Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет30/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92

72 
 
Шетелдiк  және  отандық  тәжiрибе  көрсеткеніндей,  бағдарламалық-
нысаналы басқаруға қажетті ақпаратты жинау мен талдау аса күрделі әрі көп 
еңбекті  талап  ететін  процесс.  Оны  жүзеге  асырудың  тиімділігі  мүмкіндігі 
бар  ақпараттық  жүйелердің  болуына  байланысты.  Қазіргі  жағдайларда 
ЖОО-ны басқару iшкi, сондай-ақ сыртқы факторларға байланысты бола-тын 
көптеген  проблемаларды  кешенді  түрде  шешуді  талап  етеді.  ЖОО-ны 
басқаруға  қойылатын  талаптар  өсуде,  бұл  ақпараттық-аналитикалық 
жүйелерді  басқару  нобайына  енгізуге  себеп  болады.  ЖОО-ның  ғылыми-
білім  беру  қызметін  басқару  нобайындағы  ақпараттық-аналитикалық 
жүйелер  ЖОО-ны  әкімшілік  басқаруды  ағымдағы  және  болашақтағы  жай-
күй туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ЖОО-ның ҒБҚ қызмет 
етуінің  проблемалық  аймақтарын  анықтауға,  осы  бағыттағы  жұмыстарды 
күшейту үшін түзетуші іс-әрекеттерді енгізуге тиіс. Профессор-оқытушылар 
құрамын  (ПОҚ)  ынталандыратын  рейтингілік  көрсеткіштер  түрінде 
ұсынылған  түзетуші  іс-әрекеттер  ПОҚ-тың  дербес  жұмысын  олардың 
рейтингілік 
көрсеткіштерін 
ЖОО-ның 
ҒБҚ 
дамыту 
жоспарының 
көрсеткіштерімен  байланыстыра  отырып  бағалауға,  сол  арқылы  ЖОО 
қызметін  стратегиялық  жоспарда  көрсетілген  нәтижеге  бағдарлауға 
мүмкіндік береді. 
Осы  саладағы  әзiрлемелердiң  қазiргi  жай-күйін  талдау  порталдарды 
жоспарлаудың  теориялық  және  концептуальды  негіздері,  оларды 
бағдарламалық  түрде  жүзеге  асырудың  техникалық  және  технологиялық 
қағидаттары  үнемі  даму  үстінде  екендігін  көрсетті.  ЖОО-ның  бірыңғай 
кеңістігін  жасаумен  байланысты  негізгі  аспектілер,  сондай-ақ  білім  беру 
порталын  және  оның  ЖОО-ның оқу  процесін басқаруды  қамтамасыз  ететін 
ішкі  жүйелерін  жоспарлаудың  әдістері  мен  модельдері  жеткілікті 
зерттелмеген.  Бұл  аяда  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-да  жүргізіліп  жатқан 
жұмыстарды  атап  өтуге  болады  (корр.-мүше  Ғ.  М.  Мұтанов).  Ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  әлеуметтiк-экономикалық  жүйелерді 
басқаруға  енгізудің  ғылыми-әдiстемелiк  негіздерінің  негізгі  құрамдастары 
ұсынылып, әзірленді. 
Нәтижеге  бағдарланған  басқарудың  ғылыми-әдiстемелiк  негізі 
мыналардан тұрады: 
– ЖОО-ның  ғылыми-білім  беру  қызметін  дамытудың  нысаналы 
бағдарлары  мен  ғылыми  тұрғыдан  маңызды  нәтижелерін  байланыстыруға 
мүмкіндік беретін, ЖОО-ның бизнес-процестерін жоспарлау мен басқаруды 
ақпараттық  қолдауға  бағытталған,  нәтижеге  бағдарланған  басқарудың 
концептуалды моделі; 
– бағдарламалық-нысаналы  тәсілді  пайдалана  отырып,  ЖОО-ны 
басқарудың процестік-бағдарланған модельдері;  
– стратегиялық  және  шұғылдық  деңгейлерінде  жоспарланған  ақырғы 
нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін, ЖОО-ды бизнес-процесс басқару 
механизмі; 
– ЖОО-ны  басқаруды  ақпараттық-инновациялық  қамтамасыз  ету 


73 
 
модельдері. 
Оңтайлы  басқару  модельдері  мен  әдістері.  Қазiргi  даму  кезеңінде 
төтенше  міндеттер,  ең  алдымен  табиғи  және  материалдық  ресурстардың 
шектеулілігі,  энергия  мен  материалдарды  қатаң  үнемдеу  қажеттілігі,  халық 
санының өсуі және басқа да себептер басымдық алып отыр. 
Қажетті  қолданбалы  қасиеттерге  ие  басқару  алгоритмдерін  құрудың 
әртүрлі  тәсілдерін  әзірлеу  қазiргi  ақпараттық  технологиялардың  өзектi 
міндеті болып табылады. 
Отандық  ғылыми  жұмыстарда  басқаруға  шектеулер  болған  жағдайда 
дифференциалды  теңдеулермен  сипатталатын  динамикалық  жүйелерге 
арналған оңтайлы басқару міндеттері қарастырылады.  
Ұштары  түпкi  уақыт  аралығында  бекiтiлген  басқару  жүйесі  үшiн 
оңтайлылық  шарттары  алынды.  Кротов-Беллман-Ляпунов  функциясы 
аппаратын  қолдануға  негізделген  және  арнайы  түрдегі  Лагранж 
көбейткіштерін  қолдану  арқылы  берілген  функционалға  берілген  шектеу-
лерде  минималды  мән  жеткізетін  синтездеуші  басқаруды  жасау  нұсқасы 
ұсынылған.  Алынған  нәтижелер  арнайы  түрдегі  Лагранж  көбейткіштері 
Беллман-Ляпунов функциясын құруға елеулі әсер ететінін және синтездеуші 
басқаруды жасаудың тиімді тәсілдерін табуға мүмкіндік беретінін көрсетті. 
Көптеген жұмыстарда басқарылатын жүйе үшiн бастапқы және ақырғы 
жай-күй  белгіленгенде  оңтайлы  басқару  міндеттерін  қою  қарастырылады. 
Басқару мәніне қойылған шектеулер есепке алына отырып, басқарудың кері 
байланыс  қағидатына  негізделген  конструктивті  алгоритмі  ұсынылады. 
Траекторияларының ұштары бекiтiлген жүйелерді оңтайлы басқару міндеті, 
мысалы, ұшу аппараттарының, роботтехникалық және электр энергетикалық 
жүйелердің,  химиялық  және  ядролық  реакторлардың  динамикасын  зерттеу 
кезінде  туындайды.  Қарапайым  жағдайда  зерттелетін  жүйе  динамикасы 
сызықтық  дифференциалды  теңдеулермен  сипатталуы,  ал  басқару 
сапасының критерийі қызметін квадратты функционал атқаруы мүмкін. 
Басқару  жүйелерін  құру  мәселесi  өндіріс  пен  техниканың:  машина 
жасау,  энергетика,  электроника,  химия-биология,  металлургия  және  тоқыма 
өнеркәсiбі,  роботтехника,  авиация,  ғарыштық  жүйе,  дәлдігі  жоғары  әскери 
техника  және  технология  және  т.б.  салаларының  бәрінде  дерлік  кеңінен 
қолданылатын  автоматты  және  автоматтандырылған  басқару  жүйелерін 
жасауда маңызды мәселелердің бірі саналады. 
Қазiргi  кезде  басқарудың  нақты  жүйелері  анықталмағандықтың  қандай 
да  бір  дәрежесі  жағдайында  қызмет  ететіндігін  көпшілік  мойындаған. 
Анықталмағандық  бұл  ретте  басқару  объектiлерi  параметрлерінің  шынайы 
мәнін  білмеумен  және  олардың  пайдалану  процесіндегі  уақытта  болжап 
болмайтын  өзгерістерімен  байланысты  болуы  мүмкін.  Сондықтан  робаст 
орнықтылық  мәселесі  басқару  теориясында  аса  өзекті  мәселелердің  бірі 
болып  табылады  және  практикалық  тұрғыдан  үлкен  қызығушылық 
тудырады.  Жалпы  алғанда,  ол  жүйе  параметрлерінің  орнықтылық 
сақталатын  түрленулеріне  қойылатын  шектеулерге  арналған  нұсқаудан 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау