148
3-ҚОСЫМША
Білімді бақылау әдісі ретінде реферат
Рефераттау
– рефератты дайындау. Творчестволық реферат – жазбаша
оқу жұмысының ең көп тараған түрі.
Реферат
дегеніміз – кітап, мақала
және басқаның мағынасын жазбаша түрде қысқаша жеткізу. Реферат XX ғ.
дейін ғылыми жұмыстың көп таралған формасы болып қалыптасқан.
Үйренушілер өз жеке белсенділігі арқасында жиі қызығушылық білдірген
кітаптарды қолдана отырып реферат жазатын, соңында бір-біріне
мағынасын жеткізген болатын. Уақыт өте реферат кәдімгі оқу
тапсырмасына айналды. Әрине, оқытудың тиімді формасы – бірнеше
минутта кітаптың негізгі мағынасын жеткізу үшін біршама еңбекті талап
етеді.
Рефераттар ауызша баяндамаға бағытталып немесе жазбаша жұмыс
ретінде орындалатын. Сонымен қатар, оқу тәжірибесінде бір кітап
бойынша ауызша баяндамада нақты мәселеге арналған ауызша тақырыптық
шолу орын алды. Дәстүрлі түрде оның ішінде әдебиеттердегі ұсынылған
түрлі ғылыми көзқарас қана емес, қарастырылып отырған сұрақ бойынша
өз пікірін білдіру белгіленді.
Қазіргі жазбаша реферат – ғылыми жұмысқа жақын өзіндік жеке жұмыс
түрі. Осы түрі туралы толығырақ тоқталайық.
Реферат орындау – оқу жұмысы, оны орындау барысында келесі
ептіліктерді көрсету қажет:
1)
бірқатар дереккөздерден қеректі мәліметтерді алуға (материалды,
дәйексөздерді, тақырыпқа сәйкес пікірлерді таңдау);
2)
артығын алуға;
3)
материалды сауатты ұсынуға.
Сонымен, реферат – әдебиет пен дереккөздерді зерделеу негізінде нақты
тақырып бойынша орындалған орташа өзіндік жұмыс түрі. Оның
мағынасын дереккөздерден алынған нақты мәліметтер мен дәйексөздерді
белгілей отырып өз сөзіңмен толық жеткізу керек.
Бүгінгі таңда интернет мен электрондық таратушыларда рефераттар
жинағы кеңінен таралған. Дегенмен, оқу жұмысының формасы ретінде
рефераттың өзектілігін түсірмейді.
Біріншіден, материалды өңдеу – әрбір сала маманы үшін компьютермен
жұмыс жасау дағдыларын меңгеру және пысықтаудың үздік әдісі.
149
Екіншіден, бөтен реферат (жақын тақырып бойынша бірнешеу болғаны
жақсы) – одан әрі өзіндік жұмыс жасау үшін заңды негіз болатын жұмыс
түрі.Рефераттың тақырыбына сәйкес арнайы әдебиеттермен танысу
қажеттілігі секілді жұмысыңызды сынаққа алып оқыту да өте пайдалы. Өз
рефератыңызға дайын көлемді ақпаратты көшіріп жазу өзіндік жұмыс
болмайды. Бірақ, егер 2-3 реферат негізінде жеке жоспар құрып,
салыстырма түрде (босаң жерлеріне дәлелді сілтеме және сын) пікіріңізді
білдірсеңіз, онда жұмысыңызды шыншыл өзіндік жұмыс ретінде бағалауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: