Т. Я. Эрназаров 2013 ж


Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) және оның элементтері



жүктеу 1,11 Mb.
бет4/4
Дата28.12.2019
өлшемі1,11 Mb.
#25298
түріБағдарламасы
1   2   3   4

1. Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) және оның элементтері.


Ішкі бақылау жүйесі бұл - клиент басшылығы өз қызметін дұрыс жолға қою үшін қабылдаған саясат пен процедуралар. Бұл клиент басшылығының саясатын сақтауды, активтерінің сақталуын, қателіктерді болдырмауды бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге қаржылық ақпаратын дер кезінде орындалып сенімді болуын қамтамасыз ету қажет.

Компанияның ішкі бақылау жүйесіндегі әдістер мен процедураларының 3 негізгі категориясын қолданады. Яғни, бұл категориялар бақылаудың мақсаттарына кепілдік беруді қамтамасыз етеді және оларды құрастырушы және қолданушы әкімшілік болып табылады. Бұларды ішкі бақылау жүйесінің элементтері деп атайды.

Олар келесілер:



  1. Бақылау ортасы.

  2. Есептеу жүйесі.

  3. Бақылау процедуралары.

Келесі кестеде жоғарыда қарастырылып өткен ішкі бақылау жүйесінің 3 элементінің өзара қарым-қатынасы көрсетілген.

Ішкі бақылау жүйесінің элементтері және оның құрылымы


Ішкі бақылау жүйесі





Бақылау ортасы


Есептеу жүйесі

Бақылау процедуралары

Бақылау процедураларының элементтері

● әкімшілік философиясы және басқару стилі

● ұйымдастырушылық структурасы

● аудиторлық комитет

● қызметке орналасуға арызы және қызметкеллермен қатынасы

● әкімшіліктің бақылау әдістері

● ішкі аудит функциялары

● тұлғалармен жұмыс істеудің әдістері мен процедуралары

● сыртқы әсерлер


Алға қойған мақсаттары

● заңдылық

● санкциялануы

● толықтылығы

● баға беру

● классификация

● өз уақытылығы

● отчетты дайындау



Бақылау процедураларының категориялары

● дұрыс бөлінуі

● санкциялаудың іске асырылатын жүйесі

● сапалы құжаттар мен тіркемелер

● нақты бақылау

● тәуелсіз тексерулер



2. Бухгалтерлік есеп жүйелерін бақылаудың мақсаты. (БЕЖ).

Ішкі бақылау жүйесінің алдында келесідей 7 мақсат тұрады. Бұл мақсат қателіктерді болдырмауға қол жеткізуге көмек береді. Сенімділіктің қажетті дейгейін қамтамасыз ету үшін клиентің ішкі бақылау жүйесі келесідей болуы қажет:



  1. есепке алынған шаруашылық операциялар тіркелуі қажет, олардың нақтылығы

  2. шаруашылық операциялары қажетінше рұқсат алынуы қажет

  3. жүзеге асырылған шаруашылық операциялардың есепте көрсетілуі

  4. шаруашылық операциялардың дұрыс бағалануы

  5. шаруашылық операциялардың шотта көрсетілуі қажет. Бұл қаржылық берудің объективті түрде жасалғанын бағалауға мүмкіндік береді

  6. шаруашылық операциялардың дер кезінде рәсімделуі қажет

  7. шаруашылық операциялар бойынша жазбалар регисторда жазылып, оның нәтижесі дұрыс соммаланып, жалпылануы қажет.

12 лекция.

1. Бақылау ортасы туралы түсінік (БО) және оның элементтері.

2. Бақылау құралы туралы түсінік (БҚ) және оның түрлері.

1. Бақылау ортасы туралы түсінік (БО) және оның элементтері.

Бақылау жүйесінің тиімділігінің маңыздылығы әкімшіліктің бақылауға деген қатынасымен анықталады.

Бақылау ортасы – бұл әкімшіліктің жоғары дәрежесінің қарым-қатынасын, сонымен қатар директорлар мен ұйымның иелері де осы бақылауға және бақылаудың маңыздылығы жайындағы процедуралар және әрекеттер болып табылады.

Бақылаудың ұйымдастырушылық структурасы шаруашылық жүйенің үкім мен оған тәуелділерді анықтайды. Көбіне ұйымдастырушылық структурада ақпараттық байланыстар жүргізіледі. Аудитор клиенттің компаниясының ұйымдастырушылық структурасын зерттеу арқылы басқарушылық және шаруашылық жүйедегі функционалдық байланыстарды, сонымен бірге бақылау-болжау процедураларының қалай іске асырылатындығын түсінуге болады.

Ішкі аудит кәсіпорында бақылау-болжау процедураларын тексеруде тиімділігін белгілейді. Ішкі аудиттің тиімділігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік бөлімдегі аудиторлық жұмыскерлердің тәуелсіздігіне кепілдік беру керек. Тиімді әрекет ететін басқарушылық команда шаруашылық жүйенің бақылау ортасын тұрақтандырумен бірге, кәсіпорынның сыртқы аудитқа шығындарын төмендетеді. Егер сыртқы аудитор ішкі аудиторлар жайлы олардың біліктілігін, шынайылығын және объективтілігін куәландыратын ақпарат алатын болса, онда сыртқы аудиторлар толығымен олардың жұмысына сенін артады.

Кәсіпорын тұлғасы – бұл кез-келген бақылау жүйесінде маңызды аспект болып табылады. Егер жұмысшылар білікті және сенімді болатын болса, онда бақылаудың белгілі бір әлсіз жақтары мен де сенімді қаржылық отчет қамтылады. Керісінше, егер бақылау процедуралары өте көп болса, онда жұмысшылардың біліктілігіеместігін және шынайы еместігін кез-келген бақылау жүйесінің тиімділігін төмендетеді. Ал, егер жұмысшы білікті және сенімді болса, онда әр бір адамның өзінің әлсіз тұстары болатынын есте сақтау керек.

Ішкі бақылау жүйесінде бақылау тиімділігі жұмысшылардың біліктілігі мен сенімділігіне байланысты болғандықтан, жүйенің маңызды элементінің бірі – бағалау және марапаттау болып табылады.

Есептеу жүйесінің мақсаты – жинақтау, тіркеу, классификация, талдау және шаруашылық операциялар жайлы отчет беру, активтермен байланысты есептеумен қамтамасыс етуді кәсіпорынның осы жүйесінде анықтайды. Тиімді есептеу жүйесі жоғарыда аталып өткен ішкі бақылаудың жеті негізгі мақсатына сәйкестендірілуі қажет. Мысалы, есептеу жүйесі барлық тауарлардың тіркелуіне кепілдік беріп, кәсіпорынның өз клиенттеріне тауарлардың жеткізілуін қамтамасыз етіп, ағымдағы периодта қаржылық отчетта реализация көлемін көрсетілетіндей құрылуы керек. Сонымен қатар, бұл жүйе реализация көлемінің, шоттардың қайталанбауында ұйымдастырылуы керек. Ал, жәй механизацияланбаған есептеу жүйесі бар, тек бір шыншыл әрі білікті бухгалтермен қамтылатын, иелерінің өздері белсенді жұмыс атқаратын кіші компанияларда алдына қойған тапсырмаларды шешуге әбден қажет болуы мүмкін.



2. Бақылау құралы туралы түсінік (БҚ) және оның түрлері.

Бақылау процедуралары – бұл есептеу жүйесі мен бақылау ортасын элементтерімен толықтырып отыратын, әкімшіліктің компания алдындағы мақсаттарға жету үшін құрған әдістер мен ережелер болып табылады. Әрбір шаруашылық жүйеде осындай көптеген әдістер мен процедуралар болады. Алайда, олардың барлығы көбіне келесі бес категорияға еніп кетеді. Олар:

─ Міндеттемелердің дұрыс бөлінуі. Бұларға бухгалтерлік есеп пен материалдық жауапкершіліктің бөлінуі, активтер бойынша материалдық жауапкершілік пен операциялардың санкциялануы, шаруашылық операцияларды жүргізуге жауапкершілік және олардың есебін жүргізуге жауапкершілік жатады.

─ Санкцияланатын процедуралардың тиімділігі. Бақылау жүйесі тиімді қызмет ету үшін, әрбір шаруашылық операция өз деңгейінде шешілуі (санкциялануы) керек. Егер ұйымның әрбір тұлғасы активтерді өз қарауы бойынша алуы немесе тарататын болса, онда қорытындысында хаос болар еді.

─ Құжаттау және жүйелік есеп тіркемелері. Бұл, құжаттау және есеп тіркемелері – материалдық тасымалдаушылар, шаруашылық операциялар жайлы ақпараттарды тарқататын және белгілейтін болып табылады. Олардың арасында: шот–фактура, бухгалтерлік тіркелімдер, алуға тапсырыстар, реализация бойынша журналдар, жұмысшылардың жұмыс уақытысы есебінің карточкасы, сонымен қатар алғашқы құжаттар және есеп регистрлары да жатады. Құжаттар және тіркемелермен тығыз байланыста болатын бақылау құралы – шоттар жоспары болып табылады. Бұл арқылы табыстар мен шығындарды баланстық шоттар мен шоттар статьясымен анықтайды.

Есеп принциптерінің тұрақты қолданылуы үшін, оларды басқарушылық әдістемесінде белгілеу керек. Бұл басқару кәсіпорынның құжат айналымын, активтердің сапалы бақылауын жүзеге асыруға қажетті ақпаратпен қамтылуы керектігін анықтау керек.

─ Құжаттар мен активтерді бақылау. Ең маңызды активтер мен құжаттарды қорғаудың жолы – қауіпсіздік шараларын қолдану болып табылады. Мысалы, тауарлы-материалдық құндылықтардың кішігірім ұрлықтан қорғау үшін, қоймада түгендеу жүргізіп тұру керек. Басқа да қауіпсіздік жағдайлары - өрттен қорғайтын сейфтерді қолдану, валюта және бағалы қағаздарды қорғайтындай жағдай жасау.

Құжаттар мен тіркемелердің сақталуына қауіпсісдік шаралары өте қажет болады. Себебі, жоғалған немесе жойылған құжаттарды қалпына келтіру қымбат тұрады және көптеген уақытты алады.

Сонымен қатар механикалық сақтау құрылғыларын қолдануға болады. Бұл арқылы бухгалтерлік ақпараттардың өз уақытысында және дәл тіркелуіне, сонымен бірге сенімділіктің жоғарылауына алып келеді. Бұл мақсатты іске асырушыларға кассалық аппараттар және мәліметті өңдейтін автоматты құрылғылар жатады.

─ Тәуелсіз тексеруді жүргізу. Бақылау процедураларының соңғы категориясы – бұл қалған төрт процедуралардың тиянақты және үздіксіз жүргізілуіне шолу болып табылады. Көбіне мұндай тексерулер тәуелсіз ішкі тексерулер деп аталады. Ішкі бақылаумен айналысатын мамандардың бастапқы, негізгі мінездемесі тәуелсіздік болып табылады.



Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Клиенттің ішкі бақылау жүйесін сипаттап беріңіз

  2. Клиенттің ішкі бақылау жүйесінің элементтерін атаңыз.

  3. Бухгалтерлік есеп жүйелерін бақылаудың мақсаты. (БЕЖ).

  4. Бақылау ортасы туралы түсінік (БО) және оның элементтері.

  5. Бақылау құралы туралы түсінік (БҚ) және оның түрлері.


Тақырып 7: Аудитті жоспарлау және ауқымы


13 лекция.

1. Жоспарлаудың кезеңдері, мақсаты және қағидалары.

2. Аудитордың клиентпен алдын-ала жоспарлаудың ішкі фирмалық стандарты (бланк) және оның бөлімдерінің сипаттамасы.

14 лекция.

1. Аудит өткізудің міндеттеме-хаты және шартты.

2. Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу. Аудиттің бағдарламасын әзірлеу.

1. Жоспарлаудың кезеңдері, мақсаты және қағидалары.

Жоспарлау аудиторлық тексерудің ең еңбек сыйымды процессі.

Жұмысты жоспарлау аудиттің маңызды бағыттарына көңіл бөлуге және аудиторлық фирма қызметкерлері арасында жұмысты тиімді бөлуге, өзге аудиторлар мен эксперттерді координаттауға көмек береді. Жоспар құжат түрінде рәсімделініп, 7 сыныпталған аудитті жүргізудің сипаттамасы қамтуы тиіс. Оның формасы мен мазмұны шаруашылық етуші субьектінің көліміне аудиттің қиындығына , специфиикалық әдістер мен технологияларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Жоспарлау аудиттің көлемі мен мерзіміне сипатына қарай стратегия мен тәсілдерді өңдеу. Аудитор өз қызметін тиянақты жоспарлауына келесідей үш себеп әсер етеді:



  1. клиенттік іс-әрекеті туралы қажетті дәлелдер жинауға мүмкіндік береді

  2. аудит шығындарын шекті мөлшерде ұстауға көмектеседі

  3. клиентпен түрлі келіспеушіліктерді болдырмауға көмектеседі.

Аудитті жоспарлау № 300 «Жоспарлау» деп аталатын халықаралық аудит стандартары негізінде жүзеге асырылады.

Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсету маңызды болып табылады. Өйткені клиентке аудитордың не үшін келгенін және жүргізетін тексерудің қандай пайда алып келетінін түсіндіру қажет. Аудиторлық жоспарлау үш кезеңде жүргізіледі:



  • клиентті таңдау кезінде жүргізетін аудитордың алдын ала жоспарлауы- бұл жұмыс нәтижесінде тапсырмас қауіп-қатердің жоғары деңгейі байқалса, аудит жүргізуден бас тартуы мүмкін.

  • Аудиторлық тексеру жүргізудің мерзімі, графигі, күтілетін көлемі көрсетіліп аудиттің жалпы жоспары өңделеді

  • Аудиторлық процедуралар жүзеге асырудың көлемін, түрін, реттелетінін анықтайтын аудиторлық бағдарлама түзіледі.

Алдын-ала жоспарлау аудиторлық жұмыстың алғашқы фазасында жүзеге асырылады. Алдын-ала жоспарлау келесілерден тұрады:

  1. жалпы мәліметтерді жинақтау

  2. клиенттің құқықтық міндеттемелері жөнінде ақпарат жинақтау

  3. аудиторлдық қауіп пен маңыздылықты бағалау

Жоспарлау процесі өте еңбек сыйымдылығы жоғары. Аудиттің жалпы жоспарын өңдеу мен аудиторлық бағдарламаны түзу аудит жүргізудің барлық уақытының 1/3 бөлігін алады. Аудитті жоспарлау кезінде оның негізгі принциптері сақталуы қажет:

  • кешендігі

  • үздіксіздігі

  • ұтымдылығы

Кешенділік принципі жоспарлаудың барлық кезеңінде алдын-ала жоспарлаудан бастап аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын өңдегенге дейін өзара байланыс пен келісімді қамтамасыз етеді деп болжамдады.

Үздіксіздік принципі аудиторлар тобына тапсырмалар беру мен жоспарлау кезеңдерін мерзімімен байланыстырудан көрінеді.

Ұтымдылық принципі жоспарлау кезінде аудиторлық фирманың анықтаған критерий негізінде аудитордың бағдарламасы мен жалпы жоспарының ұтымды вариантын таңдауды қамтамасыз етудегі әрекеті.

2. Аудитордың клиентпен алдын-ала жоспарлаудың ішкі фирмалық стандарты (бланк) және оның бөлімдерінің сипаттамасы.

Алдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының төмендегі кезеңдерін қамтиды:

• Клиентті таңдау жене аудитті орындау туралы шешім қабылдау;

• Аудитті орындау үшін персонал таңдау;

• Жұмыс жағдайларын келісу;

• Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру. Клиентті таңдау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау. Аудиторлық фирмалар жағымсыз клиенттермен ынтымақтастық жасауға және қарым-қатынас қажет емес клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастыруға міндетті емес. Жаңа клиенттерді таңдау жөніндегі фирма саясаты келесідей элементтерді қамтиды:

• Көзделген клиент беделін, оның каржылық жағдайының нақтылығын және оның алдыңғы аудиторлық фирмамен өзара қатынастарын бағалау;

• Аудиторлық фирманың мүмкін болатын клиентке қатынасының тәуелсіздігін бағалау.

Жұмыс істеп отырған клиенттермен қатынастарды жалғастыру туралы мәселелер кезең сайын (мысалы, жыл сайын) не ерекше жағдайлар пайда болған кезде қарастырылуы мүмкін. Тексеруді бастау туралы шешім қабылданғаннан кейін оны жүргізу мақсаттары мен масштабтары анықталады.

Көптеген аудиторлық фирмалар клиенттің салалық ерекшелігіне бейімділген тексеру жоспарының өзіндік ішкі стандарттарын даярлайды.

Аудиторлық фирманың фирма ішілік стандарттары негінде клиентпен алдын ала танысу сәйкес бөлімдерден тұратын алдын ала жоспарлау бланкісінде көрсетілуі керек.

14 лекция.

1. Аудит өткізудің міндеттеме-хаты және шартты.

2. Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу. Аудиттің бағдарламасын әзірлеу.

1. Аудит өткізудің міндеттеме-хаты және шартты.

Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме-хат жазуға тиісті.

Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.

Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:



  • қаржы есебін тексерудің мақсаты;

  • тапсырушылардың тексеруге мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілігі;

  • аудит жұмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданылатын заң құжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;

  • тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;

  • жүргізілетін аудит жұмысының бағдарламасы;

  • аудит жұмысының төлем ақысы.

Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.

Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жұмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық құпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттер аталып көрсетіледі.

Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтылы беру. Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттемелерді орындауы қажет.

Осы шартта, аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.

Шартта қажет болған жағдайда қосымша төлем жасау мүмкіндіктері келісілуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысына шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.

Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтау, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған уақтылы төлем жасаудан бас тарту, өзара акционерлер арасындағы келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.

Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. ҚР "Аудит қызметі туралы" заңда анық көрсетілген. Осы Заңның 4-бабында көзделген міндетті аудитті жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мезгілдерден кешіктірмей жасалады, бұл туралы субъект аумақтық салық ұйымын хабардар етеді.

Заңның бесінші тарауында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі деп аталынған, оның 17-бабында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары жан-жақты қарастырылған, 18-бабында олардың міндеттері анықталған.

Заңның алтыншы тарауында "аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, 21-бабында олардың құқықтары, 22-бабында міндеттері, 23-бабында жауапкершілігі" жан-жақты қарастырылған.



2. Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу. Аудиттің бағдарламасын әзірлеу.

Қандай да жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама, жоспар жасалуы қажет.

Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз - оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырылып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит обьектісі түгелдей анықталуы қажет.

Бағдарламаның түрі мен мазмұны шаруашылық субьектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, аудит жұмсының обьектісі байланысты, аудит методологиясы мен аудитте қолданылатын техникалық әдісінің түріне қарай әртүрлі болады.

Жалпы бағдарламада қарастырылатын мәселелер

- тапсыру субьектісінің шаруашылық жағдайын түгелдей зерттеу ;

- есеп саясатының негізін және ішкі аудит жұмысының негізін анықтау;

- аудит мазмұнына жоспар жасау және аудит көлемін, орындалатын мерзімін анықтау ;

- аудитор тобының, жұмысына жүйелі түрде басшылық жасауды ұйымдастыру;

Аудит бағдарламасында шаруашылық субьектінің есеп саясаты ерекше орын алады. Біріншіден есеп саясаты субьектілердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізін құрайды. Оның ішінде өте күрделі бухгалтерлік есеп жасау материалдар есебі, еңбек ақы төлеу принциптері, өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау әдісінің есебіне ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты қарастырады.

Екіншіден, есеп саясаты субьектісінің қаржылық есептерінің мазмұнын анықтайды, сонымен қатар оның бухгалтерлік есебін салықтың есебін жүргізу жолын бір жүйеге келтіріп, салық төлеу жолын, оның мерзімін уақытылы салық мекемелерімен есеп анықтау жолын, әдісін бекітеді .

Жаңа есеп жоспар заңына, тағы басқа нормативтік құжаттарға талдау жасап, сол субьектінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес есеп саясатының мазмұнын анықтайды.

Енді аудит бағдарламасының мазмұнын қарастырамыз: шаруашылық субьектісінің технологиялық ерекшелігіне байланысты аудит жұмысының көлемі, оның күделілігі, аудит жұмысына нақты талап, міндет қояды. Сондықтан аудит жүргізуші өз жұмсының бағытын, әр бір аудитордың міндетін, жұмыс көлемін анықтауы қажет .

Аудиторлық топ үшін аудит бағдарламасын жүзеге асыруда жалпы жоспар негіз болып табылады. Аудит барысында жалпы жоспардың жекелеген жағдайларын қайта қарауға тура келеді. Оны жазбаша құжатта тексеру қажет. Жалпы жоспарда келесілер қарастырылады:



  • аудиторлық топтағы аудитор саны мен біліктілігі

  • аудиторды қызмет дәрежесі мен кәсіби сапасына қарай арнайы бөлімдерге бөлу

  • аудиторлар тобының барлық мүшесін олардың нақты міндеттерімен танысу, клиент бизнесімен және аудитордың жалпы жоспарымен танысу

  • аудиторлық топ жетекшісінің жұмыс тобының жоспарды орындауын, жұмыс сапасын, жұмыс құжаттарын жүргізуді бақылау

  • топ жетекшілеріне аудиторлық процедураларды жүзеге асыруды түсіндіру

  • аудиторлық топ мүшелерінің кейбір ерекше пікірлерін құжатпен рәсімдеу.

Жоспарлау барысында аудитор келесідей құжаттарды дайындайды:

  1. тексерілетін ұйымның бизнесін сипаттау

  2. бухгалтерлік есеп жүйесін сипаттау

  3. ішкі бақылау жүйесін сипаттау

  4. тексерілетін ұйымның есеп беруін экспресс талдау материалдары

Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз – оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізу. Аудит бағдарламасында аудит обьектілері түгел анықталуы қажет. Бағдарламаның түрі мен мазмұны шаруашылық субъектілерінің техникалық ерекшелігіне сәйкес аудит жұмысының обьектісіне байланысты аудит методологиясын аудитте қолданатын техникалық әдістердің түріне қарай әртүрлі болады.

Аудит бағдарламасында шаруашылық субьектілерінің есеп саясаты ерекше орын алады.



Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Аудитордың жоспарлау қызметіне әсер ететін факторлар қандай ?.

  2. Аудиторлық жоспарлау қандай кезеңдерден тұрады ?.

  3. Алдын-ала жоспарлау мәні неде ?.

  4. Алдын-ала жоспарлаудың мақсаты қандай ?.

  5. Аудиторлық жоспарлаудың кешенділік принципін қалай түсінесіз ?.

  6. Аудиторлық жоспарлаудың үздіксіздік принципін қалай түсінесіз ?.

  7. Аудиторлық жоспарлаудың ұтымдылық принципін қалай түсінесіз ?.

  8. Аудит жұмысының бағдарламасын жасау маңызы қандай ?.

  9. Жалпы жоспарлаудың маңызы қандай ?.

  10. Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсетудің мәні неде ?.

Әдебиеттер:1



7-тақырып. Аудит сапасын бақылау

Жоспар:


1. Жүргізілген аудиттің нәтижесі бойынша шаруашылық жүргізуші субъектісінің басшысына аудиторлық жазбаша ақпарат.

16 лекция.

2. Аудиторлық қорытынды және оны әзірлеу тәртіптері.

3. Аудиторлық қорытындылық құрылымы және түрлері.

1. Жүргізілген аудиттің нәтижесі бойынша шаруашылық жүргізуші субъектісінің басшысына аудиторлық жазбаша ақпарат.

Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор аудит бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге материалдық қателер мен бұзушылықтарды анықтау құралы ретінде бағдарламаның өзінің орындылығын айқындайды.

Аудиторлық тексерудің аяғында процедуралардың ассистент орындаған бөлігінің орындалу сапасын тексеру үшін, сонымен бірге тексерудің аудиторлық қызметтің белгіленген стандарттарының талаптарын қанағаттандыратындығына көз жеткізу үшін және тексеру жүргізу процессінде аудитордың дағдысына енуі мүмкін немқұрайлықтарды бейтараптандыру үшін барлық жұмыс құжаттарын тағы да бір рет қарап шығу қажет.

Қорытынды есептің жекелеген баптары немесе баптардың топтары жөнінде жеткілікті ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізуге тиісті:

• операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың білімінің өзара сәйкес келетіндігін;

• қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылғандығын және қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығын;

• қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты заңдық құжаттардың және басқа нормативтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;

• жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл қорытынды есеп туралы өзінің ой-пікірін тұжырымдай алатындығын.

Енді аудиторлық қорытынды жасауға болатын шығар. Бірақ тексеру нәтижелері бойынша клиент басшылығына ақпарат (хат) тапсыру орынды болар еді.

Клиент басшылығына хат - бұл, кәсіпорынның басшысына, иесіне, қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы, айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулар туралы, қаржылық қорытынды есептегі бұзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар туралы толық мәліметтері, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған, және аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын басқа да ақпараттары бар құжат.

Хаттың нысаны және жасалу (құралу) тәртібі фирмаішілік стандарттарда қарастырылуға тиісті.

Басшылыққа хат төмендегілерден түрады:

• аталуы ("Аудиторлық есеп беру" немесе " Басшылыққа хат");

• адрес иесінің атауы (аты);

• кіріспе бөлім;

• талдамалық бөлім;

• қорытынды бөлім.

Басшылыққа хат аудиторлық тексеру жүргізуге тапсырыс берушіге оның барлық қажетті реквизиттерін көрсете отырып, жіберіледі.

Басшылыққа хаттың кіріспе бөлімінде аудиторлық ұйымның реквизиттері, оның ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның номері, берілген мерзімі, аудиторлық тексеруге қатысушы аудитор және басқа тұлғалар туралы мағлұматтар, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу негізі және кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасы жазылады.

Басшылыққа хаттың констатациялау (белгілеу) бөлімінде Халықаралық аудит стандарттарына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуге тиісті:

• экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;

• бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;

• қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезіңде заңдардың сақталуына тексеру жүргізу нәтижелері;

• салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығын тексеру нәтижелері;

• активтердің жағдайын тексеру нәтижелері.

Клиент басшылығына хат анық, әрі қыска, әрі мазмұнды, нақты дәлсіздіктерсіз болуға тиісті. Басшылықпен жасалынған келісім бойынша басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін жеке хаттар жасалынуы мүмкін.

Аудитордың кәсіпорын басшылығынан өзінің ақпараттық хатына сол хатта көтерілген мәселелер бойынша болжанған іс-әрекеттер көрсетілген жауапты сұрап алуына болады. Жауап шешім қабылдауға құқықты тұлғаның (бірінші басшы, қаржы директоры, бас бухгалтер) қолы қойылған хат түрінде рәсімделуі мүмкін.

Басшылыққа хаттағы ақпараттар құпия болып табылады және жария етуге жатпайды.

16 лекция.

2. Аудиторлық қорытынды және оны әзірлеу тәртіптері.

3. Аудиторлық қорытындылық құрылымы және түрлері.

1. Аудитордың қорытынды есеп беруі – бұл қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитордың пікірі, көрсетілген аудиторлық ұйым беретін өкілетті құжат. Міндетті аудит субъектісі болып табылатын ұйым үшін аудиторлық есеп беруі есеп беруінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Аудиторлық қызмет туралы заңда 20.11.1998 жылы аудиторлық есеп беру туралы аудиторлық стандарттарына сай түзілуі керек делінген. Аудиторлық есеп беруді түзу тәртібі 700 ші «қаржылық есеп беру бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп талатын халықаралық аудит стандартымен реттеледі.

Аудиторлық есеп берудің келесі формаларының бірінде аудитор өз пікірін білдіреді: ескертусіз пікір, ескертулері бар пікір, кері пікір, пікір білдіруден бас тарту пікірі. Ескертусіз пікір аудиторлық есеп берудің бекітілген концептуалдық негіздеріне сай, қаржылық есеп беру дұрыс және сенімді көрсетілген жағдайда аудитор осындай пікір береді.

Аудиторлық есеп беруде барлық маңызды жағдайлар түсінікті және толығымен көрсетілуі қажет. Аудиторлық есеп беру үш бөлімге біріктірілген негізгі элементерден тұрады: кіріспе, аналитикалық, нәтижелік. Аудиторлық қорытынды есепке пікір білдіруге негіз болатын қаржылық есеп беру қоса тігіледі.

Аудиторлық тексерудің соңғы кезеңі бұл аудиторлық қорытынды мен қабылдап алу беру актін түзу болып табылады. Аудитор жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша тапсырыс берушіге келісім шартта көрсетілген мерзімде аудиторлық қорытындыны ұсынуы қажет. Ол арнайы құжат « қабылдап өткізу актісі арқылы орындалады. Негізінде аудиторлық қорытынды Қазақстандық № 5 қаржы есебін тексерудің аудиторлық қортыныдысы » деп аталатын стандарт талабына сәйкес жасалынады.

Басқадай көрсетілген аудиторлық қызметтер арнайы анықтама жазып берумен, сараптау қорытындылары немесе басқалай түрдегі актілерімен анықталып тапсырылады .

Негізінде аудит есебінің мазмұны мен түрі арнайы принциптерге сәйкес болуы қажет. Олар:

- есебінің тақырыбы болуы қажет, себебі әрбір есеп басқа есептерден өзінше бөлектеніп, байқалатын болуы қажет ;

- аудит есебінде аудит көлемі, мақсаты, ондағы мәліметтің шектелуі анықталуы қажет.

- аудит есебі басылымға шығатын болса, онда оған қоса сол есепке негіз болған қаржылықты анықтаушы құжаттарда басылымға бірге шығуы қажет.

- аудит есебінде барлық тексерілген қаржылықты анықтайтын құжаттар түгелдей көрсетілуі қажет.

- есебінің мазмұнында тұтынушылар үшін қажет мәліметтер бухгалтерлік және аудиторлық стандарттар талабына сай, тексеру әдістемесін дұрыс қолданғаны анықталған болуы қажет.

- есептің мазмұнында келтірілген анықтамалар, түсініктер өте тиянақты, түсінікті, күдіксіз, анық болуы қажет .

Осы принциптерге негізделе отырып , Қазақстанның 5 – ші стандартында аудит қорытындысының негізгі элементтері келтіріліп, оның мазмұнымен жүйесі анықталған. 5 – ші стандартта субьект басшысының қаржы есебі туралы жауапкершілігі және аудитордың аудиторлық қорытындысына жауапкершілігі нақты көрсетілген.

Аудитор қорытындысының негізгі бөлімінде аудитор тексерудің жалпы көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқылық жағы Қазақстан стандартына сүйене отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы аудит материалын қолданушылар , тұтынушылар , үшін сенімді мәлімет болады .

Аудит қортындысының негізгі білімінде келтірілген мәлімет қаржы есебінде жіберілген қате немесе кемшіліктер болуы мүмкіндігін, аудит күдігі қандай мөлшерде зиянды болатыны қарастырылады есіне салады. Одан кейін, аудит технологиясының барысы көрсетіледі:

А) тест арқылы талдау жасау. Қаржы есептерін құжаттар арқылы дәлелдеу, анықтау ;

Б) бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы есебін жасаудағы тиімділігін нақты, дәлелді түрде көрсету;

В) жалпы қаржы есебіне баға беру .

Аудит есебінің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысын жасау қажет. Оның негізгі мақсаты суьектінің қаржы есебінің дұрыстығын, оның мемлекет заңына , нормативтік құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық стандарт талабына сәйкес жасалынғанын көрсету болып табылады.

Қаржы есебі туралы басқа да нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анықтамалар сараптау қорытындылары арқылы көрсетеді Қазақстандық аудит стандартының талабына сәйкес аудит қорытындысының түрі мен мазмұны бір жүйеге келтіріледі.

Шет елдер тәжірбиесіне сүйене отырып, қазір Қазақстанда аудит қорытындысы төрт түрде жазылады:



  1. Күдіксіз - сенімді аудиторлық қорытынды ;

  2. Күдіксіз - ескерту келтірілген қорытынды ;

  3. Күдікті - сенімсіз аудит қорытындысы;

  4. Теріс - сенімсіз аудит қорытындысы;

Күдіксіз - сенімді аудит қорытындысы, аудиторлық тексеру барысын ешқандай қате қаржылық есебі мүлтіксіз дұрыс болған жағдайда, бухгалтерлік есеп заңдылықпен, мемлекет бекіткен ереже – нұсқау талабына, бухгалтерлік – аудиторлық стандартқа сәйкес жүргізілген жағдайда ғана беріледі. Осылайша, аудитті қорытындылау кезеңінде осыдан алдыңғы кезеңдерде жинақталған құжаттар негізінде аудиторлық қорытынды түзіледі (4 сызба).

2. Кіріспе бөлімде келесілер көрсетілуі қажет:



  1. құжаттың аты, аудиторлық қорытынды есеп

  2. адресат- аудиторлық есеп беруді алушы

  3. кіріспе параграф:

  • аудит жүргізілетін ұйымның қаржылық есеп беруінің тізімі

  • ұсынылған қаржылық есеп беруде көрсетілген мерзім мен кезең

  • ұсынылған қаржылық есеп беруде ұйым басшылығының жауапкершілік туралы арызы

  • жүргізілетін аудит негізінде пікір білдіруге аудитордың жауапкершілігі туралы арыз

Аналитикалық бөлімде аудит масштабы көрсетіледі:

  1. аудиттің халықаралық аудит стандартына немесе қабылданған актіге сай жүргізілгендігі жөнінде сілтеме немесе нұсқау

  2. аудитор орындаған жұмысын ішкі бақылау жүйесінің жағдайын тексеруді қоса алғанда қолданылған БЕП бақылауды, қаржылық есп берудің жалпы жағдайын бағалауды сипаттайды.

Қорытынды нәтижелік бөлімде келесілер көрсетіледі:

    1. Қаржылық есеп беру бойынша аудитордың пікірі.Ол қаржылық есеп берудің есепті ұсынудың концептуалдық негіздерге сай қаржылық есептің дұрыстығы мен сенімділігі, қаржылық есептің заң актілеріне сәйкестігі бағаланады.

    2. Есеп беру датасы-аудит аяқталған мерзімнің датасы аудиторлық есеп беру қол қойылған және ұйымның қаржылық есеп беруін бекіткен күннен бұрын даталанбауы тиіс.

    3. Аудитор адресі – аудиторлық қорытынды есепті ұсынған аудиторлық фирманың орналасқан орны.

    4. Аудитордың қолы – Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңының 15-бабына сай аудитордың қолы мен мөрі болуы керек.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Аудиторлық қорытынды есеп берудің маңызы.

  2. Аудиторлық қорытынды пікір түрлері және оның берілуі.

  3. Кері немесе бас тарту пікірінің ұйым қызметіне әсері.

  4. Аудиторлық пікір және оған әсер етуші факторлар.

  5. Аудиторлық есеп берудің негізгі элементтердің маңызы.

  6. Кіріспе бөлімде көрсетілетін элементтер.

  7. Кіріспе бөлім құрамы.

  8. Аналитикалық бөлімінің көрсетілу маңыздылығы.

  9. Қорытынды бөлімде көрсетілетін элементтер.

  10. Аудиторлық қорытындының кәсіпорын немесе фирма қызметіне әсері.

Әдебиеттер:1,3.

7. Практикалық сабақтардың мазмұны, олардың сағаттағы көлемі



8. Өздік жұмыс тапсырмалары
9 Курстық жұмыс тақырыптары

  1. Аудит түсінігі және оның мазмұны. Аудит принциптері

  2. Аудиторлық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу

  3. Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау

  4. Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері

  5. Аудиторлық тексеру жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері

  6. Аудиттегі маңыздылық тұжырымдамасы

  7. Аудиторлық тәуекел компоненттері мен олардың өзара байланысы

  8. Аудиторлық дәлеледеулер және олардың аудиттегі рөлі

  9. Аудиттегі таңдамалы әдіс. Аудиторлық таңдама

  10. Аудитордың жұмыс құжаттарының мазмұны мен типтері

  11. Аудит жүргізу тәртібі мен оны ұйымдастыру. Аудит кезеңдері

  12. Аудитті жоспарлау

  13. Есептілік және аудитор қорытындысы

  14. Аудиттегі жұмыс сапасын бақылау

  15. Мүмкін болатын қателер мен аудиттеленетін қаржылық есептіліктің зиян шегуі

  16. Қаржылық есептілік аудиттің ақпараттық базасы ретінде

  17. Компьютерлік жүйе ортасындағы аудит

  18. Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесі. Аудит түсінігі. Аудиторлық қызмет мақсаты мен міндеттері

  19. «ҚР аудиторлық қызмет туралы» заңы, оның мазмұны, аудиттің дамуы мен қалыптасуындағы оның мәні мен ролі

  20. Аудитке қатысты қызметтер. Қатысты қызметтердің мағызы мен қысқаша сипаттамасы

  21. Міндетті аудит. Міндетті аудит мазмұны, субъектілері.

  22. ҚР аудиторлық қызметті нормативті реттеу. ҚР аудитті құқықтық қамтамасыз ету

  23. Аудиторлық бірігулердің ішкі ережелері (стандарттар), аудиторлық (түсінігі, құрамы, жіктелуі, арналымы)

  24. ХАС сәйкес аудитті жоспарлау

  25. ХАС сәйкес, аудиторлық дәлелдеулерді жинау әдістеренің мазмұны мен құрамы

  26. ХАС сәйкес аудитордың жұмыс құжаттарын рәсімдеуге талаптар және мазмұны, құрамы

  27. ХАС сәйкес аудиттегі маңыздылық дәрежесін қолдану мен орнату

  28. Аудиторлық ұйымның сыртқы құжаттары

  29. Аудиторлармен персоналды компьютерді қолдану кезінде, мәліметтерді компьютермен өңдеу жүйесіндегі аудит жүргізудің ерекшеліктері

  30. Аудиторлық қызметті автоматизациялау жүйесінің функционалдық құрылымы. Міндет құрамы және олардың арналымы

  31. Бухгалтерлік есептің негізгі бөлімдерінің аудиті кезінде, персоналды компьютерлерді қолдану

  32. Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру

  33. Ішкі бақылаудың негізгі мақсаты мен міндеттері

  34. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ішкі бақылау құралдары

  35. Ішкі бақылау процедураларын жіктеу

  36. Ішкі аудит маңызы мен түсінігі. Оның рөлі мен ұйымды басқару жүйесіндегі жалпы маңызы

  37. Ақша қаражаты аудиті

  38. Инвестициялардың аудиті

  39. Дебиторлық борыштардың аудиті

  40. Кредиторлық қарыздардың аудиті

  41. Қорлардың аудиті

  42. Негізгі құралдардың аудиті

  43. Материалдық емес активтер аудиті

  44. Меншік капитал аудиті

  45. Банк кредиттері және банктік емес мекемелер аудиті

  46. Бюджеттік есептесу аудиті

  47. Еңбекті төлеу бойынша персоналдарменесептесу аудиті

  48. Есепке алу саясаты аудиті


10. ОСӨЖ кеңестерінің кестесі (СӨЖ-дің 25% ОСӨЖ құрайды)

Барлық сұрақтар бойынша кеңестер ағымдағы семестрге арналған ОСӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі.


11. Білімалушылардың білімін тексеру кестесі

Дәрістерге қатысу және тәжірибелік жұмысты орындау 0-100 балмен бағаланады.


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау мерзімі

Бақылау нысаны

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1










1-апта

жазбаша

2-апта

2










1-апта

жазбаша

4-апта

3










2-апта

жазбаша

6-апта

4

Межелік бақылау

1-8 тақырыптар







тест

8-апта

5










2-апта

жазбаша

10-апта

6










2-апта

жазбаша

12-апта

7










2-апта

жазбаша

14-апта

8

Межелік бақылау

9-15 тақырыптар







тест

15-апта

12. Білімалушылардың білімін бағалау критерийлері


Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспармен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес Сіздер келесі аудиториядан тыс жұмысты орындауға міндеттісіз:

  • әрбір тәжірибелік сабаққа дайындалу, яғни тапсырмаларды орындау;

  • әрбір тәжірибелік жұмысты орындау үшін қажеттіоқу материалдарын оқу;

  • тапсырмаларды дербес түрде орындау;

  • дәрістік материалдарға кірмеген, зерттеуге міндетті курс тақырыптарын өндеу және конспект құрастыру.

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу және пән бойынша қосымша материалдарды өндеу үшін тапсырмалар, оларды рәсімдеу талаптары мен орындаудың әдістемелік нұсқаулар алдағы сабақта берілетін болады.

СӨЖ орындау мерзімдері сабақтардың кестесіне сәйкес өзгеру тиіс.

Егер Сіздер барлық сабақтарға уақытысында келіп, барлық сабақтарға белсендіқатысыпжәне дайындалып келіп , тапсырмаларды сапалы орындап, белгіленген мерзімде тапсырсаңыздар, онда бақылау шаралар кестесінің күнтізбелік кестесіне белгіленген максималды баллды аласыз.

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу дәрежесі сұраумен, үй тапсырмалардың орындалуын тексеру, топта жұмыс істеу, бақылау шаралар кестесінің күнтізбелік кестесіндегі бөлек тақырыптары бойынша тексеру жұмыстарын жазу арқылы тексеріледі. Тәжірибелік және дәріс сабақтарына қалмай келгенінің үшін Сіз 1 балл аласыз. Сабаққа қалып келгені үшін аптасына 0,5 балл шегеріледі. Ал егер дайындалмай келсеңіз, тек қана келуіңіз бағаланады.

Пәнніңтараулары бойынша оқыған материалды игеру деңгейін тексеру үшін екі межелік бақылау өткізіледі.

Егер Сіз межелік бақылауға дәлелді себептермен қатыспасаңыз, онда Сіз оқытушы белгілеген уақытысында жеке тапсырманы орындау арқылысәйкес баллды ала аласыз.

Жұмыс істеу нәтижелері бойынша екі рет ағымдағы үлгерімінің қортынды балы (рейтинг) анықталады. 50 баллдан төмен баға қанағаттанарлық болып саналады.

Межелік бақылау 100 балға тең. Межелік бақылауға ағымды үлгерім балдары болған студенттер жіберіледі.

Қортынды бақылау тест бойынша жазбашатүрде өткізіледі. Пән бойынша баллдағы қортынды баға келесі формула арқылы анықталады:
Қ=ЖР*ЖРСҮ+ҚБ*,
осында ЖРСҮ, ҚБСҮ – бақылауға жіберу және қортынды бақылау үшін Университеттің Ғылыми Кеңесімен жылсайын бекітілетін салмақтық үлестер

0,6 және 0,4 -университеттің ғылыми кеңесімен белгіленген сәйкес салмақтық үлестер.

Емтихан тест түрінде өткізіледі. Әр нұсқауда 40 тест тапсырмалары ұсынылған, дұрыс жауап 2,5 баллмен бағаланады. Емтиханда алынатын максималды балл - 100 балл.

Егер де сіз емтиханда қанағаттанарлақ баға (50 баллдан төмен) алсаңыз, онда пән бойынша сіздің қорытынды рейтингіңіз анықталмайды, ал ведомостқа «қанағаттанарлық» бағасы енгізіледі.


13. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы №304-I Заңы (2007 жылғы 12 қаңтардағы өзгертулермен)

2 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңы

3 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты

4 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

5 Аудиттің халықаралық стандарттары

6 Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және тереңдетілген аудит: теория, әдістемесі, тәжірибесі. Алматы: Экономика – 2007, 607б.

7 Каренова Г.С. Аудит: Учебное пособие – Караганда: КарГУ, 2007. – 262с.

8 Нурсеитов Э.О. Аудит. Краткое руководство – Алматы: LEM, 2009 – 220с.

9 Нурсеитов Э.О., Нурсеитов Д.Э. Международные стандарты аудита: принципы и практика – Алматы: Экономика, 2008 – 478с.


Қосымша

10 Каренова Г.С. Теория и практика аудита: Учебное пособие – Караганда: КарГУ, 2002. – 190с.

11 Аpенс А., Лоббек Дж. Аудит. Перевод с англ./ Гл. редактор серии пpоф. Я.В. Соколов. М.: ФиС, 2003 .

12 Адамс Р. Основы аудита. Пер. с англ. (Под ред. Я.В. Соколова).- М.: ЮНИТИ, 2004.



13 Ажибаева З.Н. Аудит: учебник – Алматы: Экономика, 2004 – 527с.

14 Богатая И.Н. Практикум по аудиту / И.Н. Богатая, Н.Н. Хахонова – Ростов на Дону: Феникс, 2004 – 250с.
жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау