|
Суды тазарту Жағдаят типі: жаҺандық
|
бет | 1/20 | Дата | 21.10.2023 | өлшемі | 19,92 Mb. | | #43961 |
| Пиза билимцентр материалдары
Суды тазарту
Жағдаят типі: жаҺандық
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
Кейбір елдерде таза ауызсу проблемасы бар. Осы мәселені шешу үшін су конусын пайдалану ұсынылды.
Ішінде лас суы бар құты аузына су конусы кигізіледі. Төменде су конусын пайдаланудың нұсқаулығы берілген
Лас су құйылған құтының беті неліктен ауқымды екендігін түсіндіріңіз.
Жауапта су бетінің аумағы көлемді болса, судың буға айналуы да көбірек болатындығы туралы түсінік болу керек.
Ескерту: «Ол жағдайда су көбірек сыяды» жауабы дұрыс деп есептелмейді.
Жауап толық қабылданады
Код 1: Буға айналу – сұйықтың біртіндеп буға немесе газға айналу үдерісі. Барлық сұйық зат буға айналады, бірақ олардың буға айналу жылдамдықтары әртүрлі. Буға айналатын сұйықтың беті үлкен болған сайын, буға айналу жылдамырақ өтеді.
Жауап қабылданбайды
Код 0: Басқа жауаптар.
Код 9: Жауап жоқ.
Ашытқылар
Жағдаят типі: жаҺандық
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
Нұрлан мен Әмина ашытқылармен, біржасушалы саңырауқұлақтармен тәжірибе жасайды. Біржасушалы саңырауқұлақтар қант ерітіндісінен көмірқышқыл газын бөледі. Зерттеушілердің міндеті – көмірқышқыл газының бөлінуіне ерітіндідегі қанттың мөлшері қалай әсер ететіндігін түсіну. Суретте құрылғы көрсетілген
Алынған көмірқышқыл газы түтікше арқылы цилиндрге жіберіледі. Біраз уақыттан кейін біршама көмірқышқыл газы жиналғаннан соң цилиндрдегі судың деңгейі қанша миллиметрге төмендегені өлшенеді. Нәтижелері кестеде көрсетілген:
Қанттың мөлшері (г/20 мл)
|
Цилиндрдегі су көлемінің азаюы (мм)
|
1
|
7
|
2
|
12
|
3
|
17
|
4
|
22
|
Ашытқы жасушаларының көмірқышқыл газын бөлуіне ықпал ететін екі үдерісті атаңыз.
Жану үдерісі – оттектің қатысуымен және жылудың бөлінуімен бір рет болатын қышқылдану реакциясы. Ашу – күрделі заттардың химиялық өзгерістері мен олардың қарапайым заттарға бөлінуі. Бұл өзгерістер ашытқылар бөлетін ферменттер мен энзимдердің қатысуымен болатын өзгерістер. Ашытқылар – ферменттер бөліп шығаратын біржасушалы саңырауқұлақтар.
Глюкозаның ферменттік ашуының реакциясы
C6H12O6 → 2C2H5OH + 2CO2
глюкоза этил спирті көмірқышқыл газы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|