Жауап жартылай қабылданады
Код 1: Сірке суы мен мәрмәр арасындағы экспериментті салыстыру, бірақ бұл жауаптан қышқылдық (сірке суының) реакцияның басталуы үшін қажетті шарты екеніне көз жеткізбеу.
Басқа колбадағы нәтижемен салыстыру.
Мәрмәр бөліктері таза суда өзгеретініне көз жеткізу.2
Студенттер бұл тәжірибені мәрмәрға қалыпты жаңбыр жауып тұрса не болатынын көрсету үшін қолдану.
Дистилденген су қышқыл емес болуы. бақылау үшін.
Қарапайым су мен қышқылы бар сірке суының айырмашылығын көру.
Жауап қабылданбайды
Код 0: Басқа жауаптар.
Код 9: Жауап жоқ.
Артқа
Жаттығулар
Ашыған қамыр
Жауабын көрсету
Жағдаят типі: жеке
Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау
Аспаз нан қамырын жасау үшін ұн, су, тұз және ашытқыны араластырды. Ашыту процесі болу үшін араластырылған қамырды бірнеше сағатқа жабық ыдысқа салып қойды. Ашыту кезінде қамырда химиялық өзгеріс болады: ашытқы (біржасушалы саңырауқұлақтар) ұндағы крахмал мен қантты көміртегі диоксиді мен алкогольге айналдыруға көмектеседі.
Бірнеше сағаттан кейін аспаз қамырды өлшеп, оның салмағының азайғандығын байқады.
Төменде көрсетілген төрт тәжірибенің әрқайсысының басында қамырдың салмағы бірдей болды.
Ашытқы салмақтың азаю себебі болса, аспаз қандай екі тәжірибені салыстыруы керек?
Ашытқы (біржасушалы саңырауқұлақтар) ұндағы крахмал мен қантты көміртегі диоксиді мен алкогольге айналдыруға көмектеседі. Ашытқы қамырға қосылғаннан кейін көмірқышқыл газы бөліне бастайды. Ашытқы қамыр салмағы азаюының себебі болатынын растау үшін бір ыдысқа ашытқы, ұн, тұз, су, екіншісіне де дәл осылай, тек ашытқы салмай қойып, бірнеше сағаттан кейін салмақтарын салыстыру қажет.
Ашытқының әсерінен қоспа массасының өзгеруін бақылау үшін басқа заттарды (ұн, су, тұз) өзгеріссіз қалдыру керек. Олай болса, 1 мен 2 немесе 3 мен 4-тәжірибелер салыстырылуы қажет.
Тәжірибе жүргізу кезінде қамыр салынған ыдыс тығынмен жабылған болса, қоспаның ашуы нәтижесінде бөлінетін көмірқышқыл газы ыдыстын ішінде қалып, қоспаның массасын өзгертпейді, сондықтан ашытқының қоспа массасына әсерін зерттеу үшін тәжірибеде қолданылатын ыдыс тығындалмауы қажет. Демек, 3 мен 4-тәжірибелер өзара салыстырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |