Осы F мен - дің мәндерін есептегеннен кейін және кеңейтілген есептің алғашқы мәліметтерін симплекс кестесіне ұқсас кестеге жазады. Бұл кестедегі жолдардың саны оған сәйкес симплекс кестедегі жолдар санынан бірге артық болады, яғни бұл кестедегеі жолдар саны m+2 болады. Бұл кестенің тағы да бір ерекшелігі - мәндері бірінші жолға емес кестенің соңғы екінші жолына жазылады, дәлірек айтқанда - дің үлкен М – ге тәуелді қосылғышы m+2 жолға жазылады ал, - дің М –ге тәуелсіз қосылғышы m+1 жолға жазылады.
Бір тірек жоспарынан келесі тірек жоспарына көшу кезінде базиске жаңадан кіретін вектор m+2 – ші яғни соңғы жолдағы теріс сандардың ішіндегі абсолют шамасы бойынша ең үлкені орналасқан баған арқылы анықталады. Есепті шешу кезінде базистен шығарылған жасанды вектор базиске қайтадан кірмейді.
Бір тірек жоспарынан келесі тірек жоспарына көшу үшін кестені толтыру симпликс кестені толтырған ереже бойынша жүргізіледі. Бір кестеден келесі кестеге көшу процесі төмендегі 2 – жағдайдың біреуі орындалғанда тоқталады. Бірінші базистен барлық жасанды векторлар толығымен шығарылғанда. Екінші базистен шығарылмаған жасанды векторлар бар болғанымен кестенің m+2 жолында бірде – бір теріс сан жоқ.
Бірінші жағдай орын алғанда кестенің m+2 жолы болмайды. Сондықтан зерттеп отырған тірек жоспары ең тиімді жоспар болатыны немесе болмайтынын анықтаук үшін кестенің m+1 жолын қарастырамыз.
Екінші жағдай орын алғанда m+2 жолдағы P векторына сәйкес бағанада орналасқан сан теріс сан болса онда қарастырып отырған есептің шешімі болмайды. Сызықтық программалаудың (21) – (23) есебін жасанды базис әдісімен шешу үшін мынадай қадамдарды жасау қажет.
Кеңейтілген (24) – (26) есепті құрады.
Кеңейтілген есептің тірек жоспарын табады.
Симплекс әдісінде қолданылған Жордан Гаусс түрлендірулерін қолданып базистен жасанды векторларды шығару қажет. Нәтижесінде берілген (21) – (23) есептің тірек жоспары табылады немесе ол есептің шешімі болмайтындығы анықталады.
Табылған тірек жоспарды пайдаланып симплекс әдісін қолданып, берілген (21) – (23) есептің ең тиімді жоспарын табады немесе оның шешімі болмайтындығын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |