Сјулеттік жобаєа ќойылатын шарттар мен талаптар


Интерерді безендірудегі жарық және жарық техникасының маңызы



жүктеу 450 Kb.
бет3/4
Дата30.12.2019
өлшемі450 Kb.
#25526
1   2   3   4

2.1 Интерерді безендірудегі жарық және жарық техникасының маңызы.

Жарықтандыру жөніндегі жобалау шешімдері ҚР ҚНжЕ 2.04.-05-2002 «Табиғи және жасанды жарықтандыру» нормативтік құжаты талаптарына сәйкес алынады.



Табиғи жарықтандыру. Құрылыстық жарық техникасының негізгі міндеттерінің бірі - бөлімнің табиғи жарықтандырылуын, яғни олардың тікелей күн жарығымен жарықтандырылуын анықтау. Іс жүзенде бөлменің табиғи жарықтандырылуының сипаты ретінде салыстырмалық шама – табиғи жарықтану коэффициенті (т.ж.к.) (%) пайдаланылады.

Құрылыстық жарықтехникада жеткілікті дәл әдістермен қатар табиғи жарықтануды есептеудің жеңілдету тәсілдері бар. Мәселен, тек бүйірлік табиғи жарықтану колда бар кезде (көп қабатты ғимараттарда), сондай-ақ жарық ойықтарының аландарын алдын ала тағайындау кезінде бұл аланды еденнің алаңынан алуға болады. Бұл жағдайда нормаланған т.ж.к. шамасынан , сондай-ақ терезе ойықтарында жарықтын жоғалуын, қарсы тұрған ғимаратпен көленкеленуін, бүйірлік жарықтандыру кезінде шағылған жарықтын есебінен т.ж.к. артуын, жоғарыдан табиғи жарықтың (әшекей-төбелер (плафондар), жоғары жарықтың күнтартарлары) қолда бар кезіндегі т.ж.к. артуын ескеретін кестелік коэффициенттерден шығарылады. Әдетте мұндай есептеулер терезелердің алаңы еденнің алаңының 1/5... 1/8-ін құрайтынын көрсетеді.

Бөлмені ішкі айналық беті бар жарық жеткізгіштер көмегімен табиғи жарықтандыруды пайдалану іс-тәжірибесі де кеңейе түсуде.

Жасанды жарықтандыру. Интерьерде жасанды жарықтандыру жүйелерімен тәсілдерін таңдау кезінде барынша табиғаттық күйге жақындау жарықтық жағдайды жасауға ұмтылу керек. Жасанды жарықтандыруды жобалау мынандай үш маңызды міндеттерді шешумен байланысты: қызметтік –бөлмедегі көру жұмыстарының нақты жағдайларына арналған жарықтанушылық деңгейлерін қамтамасыз ету; сәулеттік – интерьердің көркем айшықтылығын құру; экономикалық – шешімнің алғашқы екі міндетті ескеріп оңтайлы нұсқасын анықтау .

Жасанды жарықтандыруды жобалау кезінде, жарықтандыру жүйесін көркем оймен және интерьердің кеңістікті үйлесімімен (композициясымен) байланыстыра, шырақтардың жарығының спектрлі құрамын үндестіре отырып, жарықтандыру жүйесін, шырақтар типін және олардың бөлмедегі орналасуын таңдау керек.

ҚНжЕ жобалау тәжірибесінде жасанды жарықтандырудың келесідегідей екі жүйесін қолдануды ұсынады: жалпы (біркелкі және жергілікті) және құрама (жалпыға жергілікті қосады). Шырақтар немесе шырақтық панельдер аралығы біркелкі жарықтандыру кезінде , ереже бойынша, тұрақты сақталады , жергіліктендірген кезде - жарық ағыны мен көлеңке тудыруды неғұрлым қолайлы орналастыруға қол жеткізу үшін анықталады. Интерьердің жарықтық сәулеті бөлмені пайдаланудың қызметтік, психологиялық және эстетикалық жағдайларының толық үйлесімі негізінде алынады. Жаснды жарықтандыруды жобалаудың маңызды бағыты, жасанды жарық кешкі уақытта қалалық ансамбльдердің, ескерткіштердің және жеке ғимараттардың эстетикалық айшықтылығын арттыру ретінде пайдаланылатын қаланың жарықтық сәулеті болып табылады.
Шудан қорғау.

Шудан қорғау жөніндегі шараларға мыналар кіреді: оның көзінде шу әсерін азайту , шу сіңіру және шу оқшаулау, ғимараттарда шудан қорғаушы құрылымдарды, сондай-ақ магистральдар бойында ұзындықпен созылған шуды шағылыстырушы қолдану , елдімекендерді салу, көгалдандыру және абаттандыру кезіндегі сәулеттік-жайғасымдық шешімдерді жүзеге асыру.

Шулар пайда болу табиғаты жағынан: әуелік және соққылы (механикалық) болады.

Әуелік шу (көшелік, көліктік және т.с.с.) қоршау арқылы ең бастысы саңылаулар, жарықшақтар, тесіктер немесе аралық қуыстар арқылы, сондай-ақ көрші бөлмеде, онда жаңа дыбыстық толқындар тудыра отырып, ауа жиіліктерінің тербелісін тудыратын шағылудың иілісі тербілісінен берілуі мүмкін. Әуелік шуды берудің негізгі жолы шу энергиясын шектес бөлмелерді бөлетін қоршау арқылы беру болып табылады.

Соққылы шу (механикалық) әуелікке қарағанда, ол да біртіндеп өшетін болса да, аражабындар мен қабырғалар бойынша айтарлықтай үлкен аралыққа таралады. Соққылы шудың өшуінің қарқындылығы материалдың бір тектілігі дәрежесіне, оның серпімділік модуліне және құрылым элементтірінің бір-бірлерімен шектесу учаскелерінің санына байланысты болады. Темірбетонда соққылы шудың өшуінің механикалық қарқындылығы да үлкен емес, өйткені бұл материалдар бір тектес және ішкі үйкеліске шамалы шығын жасайды. Кірпішті қаланымда соққылы шудың өшуі құрылымның бір тексіздігінен (кірпіш және жіктердегі ерітінді) әлсірейді.

Механизмдердің қозғалысынан туатын, қоршаулар арқылы өтетін дірілдер де құрылымдық шудың көзі болуы мүмкін. Қоршауды дыбыс-оқшаулау оның дыбыс күші деңгейін немесе шудың дыбыстық қысымы деңгейін әлсіретумен сипатталады. Дыбысоқшаулау бірлігіне децибелл (дБ) алынады.

Инженерлік және санитарлық-техникалық жабдықтардан болатын шулар – бөлмелерде қолайсыз акустикалық жағдайлар тудырудың неғұрлым жиі кездесетін себебі болып келеді. Шуды төмендету деңгейіне ғимараттың құрылымдарынан жабдықтар элементтерінің оқшаулауын дұрыс ұйымдастыру жолымен қол жеткізіледі. Әр түрлі төсемдер мен жалғастырғыштар қолданылады. Лифтілер қабырғалары және оның машиналық бөлмелерінің аражабындары, қоқыс құбырлары да ғимараттың қабырғаларынан және аражабындарынан оқшауланады.

Бөлмелердің әуелік шудан сенімді дыбысоқшаулауына қол жеткізу үшін қоршауларда саңылауларды, тесіктерді, тығыздалмаған жапсарласуларды, сондай-ақ оның иілістік тербелістері пайда болуы мүмкіндігін болдырмау қажет.

Қоршау құрылымдары элементтерін өтпелі қуыстары жоқ материалдардан жобалау керек. Өтпелі қуысты материалдардан жасалған құрылымдар элементтері үшін қалындығы 2 см кіші емес жұқа бетоннан немесе ерітіндіден жасалған сыртқы қабат қарастыру керек. Ішкі қоршау құрылымдары аралығындағы түйістер бетонмен, ерітіндімен немесе серпімді төсемдермен бекітіліп тасталуы тиіс.

Есік қорабы немесе қақпалар және түйісуші қоршаулар аралығындағы саңылаулар мен тығыз емес жапсырмалар мұқият бекітілуі тиіс. Қабырғалары дыбыс сіңіруші материалмен қапталған тамбуры бар қос есік немесе қақпалар жобалауға болады.

Терезелерді әуелік шудан оқшауларды күшейтуге қабырғалардың аралығындағы әуелік аралықтың қалындығын арттырумен, сәл жаппалардың жақтауларын тығыздаумен әйнектерді жақтауларда әйнектерді тығыз жабылуын қамтамасыз ететін бекіту құрылғыларын қолданумен қол жеткізілуі мүмкін.

Қаланың бас жоспарын әзірлеудің сатысында шу көздері санын қысқартушы жайғасымдық құрылым шешімі болуы тиіс.

Магистральдар құрылыстарын ұзыннан созылған шудан қорғаушы ғимараттармен – шудын құрылыстың түкпіріне дейін таралуына кедергі жасайтын қалқандармен щещу орынды.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар және оларға іргелес аумақтар үшін шудың рұқсаттық шектік деңгейін, сыртқы шудын негізгі көздерінің шулық сипаттамаларын, шудың күтілетін деңгейін және құрылыстық-акустикалық құралдардың акустикалық тиімділігін есептеу әдістермен есептік нүктелерде төмендетуді анықтау тәртібін және оларды жобалау жөніндегі негізгі талаптарды ҚНжЕ 11-12-77-ге сәйкес алу керек.


2.2 Көркем безендірудің алғашқы әдістері мен жайғасымдары.
Бүгінде, жобалаушының қарауында, барлық дәуірлердің салынымдарының фото- және бейне жазбаларын қоса алғанда, ең жетілдірілген компьютерлік техника және мәліметтердің өте бай қоры да бар кезде, құрылыстық жобалаудың неден басталғанын және дағдылар мен әдістердің қалай жинақталғанын еске түсіру пайдалы-ақ.

Алғашқы мысырлық (египеттік) әулеттердің патшалық құру кезеңінен жобалаудың жайғасымдық шешімдер түрінде де қандай бір әрекеттері туралы мәліметтер қалмаған Дегенмен сол кездің алып және жетілдірген құрылыстары сәулетшінің ойы тапсырыс иесіне де, құрылыстың өзге қатысушыларына да қандай түрде берілгенің айтақтайды. Өкінішке орай, Көне патшалықтың қолжазбалары жойылып кетті, сондықтан сызудың әдісі болашақ имараттарды жобалауға қаншалықты мүмкіндік бергенін айту қиын. Өте дәл имараттар мен жекеленген құрылымдар көнемысырлық құрылысшылардың қарауында сызбалардың болғанына да куә бола алады. Құрылыс алаңшасында ғимараттың пішінін (контурын) нақтылы шамамен болу міндетті болды , ал мұнын құралы міндетін арқан қазықшалар атқарды.

Сондай-ақ, құрылыстың басталар алдында, мәселен, храмның жоспары (жайғасымы) және оның жекеленген бөліктерінің пропорциялары көрінетін үлгілерді (модельдерді) құру болғандығын да болжауға болады. Біздің осы күндерімізге дейін жалпы жоспарлар мен олардың жеке бөліктерін алдын ала әзірлеудің тәжірибесін дәлелдейтін тиісті суреттері бар папирустар, граффиттер (жартастағы бейнелер) және үшкілдер (тастардың бөлінген кесектері, сынықтар) жетіп отыр.

Мұнан өзге, көнемысырлық сәулеткерлердің сызбалары қазіргілермен салыстырғанда қарапайым болса да, ол сызғыш бойымен түзу сызықтармен дәл орындалған ортогональды проекциялар түрінде болып келеді. Сызықтар қара немесе қызыл араласқан қара бояулармен жүргізілген , ал кейде есік ойықтарында сары бояумен сырланған.

Храмдық ғимарттар жайғасымдары храмдардың өздерінде сақталған, бұл жөнінде бізге дейін жеткен қабырғадағы жазбалар куәландырады.

Ежелгі Мысыр дәуірі- сәулет өнері шығармашылығы дамуының храмдарда, сарайларда, мазарларда әсерлі көрініс тапқан неғұрлым ерте дәуірі. Бірақ осы уақытқа дейін мысырлық сәулеткерлердің шығармашылық әдісінің құпиясы әлі ашылған жоқ Алайда бұл, француздық мысыртанушы Масиероның пікірінше, жұтаң көне тұрғылықты жайлардан ешқандай айырмасы жоқ жаппай тұрғын үйлер имараттарына қатысты емес және әрбір тұрушы тұрғын үйді күнге кептіргеннен кейін берік кірпішке тез айланатын Ніл өзенінің лайын пайдалана отырып, жеке өзі тұрғызған.

Ұрпақтардың жадында өшпестей боп қалған аты аңызға айналған имараттар тек өзінің нышандық мәні арқылы, сонымен бірге және сәулеттік- құрылыстық өзгешеліктерімен де Ежелгі Мысыр және Месопотамия сәулеткерлері мен құрылысшыларының сөзсіз шеберлігі жөнінде куәландырады.

Архитектураны құрметті санағаны соншалықты, бізге белгілі патшаның ең көне месопотамиялық бейнелерінің өзінде монархты тізесінде бекініс жоспары және өлшеу аспабы жатқан архитектор ретінде көрсетеді.

Месопотамиялық құрлысшылар көптеген ғылымдардан хабардар болды, архитекторлар да жоғары білімді саналды: олар сауат ашумен қатар арифметиканы, геометрияны және алгебраның басын меңгере білді, квадраттық теңдеуді шеше алды, төңіректің ұзындығын және дөңгелектің алаңын есептей білді.

Құрылыстық экономикалық жағы туралы неғұрлым қызықты мәліметтер Хамурапидің (б.з.б. XVIII ғ.) билік жүргізген уақытына жатады, мәселен, қараушылардың Умма қалаларының олардың иелігіндегі жұмыс күшін пайдалану туралы жылдық есептерін атауға болады. Бұл кестешелер беттік және артқы жағы жазылған ұсақ сына жазумен толтырылған кірпіштің үлкен пішіні түрінде болып келеді. Мәтін (текст) мынандай үш бөлмеге бөлінеді: жұмыс күшінің жалпы саны; бұл күштің қолданылуы туралы мәліметтер; жұмыс күшін және оның шығынын белгілеуші баланс. Кестешелердің бірінде еңбек шығындары туралы мынандай қызықты мәліметтер келтірілген: 20 жұмыс істеуші және 360 жұмыс күні көрсетілген; онан әрі қараушы 20 жұмысшыға емес , бір күнде жұмыс істейтін 7200-ге сүйеніп жұмыс жүргізген . Сол сонау ертедегі дәуірде бүгінгі «адам-күн» ұғымын дәл бейнелей алған болуы мүмкін, бірақ мұнымен есеп біткен жоқ: осы қараушыға өзгелермен ұсынылған жұмыс істеушілердің мөлшерлері туралы да және ақырында, 1813 адам – күн (жалдамалы адамдар ескеріліп) туралы да баяндалған; мұның барлығы қосындыланған. Сонымен «жұмыстарды жүргізушінің» алда тұрған жұмыстар көлемі, бұл үшін қажетті жұмыс күші туралы айқын түсінігі болды. Еңбек шығындары нормалары бізге дейін жеткен кестелерде сақталған. Бір күндегі бір адамға арналған есепте былай көрінеді: қабырғаны қалау – 1,5 м³; кірпішті -360 м қашықтыққа тасу - 1 м³; каналдарды 1 шынтаққа (0,5 м) дейін терендікте қазуға арналған жұмыстар көлемі - 6 м³; сондай 2-3 шынтақтар -3м³ (топырақты себеттерде тасу қажеттігіне байланысты болуы мүмкін).

Антикалық уақытта жобалаудың әдістерін, әсіресе, Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде жетілдірді. Тұрғын үйдің тпін жасап шығаруға тек көп жылдық тәжірибе мен халық даналығы ғана мүмкіндік беретін еді. Зерттеушілер эллиндік сәулеткерлердің еңбектерінің әр жақтылығы бәрінен бұрын ірі тапсырыстар бойынша жұмыс істейтін неғұрлым белгілі сәулетшілер үшін сипатты екендігін атап көрсетті; кәдімгі жеке тұрғын үйлердің құрылысшылары неғұрлым бір текті жобаларды орындады. Сәулетшілердің жалпы шоғырынан спорттық имараттардың жобалаушылары дараланып бөлініп шыққаны қызық.

Қала-мемлекеттердің (полистердің) (құл иеленуші дәуірдегі) сәулеткерлері маңызды мемлекеттік құжаттарды халыққа хабарлау үшін тас тақталар дайындауды ұйымдастырды. Сәулетші жұмыс құжаттамасын дайындауды қалай аяқтасымен, құрылыс әкімшілігі солай саудаларда құрылыстың барлық бөліктерінің мердігерлігін өткізді. Құрылыс комиссиясы мен мердігерлікті алған тұлға арасында берілген құрылыс тапсырысы шарттары, оны орындау мерзімдері және жиі түрде – келісімді бұзған келісуші тараптарға қолданылған жазалау шаралары белгіленген шарт жасалды.

Грек сәулетшілері жобаларын сызбалармен және үлгілермен құрастырғанына еш күмән келтіруге болмайды. Гректердің демократиялық құрылысы сәулеттік түпкі ойларды көрнекі түрде көрсетуді міндеттеді. Периклдің халық жиналыстарында Акропольдегі ғимарат жобаларын қорғағаны мәлім. Олар тек сызбаларда ғана ұсынылмаған болуы мүмкін, жобалар үлгілер түрінде ұсынылған ойлауға болады. Бірақ үлгілер салынымдардың өздері секілді әдетте сызбалар бойынша құрылады. Сәулетшіге қалалық билік тарапынан жұмыстарды тапсырудың өзі жариялылықты талап етті, ал жобаны бекіту өте демократиялық түрде ерекшеленді. Өзін «арзан, үздік және жедел» тұрғызатындығын дәлелдеген авторды таңдау жүргізілетін конкурстар жарияланды. Таңдау жасалған авторға жобаны заттай өзін орындау да жүктелді.

Ғалымдар ірі жұмыстарға жасалған құрылыс құжаттарының мәтіндерінің мағынасын ашуға көп назар бөледі. Тас тақталарда ойып жазылған бұл мәтіндер жалпыға бірдей шолып қарауға қойылды. Мәселен, афиналық халықтардың Пирея қаласының қабырғаларын және Ұзын қабырғаларды тұрғызуға арналған келісімі пританияның хатшысына қаулы мәтінін және сәулетшілер әкелетін мердігерлік жұмыстар туралы жоғарыда айтылған шарттарды ойып жазу жөніндегі нұсқауында көрініс тапқан.

Әдетте барлық бұл құжаттарда мердігерші істеуі қажет жұмыс, оны орындау ережелері толық сипатталған және материалдық шарттар ескертілген: мердігерді алушының, бір немесе бірнеше кепілдік берушілердің есімдері келтірілген. Келісім жасаушы кепілдік беруші (кепілдік иесі) өзінің ақшасымен немесе еңбегімен мердігерші алған міндеттемені қамтамасыз етуге міндетті болды.

Ертедегі Римде кейде мемлекеттік қызметкерлер де өзін архиктураға арнады. Император Адрианның жобаларымен бірнеше ірі ғимараттар тұрғызылғаны мәлім. Сәулетшілердің негізгі дені жеке тапсырыс иелеріне, мәселен, атақты саяси қайраткерлерге, соның ішінде 22 үй иеленген және бес сәулетші қызметін пайдаланған Цицеронға қызмет көрсете отырып, қарапайым орын алды. Сәулетшілер көбінесе жобалау еңбегін және салынымға басшылықты бірлестіріп отырды. Сәулетшә мердігерші болған жерде, ол таспырысты алу үшін конкурсқа (саудаға) қатысты. Бұл үшін жобаны құрастыру міндетті болды. Оны жарғақтарда (пергаменттерде) сызды, бірақ тапсырыс иелері өзінің болашақ имаратының үлгісін көруді артық санады. Имараттың, өзгеше смета түріндегі, құнының есебі міндетті болды. Сызбаларды мәрмәрлық тақталарда орындау тәжірибе жүзінде қолданылды.

Ертедегі Римнің архитектурасын «тараулардың» мынандай бағыттары бойынша қарастырды: ординациялар, яғни, жобалаулар; диспозициялар , яғни, жайғасымдаулар; «эвритмияларды» сақтау – үйлесімдер, «симметриялар» - мөлшерлестіктер және «декорума» - қоғамдық орындардың бекіткен тәртіп ережелері; дистрибуция, яғни, ресурстарды бөлу.

Ординациялар «ғимараттардың, жекелеп алынған мүшеленуінің оларды табиғи бөлуге және ғимарат қатыныстыраның оның нақты масштабына бүтін пропорциональдығының қалыпты сәйкестігінен » көрінеді.

Диспозиция ғимарат элементтерін жоспарлы орнастыру, үйлесімдік тәсілдерді және көркем мәнерлілікті іздеу түрінде болып келеді. Диспозицияның грекше аспектілер деп аталған түрлері мынандай: ихнография (сөзбе-сөз алынғанда – ізжазу), ортография (тікжазу) және сценография (сахнажазу), яғни топырақтық , нобайлық, маңдайалдылық , беттік, көріністік.

Ихнография (ізжазу) (горизонтальды проекция) циркуль мен өлшеуіш сызғыштың нәтижесінде ғимараттың белгіленген сұлбаларының горизонтальды проекцияларының құрылыс учаскесінде қатысты әрекеттерін үйлестіру.

Ортография (тік беттік жобалау) – ғимараттың қасбетін оның болашақ бейнесін суреттейтін нақты қатаң дәл есептерімен бейнелеу.

Сценография – қасбеттің, бүйірлерімен және брлық сызықтарды оның доғаларын белдеулеуші орталығына «өзгертумен», оның кейін кететін көріністік жобалауы және жиексызбасы.

Эвритмияны сыртқы түрдің тартымдылығы және оның үйлесімді бейнесі ретінде түсінді. Ол ғимаратты мүшелеу кезінде вертикаль және горизонталь параметрлер үйлесімді ара қатысты болғанда көрінді. «Симметрияны» , яғни мөлшерлестікті осындай жолмен анықтады. Бұл жағдайда жоба негізіне адам денесінің бөліктерінің ара қатысы алынды. Оның эвритмияларының (үйлесімдерінің) қасиеттері – адам денесіндегі секілді дененің басқа бөліктерімен қатар шынтақтан, табаннан, өкшеден, саусақтан алынған өлшемдердің мөлшерлестігінің қасиеті.

Декорума – ол сол уақыттағы жалпы қабылданған түсінікке сәйкес ғимараттың ішкі тыныштығының әсем күйінің оның есік алдына (шерулік кіреберісіне) сәйкестігі ретінде түсіндірілді.

Жобаның сонғы, аяқтаушы бөлігі дистрибуция, құрылысты орынын орынды үлестіру, иелік ету және «шығындарды саналы есептермен үнемді реттеу» болды. Дистрибуция , егерде сәулетші іздеп табуға болмайтын нәрсені іздемейтін болса немесе басқаша жағдайда ірі шығынның бағасы ретінде есептелген жағдайда сақталған деп саналады.

Дистрибуцияның (немесе экономикалық есептің) өзге жоғары сатысы қожайындары оны қаражаттық табыстылығына сәйкес бейімдеп иелік еткенде көрінді. Витрувий астаналық үйлер мен ауылшаруашылық үнемдерден өнімдер тасқындап түсетін үйлерді әр түрлі пайдалану керектігін жазды.

Құрылыс басталар алдында жобалардың, яғни сызбалардың, есептердің және сметалардың дайындалғаны жөнінде ешқандай кумән болмауы тиіс. Күмбездердің және тоғыспалардың үлкен салмағына байланысты құрылымның беріктігінің математикалық есептеулерін жүргізу қажет болды. Бұл осы құрылыстағы кернеу неғұрлым көп болатын күмбез тірегі аймағындағы тоғыспалардың жұқа қималары немесе жұқа аралықтар секілді көптеген жетістіктерімен дәлелденді. Күмбездердің, тоғыспалардың, қақпабағаналардың беттері мен көлемдерінің есептеулерінің формулалары болды. П (пи) шамасы барынша дәл алаңды , материалдың қасиеттері белгілі болды, күрделі құрамды бетон мен ерітінділер қолданылды. Сейсмикаға қарсы шешімдердің тәжірибесі қолданыста болды, имараттың орнықтылығының шарттары зерттелді.

Сәулеткерліктің көтерілуі ХІ ғасырдан бастап, феодалдық бытыраңшылдықпен күресте корольдік туған Франция аумағында неғұрлым айқын байқала бастады. Қалаларда сәулет өнерінің қайта өрлеу процесі романдық кезінде (Х-ХІІ ғ.ғ.) көрініс тапты және готикалық кезенде (ХІІ-XIV ғ.ғ.) айтарлықтай биіктерге жетті.

Ортағасырлық имараттардың жобалары мен сызбалары сақталған, мәселен, Сан-Гален монастырының жоспарындай әжептеуір сұлбалы болып келеді, ХІІ ғасырда сызбалар барынша мұқият және толық орындалған. ХІІІ ғасырдан бастап сызба өнері жедел өсті, XV ғасырға қарай Францияда, Англияда, Германияда жобалар жоғары деңгейде орындала бастады, имараттың үлгілері (модельдері) дайындалды.

Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуіріне жобалау ісі дамуының сәулеткер Ф.Брунеллески шығармашылығында айқын бейнеленген келесі кезең жатуы мүмкін. Ол инженер, суретші, кәсіпкер және қоғамдық қызметте белсенді болған. Бұл кезеңді сәулеттік ілімнің онан әрі гүлденуі ретінде де және, мәселен, Флоренциядағы күмбезді соборды тұрғызу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған мехиникаландыру енгізумен байланысты инженерлік тәсіл ретінде сипаттауға болады. Ф.Брунеллески бірнеше аспалы крандар жасады, олардың үлгілерін сынауға көп жылдарын арнады. Мұндай механикаландыру материалдарды 60 метрден астам биіктікке көтеруге және тастарды тоғыспалардың кескінімен дәл қалауға мүмкіндік берді. Мұнан өзге тапқырлық білдіре топыраққа емес, тоғыспаның қалыбын үйлесімді құрылымдады.

Бұл дәуірдің жаңа стилінің сипаты қабырғалар жазықтық ретінде қарастырылатын бұрынғы сәулет өнерінен кейінгі қайта өрлеу дәуіріндегі көлемдердің архитектурасына өтуден көрінді. Бұл шығармашылық ойлаудың өзінің әдісінің өзгеруін білдірді, өйткені екі өлшемді геометриядан үш өлшемдіге өту талап етілді, бұл үшін сәулеткерлерге өздерінің математикалық білімдерінің деңгейлерін арттыру қажет болды.

Ортағасырлық еуропалық қалаларда қуатты бекіністі қабырғалармен белдеуленген аумақтарда қорған, шіркеу соборы немесе сауда алаңы төңірегінде қисық және тар көшелер торабы қатарлас салынды. Қала қабырғаларының орнында, орталықтан қала бекінісінің қақпасына бастайтын , тармақталған көшелермен бірге үйлесімде қалалардың сипатты тарамды-сақиналық (сирек желпуіш тәріздес) құрылымдарының қалыптастырылуын белгілеген сақиналы көшелер пайда болды.

Қалалардың көпшілігі алғашқы кезінде қандай бір абаттандырудан болсын құралақан жұрдай болды. Қалалық бекіністермен қорғалған аумақтардың шектеушілігі қала құрылысының көп қабатты тұрғын үйлермен және қоғамдық ғимараттармен өте тығыздалуына алып келді. Орыс қалаларында үлкен қалыптастырушы мәнге кремльдерге ие болды.

Қазақстан аумағындағы алғашқы отырықшы елді мекендер (кенттер, қалалар) және олардың жоспарлық жайғасымы көптеген зерттеушілердің мағлұматтары бойынша, біздерге антикалық дәуірден (б.з.б. III ғ. – б.з. IVғ.) қалған қала қорымдарынан, қорғандардың жер суландыру құрылыстары бар арықтардың орнынан белгілі. Олар: Ботай, Жартөбе, Қаратөбе, Жуантөбе, Майбалық, Қосқоңыр, Жұмабай төбе, шерік-Рабат, Бабыш-молда, Баланды, Күйік қала, Жетіасар, Қызыл Аңғар, Битянь, Топырақ Қала, Шигі және т.б. Өзінің кескіндері бойынша аталған кенттер алуан түрлі болып келеді: жоба пішіні дөңгелек, сопақ, көп қырлы, тік.

Баспана тұрғызу қазақ даласында ежелгі заманнан бастап орныға бастаған. Ескі деректер мен ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, тұрақты мекен-жайлардың алғашқы үлгілері бір жағынан үйреншікті түрде - аңшы қосының сұлбасын жаңа материалға қайталап салу жолымен, екінші жағынан – оңтайлылығы жан-жақты көріне бастаған шымның, сазбалшықтың, шабақталған бұтақтың, тақтатастың ерекшеліктеріне орайластырылған жаңа түрлер қарастыру арқылы қалыптасқанға ұқсайды. Мысалы, қазаққа тән тұрақты мекен-жайдың ең көне нұсқасы – шошаланы алсақ, оның құрылымдық жағынан ғасырларды артқа салып, аздаған өзгерістерге түскенімен, негізінен аңшы қосынын қайталайтыны анық.


2.3 Киіз үйдің ішкі көрінісі және оның бұйымдарын жасау.
Баспананың ішкі көрінісі оның сәулетімен табиғи үйлесімді сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен үндесіп қалыптасады. Әр түрлі материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттар, өздерінің тіршілікке пайдалы және көркемдік іс-әрекеттік қызметтерімен (функцияларымен) баспананың интерьеріне ғана бір жүйеге бірігеді, ал оны құру индивидумдардың (жеке-дара адамдардың) және тегіс халықтың эстетикалық талғамдары мен мәдениет деңгейін көрсетеді. Ренессанс эстетикасының өкілі А. Дюрер (XV ғасыр) «көп гүлдерден бал жинағандай әсемдікті көптеген әдемі нәрселерден жасайды» - деп атап өтті.

Қазақ киіз үйінің дәстүрлі ішкі көрінісі - тасымал баспананың осы түрінің күрделі тарихи дамуы жолындағы ұжымдық тәжірибесінің нәтижесі. Киіз үй құрылымы – жергілікті ауа-райы жағдайымен және қазақтардың көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтымен ең сәйкесті дүние. Қазіргі заманғы киіз үйде барлық салт-дәстүр түрлері сақталған. Ішкі және сыртқы жасауында, ою-өрнек өнерінде және тұрмысқа қажетті нәрселердің келісті түрлерін таңдай білуде отбасы тіршілігіне барынша жанға жайлылық жасау бағыты көрінеді.

Киіз үй жасауының көркемдік және құрылымдық шешімдерін зерттеу, эстетикалық тұрғыдан оның дәстүр-салттық сипаттарын табу қазіргі тұрмыс кеңістігінің ішкі ұйымдастыруы туралы ілім және қазіргі сәулет өнерінің үзік үрдіспен (фрагментальды) қолдануы үшін үлкен тәжірибелік маңызы бар. Қазақ киіз үйінің жасауында дәстүрлік белгілері декоративті-қолданбалы өнер бұйыдарымен көрініс тапқан.

Киіз үй интерьеріндегі заттардың әр түрлі қызметтік әрекеттерін олардың кеңістікпен және баспана құрылымымен өзара байланыстылығын ескере отырып қарау керек. Бұл тұрмыстағы заттардың кешенді қызметтерін аша отырып, сонымен қатар ішкі жасаудағы жеке заттың орнын, оның көркемдік қалыптасуын және эстетикалық түрде санаға сіңуін анықтауға мүмкіндік береді. Киіз үйдің ішкі көрінісіне біртұтас бірегей дүние ретінде қарау керек, нақты заттар ішкі жасау - мүліктің дәстүрлі қалыптасқан заңдылықтарына бағынуы тиіс.

Киіз үйдің маңызды ерекшелігі - барлық дүние-мүлік көз алдында тұрады. Сондай-ақ олардың әрқайсысы күнделікті пайдалылығымен қатар баспана жасауының мүлкі ретінде қызмет атқарады.

Өнер зерттеуші А. Канцедикас бұл орайда мынаған тура назар аударған: «Әр алуан ұрпақтардың рухани ортақтығын сақтап қалуға қабілетті фактор ретінде, дәстүрлі халық өнерін бөгде құбылыстардан қорғап, халық мәдениетіне оған бөтен белгілердің кіріп кетпеуін қатаң қадағалап, сонымен қатар осы мәдениеттің өзіне органикалық түрде еніп кететіндердің қандайын да болмасын игеріп алатын сенімді аспап болып отырды».

Қазіргі заманғы киіз үйінің негізі өзінің түр-сипатымен халық өнерінің дәстүрлігін айғақтайды, халық көркем мәдениетінен нәр алады және уақыт өткен сайын кәсіпқой өнерден заттарды қосып алу арқылы байи түсті, бірақ та бұл алынғандар жетегінде жүріп кеткен жоқ. Әрбір дәуір немесе тіпті әрбір құбылыс кәсіпқой өнерде және әр түрлі тұрмыстық заттар өндіру өнеркәсібінде жаңа бағыттар, жаңа лептер туғызады. Бірақ осындай заттар қысқа мерзімді болады, бір ұрпақ өмірінде ауысып, өзгеріп ктуі байқалады. Егер де киіз үйдің ішкі көрінісінің дәстүрлігі туралы айсақ, әрқашан киіз үй барлық ішкі жасауымен нық біртұтастықта қазақ халқының материалдық мәдениетінің бөлігі ретінде басым әрі халықтық болады.

Зооморфты (аңдар, жан-жануарлар түріндегі суреттер) айшық, классикалық мәнер ретінде, қазақтардың қазіргі сәндік – қолданбалы өнерінде киіз, тоқыма және басқа бұйымдарда кең қолданылып жүр.

Киіз бұйымдарға әр түрлі үйлесімдегі мүйіз тәріздес иілген ою-өрнек тән. Сирегірек сурет тоқыма бұйымдардың өрнегін қайталап, түзу және қисық сызықтармен бейнеленген.

Қазақтардың шығармаларында өсімдіктік ою-өрнек те кездеседі, көбінесе тұрмыстық заттардың сурет-кестелерінде болады.

Меандр (тұрақты ара қашықтық арқылы тура қайталанатын сүлбелер тізбесі) және әр түрлі сүлбелер (ромбтар, фестондар және т.б.) түріндегі геометриялық ою-өрнек тоқыма және өрілген бұйымдарда басым болады. Ол осындай заттардың табиғаты және жасау технологиясына байланысты: тоқу және өруде түзу және қисық сызықтар түріндегі ою-өрнектер жасалады. Іс жүзінде бұйымға таңдап алынатын материалға және жасау технологиясына байланысты ою-өрнектің әр түрлі мәнерін байқауға болады.

Қазақ киіз үйінің ішкі көрінісі ең жақсы халық дәстүрлеріне негізделген. Әр түрлі киіз заттар, тоқыма бұйымдар, өрнекті шилер, кесте нәрселері және т.б. көне шеберлер өндірісінің жиынтығы мен қазақ ою-өрнек шығармашылығының негіздерін өздерінің бойында сақтап қалды.

Киіз кілем текеметтің ою-өрнегі екі әдіспен: түрлі-түсті жүн орамдарынан (рулондарынан), өрнектеген киізден (алдын ала кесілген дайындамалардан ) жасалады. Текемет жасауға және басқа киіз бұйымдарды басуға жақсы тығыздалатын күзде қырқылған қой жүні – күзем жүн қолданылады.

Текеметті жасағанда жүннің екі түрі: заттың негізіне кететін және оны оюлап-өнектеуге кететін түрлеріне пайдаланылады. Текеметтің негізіне қолданылатын жүннің табиғи бояуы бар: ақ, ақшыл-сұрдан, қошқыл сұр түрге дейін, сары, қоңыр және де қара. Түрлі-түсті жүн орамдарымен оюлап өрнектелген текеметтерді жасау әдісі бүкіл Қазақстанға таралған.

Сырмақты жасау үшін өзінің технологиясы бойынша үш түрлі әдіс қолданылады: киіздің түрлі-түсті кесектерінен мәнерлеп ою (мозайка), ақ киіз бетіне біртүсті материалдан бастырма салу, біртүсті киіз үстінде баулы тоқу. Сырмақ түріндегі киіз кілемнің басты өзіне тән белгісі - сыру техникасы (қабып тігу және сыру).

Түрлі-түсті және өрнекті сырмақ композициясына байланысты оюлап-өрнектелген сырмақтар түр-түрге бөлінеді: ақ сырмақ – тек ақ киізден жасалады; қараала сырмақ – ақ және қара киізден аралас жасалған; қызыл немесе қызылала сырмақ қызыл күрең және қызыл қоңыр түсті киіз кесектерінен жасалған.

Түскиіз. Қазақтар тұрмысында әр түрлі материалдардан және әр қилы технологиямен жасалып қабарғаға ілінетін кілемдер – түскиіздер кең тараған. Әдетте киіз үйдегі құрметті орынның жан-жағын кереге шеңберін түскиізбен сәндендіреді. Өздерінің эстетикалық нышандары бойынша бұл кілемдер тоқыма кілемдерден қалыспайды.

Киіз түскиіздер техникалық тәсілдерге және материалдарға байланысты мынандай үш түрге бөлінеді: мәнерленген (мозайкалық), бастырма техникасымен жасалған және киіз негізге қабысып тігілген. Түскиіз тік төртбұрышты пішінді, орталық бөлігі кейде бірнеше өрнектік жолақшасы бар П тәрізді фризбен қоршалған суреті болатын дәстүрлік мәнерде құрылған.

Киіз үстіне


жүктеу 450 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау