Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет26/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92

63 
 
айтарлықтай салым енгізуі мүмкін. 2020 жылға қарсы әлемде электрлендіру 
деңгейі 80% өседі [22]. 
Электрэнергияға деген сұраныс қазіргі кездегі жүйелік күштерден озып 
кетті, бұл орталық реттелген кәсіпорындардың санының өсуімен энергиялық 
компаниялар  басқару  құрылысы  мен  желіс  мониторингін  алдыңғы  қатарлы 
технологияларды  енгізумен  жақсартуды  талап  етеді.  Жақсартылған 
есептеуіштер  ақылды  технологияларды  енгізу  бойынша  кең  қозғалыстың 
бөлінбейтін  бөлігі  болып  табылады.  Жақсартылған  есептеуіштерді  орнату 
АҚШ  және  Еуропада  басталып,  мұндай  есептеуіштері  орнатуда  Италия 
қалыспайды.  
Электрэнергетиканың тағы бір басты катализаторы энергиялық тиімдік 
болып  табылады.  Көптеген  дамыған  елдерде  шаруашылық  құралдардың 
энергиялық  тиімділігін  жоғарылату  үшін  олардың  ең  аз  энергиялық 
өнімділігін  бақылауды  бекіту  және  көптеген  шаруашылық  құралдары  үшін 
сәйкес  операциялық  стандартты  енгізумен  шешімдерді  жасау  және  енгізу 
қолға алынған.  
Тұтынылатын  отын  көлемін  төмендетуге  және  энергиялық  бақылау, 
«жасыл» ғимарат және таза көлік сияқты көмірқышқыл газдарын шығаруды 
қысқартуға  бағытталған  технологиялар  энергиялық  тиімділікті  жоғарылату 
мен СО

шығару көлемін төмендетуді қабілетті ететін басты технологиялық 
құралдар болып табылады.  
Дамыған елдер тәжірибесі жаңа білім мен техникалық шешімі бар жаңа 
немесе жетілген технологиялар, өнімдер және жабдықтардың үлесіне 70 дан 
85  пайызға  дейін  ЖІӨ  өсуі  келетіні  көрсетеді.  Жаңа  технология  өндірісін 
өңдеу  және  енгізу  бәсекелес  ерекшеліктерге  жету  және  сақтау  үшін  басты 
болып табылады. 
Заманауи  энергия  сақтау  және  энергия  тиімділігі  технологияларын, 
баламасы  және  жаңғыртпалы  энергия  көздерін  зерттеу  мен  өндіріске  енгізу 
бәсекелік  басымдықты  сақтау  және  қол  жеткізу  үшін  өте  маңызды  болып 
табылады. 
Қазіргі  уақытта  күн  сәулесі  энергиясын  қолданудың  алдыңғы 
әдістерінің бірі көптеген елдердегі мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы 
және  құқықтық  қолдаудың  арқасында  фотоэлектрлік  жүйенің  әлемдік 
нарықы қарқынды өсуде, өсу жылына 30-40 пайызды құрайды, ал нарықтық 
тұтыну айтарлықтай ұлғайды.  
Электркөліктер  және  оған  ұқсас  автомашиналар  үшін,  сонымен  қатар 
энергияның жаңа  көздері  үшін қазіргі  кезде басым  бағыт болып  табыладын 
энергияны  жинақтаудың  жоғары  тиімді  жүйесі  талап  етіледі.  Энергиялық 
жүйенің  болашақ  потенциалына  ықпал  ететін  факторлардың  ішіне  осындай 
жүйелерді  тұрғызудың  нақты  өлшемдері  мен  технологиялары,  оны  жасауға 
қолданылатын  материалдар  түрі  кіреді.  Ең  жоғары  потенциалға  отындық 
элементтер  ие,  олардың  күштерінің  икемді  құрылысы  және  ерекше  белгілі 
мақсатта  қолдануға  арналған  мембрандарының  болуына  байланысты.  2008 
жылғы  энергияны  сақтаудың  әлемдік  нарық  көлемі  43,5  млрд.  АҚШ  долл., 


64 
 
ал болжау бойынша 2013 жылға қарсы 61 млрд. АҚШ долл. бағаланды [23-
25]. 
Қазақстандағы энергияның балама көздерін қолданудың технологиясын 
дамыту  үшін  күн  сәулесі  энергиясын  физика-химиялық қайта  құбылту,  жел 
энергетикасы,  шағын  су  элекрстансалары,  биогаз  және  биоотын,  жылудың 
төменгі потенциалды көзі, фотоэнегетикалық элементтер мен қондырғылар, 
фотоэнергетикаға  арналған  жартылай  өткізгіш  материалдар  сияқты 
аймақтардың айтарлықтай ғылыми-техникалық орны бар.  
Ғылыми  зерттеулер  өңдеулердің  нәтижелі  көрсеткіштерінің  бірі 
патенттік  қарқындылық  табылады.  6.2-суретте  Энергетика  бойынша  2011-
2013  жылдардағы  «Интеллектуалды  жекешіліктің  ұлттық  институты» 
сайтында  тіркелген  Қазақстан  оқымыстыларымен  жасалған  патенттердің 
динамикасы келтірілген.  
 
 
 
6.2-сурет. Қазақстандағы энергетика бойынша 2011-2013  
жылдардағы патенттік қарқындылық динамикасы 
 
Халықаралық  интеграция  бойынша  мәселелерді  шешу  үшін  институт 
басшылығы  шетелдік  ғылыми  орталықтармен  және  энергетикалық 
компаниялармен  үлкен  жұмыс  жүргізуде.  Халықаралық  ынтымақтастық 
саясында  энергиялық  тиімділік  және  климаттың  өзгеруіне  ықпалын 
төмендету  бойынша  ҰБҰ  (UNECE)  Еуропалық  комиссиясымен  бірге  өзара 
әрекеттестік  Меморандумына  қол  қойылды.  BatemanEngineering  (Израиль), 
әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ,  «ND&Co»  ЖШС,  «Siemens»  ЖШС  сияқты 
ұйымдармен  және  компаниялармен  бірігіп  энергетика  мәселелері  бойынша 
зерттеулер  жүргізілді.  Зерттеулер  жүргізудің  бірден  бір  басты  сатысы 
«INOGATE»  бағдарламасы  болып  табылады.  Осы  бағдарлама  бойынша 
энергетика сферасындағы Еуропа ынтымақтастығы, Қара теңіз және Каспий 
маңындағы  мемлекеттер,  сонымен  қатар  осы  елдермен  көршілестер 
арасындағы  халықаралық  ынтымақтастық  Украина  мен  Қазақстанда  аз  су 
электрстанцаларына  (СЭС)  техникалық  тексеру  жүргізді.  Берілген 
бағдарламаның  арқасында  «АлЭС»  АҚ  СЭС  каскадының  №7  СЭС  және 


65 
 
энергетика  ҚазҒЗИ  тәжірибелік  СЭС  техникалық  тексеру  жүргізілді. 
Техникалық  тексеру  нәтижесі  жаңа  инновациялық  өңдеулерді  қолданумен 
іскерлік  жоспар  жасауға,  сонымен  қатар  шетелдердің  тәжірибелерін  кіші 
СЭС жұмысының тиімділігін жоғарылатуға қолдануға мүмкіндік береді.  
ҚазЭҒЗИ  Қазақстандағы  энергиялық  жүйенің  ірі  объектілерін 
тұрғызудың  ғылыми  негіздеу  мәселелерімен  айналысады.  Табиғи  және 
лабораториялық  зерттеулер  негізінде  жоғары  сенімді  және  тиімді 
жұмыстарымен  ерекшеленетін  Капшағай  және  Шульбин  СЭС,  ГТС  (Ертіс-
Қарағанды  каналы,  Медеу  ауыл  қорғау  құрылғысы  және  т.б.)  және  басқада 
энергетикалық  ғимараттардың  түйін  және  агрегат  жаңа  құрылғылары 
жасалып,  енгізілді.  Тиімді  отынның  жануы  және  қоршаған  ортаны  қорғау 
мәселелері бойынша ЖЭС (ЭС «ЕЭК» АҚ, «СЭГРЭС-2» АҚ және т.б.) енгізу 
бойынша өңдеулер жасалды. 
Бүгінгі күні Қазақстан энергетика ғылыми зерттеу институты төмендегі 
бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіп отыр: 
- жағу үдерісінің тиімділігін арттыру және органикалық (газ, мазут және 
көмір)  отын  жағу  кезінде  оның  қоршаған  ортаға  зиянды  әсерін  төмендету, 
сондай-ақ  ҚР  және  РФ  патенттерімен  қорғалған,  ҚР  және  РФ 
электрстансаларына  енгізілген  және  100%  қазақстандық  қамтудан  тұратын 
өндіріс  қалдықтарын  (доменалық,  химиялық  өндірістен  шығатын  газдар, 
шахталық  метанды  газсыздандыру,  ағаш  тегістеуден  ұшқан  шаңдар  және 
т.б.)  термиялық  жолмен  зиянсыздандыру.  Энергетика  саласында  қайталама 
энергия  ресурстарын  (ҚЭР)  пайдалану  заттай  отынды  айтарлықтай 
үнемдеуге  және  қоршаған  ортаға  келтірілетін  зиянды  әдәуір  азайтуға 
мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 4м
3
  домналық  газ  жылу  өндіру  мүмкіндігі 
бойынша  1  т.  Екібастұз  көміріне  тең.  Домналық  газ  негізінен  «шамдарда» 
жағылады,  ал  көбінесе  атмосфераға  тастай  салынады.  Миллиондаған 
тонналап  атмосфераға  тасталынатын  абгаздар  (калориялылығы  100-350 
ккал/нм
3
 
химиялық  өндірістен  шығарылатын  газдар)  қазандардың 
ошақтарында жағу кезінде отынды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді; 
- қоршаған  ортаның  ластану  жағдайын  талдау  және  отынның  негізгі 
сипаттамаларын зерттеу сертификатталған зертханаларда жүргізіледі; 
- Қазақстан аумағындағы гидротехникалық имараттардың, ірі (Өскемен, 
Шұлба,  Бұқтырма,  Қапшағай)  және  шағын  ГЭС-тердің  қауіпсіздігін 
қысыммен  айдаушы  имараттарды  нақты  зерттеу  және  олардың  сенімділігін 
бағалау,  суағытқылардың  су  өткізу  қабілетін  зерттеу,  су  ағыту  ағынының 
энергияны  өшіру  тиімділігін  авариялық  жағдайлардың  пайда  болу  қаупін 
есепке  ала  отырып,  төменгі  бьефтің  жергілікті  шайылу  параметрлерін 
анықтау арқылы арттыру; 
Институттың  әзірлемелері  Алматы  облысындағы  Шарын  өзенінде 
салынып  жатқан  Мойнақ  ГЭС-ына  енгізілді.  Саян-Шуша  ГЭС-індегі  (РФ) 
және  Қызылағаш  (ҚР)  кентіндегі  авариядан  кейін  институт  мамандары 
өздерінің талдауларын және жаңа авариялардың қаупін төмендету бойынша 
нақты шешімдерін ТЖ-ға ұсынды, бұл талдаулар мен шешімдер «ГЖС және 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау