы оқыту мен тәрбие үрдісінде көптеген өзгерістер әкелуде.Бұл өзгерістер әрбір білім мекемесінің , әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік келбетін, өзіндік тәрбиелік жүйесін құру қажеттілігін , мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруын талап етеді.

Мектеп- білімнің қайнар көзі дейтін болсақ, білімнің негізгі ірге тасы бастауыш мектепте қаланады.

Бастауыш мектеп- бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту,тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруға қолайлы жағдай туғызатын негізгі буын. Сондықтан мектептегі тұтас білім сапалы нәтижеге жету үшін оның бастауыш буынындағы оқу тәрбие үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастыруы керек.

№46 А.С.Пушкин атындағы мектептің педагогикалық ұжымы, оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері ҚР «Білім туралы» Заңын ҚР тұжырымдамасын жүзеге асыру және мектеп жарғысына сәйкес адам өмірімен денсаулығын қадірлеу жеке тұлғаның еркін дамуын қалыптастыру мақсатында 2009-2010 оқу жылында бірқатар жұмыстар жүргізді.


Жоғарыдағы мақсат, міндеттерді қабылдай отырып, бастауыш сыныптарда екі кезеңде барлығы 441 оқушыға 37 мұғалім(жоғары білімді – 46, арн.орта – 1, аяқт. Жоғары - 3) сабақ беріп, жылдық жоспар бойынша оқу тәрбие жұмыстарын жүргізді.

Тамыз айында ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдер секция жұмыстарына қатысып Аудандық «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы нәтижеге бағытталған » секция жұмысында А.Махамбет панорамалық сабақ көрсетті.

Қыркүйек айының 15-і мен 25-і аралығында 22 қыркүйек – Тіл мерекесіне байланысты «Тілім менің ардағқтым» атты онкүндік болып өтті. Пән мұғалімдері,сынып жетекшілері оқушыларды қатыстыра отырып, жоспар бойынша бірнеше жұмыстар жүргізілді. Апталықтың ашылуын Қалыбек Н. мен Иманбекова Ұлжан апайлар өткізді. Онда онкүндікте атқарылатын жұмыстар таныстырылды.

Мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш,өтірік өлеңдерді айтудан жарысты. 2-3-4 сыныптар аралығында «Тіл - қазына» деген тақырыппен Л. Махажанова мен Б. Жаханова жүргізді.

Ж. Абдикадирова мен Л. Мизанбаева «Тіл - ұлттың жаны» деген тақырыпта шығарма жаздырып, жүйелі, ойын тақырыпқа сай жеткізе білген оқушыларды мадақтап, шығармаларын көпшілікке оқып берді.

«Ескірмейтін есті сөз» деген айдармен Тәжібаева А, Сейтхан Индира оқушыларға тыйым сөздерді жатқа айтқызып, оның себебін түсіндірді.

Баланың тілін байытып, ойын кеңейте түсу үшін «Шешендік әлемінде» деп би, шешендердің сөздерінен үзінділер оқып, көріністер А. Тоқназарова пен Д. Ниязханова өте тартымды етіп ұйымдастырды.

Сонымен қатар Л. Жүнісова мен А. Қаппрова оқушылардың арасынан таланттарды анықтап, өздері шығарған өлең шумақтарын, жазған шығармаларын оқып шықты. Олар: Мырзабекова М, Мырзабек А (4 «Г»), Ғабитова М(4 «Ә») , Әшімханова С (4 «А»), Нұрболатқызы Н (4 «А»).

Ұлы ғұламалардың тіл туралы айтқан нақыл сөздерін жаттап, оларды жинақтап, реттеу Г. Шәкебаева мен Ұ. Әлжановаға тапсырылды. Онкүндік қорытындылап, жақсы қатысқан оқушыларды ескеріп Алғыс хаттарды Ж. Иманбаева пен Г. Алтынбаева жинақтады.

Мына оқушылар Алғыс хатқа ие болды:

Ергешбаева Зайда 4 «А», Ғабитқызы Мадина 4 «Ә», Базарбай Олжас, Өмірзақ Б 4 «Б» , Бимырзаева Ғ 4 «В», Сейдазим Н 4 «Г» т.б

Осында мазмұны терең, тілі көркем шығармалардан үзінділер оқып үйрену балалардың сөздік қорын молайтып, олардың жүйелі ойлап,ойын дұрыс түсіндіре білді.

Қазан айының 19-ы мен 24-і аралығында «Құт береке, Алтын күз, Кемелденсін халқымыз!» атты апталық болып өтті.

19-қазан күні Ш. Ажарова пен Л. Мизанбаева ұйымдастырумен апталықтың ашылуы болып, онда күз туралы мағлұматтар беріп, жоспар таныстырылды.

20-қазан күні ана тілі пәнінің мұғалімдері А. Тәжібаева мен

Ұ. Иманбекованың 3-4 сынып оқушыларының «Күз кереметі» тақырыбында жазған шығармаларын балаларға оқытты. Онда тақырыпқа сай өз ойын жеткізе білген балалар ерекше аталды.

21-қазан «Киім үлгілері» көрсетуден жарысты Сейтхан И мен Жүнісова Л ұйымдастырды.Күзгі жапырақтардан,жемістерден,дәнді дақылдардан өз ойымен кестелеп,құрап тіккен киімдерін киіп таң қалдырды.

22-қазан күні қыл қалам шеберлерінің өнерлері тамашаланды.Яғни «Сурет сала білуде өнер» деп аталатын тақырыппен Әбдіқадырова мен Сайлаубекқызы Ш оқушылардың салған суреттерін жинақтап оны қабырғаға іліп қойды.Оның ішінде ерекше бейнелеп сурет салған оқушылар аталып, «Алғыс хатпен» марапатталды.Олар: Ізбасар А, Омаров 4 «А», Қайырбекова Н, Ғабитова, Бекболатова Н, Сейілбекова А 4 «Ә», Өмірзақ Б, Аманова 4 «Б», Ыбырайхан А 4 «В», Жанаберген М 4 «Г».

23-қазанда балалардың түрлі жеміс-жидектерден,дәнді дақылдардан жасаған бұйымдарымен ермексазды пайдаланып оқушылардың қиялынан шыққан қол өнерлерінен көрме ұйымдастырылды.Оны басшылаққа алған еңбек пәнінің мұғалімдері Ниязханова Д мен Алтынбаева Гүлнара оқушылардың жұмыстарына дән риза болды.

24-қазан күні апталықты Иманбаева Ж пен Шәуебаева Гүлнар «Күз жазирасы» даланың дархан дастарқаны,яғни малда ,құс та, аң да қомданып семіреді.Өйткені күз молшылық байлық деп қортындылап апталыққа белсене қатысып, атсалысқан оқушыларға «Алғыс хаттар» тапсырды.

«Нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыбы бойынша сурет көрмесі ұйымдастырылды.

«Алтын кілт» 2-4 сынып оқушыларының арасында математикадан олимпиада өткізілді. 4 сынып оқушыларының арасында «Эрудит-2009» математикалық сайыс өткізілді. Әбуов Шахмардан марапатталды.

«Бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинарға қатысып бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі М.Калихан баяндама жасады.

«Елдігі мен ерлігін елеп өтем,Егеменді елімнің ертеңімен!» атты апталық өткізіліп,әрбір сыныптарда патриотизмге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан мерекесіне байланысты іс-шаралар өткізілді.

10.12.09 күні әдіс бірлестігінің отырысында 1 сынып оқушыларының білім,білік,икем дағдыларын тексерудің қорытындысы жасалып, талдау жасалды. Үйден оқытылатын оқушыларды жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілді.

Санитарлық-гигиеналық жұмыстар үнемі бақылауда.

МАБ-қа дайындық жұмыстары Ж. Оспановаға бекітілді.

Мерекелік жиын өткізілді

І жарты жылдыққа және ІІ тоқсанға арналған жазба жұмыстарын алып , білім сапасы шығарылды.

1 сынып. «Әліппемен қоштасу»ертеңгілігі өте жоғары деңгейде өтілді.

Барлық сыныптарда «Жаңа жылдық» мереке жоғары деңгейде аталып өтілді.

Сынып бөлмелері секция жұмысына дайындалды. «Алтын кілт» 2-4 сынып оқушылар арасында сайысқа оқушылар қатысып,2 сыныптан

І орын -Әлиев Мағжан

ІІІ орын Бекен Ұлпан

3 сыныптан І орын-Пернебеков Ж

ІІІ орын-Дербишиова Г

4 сыныптан І орын Сейілова А

Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап, санитарлық-гигиеналық тазалығына баса назар аударылып, сынып ішінің жылуы тексерілді.МАБ-қа дайындық жұмыстары жүргізілді. Кесте бойынша қосымша материалдар беріліп, тест жұмыстары алынып,қорытынды жасалды.

4 «А» сынып оқушыларының мінез-құлқының қалыптасу мониторингісі жасалды.

Кезекшілердің қызметі бақыланып,сынып ішінің уақтылы жуылып, тазалануы үнемі тексеріліп отырды. Әліпбаева Зинаға бекітілген.

18-28.01.10 аралығында дүниетану пәнінің онкүндігі өткізілді.

18-23.01.10 аралығында 1-4 сынып оқушыларының дәптерлерінің ұстап-тұтылыуы және күнделіктері тексерліді. Тексерудің қорытындысы арнайы папкада жинақталды.

Сынып журналдары талапқа сай ұсталуда.

Әдіс бірлестігінің отырысы өткізілді.

1.Айлық жоспарының жүргізілуі

2. Сынып журналдарының тексерілуі

3.Арнайы жоспардың жүргізілуі

4.Портфолио-Әліпбаева Зина

5.Оқушылардың документтерін тексеру

6.Оқушылардың тазалығын тексеру

7.Дәптерлерінің ұстап-тұтылуы

8.Кезекшілердің жұмысы,сынып ішінің тазалығы

9.Дүниетану пәнәнің онкүндігі

10. «Ізденімпаз-2010» конкурс жас мамандар мен ізденуші мұғалімдер арасында

4 сыныптар бойынша дүниетанудан тест алынып қорытындыланды.

Аптаның әр дүйсенбі күні және күнделікті оқушылардың қозғалыстарын қатаң есепке алып, кешіккен оқушылардың ата-анасымен сөйлесіп,үнемі кешігетін оқушылар анықталды.Олар

1.3 «А» Ділдабаев 2.3«В» Әнуар М,Қалданова Қ

3.3 «Б» Әбенова Г 4. 3 «Ә» Жаңаберген,Өмірлан,Әлихан,Дәулет

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптарды жүзеге асыру үшін сынып ішінің ,оқушылардың тазалығын үнемі тексеріліп отырылды. Кабинеттің екі кезең арасында жуылып,ауасының тазарылуы үнемі тексеріліп төмендегі еден жуушыларға ескерту берілді

(№ 2,4,5,6,11 кабинет жуушылар)

Ақпанның 3 күні ӘБ отырысында Ел басының Жолдауы тыңдалып,талданды. Мұғалімдер өз пікірлерін айтты.

Оқулықтар мен дәптерлердің ұсталуына, оқу құралдарының түгелденуіне бөлінген мұғалімдер аптада тексеріп отырды.

3 сынып оқушыларының білім,білік,икем дағдыларын тексеру жұмыстары жүргізілді.

Ана тілі пән мұғалімі Иманбекова Ұлжан

Ән-әуез пән мұғалімі Байшоқанова Гүлнар

Орыс тілі пән мұғалімі Искиндерова ,Сыздықова

Ағылшын пән мұғалімі Құлтаева Алмагүл

Математика пән мұғалімі Жаханова Бегайым

Қазақ тілі пән мұғалімі Мизанбаева Ләззат

Дүниетану пәнінен 1 «Б», «В» Мизанбаева Л, 2 «А», «Ә» Сайлаубекқызы Ш, 2 «Б», «В» Абдикадирова Ж, 3 «А», «Ә», «Б», «В» Қаппарова Альмира, 4 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» Ажарова Шарапат.

4 «А» эксперимент сыныпта психологтар жұмыс жүргізіп, анықтамасы график түрінде өткізілді.

4 «А» сынып оқушыларының білім,білік дағдыларын тексеру Әліпбаева Зинаға жүктелді. Тексеріліп, анализ жасалды.

«Ана тілі» апталығы 22-27.02 аралығында «тест, үлгі сабақ,шығарма,көрініс» және линейкада «әңгімелеу,мақал-мәтелдер айту, пікірлерін ортаға салу» өткізілді. Жетекшілік еткен Иманбекова Ұ.

Математика

І орын: Сейілбекова Аида – 4 «Ә» сынып

ІІ орын: Рыспамбетов Ә - 4 «А» сынып

ІІІ орын: Тоқтасынов А – 4 «Б» сынып



Дүниетану

І орын: Әбуов Шахмардан – 4 «Ә» сынып

ІІ орын: Нұрболатқызы Назым 4 «А» сынып

ІІІ орын: Есхожаев Бекзат – 4 «Б» сынып


Қазақ тілі,ана тілі, математика пәндері бойынша жазба жұмыстары алынды.

Барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті.



«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» Ғылыми жобаға Сейілова Торы жетекшілік етіп жүлделі І орынды иеленіп облысқа жолдама алды.

Сынып журналдары толық тексеруден өтті. ІІІ тоқсанның қортынды есебі алынды.

Аудандық білім бөлімінің бұйрығымен кабинеттік тур өткізілді.

Төменгі деңгейде 1 және 5 кабинеттер, ал жоғары деңгейде 2, 7,

12 ,14 кабинеттер анықталып, «Ең үздік №7» кабинет.

Ұлы Жеңіске 65жыл толуына байланысты соғыс ардагерлерін құрметтеу мақсатында әр сыныпта тәрбие сағаттары өтілді.Олармен кездесулер ұйымдастырылып,үйлеріне барып,түрлі жұмыстарға қатысып,естеліктер тыңдады.

27 сәуір күні 4 «А» сынып (эксперимент) және 4 «Ә» сынып оқушыларының білім сапасы,үлгерім көрсеткіші және мұғалімнің күнделігі тексеріліп,салыстырылды.

4-сынып (эксперимент) информатика пәнінің берілуі,жалпы оқушылардың дәптерлерінің ұстап тұтылуы,сынып жетекшілердің өткізген тәрбие жұмыстары тексеріліп,кейбір кемшіліктерге ескертулер айтылды.

Мұғалімдердің барлық құжаттары,дидактикалық материалдары тексерілді.Сынып жетекшілердің өткізген тәрбие жұмыстары,сыныптан тыс жұмыстары бақыланды.

Үйден оқытылатын оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстары,оқулықтар мен дәптерлерінің ұсталуына,оқу құралдарының түгелденуіне баса назар аударылды.

Мамыр айында «Досыңа кітап сыйла» акциясы өтілді.Оқушылардың өз шығармашылықтарын жинақтаған кітапшалары,өзіне ұнайтын кітаптарын бір-біріне сыйлады.

«Жыл оқушысы-2010»

«Мектеп көшбасшысы»

«Мектеп дарабозы» анықталып,олар алғыс хатпен марапатталды.

4-сынып оқушыларының «Бастауышпен қоштасу» ертеңгіліктері өз дәрежесінде өтті.

1-сынып оқушыларын «Сыңғырла, соңғы қоңырау» жиынына қатыстырып,құттықтау сөздері айтқыздырды.



Барлық құжаттар түгел тексеріліп,іс-жүргізушіге тапсырылды.
Жұмыс нәтижелері:

  1. Т. Сейілова облыстық телеарнаға «Дос болайық бәріміз» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен сабақ өтті. Мұғалімнің 3 сынып оқушысы Дербишова Гүлназ «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобасында «Тау бейнелі тұлғалар» бағытында аудандық байқаудан І орын алып, облыстық жарысқа қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

  2. Т.Сейілованың жетекшілігімен жас зиялыларға арналған «Мөлдір бұлақ» танымдық журналының дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ауылымның мәртебелі азаматы» бәйгесіне қатысып, мектеп оқушысы М.Ержанұлы «Ынталандыру» сыйлығына ие болғаны үшін дипломмен марапатталды.

  3. Н.Қалыбек мектепішілік ұйымдастырылған пән апталықтарында ашық сабақтар көрсетіп, сыныптан тыс жұмыстарда жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдаланған үшін жұмыстары жоғары бағаланды.

  4. Н.Қалыбек «Жаңа формация мұғалімі» байқауына қатысып, шығармашылық жобасы облысқа ұсынылды.

  5. Н.Қалыбек 2009-2010 оқу жылында «Ғылым» баспасына шыққан «Надежды Казахстана» анықтамалық кітапқа оқушысы А.Орынбаева оқу үздігі, мектепішілік бірнеше білімділік сайыстардың дарабозы ретінде суреті шықты.

  6. З.Әліпбаева 2009-2010 оқу жылдарында өтілген пән апталықтары мен сыныптан тыс жұмыстарға белсене араласып, оқушылардың логикалық ойлауын, сабаққа деген құштарлығын дамытты. «Қызылорда - Қанағаты» баспасынан шыққан «Бастауыш сыныпта үлгермеуші оқушылармен жұмыс істеу жолдары» тақырыбында шыққан Г. Алпысбаева, П.Қарқынбаева, Н.Сафинаның облыс мұғалімдерінің жұмыстары жинақталған кітапшадан тәжиребесі ұсынылды. Математика пәнінен ой ұшқырлығын көрсеткен оқушысы Н.Орынбаева кітапқа шықты.

  7. Т.Ізтілеуова өзінің кәсіби білімін көтере отырып сабаққа жан-жақты дайындалып, келуінің нәтижесінде 3 оқушысы аудандық «Алтын кілт» ойынының жеңімпазы, 1 оқушысы «Кенгуру» конкурсынан І орынға ие болды.

  8. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай аудандық «Өскен Өңір» газетіне «Мың тағзым деп алдында, бас иіп өтер ұрпағың » деп аталатын мақаласы жарық көрді.

  9. Б.Жаханова жас мамандар мектебінің жетекшісі ретінде жас мамандарды тәрбиелей отырып, олардың ерік –жігерін, білім-біліктілігін, өнерін шыңдау мақсатында «Ізденімпаз - 2010» байқауын ұйымдастырды. Әрбір сабағында жаңа технологияның түрлі әдістерін пайдаланудың нәтижесінде оқушысы А.Сейілбекова «Жыл оқушысы - 2010», Ш.Әбуов ерекше қабілеттілігімен «Мектеп көшбасшысы» атақтарына ие болды.

  10. Ұ.Күзембаева өзінің ізденімпаздығы, теориясы мен әдістемесін орынды пайдалануының нәтижесінде аудандық «Алтын кілт» математика логикалық ойынынан оқушылары Бекен Ұлпан І ші дәрежелі, А.Құдайбергенов ІІІ ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

  11. Аудандық бірлестік жетекшілері мен мектеп директорының орынбасарларымен бірлесіп №127 мектеп-лицейде өткен «Дарынды балаларды айқындау мен дамытудағы әдістемелік қызмет көрсету жолдары» атты семинарда «Жан-жақты дамыған тұлғаны әлемдік білім кеңістігінде еркін жүзетіндей етіп оқытып, тәрбиелеу» тақырыбында презентация жасап, жоғарғы деңгейде бағаланып, мақтау қағазымен марапатталды.

Бастауыш сыныптар бойынша мектепішілік және аймақтық ұйымдастырылған үйірме жұмыстары оң нәтиже берді. Халықаралық, облыстық, аудандық және мектепішілік байқауларда оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Жыл соңында бастауыш сыныптар бойынша салыстырмалы жазу, оқу көрсеткіштері алынып, 2009-2010 оқу жылында оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіші 55%, үлгерім көрсеткіші 99%.(2 оқушы орында қалған) көрсетті.

2009-2010 оқу қорытындысы бойынша бастауыш әдіс бірлестігінің



Ү отырысында жылдық қорытынды талданып, мынандай ұсыныстар қабылданды.

Бекітемін:

Мектеп директоры: Б.Сыздық
Мектепішілік басшылық пен бақылау


Р/с

Орындалатын жұмыс

Мерзім

Қаралатын орны.Жауаптылар

1

1.1.Мектеп оқушыларының санитарлық-гигиеналық жағдайы мен денсаулығын жақсарту жолында атқаратын жұмыстар.

1.2.Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптарды жүзеге асыру.



Қыркүйек

Жыл бойы


Әдістемелік кеңесте. Сынып жетекшілер
Әкімшілік отырыста. Медбикелер

2

2.1.Еңбек пәндерінде қауіпсіздік ережелерінің орындалуы

2.2.Психологиялық процестердің және сезімдердің ерекшеліктері



Қыркүйек
Ай сайын

Пән мұғалімдері.

Апталық отырыста

Психологтар.Әдістемелік кеңесте.


3

3.1.Сынып журналдарының баға қоры,журналдың толтырылуы,ұстап тұтынылуы талапқа сай ма?

3.2.Оқушының мінез-құлқының қалыптасуы мониторингі



Қыркүйек

І, ІІ ж.ж



Апталық жиында

Психологтар.Сынып жетекшісі.



4

4.1. 1 «А,Ә,Б,В» сыныптардағы оқу-тәрбие жұмыстары.

4.2.Оқушылардың бас іс-қағаздарының құжаттарға сәйкес жасалуын қадағалау уақытында жөндеу,бағалау.



Қазан
Тамыз,қазан

Әдістемелік кеңесте мұғалімдер.

Мектеп директорының орынбасары



5

5.1.Қазақ тілі,орыс тілі, математика сабақтарында жұмыстарының нұсқауға сай алынып, бағалану нормалары

Әр тоқсан сайын

Әдістемелік отырыста. Сынып жетекшілері.

6

6.1. 1-4 сынып оқушыларының дәптерлерінің ұстап тұтылуы.

6.2.Оқушыларды буфет тағамдарымен қамтамасыз ету, сапасын бақылау.



Тоқсан сайын
Үнемі

Әдістемелік кеңесте
Мектеп директорының орынбасарлары, әкімшілік

7

7.1. 2 сынып оқушыларының білім білік және дағдыларын жан-жақты тексеру.

Қаңтар

Сынып жетекшісі

8

8.1.Сынып жетекшілердің өткізіп жатқан тәрбие жұмыстарын тексеру

Ай сайын

Тәрбие жөніндегі орынбасары. Мектеп директорының орынбасары М.Қалихан

9

9.1. 4 сынып оқушыларының білім,білік дағдыларын тексеру.

9.2.Ағымдық тексерістерге бақылау



Ақпан
Желтоқсан

Пед.кеңесте.мұғалімдер
Әдістемелік отырыста.

10

10.1.Оқушыларды олимпиадаға дайындау жұмыстарының барысы.

10.2. Мектепішілік олимпиада өткізу.

10.3. 4 сынып оқушыларын ХАБ-ға дайындау.


І, ІІ, ІІІ тоқсан
Наурыз

І, ІІ, ІІІ тоқсан



Пән мұғалімдері.
Әдіс бірлестігі

Пән мұғалімі. Сынып жетекшісі.



11

11.1. 1 және 3 сыныптар оқушыларының білім, білік, икем дағдыларын тексеру.
11.2. Тексеруден кейінгі ескертпелердің орындалуы.

Сәуір

Мамыр


ӘБЖ, мектеп директорының орынбасары

Педагогикалық кеңес



12

1-ші сынып оқушыларының білім-білік, икем дағдысын тексеру қорытыныдысы

Қараша

Әдістемелік кеңесте. Мұғалімдер

13

Мұғалімдердің теориялық-методикалық білімін, сабақтың құрылымы мен құжаттарға сәйкестігін анықтау

Жыл бойы

Әдіс бірлестігінің жетекшісі. Әкімшілік жас мамандар жетекшісі, әдістемелік кеңесте

14

Мұғалімдердің сабақтарына қатысу, тоқсан сайын жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау, ақпарат жинау, қорыту

І, ІІ, ІІІ, IV тоқсан

Мектеп директорының орынбасары

15

Пән кабинеттерінің талапқа сай жабдықталуын тексеру, ең үздік дидактикалық материалдарды саралау

Қараша

Наурыз


Әдістемелік кеңесте. Дирек. Жан. Кеңес.

16

Шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысын бақылау

І және ІІ жарты жылдықта

Әдіс бірлестігінің жетекшісі . Мектеп директорының орынбасары

17

Мұғалімдердің кезекшілігін бақылау

Үнемі

Әліпбаева

18

Факультативтің берілуін бақылау

І және ІІ ж.ж

м/д орынбасары

19

Орыс тілі пәнінің берілуін бақылау

Тақырыптық

Әдістемелік жиналыста

20

Шет тілі пән бірлестігінің апталығына байланысты бастауыштың 4 «А» сыныптарында пәннің берілуін бақылау

Қараша

Әдістемелік кеңес

21

Ән, бейнелеу өнері пәндерінің берілуін бақылау

26.02-03.03 2010

Әдістемелік кеңесте

22

1-4 сынып жетекшілердің тәрбие сағаттарын тексеру

Наурыз

м/д тәрбие жөніндегі орынбасары

23

«Ізденімпаз-2011» атты конкурс

Қаңтар

ӘБЖ

24

«Білім көзі - кітапта» тақырыбы бойынша кітап оқушылар конференциясын өткізу.

Ақпан

ӘБЖ. М/д орынбасары

25

«Өзін-өзі» тану пәнінің берілуін бақылау, сабақтың құрылымын байқау әдістемелік кеңес өткізу.

І, ІІ ж.ж

Мұғалімдер

М/д орынбасары әдістемелік кеңес



26

Пән бойынша оқытудық еркшелігін бақылау, тексеру

Әр тоқсан сайын

М/д орынбасары ӘБЖ. Шығ. Топ жетекшісі

Бастауыш сынып жөніндегі орынбасары: М.Калихан



Оқушыларға міндетті білім беруді іске асыру туралы Заңның орындалуы


Р/с

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Мектеп микроаудандары бойынша оқу жасындағы балалардың оқуға толық тартылуын әрі олардың сыныпты бітіріп келесі сыныпқа көшуін қамтамасыз ету.

Тамыз

Қаңтар


Мамыр

Сынып жетекшілері

Ұ.Күзенбаева

М.Қалихан


2

Оқу жыл бойына қазан, қаңтар, наурыз айларында микроаудан бойынша бақылау рейдтерін жүргізу, алынған мәліметтерді тамыз есебімен салыстыру, қорытындысымен есеп салыстыру

Қазан

Қаңтар


Наурыз

Микроаудан бойынша бөлінген мұғалімдер

3

Мекпет микроауданындағы 0-5, 6-10 жастағылардың тамыз есебін жасау, онда балалардың туған жылы, оқитын сыныбы, тұратын көшесі, туралы мәліметтерді толтыру, есеп беру.

Тамыз

Сынып жетекшілер М.Қалихан

4

Тамыз есебімен оқу жылының соңындағы оқушылар тізімін өзара салыстыру арқылы 1 қыркүйекке мектепке оқуға таратылатын балаларды сыныптар бойынша нақтыланған соң мектеп бұйрығын алу; сол бұйрық негізінде сыныптарды комплектациялау сынып журналдарын жүргізу, алфавиттік кітапқа енгізу, аудандық білім бөліміне ОТ-1 есебін тапсыру.

5 қыркүйекке дейін

М.Қалихан

5

Мүгедек балалармен дене және ақыл-ой дамуында ауытқушылықтары бар балалардың мәселелерін қарап шешу, облыстыө не аудандық дәрігерлік психологиялық-педагогикалық комиссияныңшешімін басшылыққа алу.

Тамыз

Ұ.Күзенбаева

М.Қалихан



6

Оқушылардың қозғалысын қатаң есепке алып, оқушылардың мектептен кетуін аранайы журнал арқылы мектеп бұйрығымен бекіту

Жыл бойы

М.Қалихан

7

Оқушыларды қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету, ұсталуы, сақталу, пайдалану жауапкершіліктерін күшейту.

Тамыз Қыркүйек

Сынып жетекшілері

Н.Жұмабаева



8

Асхана жұмысын ұйымдастыру, балаларға шай, нан-тоқаш, сусындар берілуін қамтамасыз ету.

Жыл бойы

Ұ.Күзенбаева

М.Қалихан



9

Мекпет микроаудандарындағы 6 жасқа толған оқушыларды дәрігерлік-психологиялық комиссияның шешімімен 1-ші сыныпқа қабылдау; бұл кезде 1-ші сыныпқа қабылдау және оқыту туралы талаптарын қатаң басшылыққа алу

Тамыз

М.Қалихан

10

5 және 6 жасар балалардың тізімін алу; оларды келесі оқу жылы

1 сыныпқа дайындау мәселелерін шешу, мектепалды даярлық тобына оқушы қабылдау



Мамыр

Маусым


М.Қалихан

11

Жетім, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген отбасыларының есебін жүргізу, оларға «жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан» көмектер ұйымдастыру.

Кезенде

Сынып жетекшілері Ұ.Күзенбаева М.Қалихан

12

Сынып бөлмелерін жаңа оқу жылына дайындау

Тамыз

Бөлме меңгерушілері

13

Оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптар бойынша оқушылар арасында үнемі жүйелі жұмыстар жүргізу.

Үнемі

Сынып жеткшілері

14

Мұғалімдердің медициналық тексеруден өтуге жағдай жасау, қадағалау.

Тамыз

М.Қалихан

15

Денсаулығы нашар балаларды есепке алу, олардың емделуіне көмектесу

Жыл бойы

Дирекция, медбикелер

16

Үйінде оқытылатын оқушыларды анықтап, мұғалімдерді бекіту.

Тамыз

М. Қалихан

Психологтар

медбикелер


17

Дене кемістігі бар балаларды арнайы мектептерге орналастыру.

Қыркүйек

Дирекция, медбикелер

18

4 сыныпта белгіленген тәртіппен МАБ-қа қатысып оқушылардың білім деңгейін бақылау.

Белгіленген уақытта

Сынып жетекшісі

19

1-4 сынып оқушыларын сапалы дайындау үшін тұлғалық қабілеттерін барынша есепке алу.

Жыл бойы

Мұғалімдер

20

Оқудың бастауыш сатысында білімді және іскерлікті, дағдыны түзету үшін мониторинг жүйесін жасау.

Әр тоқсан сайын

Әрбір мұғалім ӘБЖ Ұ.Күзенбаева

21

1-4 сыныптардағы аралық бақылау, білімді меңгеруді тексеру.

Жыл бойы

ӘБЖ

Ұ.Күзенбаева



Оқу ісінің меңгерушісі М.Қалихан

22

«Өзін-өзі тану» пәнінің енуі, оқулықтарымен әдістемеліктерін қарап байқау, бақылау

Қыркүйек

Абдикадирова Жадыра

жүктеу 217,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау