Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68

 
43 
мысалдар  келтіреді.  Мысалы,  «Бүгін  алгебрадан  және  физикадан 
бақылау  жұмысы  болады».  Егер  екі  сабақтан  да бақылау  жұмыстары 
болса,  онда  бұл  ақиқат,  әйтпесе  жалған  тұжырым  болады.  Осыдан 
мұғалім  логикалық  операцияларды  орындағанда  мына  ережелерді 
тұжырымдайды: егер А және В логикалық шама болса, онда өрнек: 
 
операндтың екеуі де ақиқат болғанда ғана А және В ақиқат;  
 
операндтың екеуі жалған болғанда ғана А немесе В жалған;  
 
А  емес  логикалық  өрнектің  мағынасын  қарама-қарсы  өзгер-
теді: жалған емес – ақиқат; ақиқат емес – жалған
2.5. Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары 
Зертханалық жұмыс «Ақпараттың ұсынылуы»  
І. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 
 
кодтау, декодтау; 
 
мәліметтерді беру жылдамдығы; 
 
кодтау кестесі; 
 
экранның көрсету қабілеті; 
 
түстің айқындығы; 
 
дыбысты кодтау айқындығы; 
   дискретизация жиілігі; 
 
санау жүйесі; 
 
позициялық/позициялық емес санау жүйесі; 
 
санау жүйесінің алфавиті; 
 
санау жүйесінің негізі; 
 
сандардың ашық формада берілуі ; 
 
сандарды нормальды түрде жазу; 
 
математикалық  логика; 
 
пікір; 
 
логикалық  пайымдау; 
 
ақиқат кестесі. 
ІІ. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  Информатиканың базалық курсында «тіл» ұғымының алатын 
орны.  Бұл  ұғымның  курстың  барлық  мазмұндық  сызығында  болуын 
түсіндіріңіз. 
2.  «Санау  жүйесі»  тақырыбының  мазмұнын    ашатын  сұрақтар 
тізімін жасаңыз. 
3.  Алгоритін құрыңыз 
4.   «Конъюнкция 
– 
және», 
«дизъюнкция 
– 
немесе» 
сәйкестіктерін есте сақтаудың  мнемоникалық ережесін жасаңыз. 
5.   Информатика  мен  математикалық  логика  арасындағы 
байланысты  түсіндіріңіз.  Информатиканың  математикалық  логика 


 
44 
элементтері қолданылатын бөлімін атаңыз. 
6.  Математикалық логиканың негізгі түсінігін  атаңыз. 
7.  Мәліметтер  қорында  логикалық  типтер  өрісін  қолдану 
жөнінде оқушыларға түсіндіру үшін бірнеше мысал келтіріңіз. 
8.  Тапсырмаларымен кодтау шифрларына  мысал келтіріңіз. 
ІІІ. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  Позициялық  санау  жүйелерінде  сандарды  ауыстырудың 
негізгі  алгоритмдерін айтыңыз. 
2.  ЭЕМ-де  екілік  санау  жүйесі  екі  ...  аспект  бойынша 
қолданылады. 
3.  54
8
, 100
2
, 1E,2
16 
сандарының дұрыс оқылуы? 
4.  Позициялық емес сандарды  қолданудың  қиыншылығы  неде? 
Позициялық емес  санау жүйелеріне мысал келтіріңіз. 
5.  Қазіргі  кезеңдегі  ондық  санау  жүйесі  б.э.д.  ....  ғасырда  .... 
пайда болды. Бұл жүйенің шығуы ... ашылуынан кейін мүмкін  болды.  
6.  Римдік санау жүйесінде келесі  алфавит: … қолданылады. 
7.  Ақпаратты кодтау тәсілін неге байланысты таңдауға болады? 
8.  Ақпараттың дискреттік түрде берілу принципін атаңыз. 
9.  Unicode кодтау кестесінің ерекшеліктерін айтыңыз. 
10. Дыбыстық ақпараттың көлемін табу үшін мына  формула: … 
қолданылады. 
11. Жоғарғы  сапалы  дыбысты  сандық  дыбыстың  қандай 
сипаттамасы арқылы алуға болады? 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1.   AF
16
  санын екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз. 
2.  110011
2
  санын сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз. 
3.   49
10
  санын римдік  санау жүйесіне ауыстырыңыз. 
4.  Өзіңіздің  туған  жылыңызды  римдік  санау  жүйесінде 
жазыңыз. 
5.  0,125
10 
санын екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз. 
6.  F
16
 и 6
8  
сандары берілген. Табу керек: а) екеуінің айырымын 
бір санау жүйесінде көрсетіңіз;  б) екеуінің көбейтіндісін римдік санау 
жүйесінде  көрсетіңіз; в) екеуін екілік санау жүйесінде бір біріне бөліп 
көрсетіңіз; г) екеуінің қосындысын үштік санау жүйесінде көрсетіңіз. 
7.  Мына сандарды : а)  65
7
;   б) 2004
10
;  в) 0,15А
16
 ашық формада 
көрсетіңіз. 
8.  10
2   
  мен  1000
2
  диапозонындағы  екілік  сандардың  санын 
көрсетіңіз (диапазонның шекарасын есепке алыңыз). 
9.  Мына  сандардың  қайсысы  үлкен:  5
10
  немесе  10
5
;  1000
2
 
немесе 10
8

10.  ASCII  кестесі  арқылы  мына  сөздерді  кодтаңыз:    а)  Excel;  


 
45 
b) Access;  c) Windows; d) ИНФОРМАЦИЯ. 
11. ASCII кестесінде  «i» әрпінің ондық коды 105-ке тең. Кестені 
қолданбай help сөзіне сәйкес кодтардың тізбегін құрыңыз. 
12. Графикалық бейнені түрлендірген кезде түстер саны 256-дан 
32-ге дейін азайды.  Оның жадыдағы көлемі қанша есе азайды? 
13. Келесі 2.3- кестені толтырыңыз.  Түстерді кодтау 16-лық  (24-
биттік түсайқындығы бойынша). 
2.3-кесте. Түстерді кодтау кестесі 
Түстің аты  Интенсивтілігі 
Қызыл  
Жасыл 
Көк 
Қара 
 
 
 
Қызыл  
 
 
 
Жасыл 
 
 
 
Көк 
 
 
 
Ақ 
 
 
 
Сары 
 
 
 
14. Егер  дыбыстау  уақыты  3  мин.  болса,  жоғарғы  сапалы 
дыбыстық ақпаратты сақтау үшін жадыдан қанша көлем керек? 
15. Дискіде  1  минуттық  дыбыстық  ақпаратты  жазу  1,3  Мбайт 
орын  алады,  кодтау  айқындығы  16-ға  тең.  Дыбыс  қандай  дискреттеу 
жиілігі  арқылы жазылды? 
16. Мына өрнектің ақиқаттығын анықтаңыз: «(2 х 2 = 4 немесе 3 
х 3 = 10) және  (2 х 2 = 5  немесе 3 х 3 = 9)». 
17. F=A*B логикалық функциясыныңақиқат кестесін құрыңыз. 
18. Келесі  логикалық  өрнекті  ықшамдаңыз:  (A  немесе    B)  v  (A 
немесе B). 
19. Келесі    пікірлердіңдің  терістеуін  құрыңыз:  «Мен  испан  тілін 
білемін», «Бұл  функция – жұп», «Емтихан ертең  болады». 
20. Берілген  құрылымдық  формула 
C
B
A
F


^
 бойынша  
функционалды схема құрыңыз. 
V. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін жасаңыз. 
VI.  «Санау  жүйесі»  бойынша  бақылау  жұмысының  мысалын 
жасаңыз. Бұл жұмыстың оқытудың қай кезеңінде қолданылатынын 
көрсетіңіз. [29] 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау