Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет58/62
Дата07.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#3421
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

 
172 
4.  Оқулықтың 
әдістемелік  міндеттерін  мұқият  зерттеп 
ойластырыңыз және сабақтың міндеттері мен тақырыптың сәйкестігін 
ойластырыңыз. 
5.  Жалпы оқу-тәрбиелік процесі  және оның  ең маңызды бөлігі 
сабақ  педагогикалық  психологияның  және  дидактиканың  объективті 
заңдылықтарына бағынатынын естен шығармаңыз. 
6.  Осы 
сабақта  қандай  біліктілікті  және  дағдыларды 
бекітетініңізді шешіңіз. 
7.  Жаңа  материалды  терең  меңгеруге  барлық  қайталаулар 
өткізіп, қарастырыңыз. 
8.  Сабақта 
қолданылатын  барлық  әдіс-тәсілдер,  оқыту 
құралдары,  сабақ  композициясын  нақты  таңдау  –  мұның  бәрі  сіздің 
шығармашылығыңыз болады. 
9.  Берілген  пәннің  өзегі  болатын  негізгі  білімдер  туралы, 
пәнаралық байланыстарды ұмытпаңыз. 
10.  Пән  бойынша  білім  мазмұнының  міндетті  минимумы  – 
сіздің  басты  бағдарыңыз  болсын.  Білім,  білік,  дағдының  бағалау 
нормасын тек сіз ғана емес, оқушылар да білуге тиіс. 
11.  Сабаққа дайындығыңыздың көрсеткіші – оқушылардың үйге 
берілген тапсырманы орындауы.  
12.  Өз  сабағыңызды  тек  қана  бүкіл  сыныпқа  ғана  емес,  жеке 
оқушыларға  да  «өлшеуге»  тырысыңыз.  Оқушылардың  біліміндегі 
олқылықтарды  қалай  жою,  қателіктерді  жібермеуді  ескеру,  жеке 
оқушыға  назар  аудару  –  мұның  бәрі  білімнің  терең  және  берік 
болуының негізгі шарттары болып табылады. 
13.  Мына 
өткізілетін  сабақтар,  өтілген  тақырыптардың 
жүйесімен тығыз байланысты болуы керек. Әр сабақ аяқталған бүтін, 
бірақ оқыту және тәрбиелеу процесінің бөлігі болсын.  
6.3. Үй жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары   
6.3.1. Үй жұмысының формалары 
I. Жаңа материалды меңгеру сабағына
1
   
1)  оқулық материалын оқу және мазмұндап айтып беру; 
2)  суреттер,  сызбалар  арқылы  сабақ  тақырыбын  ары  қарай 
қарастыру, мына сабақта оқытылатын оқу материалымен танысу; 
3)  қосымша әдебиеттерден оқу материалын жинастыру. 
II. Жалпылау сабағына 
1)  мұғалімнің арнайы қойылған сұрақтарына жауаптар; 
2)  мұғалім  берген  жоспар  мен  тапсырмалар  бойынша  жауапқа 
дайындалу; 
                                                 
1
 2.3. және 2.4.3 –бөлімдерді қараңыз.   


 
173 
3)   жоспар  бойынша  дайындық  немесе  қандай  да  бір  тақырып 
бойынша жауаптар жоспарын өздігінен жасау; 
4)  мәтінде  негізгі және қосымша материалды ерекшелеу; 
5)  сынып  жұмысында  берілген  жағдайларға  ұқсас,  өздігінен 
жағдайларды дәлелдеу жұмыстары: 
6)  тақырып бойынша қосымша материалдар жинау. 
III. Білімді қолдану сабағына 
1)  практикалық  жұмыстар  (құралдар,  карточкалар,  кестелер) 
дайындау; 
2)  сыныпта қарастырылғанға ұқсас есептерді шығару; 
3)  стандартты емес есептерді шығару; 
4)  пәнаралық байланысы бар есептерді шығару; 
5)  Тапсырмаларды өздігінен құрастыру; 
6)  жеңіл материалды өздігінен меңгеру; 
7)  қателермен жұмыс жасау. 
IV. Білімді бақылау және тексеру  сабақтарына 
1)  сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру; 
2)  үйге берілетін бақылау жұмысын дайындау; 
3)  стандартты емес тапсырмаларды орындау. 
6.3.2. Үй тапсырмасын беру әдістері 
1.  Берілген  үлгі  бойынша  үй  жұмысын  орындау.  Карточкадағы  
үй жұмысына ұқсас тапсырманы орындау (деңгейі төмен оқушыға). 
2.  Оқулықтың  материалын  өздігінен  меңгеру.  Оқытылатын 
тақырыптағы  негізгілерді  белгілеңіз,  жауап  беру  жоспарын  құраңыз.  
Сабақты айту кезінде жоспармен қолдануға болады. 
3.  Ұжымдық  үй  жұмысы.  Берілген  тақырып  бойынша  бірдей 
дайындықта болған оқушыларды 5-6 адамнан топтарға бөлу. Әр топқа 
тапсырмалар беріледі. 
4.  Өз 
қалауы  бойынша  таңдап  алынған  үй  жұмысы 
(тапсырмалардың  ішінен  өзіңіз  шығара  алатыныңызды  таңдап 
орындаңыз,  бірақ, саны ...  кем болмасын); 
5.  Нашар  оқушыларға берілетін карточкалардың формалары

толтыруға арналған бос орындары бар карточкалар;  

түзету үшін қателері бар карточкалар; 

толық шығарылмаған тапсырмалары бар карточкалар. 
6.  Тақтадағы сызба беріледі 

сынып  жұмысына  ұқсас  тапсырманы  құру  және  орындау 
(деңгейі орташа оқушыларға); 

сынып жұмысына ұқсас тапсырманы сызба арқылы орындау 
(деңгейі төмен оқушылар); 


 
174 

сызбаға 
мүмкін 
болатын 
тапсырмалар 
құрастыру, 
жетіспейтін  элементтері  болса,  толықтыру  (деңгейі  жоғары 
оқушыларға). 
7.  Жеке  үй  жұмысы  (немесе  деңгейі  төмен  оқушыларға  үй 
тапсырмасының орнына); 
8.  Міндетті  емес  өздік  жұмысы,  оларды  оқушылар  сыныптан 
тыс жұмыс үшін таңдап алады (мысалы, бір аптаға); 
9.  Жаңа  жағдайларда  немесе  бақылау  жұмысында  жіберілген 
қателіктерді түзету үшін өз білімдерін өздігінен қолдану жұмысы. 
6.3.3. Үй жұмысын тексеру әдістері 
1. Үй тапсырмасын сыныпта талдау: 
а)  оқушы тақта алдында үй жұмысын орындайды, онымен қатар 
шешу кезеңдері бойынша жаппай сұрақтар қойылады; 
б)  оқушылар кезекпен (сатылы) есепті шығарады. Жаппай түрде 
орындау тәртібі сұралады; 
в)  үй  жұмысына  ұқсас  тапсырманың  шешімін  тақтаға  жазу; 
шешім  жабық  тұрады.  Тапсырманы  орындау  реті,  жаппай  сұраудың 
барысында,  тақтадағы  жабық  тұрған  шешім  біртіндеп  ашылып 
отырады.  
2.  Көптеген  оқушыларда  №…  орындалмаған  немесе  қате 
орындалғаны анықталса: 
а)  тапсырманы мұғалім оқушылардың көмегімен тақта алдында 
орындайды, мұғалім көмекші сұрақтарын қойып отырады; 
б)  осы  сияқты,  тапсырманы  тақтаға  шақырылған  оқушы 
орындайды,  шешу  жолын  мұғалімнің  сұрауы  бойынша  оқушылар  өз 
орнынан айтып отырады. 
3 Оқушы тақтаның алдында есептің немесе мысалдың  шешуін 
жазады.  Кез келген  жерінде  мұғалім  оны тоқтатып, басқа оқушыдан 
сол тапсырманы жалғастыруын сұрайды және т.б. 
4.  Кеңесшілердің  көмегімен  сыныпта  үй  жұмысының  бары 
немесе жоғы, орындау дұрыстығы тексеріледі. 
6.3.4. Жас мұғалімнің өз сабағын өзі талдау үлгісі  
Сынып 
Сабақ тақырыбы 
Сабақтың түрі және оның құрылымы.  
1. Осы сабақтың  тақырыптағы  орны  қанадай?  Бұл  сабақ алдағы 
сабақпен қалай байланысты, мына сабақтарға әсері қанадай?  
2. Сыныптың  қысқаша  психологиялық-педагогикалық  сипат-
тамасы.  Сабақты  жоспарлау  кезінде  ескерілген  оқушылардың 
ерекшеліктері.   


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау