Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет32/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68

 
94 
Өрнек – кейбір шаманы есептеу үшін алгоритмде (бағдарламада) 
амалдардың  тізбегін  анықтайтын  жазба.  Өрнектер  –  амалдарды  және 
дөңгелек  жақшаларды  қолданып,  әртүрлі  типті  тұрақтылардан
айнымалылардан,  функциялардан  құрастырылған  жазба.  Өрнектің 
есептелу  реті  жақшалармен  және  операндалардың  үстемділігімен 
анықталады.  
5.4-сурет. Шамалармен әрекеттерді орындау құралдары 
Бұйрық  –  алгоритмнің  жазбасына  кіретін,  орындаушыға  кейбір 
тұтас  әрекетті  орындау  нұсқамасы.  Меншіктеу,  енгізу,  шығару  – 
қарапайым  бұйрықтар,  тармақталу  және  циклді  –  құрама  немесе 
құрылымды бұйрықтар деп атайды. 
Бағдарламалау 
тілдерінде 
амалдардың, 
өрнектердің, 
бұйрықтардың  жазылу  ережелері  қатал  анықталған.  Алгоритмдерді 
алгоритмдік  тілде  немесе  блок-схемалар  түрінде  сипаттағанда 
синаксистік  ережелерді  ұстану  міндетті  емес.  Мысалы,  алгоритмдік 
тілде  әр  бұйрық  жеке  жолда  жазылса,  онда  соңында  нүктелі  үтірді 
қоймаса  да  болады,  немесе  көбейту  амалында  математикалық: 


бағдарламалық: * белгілері жазыла береді.  
Әйтсе  де,  алгоритм  ары  қарай  қолданылатын  бағдарламалау 
тіліне  бейімделген  болуы  қажет.  Бейсик  тілінде  дәрежеге  шығару 
амалы бар (жазылуы:
 Х
^
5
), сондықтан алгоритмдік тілде х
5
 немесе х
^

түрінде  жазуға  болады.  Ал,  Паскаль  тілінде  дәрежеге  шығару  амалы 
болмағандықтан, алгоритмде ол амалды қолданудың қажеті жоқ, мына 
түрде:  х*х*х*х*х жазуға болады. Әйтсе де, Паскаль тілінде  дәрежеге 
шығару  exp    және  ln:  функциялары  арқылы  ұйымдастырылады:  х
у

e
ylnx
   

   exp(y*ln(x)). 
Айнымалы  және  меншіктеу  ұғымдары  бағдарламалауда  – 
түйінді  ұғымдар  болып  табылады.  Есептелу  алгоритмінің  орындалу 
процесі  –  тізбекпен  айнымалы  мәндерінің  өзгеру  процесі. 
Қорытындысында белгіленген айнымалылар ізделіген нәтижені алады.  
Амалдар 
Өрнектер 
Бұйрықтар 
меншіктеу 
енгізу 
шығару 
цикл 
тармақталу 
 
 
 
 
ОБЖ 


 
95 
Меншіктеу  нәтижесінде  айнымалы  белгілі  бір  мәнді  алады. 
6.17-суретте ұсынылған ОБЖ-не кіретін бұйрықтардың ішінен – енгізу 
және меншіктеу бұйрықтары меншіктеуді орындайды.  
Көбінесе  меншіктеудің  мәнін  толық  түсінбеудің  салдарынан, 
оқушылардың 
бағдарламалауды 
толық 
игере 
алмайтынын, 
педагогикалық  тәжрибе  көрсетуде.  Сондықтан  мұғалімдерге  осы 
мәселеге ерекше көңіл бөлу қажет. Меншіктеу бұйрығының түрі:  
<айнымалы>   :=   <өрнек
Бұйрықтағы    «:=»  белгісін,  «меншіктеу»  –  деп  оқу  қажет.  Бұл 
нұсқау мына әрекеттер тәртібін белгілейді:
 
1) өрнекті есептеу;  
2) шыққан нәтижені айнымалыға меншіктеу.  
Меншіктеу  бұйрығы  оңнан  солға  қарай  орындалады.  Осыған 
оқушылардың  назарын  аудару  қажет.  Меншіктеу  бұйрығын 
математикалық теңдікпен шатастыруға болмайды! 
Әдетте,  меншіктеуді  және  теңдікті  бірдей  санайтын 
оқушыларға,  мынадай:  Х:=  Х+1  бұйрық  мүлдем  түсініксіз  болып 
көрінеді. Мұндай математикалық теңдіктің болуы мүмкін емес! 
Бұл  бұйрықтың  мәнін  былай  түсіндіру  керек:  айнымалы  Х-ң 
мәніне  1  қосылады  да,  нәтижесі  қайтадан  осы  Х  айнымалысына 
меншіктеледі.  Басқаша  айтқанда,  бұйрық  Х  айнымалысының  мәнін 
бірге өсіреді. Мынадай жаттығуларды талдауға болады:  
Мысалы:  мына  меншіктеу  бұйрықтарының  тізбегі  орындалу 
нәтижесінде  X  айнымалысының  ақырғы  мәнін  анықтайық.  Әр 
бұйрықтың тұсына фигуралық жақша ішіне Х айнымалысына жаңадан 
меншіктелген нәтижені жазамыз: 
Х:=2   
 
{2} 
Х:=Х*Х 
 
{4} 
Х:= Х*Х*Х  
{64} 
Бағдарламалауда  енгізу  ұғымы  –  деректерді  кез  келген  сыртқы 
құрылғыдан  жедел  жадыға  жіберу  процесі  деп  түсініледі.  Әйтсе  де, 
бағдарламалаудың  бастамасында  деректерді  жедел  жадыға  енгізу  
негізінен  пернетақта  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  жағдайда  енгізуді 
компьютер  адаммен  бірлесіп  жасайды.  Енгізу  бұйрығы  бойынша, 
процессордың  жұмысы  үзіледі  және  пайдаланушының  әрекетін 
тосады;  пайдаланушы  пернетақтада  енгізілетін  деректерді  тереді, 
және    пернесін  басады;  мәндер  енгізілетін  айнымалыларға 
меншіктеледі.  
Оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптердің ең бастысы  
көрнекілік  екені  белгілі.  Әрбір  оқылатын  ұғым,  оқушылардың 
санасында қалайда бір көзбен шолынатын бейнемен бекітілуі қажет.  


 
96 
Мысалы,  екі  санды  қосу  алгоритмінің  орындалуын,  оқушы 
мынадай түрде түсінуі керек (5.5-сурет [42]):  
алг қосу 
   бүт А,В,С 
басы 
   енгізу А 
   енгізу В 
   С:=А+В 
   шығару С 
соңы 
5.5-сурет. Есептеу алгоритмін компьютердің орындауы 
Алгоритмді  ізсалу  (трассировка)  тәсілімен  жазбаша  орындау  
бағдарламалауды  түсінудің  тиімді  әдістемелік  құралы  болып 
табылады. Ол ізсалу кестесі арқылы жүзеге асады. 
Шамалармен жұмыс жасау алгоритмдерін оқытудың әдістемелік 
мәселелерін  талдауын,  бағдарламалау  аспектісінде  қарастыратын 
боламыз. 
Есептерді  шығару  мысалдары.  «Айнымалы»,  «меншіктеу» 
ұғымдарын бекітуге арналған бірнеше есептерді қарастырайық.  
1-мысал.  Алгоритмге  көп  нүктенің  орнына  бірнеше  меншіктеу 
бұйрықтарын  жазыңыз.  Нәтижесінде  енгізілген  санды  4-дәрежеге 
шығаратын  алгоритм  пайда  болады.  (А  –  айнымалысынан  басқа 
қосымша айнымалыны қолдануға болмайды): 
енгізу А ... шығару А 
Шешімі.   енгізу А 
А:= А*А (А
2
)  
А:= А*А (А
4
)  
 
 
шығару А 
2-мысал. Алгоритмдік тілде Y=(1-X
2
+5Х
4
)
2
 формуласы бойынша 
Y-ті  есептейтін  алгоритмді  жазу  керек,  мұндағы  Х  –  берілген  бүтін 
сан. Мына шектеулерді ескеру қажет: 
1)  арифметикалық  өрнектерде  тек  қосу,  алу  және  көбейту 
амалдарын қолдануға болады; 
2)  өрнекте  тек  бір  ғана  амал  болуы  керек.  Х=2  мәнінде 
алгоритмнің ізсалуын орындау керек. 
Шешімі.  Оқушылар  бұл  есепті  шешудің  әртүрлі  нұсқаларын 
құрулары  мүмкін.  Аралық  нәтижелер  үшін  қосымша  айнымалы 
қолдануға  болды.  Есепті  талдау  барысында  тек  Х  және  Y 
айнымалыларын  ғана  қолданып,  яғни  қосымша  айнымалы  қолданбай 
құрылған  алгоритмді  қарастыру  пайдалы.  Онда  компьютердің  жады 
үнемделеді.  
Бұл алгоритмнің өзі  және оның ізсалуы мынадай болады:  
Пернетақта 
Жады 
А ұяш. 
В ұяш. 
С ұяш. 
Процессор 
C:=A+B 
 
 
Экран 
 + 
 шығару С 
 енгізу А 
 енгізу В 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау