76
жағу процестерінің стендтік зерттеулерінің нәтижелері пайдаланыла отырып
жүзеге асырылды. Верификациялау есептік және тәжірибелік деректердің
сәйкестігін растады. Жану өнімдері температурасының тәжірибелік және
есептік мәндерінің айырмашылығы оттықтың биіктігі бойынан 20%-дан
аспайды. Кокс қалдығындағы жанбай қалған көмiртектiң шоғырлануы
эксперименттік оттықтың шығысында өлшендi. Оның тәжірибелік және
есептік мәндерінің айырмашылығы да 20%-дан аспайды. Есептік және
эксперименттік деректерді салыстыру нәтижелерi Плазма-Көмір және 3D
Cinar ICE бағдарламалар кешенін ПТС-пен жабдықталған қазандардың
оттықтарында қатты отынның жану процесін сандық зерттеу үшін
пайдаланудың дұрыстығын растады. Эксперименттік оттықта және
Қазақстан ЖЭС-терінің бірқатар өнеркәсiптiк қазандарына от жағуды
кешенді есептеу әдісін қолдану арқылы қатты отынның жануына үшөлшемді
модельдеу жасалды.
Алматы ЖЭС-2 стансасының БКЗ-420 қазанының от жағу камерасын
3D модельдеу ПТС-пен от жағу жұмысы кезінде от жағу камерасының
шығысында көмірдің жану өнімдерінің температурасының төмендейтінін
көрсетті, бұл отынның ерте тұтануы мен толық жанып кетуіне байланысты
болады және оны пайдаланудың тиімділігін арттыратындығын дәлелдейді.
ПТС-ті
пайдаланған
жағдайда
оттықтың
шығысында
оттектің
шоғырлануының екі есе төмендеуі жану процесінде оны барынша толық
пайдалануды растайды. ПТС-тің отынның механикалық жанбағандығын
18%-ға және азот тотығының шоғырлануын 25%-ға төмендететіні
анықталды. Қорыта келгенде, ПТС-ті пайдалану қатты отынның жануының
экология-экономикалық тиiмдiлiгін арттырады.
Қатты отындарды өңдеу үшiн ПТС-ты пайдалану экологиялық
тиімділігімен қатар, экономикалық тиімділігі айтарлықтай болады. Мазут
пен көмірдің құнында айтарлықтай айырмашылық болғандықтан, шаң-
көмірлі ЖЭС-те ПТС-ті пайдалану көмірдің орнына қолданылатын мазуттың
бір тоннасына шаққанда 200 АҚШ долларына дейін экономикалық жағынан
тиімді және бiр жыл ішінде ақталады. Бұл Қазақстан ЖЭС-і үшiн жылына
шамамен 50 млрд. теңгені құрайды. Төменсортты көмірді плазмалық-булы
газдандырудан синтез-газ алудың экономикалық тиiмдiлiгі оны өндірудің
дәстүрлі әдістеріне қарағанда жоғары болатындығы көрсетілді. Төменсортты
көмiрлерден жоғарыкалориялы синтез-газ өндiру үшiн ПТС-ті пайдалану,
өндірудің дәстүрлі технологияларымен салыстырғанда, метанолды 47,3%-ға,
сутекті 42,5%-ға арзандау алуға мүмкiндiк бередi. ПТС-ты қолдану сондай-
ақ металлургиялық коксты кокстелмейтін көмірді плазмалық бумен
газдандыру жолымен алынатын синтез-газбен алмастырғанда темiр-кен
түйіршіктерін қалпына келтiруiне жұмсалатын шығынды 40%-ға
төмендетеді.
Зиятты робототехникалық жүйелер. Қазақстанда Д. И. Менделеевтiң
Периодтық жүйесіндегі 74 түрлі элементті шығару арқылы 125-тен астам
түрлі мамандандырылған өнімдер ғана шығаратын көпсалалы кен-
77
металлургия кешені бар. Мыс, қорғасын, Қазақстанның басқа да кейбір
металдары кезінде Лондон металдар биржасында сапа эталоны ретінде
тіркелген болатын. Қазақстанның жер қойнауында вольфрамның 50%-дан
астам, уранның 25%, қорғасынның 19%, мырыштың 13%, мыстың 10%
әлемдiк қоры шоғырланған. Уран өндiрiсi мен ауыр өнеркәсiптің басқа да
салаларындағы жетістіктермен Қазақстан меншiктi минерал шикiзатын
кешендi өңдеудiң жаңа биіктеріне жете алады.
Ұңғымалық зерттеу (каротаж) кез келген барлау жұмысының және
металл өндірудің, металы бар кеннен сирек кездесетін металдар алу
жұмыстарының ажырамас бөлiгі болып табылады. Каротажды ашық,
сондай-ақ кабельмен түсірілетін арнаулы аппаратураның көмегімен
орнатылған діңгекте жүргізеді. Каротаждың қазiргi түрлерiнiң бiрi ұңғыма
қабаттарын ренгенрадиомериялық зондтауға негізделеді, бұл кеннің құрамы
мен мөлшерін немесе мұнай шоғырының параметрлерін дәл анықтауға
мүмкіндік береді.
Каротаждау процесiн автоматтандыру және кен спектрін қазiргi
ақпараттық технологиялар және компьютерлік техника базасында дәл талдау
және өңдеу әлемдегі кенорнын барлаудың заманауи технологияларының
негізін құрайды. Автоматтандырылған мобильді каротаж стансасы жоғары
өнімділікті, барлау нәтижелерінің жоғары дәлдігі, нәтижелерді автоматты
түрде түзетудің болуы, пайдалануды оңайлату және т.б. сияқты маңызды
артықшылықтарға ие.
Тау жыныстарын рентгенрадиометрлік зондтауды пайдалануға
негізделген автоматтандырылған каротаж стансасын салу міндеті, сондай-ақ
ақпараттық технологиялар мен компьютерлік техниканың заманауи
жетістіктерін қолдана отырып, осы агрегатта барлық процестерді
автоматтандыру өзекті болып табылады.
«Параметрлері ұйтқыған» ресурстарды үлестіру модельдері мен
әдiстерi. Әртүрлi ресурстарды, соның ішінде параллель материалдық немесе
ақпараттық ағындар қалыптастыратын ресурстарды үлестіру тәжірибеде жиі
кездесетін мәселелердiң бiрi болып табылады. Алайда мұндай міндеттерді
шешу көптеген жағдайларда елеулi есептеуiш мәселелерге байланысты.
Мұның себебі – параллель объектiлердің әдетте iшiнара бiртипті болып
келуінде және бұл осы міндеттердің модельдерінде аз параметрдің
(ұйтқудың) пайда болуына және сонымен байланысты алынған шешімдердің
орнықсыздық мәселесi олардың матрицаларының «нашар шарттастықтың»
әсерінен шектеулерге алып келеді. Өзгешеленген матрицалы теңдеулер
жүйелерінің орнықты шешімдерін табу мәселесі тұрақтандырушы
функционалдарды енгізу арқылы [38] жұмыста қарастырылды. Бұл идея
шектеулері
өзгешеленген
матрицаға
жуық
базалық
матрицалы
оңтайландырылған міндеттерді шешу үшін де кеңінен қолданыс тапты.
Мысалы, [39] мақалада мақсаты бастапқы оңтайландырылған міндеттен
оның шектеулерінің арасындағы аздаған айырмашылықтарды есепке
алмастан, яғни «ұйтқусыз» алынған тудырушы жүйені бөлу және ұйтқудың
Достарыңызбен бөлісу: |