Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68

 
28 
Табиғи  тілдер  –  тарихи  қалыптасқан  ұлттық  тілдер.  Қазіргі 
табиғи  тілдердің  көпшілігіне  тән  қасиет:  олардың  ауызша  және 
жазбаша болуы. Табиғи тілдерді талдау, филология ғылымының, атап 
айтқанда 
лингвистика 
пәні 
саласында 
қарастырылады. 
Информатикада  табиғи  тілдердің  таладауымен,  жасанды  интелект 
аясында  жұмыс  жасайтын  мамандар  шұғылданады.  ЭЕМ-ң  бесінші 
буынын жасау жобасының мақсаттарының бірі – компьютерді табиғи 
тілге үйрету болып табылады. 
Формалды  тілдер  –  кәсіпті  қолдану  үшін  жасалған,  жасанды 
тілдер.  Әдетте,  олар  халықаралық  қолданысты  және  пішімі  жазбаша  
болады.  Формалды  тілдің  мысалдары:  музыка  тілі  (ноталық  сауат), 
математика тілі (цифрлар және математикалық белгілер), химиялық 
формулалар тілі, т. б.  
Тілдің  қайсысы  болсын  мына  ұғымдармен  байланысты: 
алфавит  –  тәртібі  анықталған  символдардың  шектелген  жиыны; 
синтаксис 
– 
сол 
тілдің 
символдарынан 
әртүрлі 
тілдік 
конструкцияларды  қалыптастырып  жазу  ережелері;  семантика  – 
тілдік конструкцияларының мазмұндық мәнін анықтау және қолдану; 
прагматика  —  осы  тілде  жазылған  мәтінді  қолданудың  тәжрибелік 
салдары.  
Формалды тілдер үшін тән қасиет, олардың пән саласы шектеулі 
(математика, химия, музыка және т.б.). Формалды тілдердің қызметі – 
осы  пән  саласының  ұғымдары  мен  қатынас  жүйесін  дәлме-дәл 
(адекватты)  сипаттау.  Сондықтан  жоғарыда  аталған  тілдің 
компоненттері  (алфавит,  синтаксис  және  басқа)  тілдік  саланың 
ерекшелігіне бағытталған.  
Табиғи  және  формалды  тілдердің  арасында  аралық  жағдайда 
қалыптасқан  тілдердің  мысалдары  белгілі.  Әр  ұлтың  адамдары 
қатынасу  үшін  жасанды  эсперанто  тілі  жасалған.  Ал,  ежелгі  Рим 
империясының  тұрғындары  сөйлеген  латын  тілі,  біздің  кезімізде 
сөйлеу  қызметін  жойып,  формалды  медицина  және  фармокология 
тіліне айналды. 
Тіл  туралы  әңгіме,  информатиканың  базалық  курсының  жалпы 
білім  беру  мазмұны  үшін  өте  мағызды.  Оқушыларға  таныс  «тіл» 
термині  олардың  санасында  жаңаша  мағына  береді.  Бұл  терминнің 
айналасында  бүтіндей  бір  ғылыми  ұғымдар  жүйесі  құрылады. 
Сондықтан  тіл  ұғымы  информатика  курсының  жүйе  құрылымдық 
ұғымдарының маңыздысының бірі болып табылады. 
2.2. Информатика курсындағы формалды тілдер 
Қарастырылатын сұрақтар: 


 
29 
 
ішкі және сыртқы тілдер; 
 
деректерді ұсыну тілдері; 
 
деректермен әрекеттерді ұсыну тілдері. 
Бұл  бөлімде  ЭЕМ-де  жұмыс  істегенде  және  компьютерлік 
ақпараттық  технологияларда  қолданылатын  тілдер  туралы  сөз 
қозғалады. 
Компьютердің  ішінде  айналып  жүретін  ақпаратты  екіге  бөлуге 
болады:  өнделетін  ақпарат  (деректер)  және  компьютердің  жұмысын 
басқарушы ақпарат (бұйрықтар, бағдарламалар, операторлар). 
Компьютермен  сақтау,  тасымалдау  және  өндеу  үшін  жарамды 
түрде  ұсынылған  ақпаратты  деректер  деп  атайды.  Мысалы: 
математикалық  есепті  шешуге  енгізілетін  сандар;  мәтінді  өңдеудегі 
символдар  тізбегі;  өңдеуге  арналған  сканермен  компьютерге 
енгізілген бейне, т.с.с. 
Деректерді  компьютерде  ұсыну  тәсілі  –  деректерді  ұсыну 
тілдері  дейді.  Әртүрлі  типті  деректер  үшін  сыртқы  және  ішкі 
ұсынылу болады. 
Деректерді  сыртқа  ұсыну  –  шығару  құрылғыларына  (баспаға, 
экранға) берілетін деректердің түрін анықтайды.  
Деректердің  сыртқа  ұсыну  тілдері  –  деректерді  адамға 
үйреншікті  пішімде:  сандар  ондық  санау  жүйесінде,  мәтін  табиғи  тіл 
алфавитінде,  дәстүрлі  математикалық  символдар  және  т.б.  ұсынады. 
Құрылымды деректерді ұсынуға ыңғайлы кестелік пішім (деректердің 
реляциялық  қорлары)  қолданылады.  Бірақ  бұл  жағайда  тілдің  белгілі 
синтаксисі  және  семантикасы  болады,  символдардың  мүмкін  болу 
шектеулі жиыны қолданылады. 
Деректердің  ішкі  ұсынылуы  –  компьютер  ішіндегі  ақпаратты 
тасымалдауыштарда, яғни жадыда және ақпаратты жіберу желілерінде 
ұсынылу  пішімі.  Компьютер  ақпаратпен  амалдарды  тікелей  ішкі 
ұсынылымда  жасайды,  ал  сыртқы  ұсыну  адаммен  байланыс  үшін 
қолданылады. 
Ескерту:  жалпылап  айтқанда,  деректердің  компьютердегі  ішкі 
ұсынымы  -  екілік  кодтау  тілі.  Әртүрлі  типті  деректердің  бәріне 
жалпы  тіл:  0  және  1  алфавиті.  Әйтсе  де,  әртүрлі  типті  (сан,  символ) 
деректер  үшін  олардың  ішкі  ұсыну  тілінің  сиинтаксисі  мен 
семантикалық 
ережелері 
өзгеше 
болады. 
Мысалы, 
«0100000100101011» екілік коды: бүтін санын ұсыну тілінде – ондық 
жүйдегі 16683 санын, ал символдық ұсыну тілінде – «А+» сиволдарын 
береді.  


 
30 
ЭЕМ  процессорының  командалық  тілі  –  деректермен  жасалған 
әрекеттерді  ұсынудың  ішкі  (компьютердің  жұмысын  басқару)  тіліне 
жатады.  
Деректермен әрекеттерді ұсынудың сыртқы тілдеріне – жоғары 
деңгейлі бағдарламалау тілдері, қолданбалы бағдарламалар пакетінің 
енгізу  тілдері,  операциялық  жүйелердің  командалық  тілдері, 
деректер  қорын  басқару  жүйесінде  (ДҚБЖ)  жұмыс  жасау  тілдері 
және т.б.  
Кез  келген  жоғары  деңгейлі  бағдарламалау  тілінде  деректерді 
ұсыну  құралымен  қатар  (деректер  бөлімі),  деректермен  әрекеттерді 
ұсыну  құралдарының  (операторлар  бөлімі)  болатынын  ескеру  қажет. 
Бұл  басқа  да  жоғарыда  аталған  компьютерлік  типті  тілдердің  бәріне 
қатысты. 
2.3. Сандарды ұсыну тілдері: санау жүйелері 
Тақырыпты қарастырудың әдістемелік ұсыныстары 
Қарастырырылатын сұрақтар: 
 
позициялық және позициялық емес санау жүйелері; 
 
позициялық санау жүйелердің негізгі ұғымдары: жүйе негізі, 
алфавит; 
 
позициялық  санау  жүйелерде  сандарды  ұсынудың  жайылма 
формасы; 
 
сандарды бір жүйеден екінші жүйеге аудару; 
 
екілік арифметиканың ерекшеліктері; 
 
екілік және он алтылық жүйенің арасындағы байланыс. 
Оқушылар  сандардың  римдік  және  араб  цифрларымен 
жазылуымен,  әрине,  таныс.  Әйтсе  де,  мұғалім  осы  таныс  жазуларды 
басқа қырынан көрсете білуі қажет.  
Әдістемелік  жағынан  сандарды  жазудың  позициялық  және 
позициялық  емес  принциптерінің  арасындағы  айырмашылықты 
оқушылардың өз бетімен анықтауы тиімді болады. Оны нақты мысал 
арқылы көрсетуге болады.  
Тақтаға  екі  сан  жазыңыз:  ХХХ,  333.  Біріншісі  –  римше  отыз
екіншісі  –  араб  цифрымен  жазылған  үш  жүз  отыз  үш.  Сұрақ 
қойыңыз:  «Көп  таңбалы  сандарды  римдік  және  араб  цифрларымен 
жазу  принципінің  айырмасы  неде?».  Күткен  жауапты  бірден 
естімеуіңіз  де  мүмкін.  Онда  римдік  санның  жеке  цифрларын  нұсқай 
отырып  сұраңыз:  «Мына  цифр  нені  (қандай  санды)  белгілейді?». 
Алатын жауаптар: «Он!» – «Ал мына сан?» –  «Он!» – «Ал мынау?» –  
«Он!»  –  «Сонда  осы үш мәнді санның мәні қалай шығады?» –  «Онға 
онды қосу, тағы онды қосу, отыз шығады!».  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау